"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 431 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 тамызда № 15527 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі – Ереже):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттің атқарылу процесінде қаржыландырудың жеке жоспары мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты болып табылады, ол: осы Ереженің 1-6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сай міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу, қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, берілетін нысаналы трансферттер және кредиттер

      бойынша жоғары бюджеттің қаржыландыру жоспарларына, атқарушы құжаттарды орындау, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және өтеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаларға және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктеріне қатысты жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жағдайларын қоспағанда, айына бір реттен артыққа жол берілмейді.";

      35-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамаларды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 34 және 36-қосымшаларына сәйкес қағаз және магниттiк (электрондық) тасығыштарда немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электронды түрде мынадай тәртiппен бередi:

      қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысты жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама бекiтiлген күннен бастап 2 жұмыс күнiнен кешiктiрілмей берiледi;

      қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысты емес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалар ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына кемiнде бiр рет, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында – ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына екі реттен асырмай берiледi.";

      35-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-1. Төмен тұрған бюджеттердің қаржыландыру жоспарларының нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері олар бекітілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға алушы өңірлер бөлінісінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландыру жоспарларына және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына, сондай-ақ дәлелдеу мәліметтерін қамтитын төлемдер мен міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу анықтама ұсынады.";

      47-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Салықтық және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомасының, қарыздардың бюджетке түсетін түсімдерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кредиттік шарттарға, қарыз шарттарына, борышты қайта құрылымдау келісіміне енгізілген өзгерістердің негізінде және осы Ереженің 29-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттің қаржы активтерін сату жоспарын өзгертудің негізінде аталған түсімдер тізбесі бойынша оларға өзара қатынасы бар органдардың өтінімдері бойынша жүзеге асырады.";

      49-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды бекітілгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде береді.";

      62, 63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Ереженiң 59, 60, 61-тармақтарында санамаланған нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде осы Ереженiң 2-тарауының 4-параграфында айқындалған тәртiппен түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзедi.

      63. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу кезінде төмен тұрған бюджетті, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түзету осы Ереженің 2-тарауының 4-параграфында белгіленген тәртіппен кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы мәслихатта бюджетті нақтыламастан жүзеге асырылады.

      64. Республикалық бюджетті нақтылау және түзету шеңберінде жоғары тұрған бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер бөлінген және (немесе) олардың бөлінген көлемдері өзгерген кезде осы Ереженің 2-тарауының 4-параграфында белгіленген тәртіппен, кейіннен төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен төменгі деңгейдегі бюджеттітүзету жүзеге асырылады.";

      65-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 2-тарауының 4-параграфында белгіленген тәртіппен жоспарлы тағайындауларға көшіру бөлігінде берілетін, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және жергілікті

      бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген аталған бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде көшіру бөлігінде өзгерістер енгізеді.";

      85-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау ҚБШ ашуға жазбаша рұқсат 3 данада ресімделеді, олардың екеуі оны кейіннен мемлекеттік мекемеге беру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі, үшінші данасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органда қалады.";

      96-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың ашылған ҚБШ тіркеу осы Ережеге 49-қосымшаға сәйкес 5-19 "Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының тізбесі" нысаны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде көрсетіледі.";

      98-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшiрмесi немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама;";

      117-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде кейіннен атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне және мемлекеттік/мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылуы жөнінде хабарлама бере отырып, өзі жабады.";

      119-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Мемлекеттік мекеменің коды осы Ережеге 60-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша, квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты осы Ережеге 61-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттік сектор

      субъектісінің өтінімі бойынша, ал ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, шетел валютасындағы шоттар, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы

      шоттарына ашылатын шоттар осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің өтініші бойынша:

      1) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;

      2) мемлекеттiк мекемелердiң билiгiнде қалатын олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны мемлекеттiк мекеменiң пайдалану құқығы айқындалатын заңнамалық акті жойылған;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен тиiстi ҚБШ мен шотты ашуға рұқсат беру үшiн негiз болып табылатын қаржыландыру көзiн алып тастаған;

      4) тиiстi ҚБШ мен шотының болу құқығын беретiн заңнамалық негiздеменi жойған;

      5) ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттары бойынша операциялар күнтізбелік жыл iшiнде болмаған;

      6) қарыз туралы шартта көрсетілген қарызды жабатын күн басталған немесе оның негізінде сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот ашылған байланысты грант туралы шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жабылады.";

      123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. Жабылатын ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотта, шетел валютасындағы шотта ақша қалдығы болған кезде мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі жабылатын:

      1) ақылы қызметтердің ҚБШ:

      құқықтық мирасқордың ақылы қызметтердің ҚБШ (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелiк ету құқығы берiлсе);

      тиiстi бюджет кiрiсiне мынадай жағдайларда:

      құқықтық мирасқор болмағанда;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелік ету құқығы берiлмеген құқықтық мирасқор анықталғанда;

      құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) коды болмағанда;

      2) қайырымдылық көмектің ҚБШ:

      құқықтық мирасқордың қайырымдылық көмектің ҚБШ-на немесе екінші деңгейдегі банктегі шотына;

      құқықтық мирасқор болмаған жағдайда, салымшыға;

      құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиiстi бюджеттiң кiрiсiне;

      3) уақытша ақша орналастырудың ҚБШ:

      салымшыға;

      құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ;

      4) шетел валютасындағы шотта – бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа кейін жүргізілген кассалық шығыстарды қалпына келтіре отырып, шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен және/немесе айырбасталған валютаны қайырымдылық және/немесе ақшаны шетелдік валютада уақытша орналастыру ҚБШ есептеумен;

      құқықтық мирасқордың шетел валютасындағы шотына;

      5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына:

      құқықтық мирасқордың квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына;

      квазимемлекеттiк сектор субъектiсi құрылтайшысының шотына;

      6) жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ:

      құқықтық мирасқордың жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-на;

      бюджет аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округ аумағында құрылған жағдайда тиісті бюджеттің кірісіне;

      7) сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ:

      ақша ұлттық валютаға қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына;

      республикалық бюджеттің кірісіне – шетел валютасының ең аз ақша бірлігін сатып алу және сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына қалдықты қалпына келтіру үшін ақша жетпеген жағдайда;

      құқықтық мирасқордың сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ;

      8) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында:

      қарыз берушіге мемлекеттік қарыз беру туралы халықаралық шарттың талаптарына сәйкес немесе донорға байланысты грант туралы шарттың талаптарына сәйкес;

      құқықтық мирасқордың сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына;

      9) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына берілген шотта:

      сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, шетел валютасындағы ақша қалдығын валютаға қайта айырбастауды жүзеге асыру жолымен пайдаланылмаған ақша

      қалдығын аудару үшін төлеуге берілетін шот ("Қазынашылық-клиент" АЖ-да электрондық бейне қалыптастырады), төлем тапсырмасын немесе шетел валютасын қайта айырбастауға өтінімді ұсынады";

      124-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқықтық мирасқордың қолдаухаты қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің деректемелерін: мемлекеттік мекеменің атауын, БСН, кодын, ҚБШ нөмірін, сондай-ақ ҚБШ аударуға жататын ақша қалдығының сомасын және аудару үшін барлық қажетті деректемелерді қамтуы тиіс. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қолдаухатты алған күннен кейінгі күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде осы Ереженің 123-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ-ғы ақша қалдығын аударуды жүзеге асырады не қайтару себебін көрсете отырып, хатпен орындаусыз қайтарады";

      145-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары арасында, мемлекеттік кірістер органдары арасында артық төленген немесе қате түскен сомаларды төлеушiлерге бюджеттен қайтару (бұдан әрi - қайтару және (немесе) есептеу) үшiн мемлекеттік кірістер органы "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысында (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелді) (бұдан әрі - № 208 қаулы) белгiленген нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам және мемлекеттік кірістер органының уәкілетті қызметкері ЭЦҚ қойған төлем тапсырмасының электрондық түрін ұсынады.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумақтық қазынашылық органдарына төлем тапсырмаларын қағаз тасығышта тапсырған кезде мемлекеттік кірістер органдары екі данада:

      1) осы Ереженiң 63-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем тапсырмаларының тiзiлiмiн;

      2) № 208 қаулымен бекітілген нысан бойынша төлем тапсырмасын ұсынады.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жұмыс күні ішінде сағат 16.00-ге дейін "Қазынашылық-клиент" АЖ немесе қағаз жеткізгіш бойынша мемлекеттік кірістер органдарынан келіп түскен төлем тапсырмаларын қабылдауды жүзеге асырады. Сағат 16.00-ден кейін түскен құжаттар орындалады немесе келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындаусыз қайтарылады.";

      155-тармақтың екінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      162-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджет кодексі 97- бабының 4-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін, оның ішінде олар бойынша жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелер аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың түрлерін айқындайды.";

      165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. Қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шартты жасасуға мынадай:

      мемлекеттік мекеме шартты қарыз/грант туралы шарт (келісім-шарт) шеңберінде жасасқан;

      мемлекеттік мекеме бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру шеңберінде шарттар жасасқан;

      мемлекеттік мекеме технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (одан да кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) беруге себепші болатын активтер мен басқа да тауарларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде шарттар жасасқан;

      мемлекеттік мекеме іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан асатын Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іс-шаралар жүргізу шеңберінде шарттар жасасқан;

      мемлекеттік мекеме автокөлік құралдарын иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға және мерзімді баспасөзді сатып алуға шарттар жасасқан жағдайларда жол беріледі.";

      167-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "167. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда, міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының шегінде бір бюджеттік бағдарлама аясында шарт жасасады.";

      168-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру кезiнде негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу үшiн мемлекеттiк мекеме ағымдағы жылы осы мақсаттарға көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлемдi шығыстардың экономикалық сыныптамасының 418 "Мемлекеттiк кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру" ерекшелiгi бойынша

      жүзеге асырады.";

      172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "172. Дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды, мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке қаражат төлеуді, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтерге төлемдерді, науқастарды шетелде емдеуге арналған төлемдерді, ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне төлемдерді және коммуналдық қызметтерді қоспағанда, құрылыспен, не ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды реконструкциялаумен, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеумен, сондай-ақ ағымдағы шығындар бойынша шарттарда мемлекеттік мекеменің қабылданған тауарлардың, (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төлеген авансты тепе-тең ұстау туралы шарты болуы қажет.

      Қолдану мерзімі қаржы жылынан асатын шарттар бойынша өткен жылдардан ұсталмаған аванстық сомасы болған жағдайда, жаңа қаржы жылында төленуге жататын аванс, атқарылған жұмыстар көлемімен бұрын төленген аванс толық өтелгеннен кейін төленеді.

      Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарға ақы төлеу тұтастай алғанда шарттың жалпы сомасының тоқсан бес пайызы шегінде жүргізіледі. Қолдану мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар бойынша шарттың жалпы сомасынан бес пайызды ұстауды мемлекеттік мекеме объектіні аяқтаудың соңғы жылында жүргізеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлінген жағдайда, сондай-ақ қаражат объектіні салуды бастауға бөлінгенде, ағымдағы қаржы жылына аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарттар бойынша бес пайызды ұстау жүргізілмейді. Бұл ретте көрсетілген жағдайларда объектілер бойынша ағымдағы қаржы жылына түпкілікті төлем аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеме ұсынған орындалған жұмыстардың актісі негізінде жүргізіледі.

      Орындалған жұмыстар үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы түпкілікті есеп айырысу ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқтағаннан және тапсырыс беруші аумақтық қазынашылық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі заңнамасына сәкес қол қойылған объектіні пайдалануға қабылдау актісін ұсынғаннан кейін жүргізіледі.

      Егер шарттарда кепілді кезеңде ықтимал ақаулықтарды жоюға бес пайыз мөлшерінде кепілді ұстау туралы талаптар көзделсе, осы кепілді ұстау объектіні пайдалануға қабылдау актісіне сәйкес орындалған жұмыстар үшін түпкілікті төлеуге жататын сомалардан жүргізіледі. Бұл ретте бес пайыз мөлшеріндегі кепілді ұстаудың түпкілікті сомасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мемлекеттік мекеменің ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізіледі.";

      187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "187. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу мемлекеттік мекеменің шартын немесе тіркелген шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін жасалатын және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылатын ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық үлгісі қалыптастырылады және жіберіледі) азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады.

      Кейінге қалдыру шарты бар жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне олар бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шарттарды тіркеуге және төлемдерді жүргізуге рұқсат беретін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі бар хабарлама-хаттың көшірмесін бергеннен кейін жүзеге асырылады.

      Егер кейінге қалдыру шарты бар жобалардың жалпы сомасы тиісті сараптамалардан кейін жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген сомадан асып кеткен жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу ағымдағы қаржы жылына көзделген сома шегінде жүзеге асырылады.

      Шартты сот шешімі бойынша бұзған жағдайда, мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне заңды күшіне енген, соттың мөр бедерімен куәландырылған сот шешімінің көшірмесін қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тиісті хатты қағаз жеткізгіште ұсынады.

      Шартты басқа негіздер бойынша бұзған не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе жасалған шарттарда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мекеме хатпен бірге шарттың бұзылғанын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, қағаз жеткізгіште (хатта нөмірі, күні, сомасы және шартты тіркеу туралы хабарлама сомасының қалдығы, немесе егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасында не тараптардың келісімінде көзделмеген болса, бір айдан кеш емес мерзімде жасалған шарттың орындалуынан

      біржақты бас тарту туралы хабарлама-хаттың көшірмесін ұсынады. Бұл ретте хабарлама-хатта шарт бойынша екінші тараптың хабарламаны алғаны туралы белгі (мөртабан не тиісті қол) не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де растаманы қамтуы тиіс.

      Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы) ұсталған жағдайда, мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін қағаз жеткізгіште 2 өтінім (бір өтінімді тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімақыны) есептен шығарған шарт сомасына, екіншісін – ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) сомасына) ұсынады. Бұл ретте мемлекеттік мекеменің өтінімдерді беруі негізгі шарт бойынша "түпкілікті" мәртебесі бар төлемді жүргізгенге дейін жүзеге асырылады.

      Осы Ереженің 65-тармағында көзделген жоспарлы тағайындаулар мен кассалық шығыстарды көшірген жағдайда тапсырыстарды (хабарландыруларды) жабу (жою) тиісті нормативтік құқықтық актінің, сондай-ақ шартты тіркеу туралы хабарламаның нөмірі, күні, сомасы және қалдық сомасы көрсетіле отырып, мемлекеттік мекеме хатының негізінде жасалады.

      Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің шынайылығы және ресімделу дұрыстығын мемлекеттік мекеме қамтамасыз етеді.";

      187-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "187-1. Кредиторлық берешек секвестр салдарынан және/немесе тиiстi бюджеттердiң ҚБШ-да ақша болмаған не жеткiлiксiз болған кезде пайда болғанда-жасасқан шарттарды тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың түрлері бойынша мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне кредиторлық берешек өтелетін айдың 1-і күніне кредиторлық берешек пайда болған шарттың көшірмелерін қоса беріп (тіркей отырып) кредиторлық берешек сомасына азаматтық-құқық мәмілені тіркеуге өтінімді және кредиторлық берешектің болуын және сомасын растайтын салыстырмалы акті ұсынады. Салыстырмалы актіге мемлекеттік мекеменің және өнім берушінің басшылары қол қоюы тиіс.

      Сондай-ақ өтінімдердің және міндеттемені тіркеу туралы хабарламалардың нөмірлері (шарттың № мен күні және болған кезде қосымша келісім № мен күні) мен берешектің пайда болу себебі көрсетілген түсіндірме жазба ұсынылады.

      Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті түрде тіркеуді талап етпейтін шығыстардың ерекшеліктері мен түрлері бойынша мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне кредиторлық берешекті өтейтін айдың 1-і күнгі жағдай бойынша салыстырмалы актіні қоса беріп (тіркей отырып) төлеуге берілетін шотты ұсынады.

      Төлеуге берілетін шоттың "Төлемнiң мақсаты" деген ашық жолағында қосымша кредиторлық берешектің пайда болу себебі көрсетіледі.

      Кредиторлық берешектің өтелуі кредиторлық берешек пайда болған ерекшелік бойынша жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 187-2-тармақпен толықтырылсын:

      "187-2. Мемлекеттік мекеменің есептілігінде көрсету шартымен мемлекеттік мекеменің өткен қаржы жылының халыққа мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін берешекті ағымдағы қаржы жылының қаражаты есебінен берешекті өтеуге шарт жасасу жолымен төлеуіне жол беріледі.

      Ол үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берешекті өтеуге шарт пен берешек өтелетін айдың 1-не берешектің бар екенін және сомасын растайтын салыстырып тексеру актісінің көшірмелерін қоса беріп (тіркей отырып) берешек сомасына азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінім ұсынады. Салыстырып тексеру актісіне мемлекеттік мекеме мен өнім берушінің басшылары қол қоюы тиіс.

      Сондай-ақ халыққа көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша берешектің туындау себептерін көрсете отырып, түсіндірме жазба қоса беріледі.

      Халыққа көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша берешектің өтелуі берешек пайда болған ерекшелік бойынша жүргізіледі.";

      188-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ-де жасалған азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім аумақтық қазынашылық бөлімшесіне "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ-ден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (қосымша келісімнің) деректерін "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы беру жолымен ұсынылады.";

      жетінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ-де жасалған ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың деректерін "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы беру жолымен ұсынатын азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі қызмет, жобалау-іздестіру жұмыстары мен олардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасы шарттың құнына енгізілген шартты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жобалау-сметалық құжаттаманың қолданыс мерзімі шегінде жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының

      түпнұсқасынан сканерленген түрін тіркейді.

      Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ арқылы түскен азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын және міндеттемені тіркеу туралы хабарламаның күні мен нөмірі, шарт талаптарының өзгеру себебі көрсетілетін қосымша келісімді тіркеу кезінде мемлекеттік мекеменің түсіндірме жазбасын қоспағанда, осы тармақта көрсетілген құжаттардың түпнұсқасынан сканерленген түрлерін тіркеу талап етілмейді.";

      189-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке тұлға үшін:

      жеке басын куәландыратын құжаттың/шетелдіктің ықтиярхат құжатының немесе дара кәсіпкер ретінде ісін бастау туралы хабарлама / "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растау, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде қызмет етуге құқық беретін уәкілетті органмен берілген лицензия немесе "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растау;

      нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасын;";

      191-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "191. Қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін шарт ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстарының қаржыландырудың жеке жоспарларында бекітілген сомасына аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеледі.

      Келесі жылдары аталған шартты қайта тіркеу азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің негізінде жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстардың нақтыланған өлшемдерінің сомасына жүргізіледі. Бұл ретте, өтінімге өткен қаржы жылының міндеттемесін тіркеу туралы соңғы хабарламаның күні мен нөмірі көрсетілген мемлекеттік мекеменің түсіндірме жазбасы қоса тіркеледі.

      Мемлекеттік мекеме 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған шарттар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтініммен бірге аумақтық қазынашылық бөлімшесінің белгісі соғылған шартты қосымша келісімдермен бірге (олар жасалған жағдайда) ұсынады.";

      192-тармақ алып тасталсын;

      194-тармақтың 8)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) "Ақша алушының атауы, ЖСН (БСН), ЖСК, ақша алушы банктің атауы және БСК" ашық жолағында заңды тұлға үшін толық атауы және жеке тұлғаның толығымен тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (немесе) бар болса дара кәсіпкер ретінде ісін бастау туралы хабарлама / "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растау, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде қызмет етуге құқық беретін уәкілетті органмен берілген лицензия немесе "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растау, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және оның банктік деректемелері (оған қызмет көрсететін банктің ЖСК, атауы және БСК) көрсетіледі; аумақтық қазынашылық бөлімшесінің, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің жұмысын қиындатпайтын мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің атауын және ұйымдық-құқықтық нысанының атауын қысқартуға жол беріледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен шетел валютасында жасалған шартты тіркеген жағдайда, осы жолақта резидент еместің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректемелері көрсетіледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасалған және Қазақстан Республикасынан тыс ұлттық валютада одан әрі төлемді көздейтін шартты тіркеу кезінде осы жолақта жолақта делдал-банктің деректемелері көрсетіледі;

      "Қазынашылық-клиент" АЖ-да "Ақша алушының атауы, ЖСН (БСН), ЖСК, ақша алушы банктің атауы және БСК" ашық жолағы Ақша алушылардың анықтамалығынан таңдап алынады;";

      199-тармақта:

      16)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) егер ақша алушы ҚҚС төлеуші болып табылған жағдайда, шарт (шарт сомасын өзгертуге қосымша келісім) талаптарында сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар бойынша ҚҚС сомасын міндетті түрде көрсетудің болуы, егер ақша алушы ҚҚС төлеуші болып табылмаған жағдайда ҚҚС болмауы;";

      19)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында күнделікті немесе апта сайынғы қажеттілік тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы шарт қолданысын ұзарту жағдайларын, сондай-ақ құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайтын шарттар жасасқан жағдайларды қоспағанда, шарт деректерінде шарт күшіне енген кезден бастап кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімде қызметтерді көрсету (жұмыстарды орындау, тауарларды жеткізу) туралы міндетті талаптың болуы;";

      21)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шарт сомасының жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысында көзделген сомасынан асып түспеуіне;";

      202-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "202. Өтiнiм дұрыс рәсімделмеген және оған қоса берiлген құжаттарға не шарт осы Ереженің 164-185, 194, 198, 199, 201-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi өтiнiм мен оған қоса берiлген құжаттарды мынадай жағдайларда:

      1) қабылдау кезеңiнде сәйкессiздiк байқалса, мемлекеттiк мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмiлесiн тiркеуге өтiнiм тiзiлiмiне қайтару туралы соғылған белгiмен хат ресiмдемей;

      2) қабылдағаннан кейiн тексеру барысында сәйкессiздiк байқалса, оларды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне берген күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi басшысының қойылған қолымен жазбаша түрде қайтарады, бұл ретте өтiнiмнiң екiншi данасы хаттың екiншi данасымен қалады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша өтінімнің электрондық түрі оған тіркелген құжаттарға не осы Ереженің 164-185, 194, 198, 199, 201-тармақтарында белгіленген шарт талаптарына сәйкес келмеген кезде, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, қабылдамау себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдамайды.";

      204 және 205-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "204. Хабарлама мемлекеттiк мекемеге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне өтiнiмдi берген күннен кейін 2 жұмыс күнi iшiнде берiледi.

      Шартты (қосымша келісімді) тіркеу кезінде хабарлама осы Ереженің 82-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама) беріледі.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ қолдану кезінде мемлекеттік мекемелер 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны дербес қалыптастырады.

      205. Шартты (қосымша келісімді) қағаз жеткізгіште тіркеу кезінде 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама үш данада қалыптастырылады.";

      209-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "209. Мемлекеттік мекеме шартты (қосымша келісімді) тіркеу кезінде ақша алушыға орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтері қол қойған және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылған осы Қағидаларға 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште алынған екі хабарламаның біреуін береді.";

      211-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "211. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының резидент емесімен жасалған және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бұдан әрі шетел немесе ұлттық валютасында төлеуді көздейтін шарттар бойынша хабарламалардан басқа "түпкілікті" мәртебесі бар төлеуге берілетін шотқа қоса аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ("Қазынашылық-клиент" АЖ қызмет көрсеткен кезде сканерленген түрін тіркейді) аты-жөні (бар болған жағдайда) көрсетілген, мемлекеттік мекеменің және ақша алушының қойылған қолдары және мөр бедерлері бар осы Ережеге 82-сәйкес нысан бойынша хабарламаны ұсынады.";

      215-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "215. Мемлекеттік мекеме мыналарды:

      1) құжаттарды қағаз және магниттi жеткізгіште ұсынған кезде мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсету кестесiнiң сақталуын;

      2) төлеуге берiлетiн шотты ұсыну заңдылығы мен негiздiлiгiн;

      3) төлеуге берiлетiн шотта көрсетiлген деректемелердiң дұрыстығын;

      4) ақша алушылардың пайдасына төлемдердi жүзеге асыру бойынша мiндеттемелердi орындаудың уақтылылығы мен толықтығын;

      5) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде мердігерге төлемді 10 жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді;

      6) жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетiлген қызметтердiң жеткiзiлуiн растаудың дұрыстығын;

      7) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде шот-фактуралардың, немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) көшірмелерін, актілер жасалмайтын көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау кезінде орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмелерін немесе тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша аванстық төлемнің сомасын қоспағанда, төлем жүргізген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің (бұдан әрі - растаушы құжаттар) көшірмесін беруді. Көрсетілген құжаттарға өнім беруші жеке қолымен немесе БЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Бұл ретте, көрсетілген құжаттардың көшірмелері орталық атқарушы органның жауапты хатшысының/аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның өз қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен беріледі;

      8) олар бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарттың құнына енгізілген ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстан кейiнгi төлемдi жүргiзу кезiнде құрылыс үшін жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттама) кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысының көшірмесін ұсынуды;

      9) "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде - орталық атқарушы органның жауапты хатшысының/аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған растаушы құжаттардың түпнұсқадан сканерленген үлгісін тіркеуді;

      10) "Қазынашылық-клиент" АЖ пайдалану кезінде заңды тұлғаның құжат топтамасында берген орталық атқарушы органның жауапты хатшысының/аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және мемлекеттік мекеменің бас бухгалтерінің ЭЦҚ дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      Аванстық төлемнің сомаларын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін төлемдер жүргізген кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шот-фактуралардың, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың немесе мемлекеттік мекемеге мемлекеттік кәсіпорын ұсынған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады (көрсетілетін қызметтерді, тауарлар мен жұмыстарды беруші резидент емес болып табылған жағдайда растаушы құжаттарда сомманы шетел валютасында, бірақ төлеуге берілетін шоттың төлемнiң мақсатында опреацияны жасау кезінде валютаның теңгедегі құнын міндетті түрде көрсетумен рұқсат беріледі). Бұл ретте көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеме мөрінің түпнұсқасымен куәландырылады және орталық атқарушы органның бірінші басшысы орынбасарының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) немесе мемлекеттік мекеме басшысының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) қолымен дәйектеледі.

      Аванстық төлем сомасын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша қайта жасасқан және бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жүргізу үшін төлем жүргізу кезінде мемлекетті мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін не Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеге берген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеменің түпнұсқалық мөрінің бедерімен куәландырылады және орталық атқарушы органның бірінші басшысы орынбасарының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) немесе мемлекеттік мекеме басшысының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) қолымен дәйектеледі.

      Мемлекеттік мекеме растаушы құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.";

      220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "220. Аумақтық қазынашылық бөлiмшенiң жауапты орындаушысы осы Ережеде көзделген жағдайларда оларға қоса берiлген төлеуге берiлетін шоттар және қағаз жеткізгіштегі құжаттармен бiрге төлеуге берiлетін шоттармен тiзiлiмiнiң екi данасын қабылдайды, олардың жинақтылығын, осы Ереженің 6-тарауының 8-13-параграфтарында белгiлен-ген талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiне қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар мен құжаттардың саны төлеуге берiлетін шоттар тiзiлiмiнде көрсетiлген санына және осы Ереженің 6-тарауының 8-13-параграфтарында белгiленген талаптарға сәйкес келген кезде тiзiлiмнiң 2 данасына және тiзiлiмге қоса берiлген төлеуге берілетін шоттар тізіліміне қолын, күнiн және мөртабан бедерiн қояды. Төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң қол қойылған және мөртаңба қойылған данасы мемлекеттiк мекемеге қайтарылады, төлеуге берiлген шоттарға және құжаттарға қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң екiншi данасы одан әрi орындау үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.

      Мемлекеттік мекемеге "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы төлеуге берілетін шоттың электрондық түрінің және оған жапсырылған сканерленген құжаттардың түрінің осы Ереженің 6-тарауының 8-13-параграфтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және төлеуге берілетін шоттың электрондық түрін бекітеді.

      Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) шарт жасаспай не жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнде тiркелуiн талап етпейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасай отырып сатып алған жағдайда, ақша алушы ҚБАЖ-да болмаған кезде, мемлекеттiк мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге арналған өтiнiмдi қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде осы Ережеге 64, 73-қосымшаларға сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген үлгілерін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын (жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукцион қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтару жағдайларынан басқа):

      1) заңды тұлға үшін:

      заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің/анықтаманың (электрондық үкімет порталынан) көшiрмесiн/салық төлеуші ретінде резидент еместі тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесін;

      қолданыстағы банк заңнамасына сәйкес банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы;

      2) жеке тұлға үшін:

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін/шетелдіктің тұру ықтиярхатын немесе дара кәсіпкер ретінде ісін бастау туралы хабарлама / "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растау, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде қызмет етуге құқық беретін уәкілетті органмен берілген лицензия немесе "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растау;

      қолданыстағы банк заңнамасына сәйкес банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы;

      3) делдал банк үшін (делдал банк арқылы Қазақстан Республикасынан

      тыс жерлерге төлемдерді ұлттық валютада жүргізу кезінде):

      делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ-де тыйым салынған және тәркіленген мүлікті сату жөніндегі аукцион қатысушыларына кепілдікті жарнаны қайтару туралы өтінімді ресімдеу кезінде жоғарыда көрсетілген құжаттар қоса берілмейді, аукцион қатысушысынан соманың түсу фактісін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі қоса беріледі.

      Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) шарт жасаспай не ол бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде жасалған шартты тiркеу талап етiлмейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып, сатып алған жағдайда, ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелерi өзгерген (болмаған) кезде, мемлекеттiк мекеме нөмiрi көрсетiлген банк шотының болуы туралы банктiң анықтамасын қоса бере отырып, осы Ереженiң 65, 75-қосымшаларына сәйкес осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген, олар бойынша өзгерістер енгізілген деректемелерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып), ақша алушының деректемелерiне өзгерiстер енгiзуге өтiнiмді қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде бередi.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде ұсынылатын төлеуге берілетін шотты ашу кезінде мемлекеттік мекемеде Ақша алушы болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме ҚБАЖ-дан ақша алушылар анықтамалығында ақша алушының бар болуын тексеруді жүзеге асырады, ҚБАЖ-дан Ақша алушылар анықтамалығында қажетті ақша алушы бар болған кезде мемлекеттік мекеме осы Ережеге 65, 75-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінім қалыптастырады.

      Өтінімді толтырған кезде осы Ережеге 64, 65, 73, 75-қосымшаларға сәйкес жеке тұлға үшін "Ақша алушының атауы" жолында жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (немесе) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы бар болса көрсетіледі.

      Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің дәйекті, дұрыс ресімделуіне және жасалуына жауапкершілік мемлекеттік мекемеде болады.

      Электрондық үкімет порталынан растау құжаттарының қолданылу мерзімі он күнтізбелік күннен аспайды.";

      222-тармақта:

      21)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) осы Ереженің 204 және 210-тармағқтарында көзделген талаптарды сақтамай, төлем шотына "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша хабарлама бекітілген;";

      23)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқталған және орындалған жұмыстар үшін түпкілікті есеп айырысу үшін объектіні пайдалануға қол қойылған қабылдау актісін ұсынбаған жағдайда.";

      224-тармақтың 16)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) "Төлемнiң мақсаты" ашық жолағында: төлемнiң мақсаты, құжаттың атауы, нөмiрi мен күнi (тауарларды жеткізу туралы шот-фактуралар немесе орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң актiсi немесе осының негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа құжат) көрсетіледі. Бұл ретте растайтын құжаттардың күні төлеуге берілетін шотты қалыптастыру күнінен кеш болмауға тиіс. Және қосымша:

      тiркелген шарттар (қосымша келiсiмдер) жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша - хабарламаның нөмiрi мен күнi;

      жасасқан аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеуге жатпайтын шарттар жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша – шарттың нөмiрi мен күнi; банк қызметтерiн төлеу кезiнде – жасалған шарттың талаптарына сәйкес пайыздық төлемнiң мөлшерi;

      сот актілерін орындау бойынша ақшаны қайтару/аудару бойынша төлемге берілетін шоттар бойынша ҚБШ ақшаны уақытша орналастыру – ақшаны алу үшін түскен сомаларды растайтын факті, сот шешімі не сот актілерінің негізінде берілген атқарушылық парақ, сот бұйрығы;

      төлем жүзеге асырылатын кезең (зейнетақы жарналары мен әлеуметтік

      аударымдарды аудару кезінде көрсетiледi);

      осы аударымдар жүзеге асырылатын салық және бюджетке төленетiн

      басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу кезiнде мемлекеттiк мекеменiң заңды тұлға болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауы мен БСН-i;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент еместердің шотына ұлттық валютада төлемдер жүргізген кезде – ақшаны соңғы алушы – резидент еместің атауы және деректемелері.

      Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) ҚБШ ақшаны уақытша орналастыру шотынан ақшаны алу үшін төлеу шотын ұсыну кезінде комиссия шешімінің көшірмесі және құжаттардың көшірмесі (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат).";

      225-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "225. Электрондық төлеуге берілетін шоттарды жасау кезінде тиісті

      электрондық ашық жолақтарда төлем түрін көрсету қажет:

      1 - қарапайым төлем;

      2 - қосымшамен зейнетақы (міндетті және мамандандырылған) жарналары;

      3 - еңбекақыны және дивидендтерді аудару;

      4 - қосымшасы бар әлеуметтік аударымдар;

      5 - қосымша мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төлемдер";

      "Шығындар бойынша бюджетті атқару" 6-бөлімінің 9-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-параграф. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа ақшалай төлемақыларды, жеке тұлғаларға стипендияларды және басқа да төлемақыларды төлеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру, міндетті зейнетақы жарналарын, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, міндетті медициналық сақтандыру үшін жарналар және (немесе) төлемдер аудару тәртібі";

      232-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қолдар мен мөр бедерлерінің үлгілері бар құжатты мемлекеттік мекеме "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелді) (бұдан әрі - № 207 Қаулы) сәйкес ұсынады.";

      234 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "234. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар мен басқа да төлемдерді олардың ағымдағы шоттарына немесе салымдар, мiндеттi зейнетақы

      жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар, міндетті медициналық сақтандыру үшін жарналар және (немесе) төлемдер бойынша банкте ашылған жинақ ақша шоттарына аудару жөнiндегi төлемдердi жүргiзу үшiн төлеуге қағаз жеткізгіште берiлетiн шоттармен бiрге мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ҚБЕО белгiлеген хабарламалар пiшiмінде ақшаны алушылардың тізімін ұсынады. "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондыққ түрге төлем шоттарын беру кезінде ҚБЕО белгiлеген хабарламалардың электрондыққ пішімінде ақша алушылардың тізімі қоса тіркеледі және мемлекеттік мекеме бухгалтерінің және/немесе басшысының ЭЦҚ қойылады.

      Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Ережеге 95-қосымшаға сәйкес 5-15А "Ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi" нысаны бойынша ақша алушының тиісті шотына жүргізілген төлемдер бойынша ақша алушылардың тізімін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.";

      235-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "235. Мемлекеттiк мекемелердiң/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдердi, жеке тұлғаларға стипендиялар мен басқа да төлемдердi ағымдағы шоттарға немесе мiндеттi зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды, міндетті медициналық сақтандыру үшін жарналар және (немесе) төлемдер ақша алушылардың жинақ шоттарына аудару жөнiндегi төлемдердi жүргiзгеннен кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы осы Ережеге 95-қосымшаға сәйкес 5-15А "Ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi" нысаны бойынша ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрмені (бұдан әрi - үзiндi көшiрме) қалыптастырады. Үзiндi көшiрме операциялық күн жабылғаннан кейiн қалыптастырылады. Үзiндi көшiрменiң әрбiр бетi төлем жүргiзу күнiн көрсете отырып, жауапты орындаушының қойылған қолымен және мөртабан бедерiмен куәландырылады және осы Ереженің 221-тармағында көзделген құжаттармен бiрге мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берiледi.";

      236-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "236. Үзінді көшірмелер мемлекеттік мекеме олардың негізінде ақша алушылардың тізімін және тиісінше ақша алушылардың ағымдағы шоттарға немесе жинақ ақша шоттарына, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аударылған соманы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемақылар, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті медициналық сақтандыру үшін жарналар және (немесе) төлемдер жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың деректерімен жолма-жол салыстырып тексеруді

      жүзеге асыратын құжаттар болып табылады. Үзінді көшірмелерді мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа ақшалай төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті медициналық сақтандыру үшін жарналар және (немесе) төлемдер жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемдер бойынша бастапқы құжаттармен бірге тігеді және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде сақталады.";

      237-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "237. Жалақы бойынша төлемдерді және басқа да ақшалай төлемдерді қайтару сомасы осы Ереженің 96-қосымшасына сәйкес 5-56 "Жалақы бойынша төлемдерді және басқа да ақшалай төлемдерді қайтару жөніндегі есеп" нысанындағы есепте көрсетіледі, зейнетақы төлемдерін қайтару сомасы осы Ереженің 97-қосымшасына сәйкес 5-57 "Зейнетақы және әлеуметтік жинақты қайтару жөніндегі есеп" нысанындағы есепте көрсетіледі.";

      239-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      "Шығындар бойынша бюджетті атқару" 6-бөлімінің 11-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-параграф. Ерекшеліктер (шығындар түрлері) бойынша шарт жасамай-ақ, немесе олар азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу талап етілмейтін төлемдерді жүргізуге арналған төлеуге берілетін шоттарды ұсыну және орындау тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 244-1-тармағымен толықтырылсын:

      "244-1. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) ҚБШ ақшаны уақытша орналастыру шотынан ақшаны алу үшін төлеу шотын ұсыну кезінде комиссия шешімінің көшірмесі және құжаттардың көшірмесі (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат).";

      245-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "245. Төлемдер жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне банкте алынған қолма-қол ақшаны қалпына келтіруге және банк қызметтерін өтеуге төлеуге берілетін шоттармен бірге ұсынылатын қолма-қол ақшаны және чекті алуға өтінімдерді қоспағанда, аумақтық қазынашылық бөлімшесімен Келісім – "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы электрондық түрде жасалған жағдайда, осы Ереженің 243, 244, 244-1-тармақтарында санамаланған құжатарды растайтын қағаз жеткізгіштегі қосып төлеуге берілетін шотты, сондай-ақ осы Ереженің 98-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысқан гранттарды жұмсаған кезде үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысқан гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтiнiмді ұсынады.";

      254-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "254. Мемлекеттік мекемелер банк кассасынан қолма-қол ақша алуына аумақтық қазынашылық бөлімшесі банкке қойылған қолдар мен мөр бедері үлгілері бар құжатты 2 данада банкке береді. Қойылған қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжат № 207 Қаулысымен белгілеген нысан бойынша және тәртіппен ресімделеді.";

      260-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "260. Мемлекеттік мекеме банкпен корпоративтік төлем карточкаларына банктік қызмет көрсету шартын жасасады, сондай-ақ банкке № 207 Қаулысымен белгіленген құжаттарды ұсынады.";

      266-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 2-38 "Төлем тапсырмасы", 5-17 "Қалпына келтiру және ауыстырулар тiзiлiмi", 5-56 "Жалақы бойынша төлемдерді қайтару жөніндегі есеп", 5-57 "Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерін, міндетті медициналық сақтандыру үшін жарналар және (немесе) төлемдерін қайтару жөніндегі есеп" нысанындағы есептерді дербес қалыптастырады.";

      "Шығындар бойынша бюджетті атқару" 6-бөлімінің 16-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-параграф. Инкассолық өкімдерді, мемлекеттік кірістер органының өкімдерін, мемлекеттік ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның және атқарушы құжаттарды орындау тәртібі";

      278-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инкассолық өкiм № 208 қаулымен белгiленген нысан бойынша 2 данада мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне қызмет көрсетiлетiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне берiледi. Мемлекеттік кірістер органдарының өкімдерін қоспағанда, оны жасау үшiн негiз болып табылатын атқарушылық құжаттың түпнұсқасы не әрбiр бетi соттың елтаңбалық мөрiмен куәландырылған немесе әр бетте жеке не сот актілерін орындау бойынша аумақтық уәкілетті органның сот атқарушысының мөрімен куәландырылған осы құжаттың көшiрмесi инкассолық өкімге қоса беріледі.";

      283-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "283. Инкассолық өкімді алғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:

      1) мемлекеттік мекемеге инкассолық өкімді тіркеген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей инкассолық өкімді қою және мына:

      мемлекеттік мекемелердің қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша;

      міндеттемелерді тіркеу және мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер ҚБШ бойынша төлем жүргізу жөнінде;

      мемлекеттік мекемелердің қайырымдылық көмектің және жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ бойынша төлем жүргізу жөнінде;

      осы Ережеге 278-тармақта көзделген жағдайларда инкассолық өкімнің бірінші данасы мен атқарушы құжаттың көшірмесі қоса беріле отырып, операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі – хабарлама хат) жібереді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде инкассолық өкімнің екінші данасы, оны атқарушы құжаттар негізінде қойған жағдайда - инкассолық өкімнің көшірмесімен бірге атқарушы құжаттың түпнұсқасы (көшірмесі) қалады;

      2) сол күні мыналар бойынша:

      жалақы және басқа да ақша, оның ішінде техникалық персоналдың төлемдері;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы;

      салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      міндетті зейнетақы жарналары;

      жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерден ұстаулар;

      әлеуметтік аударымдар;

      банк қызметтеріне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстардың ҚБШ-ны қоспағанда, қызметтерін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары бойынша операцияларды тоқтата тұру жүзеге асырылады.";

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы;

      салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      міндетті зейнетақы жарналары;

      жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерден ұстаулар;

      әлеуметтік аударымдар;

      банк қызметтеріне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстардың ҚБШ-ны қоспағанда, қызметтерін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары бойынша операцияларды тоқтата тұру жүзеге асырылады.";

      296-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекемеде мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұстау бойынша бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) болмаған жағдайда, осы тармақтың 1) тармақшасында берілген шығыстарды қоспағанда, ол арқылы қаулыда көрсетілген мемлекеттік мекемені ұстау жүзеге асырылатын, ол бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі не мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) оқшаулауға жатады. Оқшаулау тиісті орган

      Ереженің осы тармағының бірінші абзацында көрсетілген сот актілерін, қаулыларды кері қайтарғанға дейін жүзеге асырылады.";

      315 және 316-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "315. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 36 қаулысында (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13279 болып тіркелді) (бұдан әрі - № 36 Қаулы) белгілеген сомадан аспайтын сомаға валюта түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау жөніндегі операциялар алдын ала мәлімет ұсынбастан жүзеге асырылады.

      316. № 36 қаулыда белгіленгеннен асатын сомаға валюта түрлері бойынша шетел валюталарын айырбастау аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне мемлекеттік мекемемен валюта түрі мен сомасын көрсете отырып, шетел валютасын сатып алу қажеттілігі туралы хатты ұсынғаннан кейін, айырбастау күніне дейін мынадай мерзімдерде:

      АҚШ доллары, еуро, ағылшын фунт стерлингі, швейцария франкі, ресей рублі - үш жұмыс күні ішінде;

      жапон йені - бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      341- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "341. Шетел валютасындағы төлем жұмсалымын анықтауға мүмкіндік бермейтін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен электрондық түрде түскен төлем құжаттарында деректемелерді толық немесе дұрыс көрсетпеген жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты орындаушысы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшесінің шетел валютасындағы төлемдер сомасын "Шетел валютасындағы анықталғанға дейінгі сома" 0900НП ерекшелік кодына, жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасының сомасын 090004 "Мемлекет меншігіне шетел валютасында түсетін (тәркіленген) түсімдер" ерекшелік кодына есепке алады.";

      343-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "343. Мемлекеттік кірістер органы төлемдердің деректемелерін анықтау бойынша жұмысты жүргізеді және хабарламаны алғаннан кейін жеті күн ішінде төлемнің жұмсалымы мен деректемелері туралы мәліметтерді қазынашылық бөлімшесіне және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға береді. Мемлекеттік кірістер органы деректемелердің уақтылы ұсынылуын және растығын қамтамасыз етеді.

      Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасын беретін орган төлем деректемелерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді және хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде төлемнің жұмсалымы мен деректемелері туралы ақпаратты аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасын беретін орган деректемелердің уақтылы берілуін және олардың дұрыс болуын қамтамасыз етеді.";

      361-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "361. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ашылған шоттарын тіркеу аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде, осы Ережеге 49-қосымшаға сәйкес 5-19 "Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының тізбесі" нысаны бойынша көрсетіледі.";

      367-тармақтың үшінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төлем жұмсалымы" деген ашық жолақта: аванстық төлемді қоспағанда, төлемнің жұмсалымы, атауы, құжаттың нөмірі мен күні (тауарларды жеткізу туралы шот-фактуралар немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе оның негізінде тауарларды сатып алу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат) көрсетіледі және төлем қандай кезең үшін жүзеге асырылатын болса (зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару кезінде), сол кезең қосымша көрсетіледі. Бұл ретте растаушы құжаттың күні төлем тапсырмасының күнінен кеш болмауға тиіс.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне еңбекақы және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе банктерде ашылған жинақ шоттарына стипендиялар мен басқа да төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару бойынша төлемдерді жүргізу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі қағаз тасығыштағы төлем тапсырмаларымен бірге аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақшаны алушылардың тізімдерін ҚБЕО-де белгіленген хабарлар форматында ұсынады. "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша беру кезінде төлем тапсырмасының электрондық бейнесіне ҚБЕО-де белгіленген хабарлар форматындағы ақша алушылардың тізімдері қоса тіркеледі және квазимемлекеттік сектор субъектісінің бухгалтерінің және/немесе басшысының ЭЦҚ қойылады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы электрондық төлем тапсырмаларын жасау кезінде тиісті электрондық жолақтарда төлем түрін көрсету қажет:

      1 - қарапайым төлем;

      2 - қосымшасымен зейнетақы (міндетті және кәсіптік) жарналары;

      3 - еңбекақыны және дивидендтерді аудару;

      4 - қосымшасымен әлеуметтік аударымдар;

      5 - қосымшасымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар.";

      368-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "368. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне еңбекақы және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе банктерде ашылған жинақ шоттарына стипендиялар мен басқа да төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару бойынша төлемдерді жүргiзгеннен кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы осы Ережеге 95-қосымшаға сәйкес 5-15А "Ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрме" нысаны бойынша ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрмені қалыптастырады. Үзiндi көшiрме операциялық күн жабылғаннан кейiн қалыптастырылады. Үзiндi көшiрменiң әрбiр бетi төлем жүргiзу күнiн көрсете отырып, жауапты орындаушының қойылған қолымен және мөртабан бедерiмен куәландырылады және осы Ереженің 375-тармағында көзделген құжаттармен бiрге квазимемлекеттік сектор субъектісіне берiледi.";

      369-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "369. Еңбекақы бойынша төлемдерді қайтару сомасы осы Ережеге 96 -қосымшаға сәйкес 5-56 "Еңбекақы бойынша төлемдерді қайтару жөніндегі есеп" нысанындағы есепте көрсетіледі, зейнетақы төлемдерін қайтару сомасы осы Ережеге 97-қосымшаға сәйкес 5-57 "Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды қайтару жөніндегі есеп" нысанындағы есепте көрсетіледі.";

      369-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "371. Төлемдер мен аударымдарды жүргiзу үшiн квазимемлекеттiк сектор субъектiсi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне мыналарды қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде:

      1) жарғылық капиталын ұлғайту/қалыптастыру кезiнде – бағалы қағаздар нарығын қадағалау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның куәлiгiн не квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аударылған жағдайда басқару органдарының тиiстi шешiмiн;

      2) ағымдағы қаржы жылының сомасынан 30 пайызға дейінгі мөлшердегі аванстық төлемді қоспағанда, инвестициялық жобаны іске асыру кезінде – шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмелерін.

      Инвестициялық жобаны Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым жүзеге асырған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне көрсетілген ұйымның уәкілетті адамы қол қойған жазбаша өтінім беріледі.

      Шығыстарды және/немесе тартылған, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан қарыз қаражатын бұдан бұрын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бөлінген қаражат есебінен өтеген жағдайда, квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының көшірмесін және қарыз қаражатын тартқан жағдайда – кредиттік шарттың көшірмесін қосымша ұсынады.

      "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде бөлінген жобалардың тізбесі, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы жобалар бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған соманың 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.

      3) аванстық төлемді қоспағанда, мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде - шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжат түрінің көшірмелерін ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 371-1-тармақпен толықтырылсын:

      "371-1. Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйені пайдаланатын квазимемлекеттік сектор субъектісі үшін инвестициялық жобаны іске асыру не мемлекеттік тапсырманы орындау кезінде төлемдерді жүргізу үшін төлем тапсырмасын қалыптастыру және ұсыну үшін электрондық шот-фактура негіз болып табылады."

      374 және 375-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "374. Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлем тапсырмасы орындалады не оны аумақтық қазынашылық бөлімшесі қабылдаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде орындалмай қайтарылады.

      Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлем тапсырмасы квазимемлекеттік сектор субъектісіне:

      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті шоттарында ақша қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған;

      қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасын банктік заңнамада белгіленген нысанға сәйкес келмейтін нысанда берілген;

      түзетулермен, оның ішінде қолмен түзетулермен ұсынылған;

      осы Ережеде көзделген растау құжаттарын қосымшаларсыз ұсынған (сканерленген түрі қоса тіркелмеген немесе қоса тіркелген сканерленген түріне квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған);

      талап етілетін жолақтарда қолдар және/немесе мөр бедері болмаған;

      қолдар және/немесе мөр белгісі қолдар және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес келмеген;

      түпнұсқалығын тексеру кезінде ЭЦҚ болмауы не дұрыс болмауы айқындалған;

      құжаттың барлық даналарында талап етілген жолақтарда мөр бедері анық (айқын) қойылмаған;

      цифрмен жазылған сома жазумен жазылған сомаға сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасында көрсетілген, бағдарламалық тексеруге жататын деректемелер ҚБАЖ-ға енгізілген деректемелерге сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасы деректемелері (ЖСК, БСК, ақша алушының банкінің атауын қоспағанда) төлем тапсырмасына қоса берілген (осы Ережемен белгіленген жағдайларда құжаттар қоса берілген кезде) растау құжаттарының деректемелеріне сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасының бірінші данасының деректемелері төлем тапсырмасының екінші данасының деректемелеріне сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасының қолданылу мерзімінен асқан мерзімде ұсынылған;

      ҚБЕО белгіленген хабарламалар форматындағы магниттік (электрондық) тасығышта қателер анықталған;

      төлем тапсырмасында көрсетілген жұмсалымы қаржылық-экономикалық негіздемеде көрсетілген жоспарланған іс-шараларға сәйкес келмеген жағдайларда орындалмай қайтарылады;

      растау құжатына сілтеменің болмауы;

      төлем тапсырмасындағы соманың растау құжатындағы сомадан асып түсуі;

      төлем тапсырмасы нөмірінің қосарлануы;

      төлем тапсырмасындағы төлем жұмсалымының файлмен (шығын түрі, төлем мерзімі және "PERIOD" міндетті ашық жолағының сәйкес келмеуі) сәйкес келмеуі;

      төлем тапсырмасында Қазақстан Республикасының банктік заңнамасын бұза отырып, төлем тапсырмасында міндетті ашық жолақтардың толтырылуы;

      төлем жұмсалымында қатенің болуы (жыл, ай, төлем кезеңі дұрыс көрсетілмеген және/немесе төлем кезеңі көрсетілмеген);

      төлемнің жұмсалымы бюджет түсiмдерi сыныптамасының кодына (төлемдерді бюджетке аудару кезінде) сәйкес келмеген жағдайларда орындалмай қайтарылады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлем тапсырмасындағы деректердің қабылдау және өңдеу кезеңінде жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда төлем тапсырмасы осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтемемен, қайтару себептерін көрсете отырып, квазимемлекеттік сектор субъектісіне электрондық түрде қайтарылады.

      Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасындағы деректердің қабылдау және өңдеу кезеңінде жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда төлем тапсырмасы – төлем тапсырмасы тізілімінің бірінші данасында квазимемлекеттік сектор субъектісінің уәкілетті тұлғасының қолымен, екінші данасында – аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты тұлғасының қолымен қайтару туралы белгі қойылған хат ресімдеусіз қайтарылады. Сәйкес еместігі қабылдағаннан кейін, тексеру барысында анықталған жағдайда төлем тапсырмасы жазбаша негіздемемен, аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен қайтарылады.

      375. Төлем жүргізілгеннен кейін қағаз тасығышта төлем тасырмасының екінші данасы мен осы Ережеге 54-қосымшаға сәйкес 5-20-нысан бойынша қалыптастырылған есеп салыстырылып тексеріледі, төлем тапсырмасында төлем жүргізу күні және 5-20-нысанында салыстырып тексеруді жүзеге асыру күні көрсетіле отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен, мөртабан бедерімен куәландырылады және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне беріледі. "Қазынашылық-клиент"
АЖ бойынша қызмет етілетін квазимемлекеттік сектор субъектілері 5-20-нысан

      бойынша есепті дербес қалыптастырады.";

      443-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "443. Қайырымдылық көмек бойынша ҚБШ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылады.";

      458-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сынан сот актілерін орындау жөніндегі ақшаны қайтаруды/аударуды атқарушы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті аумақтық орган қағаз тасығыштағы төлеуге берілетін шот негізінде, атқарушы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы аумақтық органның мөрімен куәландырылған атқарушы құжаттың көшірмесін қоса бере ("Қазынашылық-клиент" АЖ-да сот актісінің немесе атқарушы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы аумақтық органның мөрімен куәландырылған атқарушы құжаттың түпнұсқасынан сканерленген электрондық құжаттарды қоса тіркейді) отырып, жүзеге асырады.";

      Ережеге 44, 46, 110-қосымшаларға осы бұйрыққа 2, 3, 13-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді;

      Ережеге 43, 49, 50, 54, 60, 61, 95, 96, 97, 99-1-қосымшалар осы бұйрыққа 1456, 7, 8, 9, 10, 11, 12-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі Төрағасының

      міндетін атқарушы

      ________________ Д. Ғалиева

      2017 жылғы 14 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 24 шілде

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 431 бұйрығына
1-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
43-қосымша

Нысан

      ________________________________________________________________________________
      (бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган/бюджетті атқару
      жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)
      ________________________________________________________________________________
      (бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі/бюджетті атқару жөніндегі
      орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)

______жылғы "__"__________
мемлекеттік мекемелерге
код беруге арналған өтінім

Мем-лекет-тік меке-менің атауы

Ведомство-лық тиістілік коды (Қазақстан Рес-пуб-лика-сының Бір-ыңғай бюд-жеттік сыныптама-сына сәйкес)

Бюджет түрі

Мемлекеттік кіріс-тер орган-дары-ның коды (салық түсім-дерін есепке ала-тын өңір)

Эко-номика сек-торы

Мем-лекет-тік меке-ме басшысының Т.А.Ә.

Мемле-кеттік мекеме-нің бас бухгал-терінің Т.А.Ә

Мем-лекет-тік меке-ме БСН

Мем-лекет-тік тірке-лімге енген мемле-кеттік меке-менің заңды мекен-жайы, теле-фоны, факсі

Негіз-деме (мемлекеттік меке-ме құры-луына негіз болған нормативтік-құқықтық акт)

Құқықтық мирасқор

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
(бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
органның аумақтық қазынашылық бөлімшесінің)
басшысы _______ ____________________
М.О (қолы) (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 431 бұйрығына
  2-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
44-қосымша
Нысан

_________________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті орган)
______жылғы "__"____________
№___рұқсат

      ______________________________________________________________________ бюджеттен
      қаржыландыратын бюджет түрі)
      ________________________________________________________________________________
      (мемлекеттік мекеменің атауы мен коды)
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      негізінде (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдау хаты)
      ________________________________________________________________________________
      (қолма-қол ақшаны бақылау шотының атауы)
      ________________________________________________________________________________
      ________________________ ашуға рұқсат беріледі.
      бюджетті атқару жөніндегі орталық
      (Жергілікті) уәкілетті органның басшысы ______ _____________________
      (қолы) (қолды таратып жазу)
      Рұқсат беруге жауапты бюджетті атқару
      жөніндегі орталық (жергілікті)
      уәкілетті органның құрылымдық
      бөлімшесінің басшысы ______ ______________________
      М.О (қолы) (қолды таратып жазу)
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның белгілері
      Қолма-қол ақшаның бақылау шотының коды № _____
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
      органның жауапты орындаушысы ______ ____________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық
      қазынашылық бөлімшесінің белгілері
      Қолма-қол ақшаның бақылау шотының коды № _____
      Рұқсат алынды _____ж. "__"_________
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның
      аумақтық қазынашылық бөлімшесінің
      жауапты орындаушысы ______ ____________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 431 бұйрығына
  3-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
46-қосымша
Нысан

__________________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті орган)
______жылғы "__"____________
№___рұқсат

      _________________________________________ бюджеттен қаржыландыратын (бюджет түрі)
      ________________________________________________________________________________
      (мемлекеттік мекеменің атауы мен коды)
      ________________________________________________________________________________
      (әрекет мерзімін ұзарту)ашу)
      ________________________________________________________________________________
      _______негізіндегі _______________________________________________________________
      (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдау хаты)
      (валютаның түрі көрсетіледі) ______________________________________________________
      (шот атауы) _____________________________________________________________________
      шетел валютасындағы шот нөмірі __________________________________________________
      1) 1бюджет қаражатының есебінен айырбастауды, шетел валютасын аударуды жүргізуге
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      2) 2мынаның ____________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________ негізінде
      (тармақшаның, тармақтың, баптың нөмірін көрсете отырып, заңнамалық
      актінің атауы мен күні)
      ____________________________________ түрінде түскен шетел валютасын есепке жатқызуға
      ________________________________________________________________________________
      (қаржыландыру көздері)
      және кейіннен теңгемен алынған соманы тиісті ҚБШ-ға есепке жатқыза
      отырып шетел валютасын қайта айырбастауды жүзеге асыруға рұқсат __
      жылғы "__" _______ дейін жарамды.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық
       уәкілетті органның басшысы ___________ _____________________

      М.О (қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның,
      Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы _________ _______________

      (қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның белгілері
      _____ж. "__"____________№________шот
      ___________ ____________________
      (қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық
      қазынашылық бөлімшелерінің белгілері
      _____ж. "__" ____________№ ________шот
      ___________ ____________________
      (қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)
      __________________________________
      1бюджет қаражаты есебінен шетел валютасында операциялар жүргізу үшін
      толтырылады;
      2бюджет қаражатынан басқа түсімдер есебінен шетел валютасында
      операциялар жүргізу үшін толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 431 бұйрығына
4-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
49-қосымша
5-19-нысан

      Есеп жүргізілді:
      күні - уақыты
      Х-тен №-ге дейінгі парақ

Тиісті бюджеттер, ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, уақытша
ақша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе
байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау
шоттарының және квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының тізбесі

      Өңір: ______________________________________________
      Қаржыландыру көзі:__________________________________

Р/с №

ЖСК

Мемлекеттік мекеменің/ квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды

БСН

Шоттың атауы

Ашылған күні

Қозғалыс күні

Жабылу күні

1

2

3

4

5

6

7

8

      Жауапты орындаушы __________________________
                                    (қолы)
      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 431 бұйрығына
5-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
50-қосымша
8-08-нысан

      Есеп жүргізілді: ХХ.ХХ.ХХХХ ХХ:ХХ:ХХ
      Х-тен №-ге дейінгі парақ

Қазынашылықтағы шетел валютасындағы шоттардың, сыртқы
қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарының,
сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы
шоттарына арналған шоттардың тізбесі

      Өңір: ____________________________________
      Мемлекеттік мекеме коды __________________
      Валюта түрі: _____________________________
      Қаржыландыру көзі: _______________________

Бюджет түрі

Өңір

Мемле-кет-тік мекеме коды

Мемле-кет-тік мекеме-нің ата-уы

Ерекше-лік ко-ды

Ерекше-лік-тің ата-уы

Ва-лю-та түрі

Қаржыланды-ру көзі

А-шылған күні

Рұқсат етілген шығындардың ба-ғытта-луы

Соңғы о-пе-ра-ция кү-ні

Жа-был-ған кү-ні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      Жауапты орындаушы ___________________________________
      (қолы)
      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 431 бұйрығына
6-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
54-қосымша
5-20-нысан
  есеп жүргізілді:
Күні – Уақыты
№ Х-беті

____________ арналған квазимемлекеттік сектор субъектіcінің шотынан/ қолма-қол
ақшаны бақылау шотынан үзiндi

      Өңір:
      Бюджет түрі:
      Қаржыландыру көзі:
      Банктің коды (БСК):
      Банктің атауы:
      Банктік шот нөмірі (ЖСК):
      Банктік шоттың атауы:
      Мемлекеттік мекеменің атауы/ККС
      Қолма-қол ақшаның бақылау шоты:
      Өлшем бірлігі: теңге

Жыл басындағы қалдық
Кіріс қалдығы

ДЕБЕТ

КРЕДИТ

      Операциялар саны

№ транз

БСК

ЖСК

БІР КҮНГІ АЙНАЛЫМ




ДЕБЕТ

КРЕДИТ

Жиыны

      Шыққан қалдық
      Аумақтық қазынашылық
      Бөлімшесінің
      басшысы _______ _____________ ККС /ММ басшысы _______ ___________
      (қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса) (қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)
      М.О. М.О.
      Жауапты
      орындаушы _____ ______________ККС/ММ ______ _______________
      (қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса) бас бухгалтері (қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)
      М.О. М.О.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 431 бұйрығына
7-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
60-қосымша
Нысан

_________________________________________________________________ (бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган/ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі) ___________________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламалар әкімшісі) ______жылғы "__"____________
мемлекеттік мекемелердің кодтарының әрекеттерін
тоқтатуға арналған өтінім

Мем-ле-кет-тік ме-кеме-нің атауы

Мем-ле-кет-тік меке-менің коды

Бюджет түрі

Салық-тық түсім-дерді есепке алу үшін өңірдің мем-лекет-тік кіріс-тер органының коды

Экономика сек-торы

Мем-лекет-тік мекеменің БСН

Заң тірке-ліміне енгізіл-ген мемле-кеттік мекеме-нің мекен-жайы, телефон, факсі

Кодтың әрекетінің тоқтатылуына негіздеме

1

2

3

4

5

6

7

8

      Бюджеттік бағдарламалар
      әкімшісінің басшысы _________ ___________________________
      М.О. (қолы) (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 431 бұйрығына
8-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
61-қосымша
Нысан

      ______________________________________________________________________
      (бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган/бюджетті атқару жөніндегі
      орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)
      ______________________________________________________________________
      (квазимемлекеттік сектор субъектісі)
      _____ жылғы "___" ___________ _____

Квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының әрекеттерін
тоқтатуға және шоттарын жабуға арналған өтінім

КСС атауы

КСС коды

Салықтық түсімдерді есепке алу үшін өңірдің мемлекеттік кіріс органының коды

КСС-тің БСН

Заң тіркеліміне енгізілген КСС-тың мекенжайы, телефоны, факсі

Кодтың әрекетінің тоқтатылуына негіздеме

1

2

3

4

5

6

      Бір мезгілде _____________________________________ жабуды сұрайды
      (квазимемлекеттік сектор субъектісінің ҚБШ нөмірі көрсетіледі)
      КСС/бюджетті атқару жөніндегі орталық
      уәкілетті органның аумақтық қазынашылық
      бөлімшесінің басшысы
      _________ __________________________
      М.О. (қолы) (қолды таратып жазу)
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық
      қазынашылық бөлімшесінің белгісі
      _____________________________ ___ жылғы "___" __________ жабылды
      (квазимемлекеттік секторы
      субъектісі кодының нөмірі)
      ___ жылғы "___" __________ __________________________________________
      (квазимемлекеттік сектор субъектісінің
      ағымдағы шотының нөмірі)
      жабылды
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық
      уәкілетті органның аумақтық қазынашылық
      бөлімшесінің басшысы
      ___________ ____________________________
      (қолы) (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 431 бұйрығына
9-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
95-қосымша
5-15-А нысаны

      Есеп жүргізілді _______
      ___тен ____________ бет

Aқша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген
төлемдер бойынша үзiндi

      Өңiр: __________________________________________
      Бюджет түрi: ____________________________________
      Қаржыландыру көзi: ______________________________
      Мемлекеттік мекеме/КСС:__________________________
      Төлем түрi: ______________________________________
      Кезең: __________________________________________
      Өлшем бiрлiгi: ___________________________________

р/с№

Тегi

Аты

Әкесiнiң аты
(бар болса)

ЖСН

шоты картасының /ағымдағы шоттың №

Сомасы

1

2

3

4

5

6

7

Сомасы


БАРЛЫҒЫ


      Жауапты орындаушы ______________________________________

      (қолы)

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 431 бұйрығына
10-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
96-қосымша
5-56-нысан

Жалақы және басқа да ақша төлемдері бойынша
төлемдерді қайтару жөніндегі есеп
Есеп қалыптастырылды: хх.хх.хххх

      Мем. мекеменің коды ________________
      Мем. мекеменің атауы _______________
      Қайтару күні _______________________
      Беті х-тан х

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Карточканың немесе жеке шоттың №

Сомасы

      Жиыны

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 431 бұйрығына
11-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
97-қосымша
5-57-нысан

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, міндетті элеуметтік медициналық сақтандыру
аударымдарын және (немесе) жарналарын қайтару жөніндегі есеп
Есеп қалыптастырылды: хх.хх.хххх.
Беті х–тан х

      Мем. мекеменің коды _________________
      Мем. мекеменің атауы _________________
      Қайтару күні _________________________

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Қайтару себептері

Сомасы

      Жиыны
      Жауапты орындаушы _______________________________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 431 бұйрығына
12-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
99-1-қосымша

Корпоративтiк төлем карточкасын қолдану арқылы есеп айырысуға
жол берілген шығыстар мен шығындардың экономикалық
сыныптамасының ерекшелiктер тізбесі

Сана-ты
 

Cыныбы

Кiшi сынып

Ерекшелiк

Ерекшелiктер атауы

Шығындар тiзбесi

1

2

3

4

5

6

1







1







110


Жалақы





111

Еңбекақы

Әскери қызметшiлердiң лауазымдық еңбекақысы




113

Өтемақы төлемдерi

Шұғыл қызметтегi әскери қызметшiлерге әскери қызметтен босатылған кезде төленетiн бiр жолғы жәрдемақы және әскери қызметшiлерге - шет мемлекеттердiң әскери оқу орындарының түлектерiне сауықтыруға арналған жәрдемақы
 



140


Қорларды сатып алу





141

Тамақ өнімдерін сатып алу

- спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының каникул және олардың оқу-жаттығу жиындарында болуы кезеңiнде тамақтануымен;
- донорларға ақысыз негiзде қан тапсыруды (донацияны) жүзеге асыруы үшiн энергетикалық шығындарын толтыруға арналған тегiн тамақ орнына ақшалай өтемақы төлеумен байланысты шығындар бойынша
 




142

Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу

Қанды сатып алу;
дәрi қобдишасын толықтыру үшін - дәрілік заттар мен байлап-таңу құралдарын сатып алу
 




144

Жанар-жағар май, отын материалдарын сатып алу

мемлекеттiк мекемелердiң:
- Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының әуе кемелерiне алыс және жақын шет елдерiнде қызметтiк iссапарларда болу кезiнде жанар-жағар май құю үшiн материалдар құнын төлеумен байланысты;
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтiлген тiзбеге енгiзiлген ерекше қауiптi мал ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын арнайы автомобиль көлiктерiне жанармай құюға арналған ЖЖМ құнын төлеуге байланысты мемлекеттiк мекемелердiң шығыстарын төлеу кезiнде ветеринарлық бақылау посттарында көлiк құралдарын дезинфекциялау, мемлекеттiк органдардың шешiмi бойынша малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен
ауырған малдарды алып қою және жою, сондай-ақ сатып алу ЖЖМ, малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды жою мақсатындағы шығыстары бойынша;
 




149

Өзге де қорларды сатып алу

Мемлекеттiк мекемелердiң:
- мемлекеттiк саясатты және тауарлар үлгiлерiнiң сатылу саласындағы сапасы мен қауiпсiздiгiне мемлекеттiк қадағалауды iске асыру үшiн оларды сатып алумен байланысты техникалық реттеу және метрология саласындағы бақылау–қадағалау өкiлеттiктерiн iске асыратын;
- жабдыққа, көлiк құралдарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алумен, байланысты, бiрақ айына 20 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес шығыстары бойынша
 



150


Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу





152

Байланыс қызметтерiне ақы төлеу

телефондар үшiн абоненттiк ақы;
қалааралық сөйлесу;
ұялы байланыс;
почта-телеграф шығындары;
үкiметтiк байланыс;
факс;
электронды почта;
арнайы байланыс;
спутниктi байланыс;
телетайп;
радио және байланыстың басқа да түрлері
 




159

Өзге де қызметтер мен жұмыстар төлеу

Қазақстан Республикасының Әуе қорғанысы күштерiнiң әскери-көлiк авиациясының, құқық қорғау органдарының әуе кемелерiне алыс және жақын шет елдерде iссапарларда болғанда қызмет көрсету жөнiндегi әуежай қызметтерiн төлеуге байланысты мемлекеттiк мекемелердiң шығындары бойынша
 



160


Басқа да ағымдағы шығындар





161

Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар

Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарға және жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар үшiн заңнамамен белгiленген iссапарда болған уақыт үшiн тәулiктiк, баратын жерге және керi қайту жол жүру үшiн шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары және заңнамада белгiленген басқа да шығыстар
 




162

Елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк сапарлар

Орталық және жергілікті мемлекеттiк органдарға және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар үшін заңнамамен белгіленген іссапарда болған уақыт үшін тәуліктік, баратын жерге және кері қайту жол жүру үшін шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау

шығыстары және заңнамада белгіленген басқа да шығыстар




163

Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары

Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасынан шыққан аса мұқтаж оқушыларына ақшалай көмек көрсету
 




167

Ерекше шығындар

Мемлекеттік құпиялар, жедел- іздестіру қызметін жүзеге асыру, елдің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген міндеттер мен өкілеттіктерге сәйкес мемлекеттік органдар іске асыратын іс-шараларға арналған шығындар
 




169

Өзге де ағымдағы шығындар

- заңнамалық актілерге сәйкес мәдени, спорттық және басқа да іс шаралардың жеңімпаздары мен қатысушыларына әр түрлі сыйақылар, жүлделер, естелік сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, жеке тұлғаларға баска да ақшалай төлемдер төлеуге;
- бостандығын шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшін тұратын жеріне дейін жол жүру билеттерін сатып алуға;
- мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің іссапар шығыстарынан басқа, сапарға шығу арқылы іс-шаралар (жол жүру, тұру, тамақтану) өткізуге;
- бюджеттік бағдарлама әкімшіліктерінің өткізетін іс-шараларына қатысушылардың (республиканың түрлі аймақтары, жақын, алыс шет ел өкілдерінің) жол жүру шығындарын өтеу бөлігіндегі өкілдік шығыстармен;
- нотариалдық қызметтерге ақы төлеуге;
- қызметтік автокөлікке техникалық тексеру жүргізуге және қызметтік автокөлікке мемлекеттік нөмірлер сатып алуға байланысты шығындар бойынша
 



320


Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер





322

Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер

Мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, әскери (арнаулы) оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына почта аударымдары үшін ақшалай өтемақы төлеуге байланысты шығындар, мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, әскери (арнаулы) оку орындарының курсанттарына демалысқа кетуі кезінде азық-түлік үлесінің орнына төленетін ақшалай өтемақы бойынша
 




324

Стипендиялар

Кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларына стипендиялар және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрліктері тындаушыларының ақшалай ырыздық ақысын төлеуге байланысты

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 431 бұйрығына
13-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
110-қосымша
Нысан
  _______________________
_______________________
(аумақтық қазынашылық
бөлімшесінің атауы)
_______________________
_______________________
(бюджет түрі)
_______________________
______________________
(қаржыландыру кезі)

Инкассалық өкімдерді есепке алу журналы

      _______________ж.басталды
      _______________ж.аяқталды
      сақтау мерзімі___________
      Номенклатура бойынша істің №____

Р/с

Мемлекеттік мекеме

Инкассалық өкімі

Өнді-ріп алу кім-нің пайдасына

Берілген күні

Бұғат-тау күні

Орындалуы туралы белгі

атауы

Код

Кіммен қойлды

БСК

күні

номері

сом-масы




орындал-ған күні

Жауапты орын-даушы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13