Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 747 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 мамырда № 16939 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаздағы және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялғанынан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 15 мамыр
№ 747 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Бағалау қызметі бойынша тағылымдамадан өту жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 шілдедегі № 271 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7188 болып тіркелген);

      2) "Бағалау қызметі бойынша тағылымдамадан өту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 шілдедегі № 271 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 236 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8589 болып тіркелген, 2013 жылы 5 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      3) "Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 17 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10272 болып тіркелген, 2015 жылы 27 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).