Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 15.05.2018 № 747 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бағалау қызметі бойынша тағылымдамадан өту жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы М.И.Сексембаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін | |
атқарушы | М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 шілдедегі № 271 бұйрығымен бекітілді |
Бағалау қызметі бойынша тағылымдамадан өту туралы
нұсқаулық
1. Осы Бағалау қызметі бойынша тағылымдамадан өту туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2)-тармақшасына сәйкес әзірленді және бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың тағылымдамадан өту тәртібін нақтылайды.
2. Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер кемінде үш жыл бағалау қызметі стажы бар бағалаушыда тағылымдамадан өтеді.
3. Республикалық бағалаушылар палатасы бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың тағылымдамадан өту тәртібі туралы ұсынымдарды (бұдан әрі - Ұсынымдар) әзірлейді. Республикалық бағалаушылар палатасының ұсынымдары бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың бағалау қызметі бойынша тәжірибелік дағды және арнайы теориялық білім алуына бағытталған іс-шаралар тізілімін, тағылымдамадан өту тәртібін қамтиды.
Республикалық бағалаушылар палатасы бағалау қызметі бойынша тағылымдамадан өтуді растайтын құжаттың нысанын айқындайды.
4. Ұсынымдар негізінде бағалаушылар палатасы Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың тағылымдамадан өту бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітеді.
Бағдарлама бағалау қызметінің өтініш берілген түрі есепке алына отырып, бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаның әр қайсысына бекітіледі.
5. Бағдарламаны меңгеру үшін бағалаушылар палатасы осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген талаптарға жауап беретін тағылымдаманың жетекшісін тағайындайды.
6. Тағылымдаманың нәтижесі бойынша бағалаушылар палатасы тағылымдамадан өту барысында бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаның алған теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдысын, жалпы дайындық дәрежесін, бағалау қызметі бойынша пәндер тізбесін көрсетумен қорытынды шығарады.
Мүлікті бағалау бойынша (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) не зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын бағалау бойынша тағылымдамадан өту туралы қорытындыға тағылымдама жетекшісі қол қояды және осы нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалаушылар палатасының төрағасы бекітеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.06.2013 № 236 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Тағылымдама нәтижелері туралы оң қорытынды шығарылған жағдайда бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлға тағылымдамадан өтті деп саналады.
Тағылымдама нәтижелері туралы теріс қорытынды шығарылған жағдайда бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлға тағылымдамадан өткен жоқ деп саналады және жалпы негіздер бойынша тағылымдамаға қайта жіберілуі мүмкін.
Бағалау қызметі бойынша тағылымдамадан өту жөніндегі нұсқаулыққа қосымша |
Нысан
"БЕКІТЕМІН"
Бағалаушылар палатасының Төрағасы
_____________________________
(аймақтың атауы)
__________________ Т.Ә.А.
(қолы)
Мүлікті бағалау бойынша (зияткерлік меншік объектілерін,
материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік
меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын бағалау
бойынша тағылымдамадан өту туралы
№ _____ Қорытынды
Ескерту. Нұсқаулық қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 27.06.2013 № 236 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Тағылымдамадан өтуші _____________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты бар болған жағдайда көрсетілсін)
2. Тағылымдаманың жетекшісі айқындалды ______________________________
(тегі, аты және әкесінің аты бар болған жағдайда көрсетілсін),
_____________________________________________________________________
(лицензиясының нөмірі және ол тұратын бағалаушылар палатасының атауы көрсетілсін)
3. Тағылымдама өткен бағалау компаниясы
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, лицензиясының нөмірі көрсетілсін)
4. Тағылымдамадан өту кезеңі "__" _____ ____ бастап "__" ______ дейін
5. Тағылымдамадан өту барысында бағалау қызметімен айналысу құқығына
үміткер тұлға алған теориялық білімдерді және тәжірибелік машықтарды,
жалпы даярлық деңгейін көрсете отырып, бағалау қызметі бойынша пәндердің тізімі.
6. Тағылымдама нәтижесі (оң не теріс).
Тағылымдаманың жетекшісі ____________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты бар болған жағдайда көрсетілсін) (қолы)