Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 377 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қазанда № 17469 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.06.2023 № 205 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
М. Әбілқасымова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 377 бұйрығына
қосымша

Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін (бұдан әрі – ұйымдар тіркелімі) және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін (бұдан әрі – мамандар тізілімі) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" және "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының осы заңдарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеу шарттарында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісі болып табылады;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер (бұдан әрі – жеткізушілер) – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      3) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Ұйымдардың тіркелімі және мамандардың тізілімі "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-4) тармақшасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін әлеуметтік қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларына (бұдан әрі – Жіберу қағидалары) сәйкес жеткізушілер ұсынған деректердің негізінде электрондық түрде қалыптастырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Ұйымдардың тіркелімін қалыптастыру

      4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік қызметтер порталында қалыптастырылады.

      5. Ұйымдар тіркелімі мынадай:

      1) ұйымның атауы;

      2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3) ұйым бөлімшесінің типі;

      4) ұйым бөлімшесінің түрі;

      5) ұйым бөлімшесінің атауы;

      6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мекенжайы;

      7) байланыс деректері (мобильді телефон, электрондық пошта мекенжайы, байланыс телефоны, сайт (бар болса));

      8) "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген) бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында, "Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13543 болып тіркелген) бекітілген Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында және "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14701 болып тіркелген) бекітілген Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында (бұдан әрі – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары) көзделген көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;

      9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету нысандары бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған орындардың саны туралы мәліметтерді қамтиды;

      10) тіркелімге енгізілген күні;

      11) тіркеуден алынған күні;

      12) тіркеуден алу себебі.

      6. Жеткізушінің келісімімен ұйымдардың тіркелімінде қамтылған мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады.

3-тарау. Мамандар тізілімін қалыптастыру

      7. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі әлеуметтік қызметтер порталында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

      8. Мамандар тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      3) білімі, біліктілігі туралы (бар болса);

      4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында жұмыс тәжірибесінің болуы туралы;

      5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында көзделген көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;

      6) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мекенжайы;

      7) байланыс деректері (мобильді телефон, электрондық пошта мекенжайы, байланыс телефоны, сайт (бар болса));

      8) тізілімге енгізілген күні;

      9) тіркеуден алынған күні;

      10) тіркеуден алу себебі.

      9. Жеткізушінің келісімімен мамандар тізілімінде қамтылған мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады.

4-тарау. Жеткізушіні Тіркелімнен немесе Тізілімнен шығару тәртібі

      10. Жеткізушіні Тіркелімнен немесе Тізілімнен шығару Жіберу қағидаларына сәйкес жеткізуші тіркеуден шығарылғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.

      Жеткізушіні порталда тіркеуден шығару кезінде жеткізушілер тіркелімінде және (немесе) мамандар тізілімінде тіркеуден шығару күні мен себебі көрсетіледі.

  Арнаулы әлеуметтік қызметтер
ұсынатын ұйымдардың бірыңғай
тіркелімін және арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсететін
мамандардың тізілімін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі

Ұйымның атауы

БСН

Ұйым бөлімшесінің түрі

Ұйым бөлімшесінің түрі

Ұйым бөлімшесінің атауы

1

2

3

4

5

6



















      кестенің жалғасы

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мекенжайы

Байланыс деректері (мобильді телефон, электрондық пошта мекенжайы, байланыс телефоны, сайт (бар болса));

Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері

Орын саны

7

8

9

10













      кестенің жалғасы

Тіркелімге енгізілген күні

Тіркеуден алынған күні

Тіркеуден алу себебі

11

12

13










  Арнаулы әлеуметтік қызметтер
ұсынатын ұйымдардың бірыңғай
тіркелімін және арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсететін
мамандардың тізілімін
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі

ЖСН

Маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Білімі, біліктілігі туралы (бар болса)

Жұмыс тәжірибесі

1

2

3

4

5
















      кестенің жалғасы

Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мекенжайы

Байланыс деректері (мобильді телефон, электрондық пошта мекенжайы, байланыс телефоны, сайт (бар болса));

6

7

8










      кестенің жалғасы

Тізілімге енгізілген күні

Тіркеуден алынған күні

Тіркеуден алу себебі

9

10

11