Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 30.01.2018 № А-2/49 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14813 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, бюджеттік субсидиялар нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
4. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | М.Мырзалин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № А-4/174 қаулысына 1-қосымша |
Бюджеттік субсидиялар нормативтері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 27.11.2017 № А-12/549 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Мал шаруашылығы | |||
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 4 103 |
Жылқы шаруашылығы | |||
1. | Бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | килограмм | 60 |
2. | Жылқы етін өндіру құнын арзандату | килограмм | 92 |
Түйе шаруашылығы | |||
1. | Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | килограмм | 55 |
Ешкі шаруашылығы | |||
1. | Асыл тұқымды мал сатып алу | бас | 67 000 |
2. | Ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | килограмм | 40 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № А-4/174 қаулысына 2-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 25.12.2017 № А-1/598 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялаудың көлемі | Субсидиялаудың сомасы, мың теңге |
Етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | Тауарлы аналық бас | |||
1) | Базалық норматив | бас | 59 467 | 594 670,0 |
2) | Қосымша норматив | |||
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 19 251 | 154 008,0 | |
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 7 475 | 44 850,0 | |
1.2 | Асыл тұқымды аналық бас | |||
1) | Базалық норматив | бас | 17 319 | 173 190,0 |
2) | Қосымша норматив | |||
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 4 126 | 82 520,0 | |
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 3 088 | 46 320,0 | |
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 2 254 | 332 237,955 |
Барлығы | 1 427 795,955 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | Асыл тұқымды аналық бас | |||
1) | Базалық норматив | бас | 6 862 | 68 620,0 |
2) | Қосымша норматив | |||
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 2 360 | 47 200,0 | |
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 772 | 11 580,0 | |
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | |||
1) | отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы | бас | 382 | 63 527,196 |
2) | импортталған асыл тұқымды ірі қара мал | |||
Еуропа және ТМД елдерінен | бас | 491 | 73 650,0 | |
Барлығы | 264 577,196 | |||
Мал шаруашылығы | ||||
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 4 869 | 19 977,507 |
2. | Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу | бас | 361 | 36 100,0 |
Барлығы | 56 077,507 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Отандық және шетелдік шаруашылықтардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | бас | 129 768 | 77 860,8 |
Барлығы | 77 860,8 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1) | тауарлы қойлардың аналық басы | бас | 4 936 | 7 404,0 |
2. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | |||
1) | тұсақтар | бас | 102 | 816,0 |
2) | тұқымдық қошқарлар | бас | 110 | 1 894,5 |
Барлығы | 10 114,5 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | бас | 27 | 2 700,0 |
Барлығы | 2 700,0 | |||
Ешкі шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды мал сатып алу | бас | 334 | 22 378,0 |
Барлығы | 22 378,0 | |||
Жиыны | 1 861 503,958 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № А-4/174 қаулысына 3-қосымша |
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 27.11.2017 № А-12/549 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялаудың көлемі | Субсидиялаудың сомасы, мың теңге |
Мал шаруашылығы | ||||
1. | Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | |||
1) | нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап | бас | 2 284 | 102 780,0 |
2) | нақты бордақыланғаны 2 000 бастан бастап | бас | 516 | 18 060,0 |
3) | нақты бордақыланғаны 1 500 бастан бастап | бас | 469 | 14 070,0 |
4) | нақты бордақыланғаны 100 бастан бастап | бас | 2 875 | 57 500,0 |
Барлығы | 192 410,0 | |||
Шошқа шаруашылығы | ||||
1. | Шошқа етін өндіру құнын арзандату | |||
1) | нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап | тонна | 421,444 | 42 144,4 |
Барлығы | 42 144,4 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Қозы етін өндіру құнын арзандату | бас | 420 | 630,0 |
Барлығы | 630,0 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату | |||
1) | бағымдағы мал басы 400 бастан басталатын шаруашылық | тонна | 22 494,897 | 562 372,425 |
2) | бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық | тонна | 7 808,6808 | 117 130,212 |
3) | ауыл шаруашылығы кооперативтері | тонна | 3 464,368 | 34 643,68 |
Барлығы | 714 146,317 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | тонна | 254,618 | 15 277,08 |
2. | Жылқы етін өндіру құнын арзандату | тонна | 122,288 | 11 250,496 |
Барлығы | 26 527,576 | |||
Түйе шаруашылығы | ||||
1. | Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | тонна | 4,789 | 263,395 |
Барлығы | 263,395 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату | |||
1) | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | тонна | 8 236,39 | 494 183,4 |
2) | 1 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | тонна | 585,425 | 29 271,25 |
Барлығы | 523 454,65 | |||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | |||
1) | 200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 92 707,082 | 278 121,246 |
2) | 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 61 249,990 | 122 499,98 |
Барлығы | 400 621,226 | |||
Жиыны | 1 900 197,564 |
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша Республикалық бюджет қаражатынан бөлінген субсидия көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялаудың көлемі | Субсидиялаудың сомасы, мың теңге |
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату | |||
1) | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | тонна | 1 634,65167 | 98 079,1 |
Барлығы | 98 079,1 | |||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | |||
1) | 200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 268 883,467 | 806 650,4 |
2) | 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 11 046,75 | 22 093,5 |
Барлығы | 828 743,9 | |||
Жиыны | 926 823,0 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № А-4/174 қаулысына қаулысына 4-қосымша |
Күші жойылған деп танылған Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының тізбесі
1. "Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4652 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған);
2. "Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/15 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № А-5/156 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5349 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 мамырда жарияланған);
3. "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № А-2/17 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5742 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 ақпанда жарияланған).