Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № А-2/17 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 ақпанда № 5742 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № А-4/174 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 28.04.2017 № А-4/174 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2017 жылғы 20 қаңтардағы
№ А-2/17 қаулысына
1-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері


Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидиялаудың көлемі

Субсидиялаудың сомасы, мың теңге

Етті бағыттағы мал шаруашылығы
1.
Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу
1)
тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы
бас

65 000

1 170 000

2)
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы
бас

19 516

390 320

3)
жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу
бас

214

22 256

2.
Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу
1)
отандық асыл тұқымды ірі қара мал
бас

2 265

348 810

Барлығы

1 931 386

Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1)
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы
бас

5 333

106 660

2)
жалпы табындарда сүтті және қос бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу
бас

13

1 352

2.
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
1)
отандық асыл тұқымды ірі қара мал
бас

300

46 200

2)
импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Еуропа елдерінен)
бас

238

36 652

Барлығы

190 864

Мал шаруашылығы
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас

8 414

32 268

Барлығы

32 268

Жылқы шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу
бас
70

2 800

Барлығы

2 800

Қой шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1)
асыл тұқымды зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы
бас

800

1 200

2)
тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы
бас

2 200

3 300

2.
Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу
бас

100

800

Барлығы

5 300

Етті бағыттағы құс шаруашылығы
1.
Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу
бас

82 964

24 889

Барлығы
24 889
Жиыны
2 187 507

  Ақмола облысы әкімдігінің
2017 жылғы 20 қаңтардағы
№ А-2/17 қаулысына
2-қосымша

Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері


Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидиялаудың көлемі

Субсидиялаудың сомасы, мың теңге

Етті бағыттағы мал шаруашылығы
1.
Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату
1)
1-деңгей
тонна

1 600

480 000

2)
2-деңгей
тонна

250

42 500

3)
3-деңгей
тонна

400

40 000

2.
Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу
бас

1 800

43 200

Барлығы

605 700

Шошқа шаруашылығы
1.
Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату
тонна
400

39 200

Барлығы

39 200

Қой шаруашылығы
1.
Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату
1)
2-деңгей
тонна

15

1 500

Барлығы

1 500

Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы
1.
Сүт өндірісінің құнын арзандату
1)
1-деңгей
тонна

16 000

400 000

2)
2-деңгей
тонна

3 500

52 500

3)
3-деңгей
тонна

5 001

50 010

Барлығы

502 510

Жылқы шаруашылығы
1.
Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату
тонна

150

13 800

2.
Қымыз өндірісінің құнын арзандату
тонна

200

12 000

Барлығы

25 800

Етті бағыттағы құс шаруашылығы
1.
Құс еті өндірісінің құнын арзандату
1)
3-деңгей
тонна

6 200

310 000

Барлығы

310 000

Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы
1.
Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату
1)
1-деңгей
мың дана

212 011,7

636 035

2)
2-деңгей
мың дана

10 000

26 000

Барлығы

662 035

Жиыны

2 146 745