Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 шілдеде № 13894 болып тіркелді.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6864 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 24 мамырда № 215-216 (26614) жарияланған);

      2) "Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығына өзгеріс бойынша" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 343 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8864 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 28 қарашада № 263 (28202) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2016 жылғы 10 маусымдағы
№ 157 бұйрығымен бекітілген

Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді
аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді (бұдан әрі – қызметшілер) аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Қызметшілерді аттестаттаудан өткізу кәсіби даярлық деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      Жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынған жүкті әйелдерден басқа барлық жұмыскерлер аттестаттаудан өтуге жатады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Аттестаттау кезінде негізгі критерий қызметшілердің оларға жүктелген функционалдық міндеттерін орындау қабілеті болып табылады.

      4. Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық ұйымдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары болып табылатын қызметшілерді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган жанындағы аттестаттау комиссиясы аттестаттаудан өткізеді.

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық ұйымдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары болып табылатын қызметшілерді тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары жанындағы аттестаттау комиссиясы аттестаттаудан өткізеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қызметшiлер азаматтық қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн мерзiмде аттестаттаудан өтедi.

      Оқу демалысындағы, еңбек ақысы сақталмайтын демалыстағы (алты айдан аспайтын), жүктілікке және босануға байланысты демалыстағы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланың үш жасқа дейін оларға күтім жасауға байланысты демалыстағы қызметшілер жұмысқа шыққаннан кейін алты айдан ерте емес уақытта аттестаттаудан өтеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Аттестаттау өткізу тәртібі мен шарты

      6. Қызметшілерді аттестаттау осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімнің басталуынан алты ай кешіктірмей жүргізіледі.

      7. Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) аттестаттау өткізуге дайындық;

      2) қызметшілермен аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесу;

      3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.

      8. Аттестаттауды өткізуге дайындықты кадр қызметі немесе кадр қызметін (бұдан әрі – кадр қызметі) жүзеге асыратын тұлға ұйымдастырады және ол мынадай іс-шараларды қамтиды:

      1) аттестаттауға жататын қызметшілерге қажетті құжаттарды дайындау;

      2) аттестаттау өткізу кестелерін әзірлеу;

      3) аттестаттау комиссиясының құрамын айқындау;

      4) қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру.

      Ескерту. 8-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізімейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Кадр қызметінің ұсынысы бойынша қызметшіні тағайындауға уәкілетті тұлға:

      1) аттестатттауға жататын қызметшілер тізімін;

      2) аттестатттау өткізу кестесін;

      3) аттестатттау комиссиясының құрамын;

      4) қызметшінің функционалдық міндеттеріне қатысты әңгімелесу үшін сұрақтар мен жауаптар тізбесін бекітеді.

      Ескерту. 9-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізімейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Кадр қызметі жарты жылда бір рет аттестаттауға жататын қызметшілерді айқындайды.

      11. Кадр қызметі қызметшілерді аттестаттаудан өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей аттестаттау өткізу күні туралы хабардар етеді, сондай-ақ қызметтік мінездеме сұратады.

      12. Аттестаттауға жататын қызметшінің тікелей басшысы қызметтік мінездеме ресімдейді және оны кадр қызметіне аттестаттау комиссиясының отырысына дейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей жолдайды.

      Ескерту. 12-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізімейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қызметтік мінездеме қызметшінің кәсіби, іскери және жеке қасиеттерін жан-жақты және объективті бағалаудан және қызметтік жұмыс нәтижелерінен тұрады.

      14. Кадр қызметі аттестаттауға жататын қызметшіні оған жазылған қызметтік мінездемемен аттестаттау комиссиясының отырысына дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей таныстырады.

      Ескерту. 14-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізімейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Аттестаттауға жататын қызметшілер өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда атқарылған жұмысы туралы жеке дайындаған есепті аттестаттау комиссиясының отырысына дейін кадр қызметтеріне ұсынады.

      16. Аттестаттауға жататын қызметшіге кадр қызметі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда аттестаттау парағын ресімдейді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Кадр қызметі осы Қағиадалардың 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды аттестаттау комиссиясына аттестаттау комиссиясының отырысына дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Аттестаттауға жататын қызметші аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себептермен (уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша немесе қызметтік іссапар уақытында) келмеген жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау аттесттау комиссиясы көрсеткен басқа жұмыс күніне ауыстырылады (жұмысқа шыққан күннен бастап екі айдан кешіктірмей). Аттестаттауды кейінге қалдыру бір реттен аспайды.

      19. Әңгімелесу барысында аттестаттау комиссиясының мүшелері барлық аттестаттаудан өтетін қызметшілерге тең есепте бекітілген сұрақтарды қояды.

      Әңгімелесу барысы дыбыс немесе бейнежазба құралдарын қолдану арқылы тіркеледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Әңгімелесу нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді;

      2) қайта аттестаттаудан өтуге жатады;

      3) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Қайта аттестаттаудан өту осы Қағиадалармен айқындалған тәртіппен алдыңғы аттестаттау комиссиясының шешім шығарған күнінен бастап үш айдан кейін өткізіледі.

      Аттестаттау комиссиясы, қайта аттестаттаудан өткізе отырып, төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді;

      2) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Аттестаттау комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және аттестаттау парағына енгізіледі.

      23. Хаттамаға қол қойған күннен бастап кадр қызметі үш жұмыс күні ішінде қызметшіні аттестаттау парағымен таныстырады.

      Аттестаттау комиссиясының шешімдерін ұйымның басшысы бір ай мерзім ішінде бекітеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Қызметшінің аттестаттау парағы, оның қызметтік мінездемесі жеке істе сақталады.

3-тарау. Аттестаттау комиссиясы

      25. Аттестаттау комиссиясын кадр қызметінің ұсынысы бойынша басшы құрады және ол комиссия мүшелері мен хатшыдан тұрады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінен төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының хатшысы болып кадр қызметінің қызметкері тағайындалады.

      Ескерту. 25-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізімейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Аттестаттау комиссиясының төрағасы қызметке басшылық жасайды, отырыстарға төрғалық етеді, жұмысты жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады, қызметке және қабылданатын шешімдерге жауапты болады.

      27. Аттестаттау комиссиясының хатшысы комиссия отырысына тиісті материалдарды дайындауды жүзеге асырады және оны өткізгеннен кейін хаттама ресімдейді. Хатшы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, аттестаттау комиссиясының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      28. Аттестаттау комиссиясының отырысы оның құрамының кемінде үштен екі құрамы қатысқанда ғана заңды деп саналады.

      Келмеген аттестаттау комиссиясы мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

      29. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестаттау комиссиясының құрамына кіретін аттестаттаудан өтіп жатқан қызметші өзіне қатысты дауыс берген кезде қатыспайды.

      30. Дауыс берудің нәтижелері аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні бағалау парағын толтыру қорытындысы бойынша комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол оны білдірген жағдайда жазбаша түрде баяндалады (еркін нысанда) және хаттамаға қоса беріледі.

      32. Аттестаттау комиссиясының мүшелері аттестаттаудан жалпы негізде өтеді.

      33. Аттестаттау комиссиясының шешіміне байланысты барлық даулар Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен шешіледі.

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы азаматтық
қызметшілерді аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні аттестаттау парағы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Аттестаттау түрі: кезекті |_| қайта |_| (керегін Х белгісімен белгіле)

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) _____________________________

      _______________________________________________________________________

      2. Туған күні "___" ___________________ жыл

      3. Білімі, біліктілігін арттыру, даярлау, қайта даярлау (қашан және

      қандай оқу орнын бітірді, білім бойынша мамандығы және біліктілігі,

      біліктілігін арттыру, даярлау, қайта даярлау туралы құжаттар, ғылыми

      дәрежесі,ғылыми атағы, оларды берген күн) туралы мәлімет ______________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      4. Атқарып отырған лауазымы мен оған тағайындалған күн ________________

      _______________________________________________________________________

      5. Жалпы еңбек өтілі __________________________________________________

      6. Мемлекеттік және/немесе азаматтық қызметтегі лауазымдардағы жұмыс өтілі

      _________________________________________________________________

      7. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің берген ескертулері мен ұсыныстары:

      _______________________________________________________________________

      8. Отырысқа _______________ аттестаттау комиссиясының мүшелері қатысты.

      9. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің әрқайсысы толтыратын, қоса

      беріліп отырған бағалау парағына сәйкес дауыс беру нәтижелері бойынша

      азаматтық қызметшінің қызметін бағалау:

      1) атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны) ___________;

      2) қайта аттестаттаудан өтуге жатады (дауыс саны) __________________;*

      3) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны) _________.

      10. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (берілген уәждемелерді көрсете отырып)

      _______________________________________________________________

      11. Ескертпе

      _______________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ___________________________________

      (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________________________

      (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ___________________________________

      (қолы)

      ___________________________________

      (қолы)

      ___________________________________

      (қолы)

      ___________________________________

      (қолы)

      Аттестаттау жүргізген күні "___" ______________ _________ жыл

      Аттестаттау қорытындылары бойынша ұйым басшысының шешімі

      _______________________________________________________________________

      Аттестаттау парағымен таныстым: _______________________________________

      (азаматтық қызметшінің қолы және күні)

      Ұйым мөрінің орны

      * қайта аттестаттаудан өткен кезде баға қойылмайды

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы азаматтық
қызметшілерді аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні бағалау парағы (аттестаттау комиссиясының мүшесі толтырады)

      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2018 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Аттестаттау түрі: кезекті - |_|;

      қайталап - |_| (керектісін Х белгісімен белгілеу керек)

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) _____________________________

      2. Атқарып отырған лауазымы мен оған тағайындалған күн ________________

      _______________________________________________________________________

      3. Аттестатталушының бағасы____________________________________________

      (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз)

      4. Аттестаттау комиссиясы мүшесінің шешімі (төмендегінің бірі: атқаратын

      лауазымына сәйкес, қайталап аттестатталуға тиіс*; атқаратын лауазымына сәйкес

      келмейді):

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      5. Аттестаттау комиссиясы мүшесі шешімінің негіздемесі:

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының мүшесі ______________________________________

      (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы _____________________________________

      (қолы)

      Аттестаттау жүргізген күні "___" ______________ _______ жыл

      * қайта аттестаттаудан өткен кезде баға қойылмайды