"Бағалау қызметі бойынша тағылымдамадан өту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 шілдедегі № 271 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 шілдеде № 8589 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 747 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 15.05.2018 № 747 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бағалау қызметі бойынша тағылымдамадан өту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 шілдедегі № 271 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7188 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 11 қазандағы "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған, № 488-490 (26882) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, бағалау қызметі бойынша тағылымдамадан өту жөніндегі нұсқаулықта:

      6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Тағылымдаманың нәтижесі бойынша бағалаушылар палатасы тағылымдамадан өту барысында бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаның алған теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдысын, жалпы дайындық дәрежесін, бағалау қызметі бойынша пәндер тізбесін көрсетумен қорытынды шығарады.

      Мүлікті бағалау бойынша (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) не зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын бағалау бойынша тағылымдамадан өту туралы қорытындыға тағылымдама жетекшісі қол қояды және осы нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалаушылар палатасының төрағасы бекітеді.

      Нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру бойынша шараларды қабылдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 27 маусымдағы
№ 236 бұйрығына
қосымша
Бағалау қызметі бойынша
тағылымдамадан өту жөніндегі
нұсқаулыққа
қосымша

      Нысан

      "БЕКІТЕМІН"

      Бағалаушылар палатасының Төрағасы

      _____________________________

      (аймақтың атауы)

      __________________ Т.Ә.А.

      (қолы)

Мүлікті бағалау бойынша (зияткерлік меншік объектілерін,
материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік
меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын бағалау
бойынша тағылымдамадан өту туралы
№ _____ Қорытынды

      1. Тағылымдамадан өтуші _____________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты бар болған жағдайда көрсетілсін)

      2. Тағылымдаманың жетекшісі айқындалды ______________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты бар болған жағдайда көрсетілсін),

      _____________________________________________________________________

      (лицензиясының нөмірі және ол тұратын бағалаушылар палатасының атауы көрсетілсін)

      3. Тағылымдама өткен бағалау компаниясы

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, лицензиясының нөмірі көрсетілсін)

      4. Тағылымдамадан өту кезеңі "__" _____ ____ бастап "__" ______ дейін

      5. Тағылымдамадан өту барысында бағалау қызметімен айналысу құқығына

      үміткер тұлға алған теориялық білімдерді және тәжірибелік машықтарды,

      жалпы даярлық деңгейін көрсете отырып, бағалау қызметі бойынша пәндердің тізімі.

      6. Тағылымдама нәтижесі (оң не теріс).

      Тағылымдаманың жетекшісі ____________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты бар болған жағдайда көрсетілсін) (қолы)