Сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 ақпанда № 16359 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 21 мамырдағы № 43 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.05.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Сот сарапшыларын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Сот сарапшысы біліктілігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі түрін жүргізу құқығына біліктілік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушы
Э. Әзімова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      __________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 24 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ______________ С. Жұманғарин

      2018 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      міндетін атқарушы

      _____________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2018 жылғы 5 қаңтардағы
№ 19 бұйрығына
1-қосымша

"Сот сарапшыларын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Сот сарапшыларын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірленген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК-мен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электронды үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау комиссиясының қорытындысы (бұдан әрі – куәлік) не осы стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Аттестаттау комиссиясының қорытындысы аттестаттаудан өткеннен кейін беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", комиссия төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген интернет-қорда орналастырылған, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекітетін тізімге сәйкес, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің басшысы не болмаса оны алмастыратын адам қол қойған, кәсіптік даярлығының деңгейін көрсететін сот сарапшысына мінездеменің электрондық көшірмесі;

      соңғы жылға сот сарапшысының қорытындыларына рецензиялардың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысандағы мәліметтер.

      2) сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам:

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, оның сот сарапшысының сот сараптамасының белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік куәлігі (сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензиясы) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюздері арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының мәліметтер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерімен сот сарапшысының сот сараптамасының белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік куәлігінің электрондық көшірмесі ұсынылады.

      Сондай-ақ сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамымен сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензияның электрондық көшірмесі ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебесі көрсетіледі.

      10. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың және деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15033 болып тіркелген) бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағымдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарырақа даңғылы, 3/1 үй, 15 СК мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ портал арқылы беріледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайын көрсете отырып, қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz ресми интернет-қорында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетімділік режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

      17. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Сот сарапшыларын
аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Аттестаттау комиссиясының қорытындысы №___

      20___жылғы " ____ " ___________________________________ ____________________ қаласы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не болмаса оны алмастыратын адамның) 20__

      жылғы "__"_______№ ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін комиссиясы құрамында:

      Төраға __________________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері _______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Хатшы _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________ құжаттарын қарастырып,

      (Тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда), сот сарапшысының

      лауазымы және жұмыс орны)

      Былай деп шешті: ________________________________________________________________

      (аттестаттаудың нәтижесі)

      ________________________________________________________________________________

      (Комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  "Сот сарапшыларын
аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
аттестаттау комиссиясы
төрағасының орынбасарына

Өтініш

      Сізден, мені сот сарапшыларын аттестаттаудан өтуге жіберуіңізді сұраймын.

      Сонымен қатар, аттестаттаудан өту үшін келесі құжаттарды жолдаймын:

      1. ______________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалған құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      _________________________

      (Жыл, күн, ай)

      * - құжаттар тізімі осы Стандарттың 9-тармағына сәйкес болуы тиіс

  "Сот сарапшыларын
аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Өтінім бойынша деректер

      1. Өтініш нөмірі __________________________________________________________________

      2. Қалыптастыру күні _____________________________________________________________

      Негізгі мәліметтер

      3. Ғылыми дәрежесі, атағы _________________________________________________________

      4. Ғылыми еңбектері мен жаңалықтары ______________________________________________

      5. Соңғы бес жылда жүргізілген сараптамаларының саны _______________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер

      6. ЖСН _________________________________________________________________________

      7. Тегі __________________________________________________________________________

      8. Аты __________________________________________________________________________

      9. Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ________________________________________________

      10. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ________________________________________

      11. Нөмірі _______________________________________________________________________

      12. Сериясы _____________________________________________________________________

      13. Берілген күні _________________________________________________________________

      14. Аяқталу күні __________________________________________________________________

      15. Берген орган __________________________________________________________________

      Жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы

      16. Білімі _______________________________________________________________________

      17. Дипломның нөмірі

      18. Дипломның сериясы

      19. Үміткердің оқыған елі __________________________________________________________

      20. Түскен жылы _________________________________________________________________

      21. Бітірген жылы ________________________________________________________________

      22. Диплом бойынша мамандығы ___________________________________________________

      23. Диплом бойынша біліктілігі _____________________________________________________

      24. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда) _____________________________

      Соңғы бес жылда біліктілік даярлығын (біліктілік арттыру) өткендігі туралы мәлеметтер

      25. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) өту орны

      ________________________________________________________________________________

      26. Мамандығы __________________________________________________________________

      27. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) басталу күні

      ________________________________________________________________________________

      28. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) аяқталған күні

      ________________________________________________________________________________

      29. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткен уақытта зерделеген

      материалдар _____________________________________________________________________

      30. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) басшысының тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы _________________________________________

      31. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткендігі туралы есеп

      ________________________________________________________________________________

      Қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтер

      32. Сот сараптама қызметін жүзеге асырудың өз тәсіліңізді таңдаңыз

      -көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың қызметкері

Біліктілік куәлігі (оған қосымшасымен бірге) номері

Рұқсат беру құжатының мерзімі

Мамандығы

      -сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам

Лицензия нөмірі

Лицензия берген күні

      Қазіргі уақыттағы жұмыс орны туралы мәліметтер:

      33. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек өтілі (жылы, айы, күні) _______________________

      34. Жалпы еңбек өтілі (жылы, айы, күні) _____________________________________________

      35. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны __________________________________________________

      36. Атқаратын лауазымы __________________________________________________________

      37. Осы лауазымға тағайындалған күні _______________________________________________

      Мәлімделген мамандық бойынша еңбек өтілі

Жұмысқа қабылданған күні

Жұмыстан босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын қызметі

Жұмысы туралы мәліметтер

Бұйрықтың №

Бұйрықтың шығарылған күні

      Тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеу туралы мәліметтер (соңғы алты айда)

      Тәртіптік жазалардың болуы туралы мәліметтер (қажеттісінің астын сызу)

      1) Ескерту

      2) Сөгіс

      3) Қатаң сөгіс

      4) Еңбек шартын бұзу

      Көтермелеу _____________________________________________________________________

      Мекенжайы

      38. Пошталық индексі _____________________________________________________________

      39. Ел, облысы, ауданы, елді мекені _________________________________________________

      40. Көшенің аты __________________________________________________________________

      41. Үйдің, ғимараттың нөмірі _______________________________________________________

      42. Пәтердің, кеңсенің нөмірі _______________________________________________________

      Телефондардың нөмірі ____________________________________________________________

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2018 жылғы 5 қаңтардағы
№ 19 бұйрығына
2-қосымша

"Сот сарапшысы біліктілігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Сот сарапшыларын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірленген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК-мен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электронды үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі (бұдан әрі – куәлік) не осы стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Куәлік біліктілік емтиханынан оң нәтижемен өткен жағдайда беріледі.

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша (бұдан әрі – куәлікке қосымша) не осы стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Куәлікке қосымша, куәлігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға біліктілік емтиханын оң нәтижемен тапсырған жағдайда беріледі.

      Мемлекеттік қызметтікөрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", комиссия төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген интернет-қорда орналастырылған, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекітетін тізімге сәйкес, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысандағы мәліметтер.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюздері арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебесі көрсетіледі.

      10. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың және деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген) бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағымдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарырақа даңғылы, 3/1 үй, 15 СК мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ портал арқылы беріледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайын көрсете отырып, қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz ресми интернет-қорында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетімділік режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

      17. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Сот-медициналық, сот-
психиатриялық және сот-
наркологиялық
сараптамалардың белгілі түрін
жүргізу құқығына біліктілік
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі №_____

      Осы куәлік ________________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы "__" ____________________ шешімімен:

      1. ______________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      ________________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  "Сот-медициналық, сот-
психиатриялық және сот-
наркологиялық
сараптамалардың белгілі түрін
жүргізу құқығына біліктілік
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша №____

      Осы куәлік ________________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы "__" ____________________ шешімімен:

      1. ______________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      ________________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  "Сот-медициналық, сот-
психиатриялық және сот-
наркологиялық
сараптамалардың белгілі түрін
жүргізу құқығына біліктілік
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Сот сарапшысы біліктілігін
беруүшін біліктілік
емтихандарынқабылдау
комиссиясы төрағасының
орынбасарына

Өтініш

      Сізден, мені келесі ________________________________________________________________

      мамандықтар бойынша емтихан тапсыруға жіберуіңізді сұраймын:

      Қоса берілген құжаттардың тізімі:

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалған құпиялардағымәліметтерді қолдануға келісемін:

      ________________________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қызмет алушының қолы

  Өтініш берген күні

      * - құжаттар тізімі осы Стандарттың 9-тармағына сәйкес болуы тиіс

  "Сот-медициналық, сот-
психиатриялық және сот-
наркологиялық
сараптамалардың белгілі түрін
жүргізу құқығына біліктілік
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Өтінім бойынша деректер

      1. Өтініш нөмірі __________________________________________________________________

      2. Қалыптастыру күні _____________________________________________________________

      Негізгі мәліметтер

      3. Ғылыми дәрежесі, атағы _________________________________________________________

      4. Ғылыми еңбектері мен жаңалықтары ______________________________________________

      5. Соңғы бес жылда жүргізілген сараптамаларының саны _______________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер

      6. ЖСН _________________________________________________________________________

      7. Тегі __________________________________________________________________________

      8. Аты __________________________________________________________________________

      9. Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ________________________________________________

      10. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ________________________________________

      11. Нөмірі _______________________________________________________________________

      12. Сериясы _____________________________________________________________________

      13. Берілген күні _________________________________________________________________

      14. Аяқталу күні __________________________________________________________________

      15. Берген орган __________________________________________________________________

      Жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы

      16. Білімі _______________________________________________________________________

      17. Дипломның нөмірі

      18. Дипломның сериясы

      19. Үміткердің оқыған елі__________________________________________________________

      20. Түскен жылы_________________________________________________________________

      21. Бітірген жылы_________________________________________________________________

      22. Диплом бойынша мамандығы____________________________________________________

      23. Диплом бойынша біліктілігі_____________________________________________________

      24. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда) _____________________________

      Мәлімделген мамандық бойынша интернатура немесе резидентура, не қайта даярлау өткендігі

      туралы мәліметтер (сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық

      мамандықтарының сот сарапшылары үшін)

      25. Нөмірі _______________________________________________________________________

      26. Мамандығы___________________________________________________________________

      27. Цикл атауы___________________________________________________________________

      28. Оқытқан ұйымның атауы_______________________________________________________

      29. Оқудың басталуы______________________________________________________________

      30. Оқудың аяқталуы______________________________________________________________

      31. Оқудың сағат бойынша көлемі___________________________________________________

      32. Берілген күні

      Соңғы бес жылда біліктілік даярлығын (біліктілік арттыру) өткендігі туралы мәлеметтер

      33. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) өту орны

      ________________________________________________________________________________

      34. Мамандығы___________________________________________________________________

      35. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) басталу күні

      ________________________________________________________________________________

      36. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) аяқталған күні

      ________________________________________________________________________________

      37. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткен уақытта зерделеген

      материалдар _____________________________________________________________________

      38. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) басшысының тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы _________________________________________

      39. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткендігі туралы есеп

      ________________________________________________________________________________

      Мекенжайы

      40. Пошталық индексі_____________________________________________________________

      41. Ел, облысы, ауданы, елді мекені__________________________________________________

      42. Көшенің аты__________________________________________________________________

      43. Үйдің, ғимараттың нөмірі_______________________________________________________

      44. Пәтердің, кеңсенің нөмірі_______________________________________________________

      Телефондардың нөмірі____________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2018 жылғы 5 қаңтардағы
№ 19 бұйрығына
3-қосымша

"Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірленген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК-мен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электронды үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау куәлігі (бұдан әрі – куәлік) не осы стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Куәлік аттестаттаудан өткеннен кейін беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", комиссия төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген интернет-қорда орналастырылған, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекітетін тізімге сәйкес, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің басшысы не болмаса оны алмастыратын адам қол қойған, кәсіптік даярлығының деңгейін көрсететін сот сарапшысына мінездеменің электрондық көшірмесі;

      соңғы жылға сот сарапшысының қорытындыларына рецензиялардың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысандағы мәліметтер.

      2) сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      соңғы жылға сот сарапшысының қорытындыларына рецензиялардың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысандағы мәліметтер.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, оның сот сараптамасының белгілі түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігі (сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензиясы) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюздері арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының мәліметтер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерімен сот сараптамасының белгілі түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің электрондық көшірмесі ұсынылады.

      Сондай-ақ сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамымен сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензияның электрондық көшірмесі ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебесі көрсетіледі.

      10. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың және деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15033 болып тіркелген) бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағымдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарырақа даңғылы, 3/1 үй, 15 СК мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ портал арқылы беріледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайын көрсете отырып, қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz ресми интернет-қорында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетімділік режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

      17. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Сот-медициналық, сот-
психиатриялық, сот-
наркологиялық сарапшыларды
аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Аттестаттау куәлігі №___

      20___жылғы " ____ " _________________ ______________________________________ қаласы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не болмаса оны алмастыратын адамның) 20__

      жылғы "__"_______№ ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін комиссиясы құрамында:

      Төраға __________________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері _______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Хатшы _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________ құжаттарын қарастырып,

      (Тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда), сот сарапшысының лауазымы және жұмыс орны)

      Былай деп шешті:________________________________________________________________

      (аттестаттаудың нәтижесі)

      ________________________________________________________________________________

      (Комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  "Сот-медициналық, сот-
психиатриялық, сот-
наркологиялық сарапшыларды
аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан
  Сот сарапшылары аттестациясын,
оның ішінде кезектен тыс
аттестаттауды өткізу жөніндегі
комиссия төрағасының
орынбасарына

Өтініш

      Сізден, мені сот сарапшыларын аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өтуге жіберуіңізді сұраймын.

      Сонымен қатар, аттестаттаудан өту үшін келесі құжаттарды жолдаймын:

      1. ______________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалған құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      ________________________

      (Жыл, күн, ай)

      * - құжаттар тізімі осы Стандарттың 9-тармағына сәйкес болуы тиіс

  "Сот-медициналық, сот-
психиатриялық, сот-
наркологиялық сарапшыларды
аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Өтінім бойынша деректер

      1. Өтініш нөмірі__________________________________________________________________

      2. Қалыптастыру күні_____________________________________________________________

      Негізгі мәліметтер

      3. Ғылыми дәрежесі, атағы _________________________________________________________

      4. Ғылыми еңбектері мен жаңалықтары_______________________________________________

      5. Соңғы бес жылда жүргізілген сараптамаларының саны________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер

      6. ЖСН_________________________________________________________________________

      7. Тегі__________________________________________________________________________

      8. Аты__________________________________________________________________________

      9. Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ________________________________________________

      10. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі_________________________________________

      11. Нөмірі_______________________________________________________________________

      12. Сериясы______________________________________________________________________

      13. Берілген күні__________________________________________________________________

      14. Аяқталу күні__________________________________________________________________

      15. Берген орган__________________________________________________________________

      Жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы

      16. Білімі________________________________________________________________________

      17. Дипломның нөмірі

      18. Дипломның сериясы

      19. Үміткердің оқыған елі __________________________________________________________

      20. Түскен жылы_________________________________________________________________

      21. Бітірген жылы_________________________________________________________________

      22. Диплом бойынша мамандығы____________________________________________________

      23. Диплом бойынша біліктілігі_____________________________________________________

      24. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда) _____________________________

      Соңғы бес жылда біліктілік даярлығын (біліктілік арттыру) өткендігі туралы мәлеметтер

      25. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) өту

      орны___________________________________________________________________________

      26. Мамандығы_____________________________________________________________________

      27. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) басталу күні

      _____________________________________________________________________________

      28. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) аяқталған

      күні____________________________________________________________________________

      29. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткен уақытта зерделеген

      материалдар_____________________________________________________________________

      30. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) басшысының тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы__________________________________________

      31. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткендігі туралы

      есеп____________________________________________________________________________

      Қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтер

      32. Сот сараптама қызметін жүзеге асырудың өз тәсіліңізді таңдаңыз

      -көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың қызметкері

Біліктілік куәлігі (оған қосымшасымен бірге) номері

Рұқсат беру құжатының мерзімі

Мамандығы

      -сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам

Лицензия нөмірі

Лицензия берген күні

      Қазіргі уақыттағы жұмыс орны туралы мәліметтер:

      33. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек өтілі (жылы, айы, күні)_____________

      34. Жалпы еңбек өтілі (жылы, айы, күні)_____________

      35. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны_____________

      36. Атқаратын лауазымы_____________

      37. Осы лауазымға тағайындалған күні_____________

      Мәлімделген мамандық бойынша еңбек өтілі

Жұмысқа қабылданған күні

Жұмыстан босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын қызметі

Жұмысы туралы мәліметтер

Бұйрықтың №

Бұйрықтың шығарылған күні

      Тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеу туралы мәліметтер (соңғы алты айда)

      Тәртіптік жазалардың болуы туралы мәліметтер (қажеттісінің астын сызу)

      1) Ескерту

      2) Сөгіс

      3) Қатаң сөгіс

      4) Еңбек шартын бұзу

      Көтермелеу______________________________________________________________________

      Мекенжайы

      38. Пошталық индексі_____________________________________________________________

      39. Ел, облысы, ауданы, елді мекені__________________________________________________

      40. Көшенің аты__________________________________________________________________

      41. Үйдің, ғимараттың нөмірі_______________________________________________________

      42. Пәтердің, кеңсенің нөмірі_______________________________________________________

      Телефондардың нөмірі____________________________________________________________

      Электрондық пошта_______________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2018 жылғы 5 қаңтардағы
№ 19 бұйрығына
4-қосымша

"Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі түрін жүргізу құқығына біліктілік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі түрін жүргізу құқығына біліктілік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірленген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК-мен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электронды үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігі (бұдан әрі – куәлік) не осы стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Куәлік біліктілік емтиханынан оң нәтижемен өткен жағдайда беріледі.

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігіне қосымша (бұдан әрі – куәлікке қосымша) не осы стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Куәлікке қосымша, куәлігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға біліктілік емтиханын оң нәтижемен тапсырған жағдайда беріледі.

      Мемлекеттік қызметтікөрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", комиссия төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген интернет-қорда орналастырылған, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекітетін тізімге сәйкес, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысандағы мәліметтер.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюздері арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебесі көрсетіледі.

      10. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың және деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген) бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағымдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарырақа даңғылы, 3/1 үй, 15 СК мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ портал арқылы беріледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайын көрсете отырып, қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz ресми интернет-қорында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетімділік режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

      17. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Сот-медициналық, сот-
психиатриялық және сот-
наркологиялық сараптамалардың
белгілі түрін жүргізу құқығына
біліктілік беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігі №_____

      Осы куәлік ________________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы "__" ____________________ шешімімен:

      1. ______________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      ________________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  "Сот-медициналық, сот-
психиатриялық және сот-
наркологиялық сараптамалардың
белгілі түрін жүргізу құқығына
біліктілік беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігіне қосымша №____

      Осы куәлік ________________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы "__" ____________________ шешімімен:

      1. ______________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      ________________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  "Сот-медициналық, сот-
психиатриялық және сот-
наркологиялық сараптамалардың
белгілі түрін жүргізу құқығына
біліктілік беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Сот сарапшысы біліктілігін
беруүшін біліктілік
емтихандарынқабылдау
комиссиясы төрағасының
орынбасарына

Өтініш

      Сізден, мені келесі ________________________________________________________________

      мамандықтар бойынша емтихан тапсыруға жіберуіңізді сұраймын:

      Қоса берілген құжаттардың тізімі:

      1. ______________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалған құпиялардағымәліметтерді қолдануға келісемін.

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      ______________________

      (Жыл, күн, ай)

      * - құжаттар тізімі осы Стандарттың 9-тармағына сәйкес болуы тиіс

  "Сот-медициналық, сот-
психиатриялық және сот-
наркологиялық сараптамалардың
белгілі түрін жүргізу құқығына
біліктілік беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Өтінім бойынша деректер

      1. Өтініш нөмірі__________________________________________________________________

      2. Қалыптастыру күні_____________________________________________________________

      Негізгі мәліметтер

      3. Ғылыми дәрежесі, атағы ________________________________________________________

      4. Ғылыми еңбектері мен жаңалықтары_______________________________________________

      5. Соңғы бес жылда жүргізілген сараптамаларының саны________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер

      6. ЖСН_________________________________________________________________________

      7. Тегі__________________________________________________________________________

      8. Аты__________________________________________________________________________

      9. Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ________________________________________________

      10. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі_________________________________________

      11. Нөмірі_______________________________________________________________________

      12. Сериясы______________________________________________________________________

      13. Берілген күні__________________________________________________________________

      14. Аяқталу күні__________________________________________________________________

      15. Берген орган__________________________________________________________________

      Жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы

      16. Білімі________________________________________________________________________

      17. Дипломның нөмірі

      18. Дипломның сериясы

      19. Үміткердің оқыған елі__________________________________________________________

      20. Түскен жылы_________________________________________________________________

      21. Бітірген жылы________________________________________________________________

      22. Диплом бойынша мамандығы____________________________________________________

      23. Диплом бойынша біліктілігі_____________________________________________________

      24. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда) _____________________________

      Мәлімделген мамандық бойынша интернатура немесе резидентура, не қайта даярлау өткендігі

      туралы мәліметтер (сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық

      мамандықтарының сот сарапшылары үшін)

      25. Нөмірі_______________________________________________________________________

      26. Мамандығы___________________________________________________________________

      27. Цикл атауы___________________________________________________________________

      28. Оқытқан ұйымның атауы_______________________________________________________

      29. Оқудың басталуы______________________________________________________________

      30. Оқудың аяқталуы______________________________________________________________

      31. Оқудың сағат бойынша көлемі___________________________________________________

      32. Берілген күні

      Соңғы бес жылда біліктілік даярлығын (біліктілік арттыру) өткендігі туралы мәлеметтер

      33. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) өту

      орны___________________________________________________________________________

      34. Мамандығы___________________________________________________________________

      35. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) басталу

      күні____________________________________________________________________________

      36. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) аяқталған

      күні____________________________________________________________________________

      37. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткен уақытта зерделеген

      материалдар_____________________________________________________________________

      38. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) басшысының тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы_________________________________________

      39. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткендігі туралы

      есеп____________________________________________________________________________

      Мекенжайы

      40. Пошталық индексі____________________________________________________________

      41. Ел, облысы, ауданы, елді мекені_________________________________________________

      42. Көшенің аты__________________________________________________________________

      43. Үйдің, ғимараттың нөмірі______________________________________________________

      44. Пәтердің, кеңсенің нөмірі______________________________________________________

      Телефондардың нөмірі____________________________________________________________

      Электрондық пошта_______________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2017 жылғы 5 қаңтардағы
№ 19 бұйрығына
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 270 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 11339 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)

      2. "Сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 270 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 271 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 15013 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған)