Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шiлдедегi № 165 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 тамызда № 17337 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтарда "Заң газеті" газетінде № 5 (1428) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) – енгізу және болу үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің және қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) рұқсат ету бастамашысы – бастамасы бойынша қаржы құралдары қор биржасының сауда жүйесінде, бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде немесе биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде айналысқа жіберілетін тұлға;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) сауда-саттықты ұйымдастырушы – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орталық депозитарийдің клиенттері арасындағы белгіленімдермен алмасу жүйесін пайдалану және оған қолдау көрсету арқылы сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруы кезіндегі қор биржасы немесе орталық депозитарий;";

      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Орталық депозитарийдің биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру бойынша қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.

      1-2. Қор биржасының бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру бойынша қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері (клиенттері)";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге қаржы құралдарымен мәмілелердi жүзеге асыруға құқығы бар өзге заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi болып табылады.

      Олар үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3916 болып тіркелген "Қор биржасына мүшелік үшін шетелдік заңды тұлғаларға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 360 қаулысымен және қор биржасының қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік заңды тұлғалар қор биржасының мүшелері болып табылады.

      Қор биржасының мүшесі болу шарттары мен тәртiбi оның қағидаларымен айқындалады.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қор биржасының мүшелері:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының және қор биржасы мүшелерінің қызметін реттейтін қор биржасы ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;

      2) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген құрамда, мөлшерде, мерзімде және тәртіп бойынша мүшелік жарналарды және қор биржасының алымдарын төлейді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қор биржасының ішкі құжаттарымен мүшелікті тоқтата тұру немесе тоқтату талаптары мен тәртібі көзделген.

      Осының алдында брокерге және (немесе) дилерге бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны (бұдан әрі - лицензия) барлық қор биржаларында оның мүшелігін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға, бағалы қағаздардың биржалық және биржадан тыс нарықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйелерінен олар жариялап белгілеген бағаларының уақытша немесе тұрақты алып тастауға негіз болып табылады.

      Уәкілетті орган сауда-саттықты ұйымдастырушыны тиісті шешім қабылданған күні лицензия қолданылуының тоқтатыла тұрғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

      Қор биржасы уәкілетті органның көрсетілген хабарламасын алғаннан күннен бастап, мұның алдында оның жасаған мәмілелерін немесе оның мұның алдында туындаған міндеттемелерін орындау мақсатындағы осындай қатысуды қоспағанда, брокерді және (немесе) дилерді өзі жүргізіп отырған қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысудан шеттетеді.

      Қор биржасы уәкілетті органның шешімін көрсетілген брокерге және (немесе) дилерге жеткізгені туралы хабарламасын алған күннен бастап лицензиясы уақытша тоқтатылған немесе тоқтатылған брокердің және (немесе) дилердің мүшелігін тоқтата тұрады немесе тоқтатады.

      Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінен, сондай-ақ биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінен лицензиясының қолданылуы уақытша тоқтатылған немесе тоқтатылған брокер және (немесе) дилер жариялаған барлық белгіленген бағаларды көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап алып тастайды.";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сауда-саттықты ұйымдастырушы уәкілетті органды тұлғаларды бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне, сондай-ақ биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсат беру, кіруге рұқсат беруден бас тарту, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының клиенттері жариялаған баға белгілеудің көрсетілген интеграцияланған ақпараттық жүйелерінен уақытша немесе тұрақты алып тастау жөніндегі барлық жағдайлар туралы осындай жағдай орын алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Трейдерлер";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қор биржасының ішкі құжаттарында трейдерлерге сауда жүйесіне рұқсат берудің шарттары көзделеді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қор биржасының тізіміне енгізілген бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары";

      20 және 21-тармақтар алып тасталсын;

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қор биржасының тізімі жеке алаңдарға, секторларға, санаттарға және шағын санаттарға бөлінеді.

      23. Қаржы құралы қор биржасы белгілеген талаптарға сәйкес келген жағдайда ол қор биржасының тізіміне (қор биржасының ресми тізімі) енгізіледі.

      Қор биржасының тізімі оның ішкі құжаттарына сәйкес қалыптастырылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Басқа жағдайлар сияқты, қор биржасының ішкі құжаттарында бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді заңсыз деп тану олардың делистингіне негіздеме болып табылатыны көзделген.

      Уәкілетті орган қор биржасын соттың тиісті шешімі күшіне енген күні бағалы қағаздарды айналысқа жіберу және (немесе) орналастыруды тоқтата тұру туралы хабардар етеді.

      Қор биржасы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде шығарылымын мемлекеттік тіркеу заңсыз деп танылған бағалы қағаздарды өз тізімінен алып тастайды.

      Қор биржасы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жарамсыз деп танылған бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге баға белгілеуді айырбастаудың бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне қолдау жасауды тоқтатады.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қор биржасының сауда жүйесі";

      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қор биржасының өз қызметінде іркіліссіздікті, үздіксіздікті қамтамасыз ету мақсатында екіден кем емес сауда жүйесі (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйелері) болуға тиіс, оның біреуі негізгі, ал басқалары – резервтік ретінде, не резервтік компоненттері дереу белсенділікке дайын күйін сақтайтын жалғыз сауда жүйесін (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін) иеленеді.

      Бірнеше сауда жүйесін (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйелерін) пайдаланған жағдайда қор биржасының ішкі құжаттарында негізгі және резервтік жүйелер, сондай-ақ оларды дереу белсенділікке және пайдалануға дайын күйінде ұстау тәртібі айқындалады.

      Жалғыз сауда жүйесін (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін) пайдаланған кезде қор биржасының ішкі құжаттарында сауда жүйесінің (бағалы қағаздардың биржа нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің) құрауыштарын дереу белсенділікке дайын күйінде ұстау тәртібі айқындалады.

      28. Қор биржасы өзінің сауда жүйесін (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін) жұмыс жағдайында сақтау үшін мүмкіндігінше бар күшін салады және өзінің мүшелерін оның жұмысындағы іркілістер мен осындай іркілістерді жою жөніндегі шаралар туралы дереу хабарлайды.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Қор биржасының резервтік орталығы";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Қор биржасының резервтік техникалық орталығы болады және ол оның дереу белсенділікке тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді. Резервтік техникалық орталық мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) негізгі сауда жүйесіне (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне) ұқсас сауда жүйесінің (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің) көшірмесі және қор биржасының негізгі сауда жүйесінің (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің) орналасқан жерінде болатын резервтік жүйелерге ұқсас резервтік жүйелердің көшірмелері болады;

      2) негізгі сауда жүйесінің (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің) орналасқан жерінен 25 километрден кем емес қашықтықта орналасады;

      3) қор биржасының қызметін жүзеге асыруға қажетті барлық коммуникациялармен қамтамасыз етіледі;

      4) күтпеген жағдай туындаған кезде және негізгі сауда жүйесі (бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі) орналасқан жерде сауда-саттықты жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда негізгі сауда жүйесінің орналасқан жері бойынша сауда-саттық тоқтатылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей сауда-саттықты жүргізу мүмкіндігін қарастырады.";

      7, 8, 9, 10 және 11-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Сауда-саттық жүргізу және қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу

      8-тарау. Маркет-мейкерлер қызметі

      9-тарау. Қор биржасының бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру талаптары мен тәртібі

      10-тарау. Қор биржасының растау жүйесі

      11-тарау. Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау".

      2. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарда:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қор биржасының тізімі қор биржасының ресми тізімінен, "Листингтік емес бағалы қағаздар" секторынан, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген жеке алаңдардан, секторлардан, санаттардан және шағын санаттардан тұрады.";

      38-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бағалы қағаздар қор биржасымен танылатын биржалар тізбесіне кіретін қор биржаларының бірінің ресми тізіміне енгізіледі, не егер депозитарлық қолхаттар бағалы қағаздар болып табылса, базалық активі болып табылатын осы депозитарлық қолхаттар немесе акциялар қор биржасымен танылатын биржалар тізбесіне кіретін қор биржаларының бірінің ресми тізіміне алдын ала енгізіледі;";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Эмитенттердің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу (айналысқа жіберу) және олардың онда ықшамдалған рәсім бойынша болуы Талаптардың 38-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамай қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) егер бұл бағалы қағаздар айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар болып табылса;

      2) егер бұл бағалы қағаздар "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторында "Аралас" алаңында айналысқа жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары болып табылса.

      Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі қор биржасының iшкi құжаттарында белгіленеді;

      3) "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында "Аралас" алаңында айналысқа жіберілетін жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын қоса алғанда, егер бұл бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылса;

      4) егер бұл бағалы қағаздар Талаптардың 8-тармағының 4) тармақшасына, 14-тармағының 3) тармақшасына және 36-тармағының 6) тармақшасына сәйкес құрылған және жұмыс істейтін қандай да бір секторларға айналысқа жіберілетін бағалы қағаздар болып табылса;

      5) егер бұл бағалы қағаздардың эмитенті қор биржасы болып табылса;

      6) егер бұл бағалы қағаздардың эмитенті кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға болып табылса.".

      3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет - ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы, осы қаулының 1-тармағының 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін отыз сегізінші және отыз тоғызыншы абзацтарын, осы қаулының 1-тармағының 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, қырқыншы, қырық бірінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші және жетпіс екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев