Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға "Үздік" номинациясындағы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 маусымдағы № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9680 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға "Үздік" номинациясындағы атақтарды беру қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт бойынша агенттігі төрағасының ""Жыл спортшысы" Республикалық конкурсы туралы" 2000 жылғы 7 сәуірдегі № 1-1-2/111 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 2 мамырда № 1125 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің интернет-ресурсында ресми жариялануды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігінің төрағасы
Т. Есентаев

  Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 маусымдағы
№ 297 бұйрығымен бекітілген

Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға "Үздік" номинациясындағы атақтарды беру қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қағида (бұдан әрі – Қағидалар) Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға "Үздік" номинациясындағы атақтарды берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Үздік" номинациясындағы атақтар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) өткізетін "Үздік" номинациясындағы атақтар беру бойынша республикалық конкурстың (бұдан әрі – Конкурс) жеңімпаздарына беріледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Конкурс жыл сайын қазақстандық спортты дамытуға үлес қосқан спортшылар, жаттықтырушылар және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар мен дене шынықтыру-спорттық ұйымдары арасында жыл қорытындысы бойынша өткізіледі.

      4. Конкурстың міндеті халық арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жастарды спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін спортшыларды, жаттықтырушыларды және спорт саласындағы басқа да қызметкерлерді ынталандыру болып табылады.

      Конкурстың мақсаты әлемдік спорт аренасында қазақстандық спорттың бәсекелестігін арттыру болып табылады.

2-тарау. Конкурсты өткізудің тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Конкурсты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын дайындау және үйлестіру үшін Ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады. Ұйымдастыру комитетінің құрамы Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      Ұйымдастыру комитеті:

      1) Конкурсты ұйымдастыруды және өткізуді, оның ішінде қорытындылауды және Конкурс жеңімпаздарын салатанатты марапаттауды ұйымдастыруды қамтасыз етеді;

      2) номинацияларға сәйкес үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) жұмысын ұйымдастырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. "Үздік" номинация атағына үміткер (бұдан әрі - үміткер) спортшылар, жаттықтырушылар, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар және дене шынықтыру-спорттық ұйымдар (бұдан әрі - ДШСҰ) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне (бұдан әрі – Комитет) мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 11-тармағының 1), 2), 10), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген номинациялар үшін:

      үміткердің өтініші;

      үміткерге атақ беру ұсынысын негіздей отырып, Қазақстан Республикасының спорт түрі (түрлері) бойынша аккредителген спорт федерациясының (болған жағдайда) ұсынысы, Қазақстан Республикасының спорт түрі (түрлері) бойынша аккредителген спорт федерациясы болмаған жағдайда дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) тиісті бөлімшелерінің ұсынысы;

      атақ беруге үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      атақ беруге үміткердің өмірбаяны;

      ресми халықаралық және республикалық жарыстардың хаттамасынан үзінді;

      2) осы Қағидалардың 11-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген номинациялар үшін:

      Конкурсқа қатысу үшін ДШСҰ өтініші;

      ДШСҰ есептік жылғы спорттық жетістіктері (дене шынықтыру және спорт саласында сапалы және сандық жетістіктері (көрсеткіштері) туралы есебі;

      3) осы Қағидалардың 11-тармағының 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген номинациялар үшін:

      Конкурсқа қатысу үшін ЖАО өтініші;

      осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген көрсеткіштерді есепке ала отырып, ЖАО-ның ұсынысы;

      4) осы Қағидалардың 11-тармағының 6), 8), және 11) тармақшаларында көрсетілген номинациялар үшін:

      үміткердің өтініші;

      үміткерді атақ беруге ұсыну туралы ЖАО отырысының хаттамасынан үзінді;

      атақ беруге үміткердің өмірбаяны;

      5) осы Қағидалардың 11-тармағының 9) тармақшаcында көрсетілген номинациялар үшін:

      үміткердің өтініші;

      үміткерге атақ беру ұсынысын негіздей отырып, Қазақстан Республикасының спорт түрі (түрлері) бойынша аккредителген спорт федерациясының (болған жағдайда) ұсынысы, Қазақстан Республикасының спорт түрі (түрлері) бойынша аккредителген спорт федерациясы болмаған жағдайда дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті бөлімшелерінің ұсынысы;

      атақ беруге үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      атақ беруге үміткердің өмірбаяны.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Конкурсты Комитет "Үздік" номинациясындағы атаққа үміткер емес Комитет қызметкерлері, жетекші спортшылар, жаттықтырушылар, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатарынан құрылған Комиссия өткізеді. Комиссия дауыс беру құқығы бар мүшелерден тұрады. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелері қатарынан тағайындалады.

      Комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды қарайды және Конкурстың жеңімпазы туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Шешім қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар бөлінген жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      9. Комиссия шешімі Комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылатын хаттамамен ресімделеді. Хаттама Комиссия шешімі қабылданған күнінен бастап 3 (үш) күн ішінде ресімделеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Бағалау өлшемі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қазақстандық спорттың дамуына зор үлес қосқан тұлғалар конкурс жеңімпазы болып танылады.

      11. Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:

      1) "Жылдың үздік спортшысы";

      2) "Жылдың үздік жаттықтырушысы";

      3) "Жылдың үздік аккердителген спорт федерациясы";

      4) "Жылдың үздік спорт ұйымы";

      5) "Үздік спорттық өңір" (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар, астананың дене шынықтыру және спорт басқармалары);

      6) "Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорттан нұсқаушы";

      7) "Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі";

      8) "Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы";

      9) "Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман";

      10) "Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы";

      11) "Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері";

      12) "Спортта үздік серпін";

      13) " Жас және жасөсіпірімдер құрамындағы спортшы".

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. "Жылдың үздік спортшысы" атағы олимпиадалық және паралимпиядалық спорт түрлерінен ресми халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен үздік спортшыларға беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. "Жылдың үздік жаттықтырушысы" номинациясында "Жылдың үздік спортшысын" дайындаған жаттықтырушы жеңімпаз болып табылады.

      14. "Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы" номинациясындағы атақ халықаралық кешенді және ресми спорттық іс-шаралар нәтижелерінің қорытындылары, сондай-ақ, осы спорт түрін дамытуға қосқан үлесі бойынша аккредиттелген спорттық федерацияға беріледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. "Жылдың үздік спорт ұйымы" номинациясындағы атақ өз тәрбиленушілері мен спортшыларының спорттық жетістіктері нәтижелерінің қорытындылары бойынша спорттық оң нәтижелері бар дене шынықтыру-спорттық ұйымына беріледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. "Үздік спорттық өңір", "Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" номинациясындағы атақтар республикалық өңірлер арасында мынадай:

      1) спорт ұйымдары мен ғимараттарының желілерін ұлғайту (оның ішінде ауылда);

      2) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халық саннын көбейту;

      3) республикалық және халықаралық ресми және кешенді жарыстардағы спорттық көрсеткіштер бойынша жоғары жетістіктері бар заңды тұлғаларға беріледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. "Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорттан нұсқаушы" номинациясындағы атақ ЖАО-ның ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында дене шынықтыру мен спорттың дамуына үлес қосқаны үшін нұсқаушыға беріледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. "Ауылдағы жылдың үздік жаттықтырушысы" номинациясындағы атақ ЖАО-ның ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында дене шынықтыру мен спорттың дамуына үлес қосқан жаттықтырушыға беріледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Комиссия "Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман" номинациясына спорт саласындағы қызметкерлер (дәрігер, фармаколог, массажшы, менеджер, кеңесші, хореограф, техникалық қызметкерлер және т.б.) арасынан жылдың спорттық жетістіктерінің қорытындысы бойынша спорт саласының үздік маманын іріктейді.

      20-1. "Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы" атағы "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат" спорт разрядының қорытындысы бойынша ресми республикалық және халықаралық жарыстарда жеңімпаз немесе жүлдегер атанған кемінде 10 спортшыны даярлағаны үшін беріледі.

      Ескерту. 3-тарау 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20-2. "Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері" номинациясындағы атақ әдіскерге мынадай көрсеткіштерді ескере отырып беріледі:

      1) спортты насихаттауға және спортқа айналысуға тартуға бағытталған республикалық баспасөз басылымдарында (газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар қосымшасы) және әлеуметтік желілерде спорттық мақалалар жариялау;

      2) дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын қазіргі заманғы білім беру жүйесіне сәйкес кәсіби имиджді қалыптастыруға ықпал ететін республикалық конференцияларға қатысу;

      3) жұмыс тәжірибесіне енгізілген ғылыми әзірлемелерінің болуы.

      Ескерту. 3-тарау 20-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20-3. "Спортта үздік серпін" номинациясындағы атақ Қазақстан Республикасының спорт түрлері бойынша құрама команда құрамына енгізілген әлем рекордшыларына, халықаралық спорттық жарыстың чемпионадары мен жүлдегерлеріне беріледі.

      Ескерту. 3-тарау 20-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20-4. "Жас және жасөсіпірімдер құрамындағы спортшы" номинациясындағы атақ республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда жоғары спорттық нәтижелерге қолжеткізген Қазақстан Республикасының спорт түрлері бойынша құрама команда құрамына енгізілген жас және жасөспірім жастағы спортшыларға беріледі.

      Ескерту. 3-тарау 20-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Марапаттау рәсімі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау салтанатты жағдайда өткізіледі.

      22. Конкурстың жеңімпаздарына атаулы дипломдар және құнды сыйлықтар тапсырылады.

      23. Конкурстың нәтижелері мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылады және Конкурс өткеннен кейін 10 күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.