"Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы №383 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 101 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 сәуірде № 5795 болып тіркелді
Қолданыстағы1. "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 383 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5430 болып тіркелген, 2016 жылғы 06 сәуірде "Тіршілік тынысы" газетінің №26 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Аталған шешім мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.