Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 225 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қазанда № 17614 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 235 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.12.2019 № 235 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ерекше реттеу режиміне қатысу үшін іріктеудің мына өлшемшарттары бекітілсін:

      1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының резиденті қаржы ұйымы және (немесе) кемінде 2 (екі) жыл қаржы саласында қызметті, қаржы ресурстарының шоғырлануымен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметімен байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті өзге де заңды тұлға болып табылады;

      2) өтініш берушінің ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу үшін өтініш беру күніндегі міндеттемелері оның активтерінен аспайды;

      3) өтініш берушіде аяқталған 2 (екі) қаржы жылының нәтижелері бойынша зияндары жоқ;

      4) жеке тұлға құрылтайшыда не өтініш беруші заңды тұлға құрылтайшының атқарушы орғанының немесе басқару органының бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ және (немесе) оларға қатысты экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық қудалау жүзеге асырылмады;

      5) өтініш берушіде ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу үшін өтініш беру күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қоюдың қолданыстағы шаралары мен санкциялары жоқ;

      6) өтініші берушінің ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыруға (ұсынуға) жоспарлап отырған қызметі (көрсетілетін қызметі, өнімі) төменде аталған талаптардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келеді:

      қаржылық көрсетілетін қызмет нарығында бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді;

      қаржы нарығын дамытуға ықпал етеді және тұтынушылардың мүдделеріне сәйкес келеді;

      географиялық және қаржылық қолжетімділікті арттыруға ықпал етеді;

      қаржы нарығында жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуді көздейді;

      қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен қаржы нарығына қатысушылар үшін шығасылар мен тәуекелдерді төмендетуге бағытталған;

      7) өтініш беруші ерекше реттеу режиміне қатысу үшін ұсынған бизнес-жоспар ерекше реттеу режимінің мақсаттарына сәйкес келеді.

      2. Қоса беріліп отырған Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды қарау қағидалары бекітілсін.

      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулыны мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасының қолданылуы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "5) өтініш берушіде ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу үшін өтініш берген күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялары жоқ;".

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 225 қаулысымен
бекітілді

Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды қарау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты (бұдан әрі – шарт) қаржы ұйымдарымен және (немесе) қаржы саласында қызметті, қаржы ресурстарының шоғырлануымен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметімен байланысты қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалармен (бұдан әрі – өтініш беруші) жасасу үшін құжаттарды қарау тәртібін айқындайды.

      2. Ұлттық Банк шартты жасасу үшін құжаттарды өтініш берушінің осы қаулының 1-тармағында айқындалған іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келуін ескере отырып қарайды.

2-тарау. Шартты жасасу үшін құжаттарды қарау тәртібі

      3. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті (көрсетілетін қызметті, өнімді) жүзеге асыру (ұсыну) және шартты жасасу үшін өтініш беруші Ұлттық Банкке мына құжаттар мен ақпаратты қоса бере отырып, Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысуға өтініш (бұдан әрі – өтініш) ұсынады:

      1) құрылтай құжаттарының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда, нотариат куәландырған) көшiрмелерін;

      2) заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан орнын көрсете отырып, құрылтайшылары (қатысушылары), акционерлері, атқарушы органының бірінші басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді;

      3) мыналарды қамтитын бизнес-жоспарды:

      ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті (көрсетілетін қызметті, өнімді) жүзеге асыру (ұсыну) қажеттілігінің негіздемесін;

      ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылуы (ұсынылуы) жоспарланып отырған қызметтің (көрсетілетін қызметтің, өнімнің) сипатын;

      ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын (ұсынылатын) қызметтің (көрсетілетін қызметтің, өнімнің) нысаналы тұтынушыларының (бар болса) сипатын және өтініш берушінің ерекше реттеу режимі шеңберінде ұсынылатын қызметіне (өніміне) мүдделі тұтынушылардың болуы туралы мәліметтерді;

      ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті (көрсетілетін қызметті, өнімді) жүзеге асыру (ұсыну) аумағын көрсетуді;

      қызметтің (көрсетілетін қызметтің, өнімнің) әлеуетті артықшылықтарының, сондай-ақ тұтынушылар үшін әлеуетті тәуекелдерінің сипатын;

      тәуекелдерді басқару жоспарын (ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті (көрсетілетін қызметті, өнімді) жүзеге асырумен (ұсынумен) байланысты тәуекелдердің сипатын, және осындай қызметті жүзеге асыру кезеңінде тәуекелдерді басқару тәсілдерін);

      ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметтің жоспарланып отырған ауқымын: тұтынушылардың санын, операциялардың сипаты мен көлемін;

      4) өтініш беруші ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті (көрсетілетін қызметті, өнімді) жүзеге асыруды (ұсынуды) жоспарлап отырған мерзімін;

      5) қызметтің ерекше реттеу режимі шеңберіндегі даму сатыларын, ерекше реттеу режимі шеңберінде өтініш беруші қызметінің (көрсетілетін қызметінің, өнімінің) тиімділігін бағалаудың күтілетін нәтижелерін, өлшемшарттары мен көрсеткіштерін;

      6) шарттың қолданылуын жоспарлы немесе мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, тұтынушылармен қызметті (көрсетілетін қызметті, өнімді) және шарттық қатынастарды орындауды тоқтату тәртібін сипаттай отырып, іс-шаралар жоспарын;

      7) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы, "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдары және Ұлттық Банктің аталған заңдарға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілері нормаларының ерекше реттеу режимі шеңберінде өтініш берушіге қолданылу шектерін.

      Егер Қазақстан Республикасының резиденті қаржы ұйымы өтініш беруші болып табылса, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәліметтер ұсынылмайды.

      4. Ұлттық Банк өтінішті алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде оны қарайды.

      5. Өтініш беруші ұсынған құжаттарға ескертулер болған кезде Ұлттық Банк өтініш берушіге пошта, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы ескертулерін көрсете отырып хат жібереді. Өтініш беруші ескертулерді жояды және хатты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынады.

      6. Ұлттық Банк өтініші берушіге Заңның 51-5-бабының 4-тармағында айқындалған негіздері бойынша шартты жасасудан бас тартады.

      Шартты жасасудан бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

      7. Өтініш бойынша шешім қабылданған күннен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жіберіледі.

  Ерекше реттеу режимі
шеңберінде қызметті жүзеге
асыру туралы шарт жасасу үшін
құжаттарды қарау қағидаларына
қосымша
  нысан

Ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысуға өтініш

      1. Өтініш берушінің атауы __________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      2. Өтініш берушінің орналасқан орны және нақты мекенжайы ___________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйінің, офисінің нөмірі,

      телефон нөмірі)

      3. Өтініш берушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтама

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, кім берді)

      4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      5. Қызмет түрі ____________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (қызметтің негізгі түрлері көрсетілсін)

      6. Өтініш беруші атқарушы органының бірінші басшысы туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

      Өтініш беруші өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ Ұлттық Банкке өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уақтылы ұсынғанын растайды.

      Өтініш беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Өтініш берушінің атқарушы органы басшысының не өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (растау құжаттарын қоса бере отырып).

      Қосымша (жіберілетін құжаттардың тізілімі, олардың әрбірі бойынша

      парақтар саны көрсетілсін): _________________________________________

      _________________________________________________________________

      ________________________________________________________________.

      20__ жылғы "___"____________ ____________________             (қолы)