ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған Тізбесі 1-тармағының екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 2-тармағының екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 3-тармақтың екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 152-н/қ бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16902 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 146-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 146-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 3), 4) және 5) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"3) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған, "цифрлық үкіметтің" құрауышы болып табылатын цифрлық жүйе;";
"4) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объектілер;";
"5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Өтініш келіп түскен күні көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген құжаттарды құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын айқындайтын жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына береді.
Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" көрсетілетін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе портал арқылы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Уәкілетті орган жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.";
14 және 15-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.";
"15. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";
көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы Тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17066 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 157-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 157-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Өтініш беруші теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды жібереді.
Өтініш келіп түскен күні көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген құжаттарды құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын айқындайтын жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына береді.
Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" көрсетілетін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе портал арқылы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.
Уәкілетті орган жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.";
7 және 7-1-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.";
"7-1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";
көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20383 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысаны – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;"
4), 5), 6) және 7) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"4) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған, "цифрлық үкіметтің" құрауышы болып табылатын цифрлық жүйе;
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
6) "Цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын цифрлық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) дара кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиатты бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
6) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Егер Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жүзеге асырылмайды.
Лицензиаттар мен лицензияларға қосымшаларда көрсетілген объектілердің мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.";
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.";
көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1- қосымша Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша |
"Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
"Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы. | ||||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
| ||
2. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense. kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. | ||
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсету мерзімі |
1) ұңғымалар объектілерін сынау кезінде факелде шикі газды жағуға рұқсат беру кезінде – 8 (сегіз) жұмыс күні; | ||
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсету нысаны |
Барлық кіші түрлері бойынша: | ||
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсету нәтижесі |
Барлық кіші түрлері бойынша: | ||
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. | ||
7. | Қызмет берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін; | ||
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Порталға: ұңғымалар объектілерін сынау кезінде: | ||
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден және оның кіші түрлерінен (бар болған жағдайда) бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; | ||
10. | Мемлекеттік қызмет көрсетуді, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде; Порталда орналастырылған; | ||
| Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымша Нысан |
Шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін өтініш
Кімге:__________________________________________________________
(көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның толық атауы)
Кімнен:__________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі,
заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру
нөмірі, байланыс деректері (телефон нөмері, электрондық пошта мекенжайы))
___________________________________________________________________
(кен орны (құрылым); ұңғыма нөмірі*)
__________________________________________________________________
(мәлімделген жылға шикі газды жағу көлемі (млн. м3), жағу кезеңін көрсете отырып
____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу арналған жобалау
құжатының атауы, нөмірі, күні және қолданылу мерзімі)
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Энергетика минситрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №164
бұйрығымен (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16961
болып тіркелген) бекітілген "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне"
сәйкес көмірсутектер шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерінің есебі.
Ұңғыма туралы деректер:*
Объектінің атауы және нөмірі | Көлемі, миллион м3 | Аралығы | Объектілер бойынша факелде шикі газдың жағылу күндері |
1 | 2 | 3 | 4 |
* ұңғымаларды сынау объектілерінде шикі газды жағуға рұқсат алу үшін
Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:
1._________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
Осы арқылы өтініш берушінің рұқсат беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған,
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді
пайдалануға келісетіні расталады.
Басшысы
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Электрондық цифрлық қолтаңба 20 __ жылғы "____" _______________________
"Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
| "Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымша Нысан |
Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алуға арналған өтініш
(қайда) ___________________________________________________________
(уәкiлеттi органның толық атауы)
__________________________________________________________________
(кімнен) (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды
тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс деректері
(телефон, факс, электрондық пошта)
___________________________________________________________________
(теңіз объектісінің атауы (маркасы)
__________________________________________________________________
(теңiз объектісін құру және орналастыру бойынша теңізде көмірсутектерді барлауды
және (немесе) өндіруді жүргізу қажеттілігінің себебі мен негіздемесі)
___________________________________________________________________
(жоспарланған теңіз объектісін не осындай теңіз объектісін құру және орналастыру
жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың мерзімі мен орналасатын жері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға
келісім беремін
Басшы _______________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
Электрондық цифрлық қолтаңба 20 __ ж. "____" __________________________
| "Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымша Нысан |
Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алуға мәліметтер нысаны
1. Теңіздегі объект атауы (маркасы)___________________________________.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі және күні
_________________________________________________________________.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жер
қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге арналған жобалық құжаттың атауы
мен бекіту күні _____________________________________________________
4. Теңіздегі объектіні құру мақсаты, мәні мен негіздемесі
________________________________________________________________
5. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіздегі объектінің географиялық
координаттарының негіздемесі (ендігі, ұзақтығы, өлшемдер және т. б.):
1) ____________________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________________.
6. Теңіздегі объектіні құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылуы
болжанатын кеме және өзге де жүзбелі құралдар туралы ақпарат:
1) кеме және өзге де жүзбелі құралдар саны ___________________________;
2) кеме және өзге де жүзбелі құралдардың атауы _______________________.
7. Теңіздегі объектіні құруды бастау және аяқтау күні __________________.
8. Теңіздегі объектіні пайдалану кезінде қолданылатын байланыс құралдары
(радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер) туралы ақпарат
________________________________________________________________.
9. Теңiздегі объектіні құру және орналастыру кезіндегі жоспарланатын іс-шаралар:
1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзгіш немесе тұрақты тазарту
құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқа да зиянды заттарды
қабылдауға арналған құралдар жасауды қоса алғанда, қоршаған ортаға ықтимал
залалдың алдын алу немесе азайту жөнінде
________________________________________________________________;
2) теңіздегі объектіде авариялық жағдайларды болдырмау және жою жөнінде
_________________________________________________________________;
3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
сондай-ақ балықтар және басқа да су жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың
көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау
жөнінде
_________________________________________________________________.
10. Теңіздегі объектіні болжамды орналастыру орнының негізгі гидрологиялық және
гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген суды, жіберілетін сарқынды суларды,
алынатын жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың болжанатын көлемі
_________________________________________________________________.
"Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
| "Көмірсітектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымша Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
Кімге ____________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Кімнен____________________________________________________________
(жеке тұлғаның, тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________
(қызметтiң түрiнің және (немесе) қызметтің кіші түрі (лері) нің толық атауы
көрсетiлсiн) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
жеткізгіште ________________________________________
(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
нөмірі)
Электрондық пошта_________________________________________________
Телефондары_________________________________________________________
Факс______________________________________________________________
Банк шоты ________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
__________________________________________________ ___________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі) _________ парақ қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;
өтініш берушінің халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыскерінің өтінішті электрондық цифрлык қолтаңбамен растауына келісетіні (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда) расталады.
Жеке тұлға ___________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________
| Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер лицензиясы" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымша |
|
| Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан
орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі
болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кіші түрі (лері) нің толық атауы көрсетiлсiн)
_______________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште
____________________________________________________________________
(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы____________________________________________
(пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта___________________________________________________
Телефондары_________________________________________________________
Факс________________________________________________________________
Банк шоты
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
нөмірі (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) парақ қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;
өтініш берушінің халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыскерінің өтінішті электрондық цифрлык қолтаңбамен растауына келісетіні (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүгінген жағдайда) расталады.
Осымен, өзім ұсынған (толтырған) ақпараттың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатынымды растаймын.
Басшы _____________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде)
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________
| "Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымша |
|
| Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші __________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) __________________________________________________________________
(жеке тұлғаның, тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде ), жеке сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) кіші түрі(лері)нің толық атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) қайта ресімдеуді сұраймын (керегінің астын сызу)
бастап 20____ "___" ___________ №__________берілген)
___________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды)
берген лицензиардың атауы)
__________________________________________________жүзеге асыруға
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрі (лері) нің толық атауы)
(тиісті тор көзде Х көрсетіңіз):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген
___________________________________________________________________;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгерген
___________________________________________________________________;
3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгерген
___________________________________________________________________;
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "Объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия иеліктен шығарылған;
___________________________________________________________________;
5) "Объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген
___________________________________________________________________;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда
___________________________________________________________________;
7) қызмет түрінің атауы өзгерген
___________________________________________________________________;
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген
___________________________________________________________________;
қағаз жеткізгіште ________ (егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған
жағдайда, Х белгісін қою керек) қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондар__________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік шот __________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі).
______парақ қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) іші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;
өтініш берушінің халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келісетіні (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда) расталады.
Жеке тұлға ______________________ __________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде)
Толтыру күні: 20__ жылғы "____" _________________
| "Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымша |
|
| Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
_______________________________________________________________
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) қайта ресімдеуді сұраймын (керегінің астын сызу)
20___ жылғы "___" _________ №__________берілген)
__________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың
атауы _________________________________________________жүзеге асыруға
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрі(лері)нің толық атауы) (тиісті тор көзде Х көрсетіңіз):
1) заңды тұлға-лицензиаттың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті тор көзде Х көрсетіңіз):
бірігу _______________________________________________________________
қайта құру___________________________________________________________
қосылу ______________________________________________________________
бөліп шығар_____________________________________________________
бөліну_______________________________жолымен қайта ұйымдастырылуы;
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі
____________________________________________________________________;
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі
____________________________________________________________________;
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы Заңның 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "Объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы
___________________________________________________________________;
5) "Объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбыы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі
____________________________________________________________________;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда
________________________________________________________;
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ________________________________________;
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _________________________________;
қағаз жеткізгіште (егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) қайта ресімдеуіңізді сұраймын
Заңды тұлғаның мекенжайы____________________________________________
(елі (шетелдік заңды тұлға үшін), пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондар __________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік шот _________________________________________________________
қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) парақ қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;
өтініш берушінің халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыскерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келісетіні (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда) расталады.
Басшы _____________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде)
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________