Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.12.2019 № 1424 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 505 бұйрығымен бекітілген |
Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және биоотын өткізу (тиеп жөнелту), алу, өтуі, қайтару, тасымалдау, импорттау және экспорттау бойынша операцияларды жүргізу кезінде, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоотынға ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – БІЖҚ) ресімдеу тәртібін белгілейді.
Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
алушы – биоотын алу,өтуі, қайтару, тасымалдау, импорттау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлға;
жеткізуші – биоотын өткізу (тиеп жөнелту), өтуі, қайтару, тасымалдау, импорттау және экспорттау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлға.
2. Биоотын өткізу (тиеп жөнелту), өтуі, қайтару, тасымалдау, экспорттау бойынша әрбір операцияларды жүргізу кезінде жеткізушілер БІЖҚ міндетті түрде ресімдейді.
Қазақстан Республикасының аумағына биоотын импортау кезінде БІЖҚ-ты алушы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күнінен кешіктірмей ресімдейді.
2-тарау. БІЖҚ ресімдеу тәртібі
3. БІЖҚ "Салық төлеушінің кабинеті" (бұдан әрі – бағдарлама) интернет-ресурсы (web-қосымша) арқылы электрондық түрде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ресімделеді.
Бағдарлама биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Интернет-ресурсында (web-порталында) орналастырылады.
4. БІЖҚ-де мынадай деректер көрсетіледі:
1) БІЖҚ нөмірі (бағдарлама автоматты түрде береді);
2) ресімдеу күні және уақытты (бағдарлама автоматты түрде береді);
3) операцияның коды (бағдарламаның анықтамасынан алынады);
4) жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН). Импорт кезінде толтырылмайды;
5) биоотынды жеткізушінің атауы, оның заңды мекенжайы және орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды (жеткізушінің ЖСН/БСН енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде береді), тиеп жөнелту мекенжайы (қолмен толтырылады). Импорт кезінде жеткізушінің атауын, оның заңды мекенжайын алушы қолмен толтырады, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды толтырылмайды;
6) тиеп жөнелту (өткізу) мекенжайының мемлекеттік кірістер органының коды (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады). Импорт кезінде толтырылмайды;
7) жеткізушінің түрі (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);
8) алушының ЖСН/БСН (жеткізуші енгізеді, импорт кезінде алушы енгізеді);
9) алушының атауы, оның заңды мекенжайы (алушының ЖСН/БСН енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде береді), жеткізу (алу) мекенжайы (қолмен толтырылады);
10) жеткізу (алу орны) мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органының коды (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);
11) шарттың немесе шарттың қосымшаларының нөмірі;
12) шарттың күні;
13) көліктің түрі (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);
14) тасымалдаушы (жүкті жөнелтуші) туралы мәліметтерде (болған кезде) биоотын тасымалдауды және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), ЖСН) немесе заңды (атауы, БСН) тұлға туралы деректер көрсетіледі (жеткізуші енгізеді, импорт кезінде алушы енгізеді);
15) көлік құралы туралы мәліметтерде (жеткізуші енгізеді, импорт кезінде алушы енгізеді):
автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – көлік құралының маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі;
темір жол көлігімен тасымалдау кезінде – вагонның (вагондардың) нөмірі (нөмірлері);
әуе көлігімен тасымалдау кезінде – кеменің атауы және борттың тіркеу нөмірі;
теңіз немесе ішкі су көлігімен тасымалдау кезінде – кеменің атауы, кеме қатынасының теңіз бойынша тіркеу нөмірі;
құбыржолы арқылы тасымалдау кезінде – құбыржолының атауы көрсетіледі;
16) экспедитор туралы мәліметтерде (болған кезде) экспедитордың, жүргізушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) көрсетіледі;
17) өткізілетін (тиеп жөнелтілетін) биоотын көлемі (тоннада көрсетіледі);
18) жолдың реттік нөмірі;
19) өнімінің атауы;
20) ыдыс сыйымдылығы (тоннада) (құбыржолы бойынша биоотынды өткізу кезінде толтыру үшін міндетті емес);
21) ыдыстағы саны (данада) (құбыржолы бойынша биоотынды өткізу кезінде толтыру үшін міндетті емес);
22) санның жиыны (тоннада);
23) өнімнің құны (теңгеде) (ішкі өткізу кезінде толтыру міндетті емес);
24) импорт кезінде жеткізуші жазып берген БІЖҚ нөмірі – алушы жазып берген (биоотынды қайтару кезінде, БІЖҚ күшін жою немесе бас тарту кезінде қажеттілік болған жағдайда толтырылады);
25) кестедегі жолдың жалпы саны;
26) басшының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда);
27) бухгалтердің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда);
28) "Жүргізуші" бағанындағы деректер қағаз тасығышта ғана толтырылады. Жүргізушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері көрсетіледі. Осы бағанда автокөлікпен тасымалдау кезінде ғана толтырылады.
5. БІЖҚ уәкілетті органның серверіне жіберілгеннен кейін жеткізуші қағаз тасығышта екі данада басып шығарады (импорт кезінде – алушы қағаз тасығышта бір данада басып шығарады) және жеке кәсіпкердің қолымен немесе заңды тұлға басшысының қолымен расталады.
6. Тасымалдаушының (жүкті жөнелтушінің, алушы өкілінің) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері көрсетілген, қол қойылған қағаз тасығыштағы БІЖҚ-тың бір данасы жеткізушіде қалады (биоотынды импорттауды қоспағанда).
7. БІЖҚ-тың екінші данасы тасымалдаушыға (жүкті жөнелтушіге, алушы өкіліне) биоотынды межелі орынға дейін тасымалдау үшін беріледі (биоотынды импорттауды қоспағанда).
8. Биоотынды межелі орынға дейін жеткізгеннен кейін биоотын алушы тасымалдаушыдан БІЖҚ екінші данасын алады (биоотынды импорттауды қоспағанда).
9. БІЖҚ-ты алушылар БІЖҚ және биотынды алғанын растау жолымен электрондық түрде уәкілетті органға ұсынады немесе бағдарламада БІЖҚ-ты ресімдеген күннен кейін күнтізбелік жиырма бес күн ішінде бас тартады.
Бағдарламада БІЖҚ-ты растауды алушы биоотынды алғаннан кейін және ІЖҚ-та көрсетілген деректермен алшақтық болмаған кезде жүзеге асырады.
Биоотынды экспорттау және түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде бағдарламада алушының БІЖҚ растауы талап етілмейді.
10. БІЖҚ-тан бас тарту, алғанын растау немесе растамау мерзімі бұзылған жағдайда, бағдарламада автоматты режимде, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес хабарландыру қалыптастырылады.
11. Осы Қағидалардың қосымшасына белгіленген деректерді толық емес және (немесе) дұрыс емес көрсетіп ресімделген БІЖҚ-ды жеткізуші (импорт кезінде – алушымен) осындай БІЖҚ ресімделген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жоюға тиіс.
12. БІЖҚ жойылған жағдайда алушыға (қажет болған кезінде) жолданатын жаңа БІЖҚ жазып беріледі. Жаңа БІЖҚ ресімдеу күнін және уақытын бағдарлама автоматты түрде береді. Жаңа БІЖҚ бастапқы БІЖҚ жойылған күні ресімделеді.
13. БІЖҚ-ты есепке алу бағдарламаның БІЖҚ тіркеу журналында, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде жүргізіледі.
БІЖҚ ресімделгеннен кейін БІЖҚ тіркеу журналына БІЖҚ түседі және уәкілетті органның серверінде сақталады.
14. Қол қойылған БІЖҚ жеткізушілер мен алушыларда қағаз тасығышта БІЖҚ-ды ресімдеу күні бойынша тізілімге тігіледі және бес жыл ішінде сақталады.
Жеткізушілер мен алушылардың БІЖҚ түпнұсқасын жоғалтуына және бүлдіруіне жол берілмейді.
15. Жеткізуші (алушыны) – заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде қайта ұйымдастырылған тұлға үшін БІЖҚ-ды сақтау жөніндегі міндеттеме оның мирасқорына (құқықтық мирасқорына) жүктеледі.
Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
1) Ілеспе жүкқұжаттың № | ||||||||||||||||||||||
2) Ресімдеу күні және уақыты: __________ |
3) Операцияның коды _____________________ | |||||||||||||||||||||
11) Шарттың (шартқа қосымшаның) нөмірі |
12) Шарттың күні 201_ жылғы | |||||||||||||||||||||
13) Көлік түрі: 14) Тасымалдаушы туралы мәліметтер ____________________________________________ 15) Көлік құралы туралы мәліметтер ______________________________________________ 16) Экспедитор туралы мәліметтер ________________________________________________ | ||||||||||||||||||||||
17) Өткізілетін (тиеп жөнелтілетін) биоотын. Барлығы:___________ (тонна)
25) Барлығы: __________ жол | ||||||||||||||||||||||
26) ) Басшының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда): __________________________ _________ |
Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Биоотынға ілеспе жүкқұжаттарын мерзімінен кешіктіріп бас тарту, оны растау немесе растамау туралы хабарландыру
201_ жылғы "___" _________
__________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы "___" ____________ № ____ |
Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Биоотынға ілеспе жүкқұжаттарын тіркеу журналы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлығы: _________ көрсетілген жол саны Ескерту: аббревиатураларды ашып жазу: БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі; БІЖҚ – биоотынға ілеспе жүкқұжат; ЖСН –жеке сәйкестендіру нөмірі. |