Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16504 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы Кеденік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 428-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі;

      2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қағидасы.

      2. "Кедендік бақылау техникалық құралдарының тізбесін және қолдану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 334 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11532 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбек күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Т. Сүлейменов

      20___ жылғы ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің м.а.

      _______________ Р. Дәленов

      2018 жылғы 16 ақпан

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 84 бұйрығына
1-қосымша

Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі

      Кедендік бақылаудың техникалық құралдары мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) автокөлік құралдарын есептеудің автоматтандырылған жүйесі;

      2) аудио және бейнеақпаратты тасымалдаушыларды бақылаудың техникалық құралдары (тасымалдау бейнетіркегіштер, бейнекамералар, фотоаппараттар, магнитофондар, бейнемагнитофондар, барлық жүйедегі және жазу пішініндегі плейерлер, телемониторлар, телевизорлар, арнайы компьютерлік бақылау жүйелері, фото-, кино-, слайд проекторлары, микрофиштерді қарауға арналған құрылғылар, аудио-, бейнеақпараттарды өшіруге арналған құрылғылар);

      3) бірдейлендірудің техникалық құралдары (кедендік және өзге құжаттардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары, бағалы металдар сынамасының түпнұсқалығын айқындау аспаптары, бағалы тастардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары, есірткі, психотропты заттар мен прекурсорларды сәйкестендіру аспаптары, жарылғыш заттарды сәйкестендіру аспаптары, рентгенофлуорэсценттік талдағыштар, өлшеу аспаптары, энергия ресурстарын есептеу аспаптары, хладагенттерді сәйкестендіру аспаптары, детекторлар мен талдағыштар, электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбаларды) оқу аспаптары, штрих-кодтардың принтерлері, штрих-кодтарды оқу аспаптары, сәйкестендіру құралдары);

      4) жедел байланыстың техникалық құралдары (радиожиілікте жұмыс істейтін радиобайланыстың тасымалданатын, стационарлық (базалық), автомобильдік аппаратурасы);

      5) көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары (оптикалық қадағалау аспаптары, дүрбілер, монокулярлы және стереотүтіктер, түнде көру аспаптары, сондай-ақ шолу телевизиясының жергілікті (тұйық) жүйесі - бірыңғай бақылау пультімен қашықтан басқарылатын телевизиялық камералар мен бақылау мониторларының желісі);

      6) көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін анықтаудың және бейне қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі;

      7) радиациялық бақылаудың техникалық құралдары (дозиметрлер, радиометрлер, портативті және стационарлық спектрометрлер, бөлінетін және радиоактивті материалдарды анықтаудың стационарлық жүйелер);

      8) тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы, оның ішінде бейнелерді өңдеу және талдау жүйесімен (интрузивті емес тексеріп қараудың стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр жүйелері);

      9) іздестірудің техникалық құралдары (металл детекторлары, тексеріп қарау айналары, тексеріп қарау сүңгілері, эндоскоптар, тексеріп қарау шамдары мен лампалары, тығыздықтың өзгеруін айқындау үшін аспаптар, жылу визорлары).

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 84 бұйрығына
2-қосымша

Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қағидасы кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Кедендік бақылаудың техникалық құралдары – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғаларды, тауарлар мен көлік құралдарын, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу уақытын қысқарту мен кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларды кедендік бақылау процесінде мемлекеттік кірістер органдары қолданылатын арнайы техникалық құралдар кешені.

2-тарау. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану тәртібі

      3. Кедендік бақылауды жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы кедендік бақылау нысанына және жеке тұлғаларды, тауарлар мен көлік құралдарын өткізу ерекшелігіне қарай кедендік бақылаудың қандай да бір техникалық құралдарын қолдану қажеттілігін айқындайды.

      4. Кедендік қадағалау кезінде кедендік бақылаудың мынадай техникалық құралдары қолданылады:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келетін/кететін автокөлік құралдарын мемлекеттік тіркелген нөмірлік белгісі бойынша олардың тіркелуін автоматизациялау жолымен көру және автоматтандырылған бақылау үшін қолданылатын, автокөлік құралдарын есептеудің автоматтандырылған жүйесі.

      Автокөлік құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қолдану нәтижесі бойынша алынған ақпарат Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын қиып өтетін автокөлік құралдарын орталықтандырылған есепке алу үшін байланыс арналары арқылы кеден ісі саласындағы уәкілетті органға беріледі;

      2) кедендік бақылау аймағындағы тауарларды, көлік құралдары мен жеке тұлғаларды көзбен қарап бақылау жүргізу үшін қолданылатын көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары.

      5. Кедендік қарау мен кедендік тексеріп қарау кезінде кедендік бақылаудың мынадай техникалық құралдары қолданылады:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы раиоактивті материалдарды заңсыз өткізуді анықтау мақсатында, өткізілетін раиоактивті және бөлінетін материалдарды анықтау, оқшаулау және сәйкестендіруді олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеу жолымен, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға, көлік құралдары мен жеке тұлғаларға қатысты қолданылатын радиациялық бақылаудың техникалық құралдары;

      2) магнитті тасығыштарға (бобиналарға, пленкаларға, шағын кассеталарға, дискілерге, электрондық-есептеу машиналарының дискеталарына) жазылған аудио ақпарат пен бейне ақпаратты қарап шығу, тыңдау және өшіру үшін осы техникалық ақпарат тасығыштарды кедендік бақылау кезінде қолданылатын аудио және бейне ақпаратты тасығыштарды бақылаудың техникалық құралдары. Аудио және бейне ақпаратты тасығыштарды бақылаудың техникалық құралдары шығарылған фотоүлдірлер мен киноүлбірлерді, слайдтар мен микрофиштерді көзбен қарап бақылауды жүзеге асыру үшін пайдаланылады;

      3) мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары түнгі және күндізгі уақытта кедендік бақылау аймағының жедел жағдайын және мемлекеттік кірістер органдары әкімшілік ғимараттарының объектілерін қадағалау үшін кедендік бақылау мақсатында үнемі қолданатын көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары;

      4) мынадай тауарларды қарауды жүргізу кезінде қолданылатын сәйкестендірудің техникалық құралдары:

      бағалы тастар мен металдардың сынамаларын сәйкестендіру үшін бағалы тастардағы сәулелердің сынуын талдау негізінде жұмыс істейтін аспаптар және қорытпаларды айқындаудың түрлі әдістерін пайдаланатын аспаптар қолданылады. Бағалы тастар мен металдарды ресімдеудің барлық жағдайларында қолданылады;

      есірткіні, психотропты заттар мен прекурсорларды анықтау және (немесе) тексеру үшін:

      салфеткалардың көмегімен микробөлшектерді жинау және оларды талдауды жүргізетін детекторға салу, сондай-ақ детектордың компрессорын қосу көмегімен күдікті учаскеден буларды талдау әдісімен есірткі заттарының детекторлары мен экспресс-талдағыштар;

      арнайы мөлдір ыдыстардағы есірткі заттарын түсіне қарай айыру үшін ампулалар немесе ампулалардың жиынтығы;

      жарылғыш заттарды тексеру кезінде күдікті учаскелерден детектор компрессорының көмегімен буларды жинау жолымен талдауды жүргізу үшін салфеткалармен микробөлшектерді жинау және оларды детекторға салу жолымен микробөлшектерді мен жарылғыш заттардың буларын талдау детекторлары пайдаланылады;

      қатты, сұйық және ұнтақ түріндегі заттарды талдау үшін ренгенофлуорэсценттік талдағыштар қолданылады;

      тауарлар мен көлік құралдарының салмақтық мәнін айқындау үшін өлшеу аспаптары қолданылады;

      уақыт бірлігінде өтетін тауардың көлемін қашықтан өлшеу үшін энергия ресурстарын есептеудің аспаптары пайдаланылады, оларды өлшеу нәтижелері мемлекеттік кірістер органдарының деректерді беру арналарымен байланысты ақпараттық жүйесіне жазылады;

      тауарлар мен көлік құралдарын тексеру кезінде озонды ыдыратқыш заттарды анықтау үшін идентификаторлар, детекторлар және хладагендерді талдағыштар пайдаланылады;

      тексеру, оқу, түсіру үшін, сондай-ақ электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбаларды) санкцияланған ашуды бақылау үшін электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбаларды) оқу аспаптары пайдаланылады. Электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларды (электронды пломбалардың) стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр аспаптары пайдаланылады;

      кейіннен тауарға, орамаға, транзиттік декларацияға, көлік құралдарына жапсырылатын затбелгілерге, өзі жапсырылатын ленталарға ақпарат (штрих-кодты, мәтіндік ақпаратты, түрлі графиканы) таңбалау үшін штрих-кодтың принтерлері пайдаланылады;

      заттаңбаларды, штрих-коды бар жапсырғыштарды сәйкестендіру үшін штрих-кодтарды оқу аспабы қолданылады (штрих-кодтар сканері).

      Сәйкестендірудің техникалық құралдарын қолдана тауарларды сәйкестендіру нәтижелері тереңдетілген зерттеу үшін осы тауарларды сараптамаға жіберу үшін негіз болып табылады;

      5) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға алынған ақпаратты байланыс арналары бойынша бере отырып есепке алу және бақылау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтетін автокөлік құралдарына қатысты қолданылатын көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін айқындау мен бейнебақылаудың автоматтандырылған жүйелері;

      6) қол жүгіне, контейнерлерге, көлік құралдарына, почта жөнелтімдеріне және жеке тұлғаларға салынған контрабандалық тауарларды табу мақсатында, көлік құралдарын, контейнерлерді, жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багажын, халықаралық пошта жөнелтімдері мен кішкентай, орташа

      габаритті және ірі габаритті ыдыстардағы тауарларды, оларды ашпай жүк бөліктері бар көлік құралдарын, сондай-ақ интрузивті емес (байланыссыз) тексеріп қарау әдісімен жеке тұлғаларды көзбен қарап тексеру жолымен кедендік бақылау аймағындағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан өтетін тауарларған, көлік құралдары мен жеке тұлғаларға қатысты қолданылатын, оның ішінде бейнелерді талдау және өңдеу жүйелерімен жарақталған интраскопиялық тексеру техникасы;

      7) көлік құралдарын, тауарлардың орамдарын ашусыз, бөлшектеусіз және зерттеу объектісінің тұтастығын бұзбай, тауарлар мен көлік құралдарын тексеріп қарау кезінде қолданылатын іздеу техникалық құралдары.

      Іздеу техникалық құралдары болып:

      металл детекторлары - қара және түсті металдардан жасалған заттарды анықтауға мүмкіндік беретін электронды құралдар. Мемлекеттік кірістер органдары портативті, тасымалданатын және стационарлық металл детекторларын пайдаланады;

      тексеріп қарау айналары - пішіндері мен мөлшері әртүрлі ауыспалы айналардың жиынтығы бар телескоптық ұстағыштар, қол жеткізудің қиын орындарындағы тауарларды, көлік құралдарын тексеріп қарау үшін қолмен ұсталатын жарықтандырғыш аспаптарымен қолданылады;

      тексеріп қарау сүңгілері - диаметрлері мен ұзындығы әртүрлі ерекше шыңдалған металл өзектері, тесілетін объектілердің (жұмсақ және картон орамаларының, көлік құралдарындағы отырғыштардың, сусымалы жүктердің) салымдарынан сынамалар алу үшін арнайы нысандағы тесігімен дайындалады;

      эндоскоптар - көлік құралдарындағы қол жеткізудің қиын орындарын және түрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған оптикалық аспаптар;

      тексеріп қарау шамдары мен лампалар - тәуліктің түнгі уақытында және әлсіз жарықтандырылған үй-жайларды оңтайлы жарықтандыру үшін бағытталған жарықтандырғыш аспаптар. Мемлекеттік кірістер органдары ұтқыр, тасымалданатын және стационарлық шамдар мен лампаларды қолданады;

      тығыздықтың өзгеруін айқындау үшін аспаптар - отын бактары, есіктер, көлік құралдарының дөңгелектері, жүк автомобильдері тіркемелерінің қабырғалары сияқты қол жеткізудің қиын орындарындағы бөтен салымдарды анықтау үшін бағытталған аспаптар;

      жылу визорлары - өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған бағытталған аспаптар табылады.

      6. Мемлекеттік кірістер органдары кедендік бақылау аймағында жедел байланысты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ далалық жағдайларда жедел байланыстың техникалық құралдарын қолданады.

      7. Интраскопиялық тексеру техникасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары оны қолдану бойынша арнайы оқу курсын, сондай-ақ рентген сәулелерінің адам, өсімдіктер мен жануарлардың ағзаларына, тірі микроағзалары бар азық-түлікке әсері бойынша оқытудан және радиациялық қауіпсіздік бойынша оқытудан өткеннен кейін қолдануға жатады.

      8. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамдары өндіруші зауыт қоса берген техникалық деректерге, нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланылады.

      Интраскопиялық тексеру техникасы оның барлық техникалық мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін, сондай-ақ зауыттың нұсқаулығына немесе техникалық ерекшелігіне сәйкес техникалық қауіпсіздік ережесі мен радиациялық қауіпсіздікті сақтай отырып қолданылады.

      Іздеудің техникалық құралдары тауарлар мен көлік құралдарына механикалық зақым келтірмей техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып қолданылады.