Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 512 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 маусымдағы № 11419 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 № 325 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік

      даму министрі

      ________________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы "___" ___________



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 512 бұйрығымен бекітілген

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын
пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері өз қызметінде жоғарыда аталған Заңды, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және осы Қағиданы басшылыққа алады.

2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібі

      3. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері:

      пайдалы қазбаларды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау және байыту, пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану жөніндегі жер қойнауын пайдаланушыларға, химия саласы объектілеріне үздіксіз, тәулік бойы қызмет көрсетуді;

      жер қойнауын пайдаланушылардың объектілерінің оларда авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға, ал авария туындаған жағдайда адамдарды құтқаруға және авариялардың өзін жоюға, сондай-ақ көрсетілген объектілерде тұрғындар мен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді орындауға әзірлігін;

      көмір, химия, мұнай-химия, мұнай-газ өңдеу, мұнай-газ барлау, мұнай-газ өндіру, металлургия, тау-кен өндіру өнеркәсібі объектілерінде, құрлықта, теңіздер мен су қоймаларының қайраңында, қатты әсер ететін улы заттарды (бұдан әрі – ҚӘУЗ) тасымалдайтын көліктерде, жерасты құрылыстарын салу мен пайдалануда, тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде авариялық жағдайда (радиоактивті сәуле шығару ошағынан басқа) атқыламаға қарсы, газдан құтқару және тау-кен құтқару жұмыстарын орындауды;

      қызмет көрсетілетін пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес жер қойнауын пайдаланушылардың объектілеріндегі авариялар кезінде адамдарды құтқару мен көшіруді;

      аварияларды және олардың салдарын оқшаулау мен жоюды;

      өрт сөндіруді, газ жарылыстары мен шаңның, кенеттен болған көмір мен газ шығарындыларының, тау жыныстары соққысының, опырылудың, су-газ атқылама шығарындыларының, пайдаланымдағы және барлау ұңғымаларындағы өрттің, объектілерде газдану мен су басудың салдарын жоюды және басқа да қызмет көрсетілетін жер қойнауын пайдалнушылардың объектілеріндегі авариялық жағдайларда жүргізілетін арнайы жұмыстарды;

      зардап шеккендерге тікелей жұмыс орындарында және көшіру барысында алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

      4. Жер қойнауын пайдаланушылардың объектілерінде аварияларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің әскерилендірілген жедел құрамы болады, олардың болуы:

      кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жедел бөлімшелерінің аварияларды жоюға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дереу шығуға тәулік бойы ұдайы әзірлігін;

      жеке құрамның авариялық-құтқару жұмыстарын төтенше жағдайларды жою басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, егер ол авариялар кезінде адамдарды құтқарумен байланысты болса, өмірі мен денсаулығына тәуекелмен ақталған мүлтіксіз орындауын;

      авариялық-құтқару жұмыстары толық аяқталғанына дейін оларды жүргізу міндеттілігін;

      бірыңғай басшылық қағидатын сақтауды, жоғары тәртіпті қолдауды және авариялық-құтқару қызметтерінің ықтимал авариялар мен олардың салдарын жоюға жедел-техникалық әзірлігін;

      қызмет өткеру кезінде қызметтік өзара қарым-қатынас тәртібін сақтауды;

      қызметтік міндеттерді орындау кезінде айырым белгілері бар арнайы киім-кешек киюді, сондай-ақ кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жедел құрамын демалыс және мереке күндері, еңбек демалысы уақытында кезекшілікке немесе авариялық-құтқару жұмыстарын атқаруға тартуды;

      қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін іс-әрекеттерге кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің, еңбек дауларын шешу құралы ретінде ереуілдер мен жұмысты тоқтатуды қоса алғанда, қатыспауын көздейді.

      5. Егер жаңадан салынып жатқан жер қойнауын пайдаланушылардың объектілері кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жұмыс істеп тұрған бөлімшелерінің қызмет көрсету ауданына кірмесе, олардың жобаларында ұйымдастырылатын бөлімшелерге арналған қызметтік ғимараттар мен құрылыстар салу көзделеді.

      6. Жаңадан салынып жатқан жер қойнауын пайдалану объектілерінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін орналастыруға арналған ғимараттар мен құрылыстарды салуды қаржыландыру жер қойнауын пайдаланушының есебінен жүзеге асырылады. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін орналастыруға арналған ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы күтіп-ұстау шығындары шартта көзделген шығындар сметасы бойынша жүргізіледі.

      7. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері арнайы салынған қызметтік ғимараттарда немесе авариялық-құтқару қызметтерінің жедел бөлімшелерінің қажеттілігіне қайта құрылған ғимараттарда орналасады, кешеніне осы Қағидаларға 1-қосымша болып табылатын Кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне ең аз қажетті қызметтік үй-жайлардың тізбесінде көрсетілген қызметтік үй-жайлар кіреді.

      8. Жедел автомобильдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес дыбыстық және жарықтық сигнал аспаптарымен жарақталады және түстiк-графикалық схемалармен боялады, авариялық-құтқару қызметінің танымдық белгілері болады, тұрақта таза және шығуға дайын тұрады.

      9. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызметін қаржыландыру:

      қауіпті өндірістік объектілері бар жер қойнауын пайдаланушылармен шарттарды іске асырудан түсетін қаржы қаражатынан;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін көздер есебінен жүзеге асырылады.

      10. Кәсіби авариялық-құтқару қызметінің бөлімшелерін орналастыруды авариялық-құтқару қызметінің басшысы айқындайды, ал кәсіби авариялық-құтқару қызметінің жеке құрамының саны шартқа сәйкес айқындалады.

      11. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құрылымына:

      аумақтық филиалдар;

      кәсіби авариялық-құтқару жасақтары (бұдан әрі – АҚЖ);

      кәсіби авариялық-құтқару взводтары (бұдан әрі – АҚВ);

      бөлімшелер;

      авариялық-құтқару пункттері (бұдан әрі – АҚП);

      қамтамасыз ету қызметтері – медициналық қызмет, ауа қысымын түсіру бөлімшелері, шаң-газ талдау зертханалар, канаттық-сынақ станциялары, авариялық-құтқару жарақтарын шығару және жөндеу шеберханалары кіреді.

      Объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құрылымын жер қойнауын пайдаланушы дербес айқындайды.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 103-бабы 10-тармағына сәйкес кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушылары мен қызметкерлерінің жалақысының мөлшері өздері қызмет көрсететін жер қойнауын пайдаланушылардың тиісті санаттардағы жұмыскерлердің жалақысының мөлшерінен төмен болмауға тиіс. Төлем бойынша тиісті санаттар осы Қағидаларға 2-қосымша болып табылатын Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері құтқарушыларының және олар қызмет көрсететін жер қойнауын пайдаланушының объектілерінің оларға теңестірілген қызметкерлерінің тізбесінде келтірілген.

      12. Қызметтің жедел, профилактикалық және басқа түрлерін басқаруды аумақтық филиалының, АҚЖ басшысы жүзеге асырады.

      Жедел қызметтерді жалпы басқаруды аумақтық филиалдың, АҚЖ басшысының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

      Профилактикалық қызметтерді басшының жедел-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары басқарады. Қызмет көрсетілетін жер қойнауын пайдаланушылардың объектілеріндегі аварияларды жою кезінде туындайтын міндеттерді жедел шешу үшін аумақтық филиалының жанынан метрология, оттегі-тыныс алу аппаратурасы мен авариялық-құтқару жарағы, еңбек қорғау, электромеханикалық қамтамасыз ету, автокөлік және тағы сол сияқты бағыттар бойынша жетекші мамандар жұмыс істейтін жедел-техникалық бөлім құрылады.

      13. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамы ерікті негізінде жинақталады және жедел, әкімшілік және техникалық құрамдарға бөлінеді.

      Жедел құрамға (құтқарушылар) авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға тікелей қатысатын тұлғалар жатады.

      Әкімшілік және техникалық құрамға – бөлімшенің қалған барлық персоналы.

      Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушы мәртебесі таралатын лауазымдар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшамен айқындалған.

      Қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсету үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері бөлімшелерінің санын есептеу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушының объектісіне қызмет көрсету шартында айқындалады.

      14. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жедел құрамының (құтқарушылар) ішкі тәртібі, басшылыққа бағыну мен өзара қарым-қатынас кәсіби авариялық-құтқару қызметтері басшысының құқықтық актілері негізінде құрылады.

      15. Авария арасындағы кезеңде құтқарушылардың жұмыс (қызмет өткеру) және демалыс режимі авариялық-құтқару қызметтері бөлімшелерінің басшысы бекітетін ішкі тәртіп қағидаларымен айқындалады.

      16. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңінде, авариялық объектіде күш пен құралдың оңтайлы санын шоғырландыру мақсатында, авариялық-құтқару жұмыстарының басшы құтқарушылардың еңбегі мен демалысының ерекше режимін (казармалық жағдай) енгізеді, бұл кезде барлық демалыс ауысымдары жойылады.

      17. Жер қойнауын пайдаланушы кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне жылына екі рет, келесі жартыжылдықтың 1-маусымынан және 1-желтоқсанынан кешіктірмей келісімге аварияларды жою жоспарын ұсынады.

      Жер қойнауын пайдаланушы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне аварияларды жою жоспарында өзгерістердің жоқтығы туралы хат ұсынған жағдайда, оны кәсіби авариялық-құтқару қызметімен екінші жартыжылдыққа келісу талап етілмейді.

      Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері ұсынылған аварияларды жою жоспарын тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде, аврияларды жою жоспары мен шартқа қол қою мүмкіндігі жөнінде шешім берумен, қарайды.

      Жалпы аварияларды жою жоспарымен немесе оның кейбір жайғасымдарымен келіспеген жағдайда, кәсіби авариялық-құтқару қызметі жер қойнауын пайдаланушыға аварияларды жою жоспарымен келіспеушілігін негіздейтін дәлелденген құжат ұсынады және күнтізбелік он күннен кем болмайтын, соның ішінде анықталған сәйкессіздіктер жойылуы қажет, мерзім белгілейді. Сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне аварияларды жою жоспарын қайтадан келісімге ұсынады.

      Жер қойнауын пайдаланушы қайтадан келісімге ұсынғаннан кейін аварияларды жою жоспарымен келіспеген жағдайда, кәсіби авариялық-құтқару қызметі ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі аумақтық уәкілетті органға жібереді және шартты бұзу үдерістерін бастайды.

      18. Жер қойнауын пайдаланушылармен авариялық-құтқару қызметтерін көрсету шарты аварияларды жою жоспары келісілген кезде мерзімін ұзарту мүмкіндігімен күнтізбелік жылға жасалады.

      Шартта аварияны жою жоспарын орындау мүмкіндігі, авариялық-құтқару бөлімшелерінің сандық құрамы, оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу қоры, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген басқа шығындар есепке алынады.

      19. Кәсіби авариялық-құтқару қызметі өз қызметін қызмет көрсетілетін жер қойнауын пайдаланушылармен шарт негізінде адамдарды құтқару және ықтимал аварияларды жоюға тәулік бойына әзірлік тәртібінде жүргізеді. Кәсіби авариялық-құтқару қызметінің күш пен құралдарын оның негізгі қызметінен басқа, шартта көзделмеген қызметке тартуға жол берілмейді.

3. Аварияларды жою тәртібі

      20. Аварияларды жоюға тартылатын күштер мен құралдардың саны кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің басшылары бекітетін аварияға шығу тәртібі, шығу диспозициясымен айқындалады.

      Авариялық-құтқару жұмыстары кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінде қолданылатын авариялық-құтқару жұмыстарын (әскерилендірілген тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару) ұйымдастыру және жүргізу бойынша нормативтік актілерге сәйкес жүргізіледі.

      21. Авариялық-құтқару жұмыстарының бүкіл кезеңінде аварияны жоюға жауапты басшының міндеттерін авария болған ұйымның техникалық басшысы атқарады. Жауапты басшы барлық тікелей аварияны жоюға байланысты бұйрықтарын авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы (жауапты атқарушы) арқылы береді.

      22. Авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы болып авария болған жер қойнауын пайдаланушының объектісіне қызмет көрсететін кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің бөлімше басшысы саналады.

      Заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес – кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметі ерекше сипатта болады, осы қызметтер басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін жұмыскерлердің мүлтіксіз орындауын көздейді.

      Бұл талаптар ерікті авариялық-құтқару құралымдарын төтенше жағдайды жоюға қатысу үшін тартқан кезден бастап оларға да қолданылады.

      23. Аварияны жою бойынша басшылардың адамдарды құтқару мен аварияны жоюға бағытталған шешімдерін орындау кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің барлық лауазымдық тұлғаларына, авария аймағындағы ұйымдар мен азаматтарға міндетті болып саналады.

      24. Аварияны жою жұмыстары басшылары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті толық және нақты ақпаратты алады.

      25. Авариялық-құтқару жұмыстарының толық көлемін жүргізуге технологиялық мүмкіндік болмаған жағдайда, аварияны жою басшылары, бірінші кезекте авария аймағындағы адамдарды құтқару үшін барлық шараларды қолданып, аталған жұмыстарды толық немесе жартылай тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      26. Аварияны және оның салдарын жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын атқаруға қатысушы кәсіби авариялық-құтқару қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, тамақпен, тұратын орынмен қамтамасыз ету, қосымша күш пен құралдарды тарту авария болған ұйым есебінен жүргізіледі.

      27. "Дабыл" сигналы бойынша аварияға шығу тәртібі, жедел бөлімшелер саны және құрал-жабдықтар тізімі жер қойнауын пайдаланушының объектісінің аварияны жою жоспарына сәйкес айқындалады.

      28. "Дабыл" сигналы бойынша шығу, жеке құрамның авария болған объектідегі іс-әрекеттерге жедел дайындығы, авариялық-құтқару құрал-жабдықтарын қолдану нормативтері әр аймақтың ерекшелігіне сәйкес әзірленеді және кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің басшысы бекітеді.

4. Профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі

      29. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері бөлімшелері профилактикалық жұмыстарды аварияларды жою жоспарына сәйкес жүргізеді.

      30. Профилактикалық жұмыстар жер қойнауын пайдаланушының объектісінің адамдарды құтқаруға және авария салдарын жоюға дайындығын, өртке қарсы қорғаныстарын, қосымша шығу жолдарының болуын, аварияны жою жоспарының қызмет көрсетілетін объектілердің негізгі жағдайына сәйкестігін анықтауға бағытталған.

      31. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері бөлімше басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының талаптарының бұзылғандығын, соның ішінде өртке қарсы қорғаныстың жер қойнауын пайдаланушының объектілерінің аварияны жою жоспары негізгі жағдайға сәйкес келмейтіндігін анықтаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен табылған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныс енгізеді, ал орындамаған жағдайда аварияны жою жоспарынан толық немесе кейбір бөліктерін келісу туралы қолын алады, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері басшысы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі аумақтық бөлімшеге хабарлайды.

      32. Аварияларды жою кезеңінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің, тікелей авариялық-құтқару жұмыстарын атқарған, қызметкерлеріне объектісінде авария болған жер қойнауын пайдаланушының есебінен сағаттық ставка есебінен қосымша:

      ауысымдар мен мереке күндеріне қарамастан, авариялық-құтқару жұмыстарын орындау кезінде респиратормен нақты жұмыс істеген уақыты үшін 4 есе мөлшеріндегі төлем;

      жоспардан тыс жұмыстар мен демалыс ауысымындағы жұмыстар, демалыс және мереке күндері үшін; мереке және демалыс күндері орналасқан пункттен авария болған объектіге бару және кері қайту үшін жолға кеткен нормативтік уақыты үшін; авариялық-құтқару жұмыстарын орындау кезіндегі нақты жұмыс істеген уақыты үшін; ауысымдар мен мереке күндеріне қарамастан қызметтік ғимаратта демалыс және мереке күндеріндегі кезекшілік еткен және жұмыс істеген нақты уақыты үшін 2 есе мөлшеріндегі төлем;

      тәуліктің түн мезгіліндегі жұмыс үшін 1,5 есе мөлшеріндегі төлем;

      демалыс және мереке күндері қызметтік пәтерде аварияны жоюға шығуға үнемі әзірлік режиміндегі кезекшіліктің нақты уақыты үшін 0,5 коэффициентімен төлем есептеледі.

      Есептік сағаттық ставка айлық лауазымдық жалақыны сол айдағы жұмыс уақытының нормасына бөлу арқылы анықталады.

      Респираторшылардың, бөлімше командирлерінің және жүргізушілердің сағаттық ставкаларын анықтау кезінде сыныптылық үшін үстемеақы есепке алынады.

      33. Адамдарды құтқару, қауіпті авария мен апаттарды жою жағдайларында кәсіби авариялық-құтқару қызметі басшысының өкімімен демалыстағы бөлімше құрамы "қызметте" немесе казармалық жағдайға көшіріледі.

      34. Жұмыс уақытын есептеуді тиісті бөлімше басшысы авариялық-құтқару жұмыстарын орындаудың жедел журналына сәйкес жүзеге асырады.

      35. Жедел құрамның авариялық-құтқару жұмыстарын атқару кезіндегі жұмыс уақыты бөлімшенің тәуліктік жұмыс кестесі мен жұмыс уақыты журналы негізінде жүргізіледі.

  Кәсіби авариялық-құтқару
қызметтерінің жер қойнауын
пайдаланушыларға қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне ең аз қажетті қызметтік
үй-жайлардың тізбесі

Р/с

Қызметтік үй-жайлардың атауы

1

2

1.

Жедел автокөлік гаражы (автокөлік саны бойынша)

2.

Оқу орталығының ғимараты

3.

Газ-түтін камерасы. Жылы жердегі жаттығуларға арналған кешен

4.

Спорттық-тренажерлық зал

5.

Жеке құрамның кәсіби теориялық дайындығына арналған оқу сыныбы

6.

Кезекші ауысымның демалыс бөлмесі

7.

Жедел кезекшінің бөлмесі

8.

Талдау зертханасының үй-жайы

9.

Ауа және оттегі компрессорларының бөлмелері

10.

Ауа баллондары мен оқшаулаушы ауа-тыныс алу аппараттарын сақтауға арналған бөлме

11.

Токарьлық цех

12.

Автокөлік жөндеу шеберханасы

13.

Жеке құраммен практикалық дағдыларды пысықтау жөніндегі оқу-жаттығу полигоны

14.

Филиал директоры мен оның орынбасарларының кабинеттері

15.

Профилактика жөніндегі инженерлердің кабинеті

16.

Бухгалтерия кабинеті

17.

Экономист кабинеті

18.

Қауіпсіздік техникасы, экология және еңбекті қорғау инженерінің кабинеті

19.

Кадр бөлімінің кабинеті

20.

Бағдарламашы инженердің кабинеті

21.

Тамақтануға арналған үй-жай

22.

Арнайы киімдер мен жарақтарды сақтауға арналған үй-жай

23.

Дербес дизельдік генераторға арналған үй-жай

24.

Материалдық қойма меңгерушісінің бөлмесі

25.

Механиктің бөлмесі

26.

Материалдық қойма

27.

Авариялық-құтқару жабдығы мен шығарындыларға қарсы тұщыту жабдығына арналған стендіні сақтауға арналған ангар

28.

Монша-кір жуу кешені

29.

Психологиялық оңалту кабинеті (психолог дәрігердің кабинеті)

30.

Жанар-жағар май қоймасы

31.

Шахталық шамдарды қуаттандыруға арналған бөлме

  Кәсіби авариялық-құтқару
қызметтерінің жер қойнауын
пайдаланушыларға қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері құтқарушыларының және олар
қызмет көрсететін жер қойнауын пайдаланушының объектілерінің
оларға теңестірілген қызметкерлерінің тізбесі

Р/с

КАҚҚ жедел құрамы

Қызмет көрсетілетін жер қойнауын пайдаланушының объектілерінің персоналы

1

2

3

1.

Респираторшы, құтқарушы

Қызмет көрсетілетін объектінің негізгі технологиялық мамандығының жоғары дәрежелі жұмысшысы (бұрғышы, ұңғымашы және т.б.)

2.

Бөлімше (звено) командирі

Технологиялық ауысым бригадирі

3.

Взвод командирінің орынбасары

Учаске, технологиялық ауысымның кен мастері

4.

Взвод командирі

Учаске, технологиялық ауысым бастығының орынбасары. Технолог-супервайзер.

5.

Жасақ командирі, филиал директорының орынбасары

Учаске, технологиялық ауысым бастығы

6.

Филиал директоры. КАҚҚ басқарма бастығы.

Шахтаның, кеніштің бас инженері (техникалық директор)

7.

КАҚҚ бірінші басшысының орынбасары

Комбинаттың, бірлестіктің, мемлекеттік холдингтің, кен басқармасының, кешеннің, департаменттің техникалық басшысы (бірінші басшының орынбасары)

8.

КАҚҚ бірінші басшысы

Комбинаттың, бірлестіктің, мемлекеттік холдингтің, кен басқармасының, кешеннің, департаменттің бірінші басшысы (директоры)

  Кәсіби авариялық-құтқару
қызметтерінің жер қойнауын
пайдаланушыларға қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушы мәртебесі
таралатын лауазымдарының тізбесі

      1. Респираторшы, құтқарушы, жедел көліктің құтқарушы-жүргізушісі.

      2. Авариялық-құтқару бөлімшесінің командирі, бөлімше командирі - қосалқы авариялық-құтқару командасының нұсқаушысы.

      3. Авариялық-құтқару пунктінің, қосалқы авариялық-құтқару командасының командирі.

      4. Жедел бөлімінің инженері, жетекші инженері.

      5. Взвод командирінің орынбасары.

      6. Взвод командирі.

      7. Жасақ командирінің орынбасары. директоры.

      8. Жасақ командирі.

      9. КАҚҚ жедел басқармасының инженері, жетекші инженері, орынбасары және бастығы.

      10. Филиал директорының орынбасары.

      11. Филиал директоры.

      12. КАҚҚ бірінші басшысының орынбасары.

      13. КАҚҚ бірінші басшысы.

      14. КАҚҚ құтқарушы мәртебесі бар қызметкерлері.

  Кәсіби авариялық-құтқару
қызметтерінің жер қойнауын
пайдаланушыларға қызмет
көрсету қағидаларына
4-қосымша

Жер қойнауын пайдаланушылардың қауіпті өндірістік объектілеріне
қызмет көрсету үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері
бөлімшелерінің санын есептеу
1. Мұнай, химия және газ салаларында

      1. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің профилактикалық құрамының санын есептеу.

      Қызмет көрсетілетін жер қойнауын пайдаланушының объектілерінің ұңғымаларында газдың, мұнайдың, судың пайда болуы мен ашық атқыламаларды болдырмау жөніндегі профилактикалық жұмыстар атқыламаға қарсы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің (жасақтарының, филиалдарының) профилактикалық құрамының объектілерді қарауы және бұрын анықталған өнеркәсіптік және атқыламаға қарсы қауіпсіздікті бұзушылықтардың жойылуын тексеру жолымен жүргізіледі.

      Профилактикалық жұмыстарды жүргізуге атқыламаға қарсы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің (жасақтарының, филиалдарының) аға және жоғарғы басшы құрамы, қызмет көрсетілетін ұйымның басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлері қатысады.

      Кәсіби авариялық-құтқару қызметі (жасақ, филиал) профилактикалық жұмыстардың жоспар-кестесін әзірлейді және қызмет көрсетілетін жер қойнауын пайдаланушының объектілерінің басшылығымен келіседі.

      Кәсіби авариялық-құтқару қызметінің (жасақ, филиал) өкілінің тексеру мерзімділігі бұрғылау, сынау, пайдалану, игеру, күрделі және ағымдағы жөндеу жағдайына, ұңғыманы консервациялау мерзімі мен түріне; ұңғыма сағасындағы сағалық және атқыламаға қарсы құралдың жағдайына байланысты айқындалады, алайда:

      бұрғыланатын ұңғымалар және күрделі және ағымдағы жөндеудегі, сынаудағы, игерудегі және уақытша консервацияланған ұңғымалар үшін - айына бір рет жоспарлы тексеру (күкіртті сутегі бар және қатпар қысымы аномальды жоғары кен орындарындағы бұрғыланатын ұңғымалар үшін – айына екі жоспарлы тексеру);

      өндіруде (өнеркәсіп пайдаланымында) және пайдаланып көруде, бақылауда, айдама қорында тұрған ұңғымалар үшін – тоқсанына бір рет жоспарлы тексеру (күкіртті сутегі бар және қатпар қысымы аномальды жоғары кен орындарындағы өндіруде (өнеркәсіптік пайдаланымында) және пайдаланып көруде, бақылауда, айдама қорында тұрған ұңғымалар үшін - айына бір рет жоспарлы тексеру;

      консервациядағы ұңғымалар үшін – жылына бір рет жоспарлы тексеру (күкіртті сутегі бар және қатпар қысымы аномальды жоғары кен орындарында консервациядағы ұңғымалар үшін – жылына екі рет жоспарлы тексеру);

      жер қойнауын пайдаланушының объектілері (компрессорлық және газ анықтау станциялары, сепараторлар, жылыту пештері, су қоймалары, ішкі кәсіпшілік құбырлары, магистарлдық мұнайгаз құбырлары және т.б.) үшін - тоқсанына бір рет жоспарлы тексеру (күкіртті сутегі бар кен орындарында айына бір рет жоспарлы тексеру);

      Қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен қызмет көрсетуге келісімшарт жасау кезінде тексерудің одан да жиі мерзімділігін белгілейді.

      2. Бір объектіні профилактикалық тексеру үшін жұмсалатын нақты уақытты есептеу.

      3. Сағалық құралмен және шегендеу бағанасымен бірге атқыламаға қарсы құралды суландыруды жүргізу уақытында болу кезінде; бұрғылаудың өнімді қабаттарды ашуға дайындықтарын тексеру; күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ұңғыманы салу уақытында жер қойнауын пайдаланушының бір объектісін профилактикалық тексеруге кететін уақыт:

      техникалық құжаттамаларды тексеру — 1 сағат;

      бекітілген схемамен ұңғыма сағасына құралдың сәйкестігін, лақтырысқа қарсы құралдар жағдайын тексеру - 1 сағат;

      шегендеу бағанасымен бірге атқыламаға қарсы құралды суландыруды жүргізу уақытында болу – 4 сағат;

      Өндірістік персоналмен "ШЫҒАРЫНДЫ" сигналы бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу және атқыламаға қарсы қауіпсіздік бойынша нұсқау беру - 1 сағат;

      Құжаттамаларды ресімдеу - 1 сағат.

      Барлығы: бұрғылау жүріп жатқан жерге баруға кететін уақытты есептемегенде 8 сағат. Бір жұмыс күні – лақтырысқа қарсы құралмен бірге бағананы суландыруға, өнімді қабаттарды ашуға дайындықтарын тексеруге шақыру; құрамында H2S бар кен орындарында қабаттарды сынау кезінде кезекшілік, ұңғыманы күрделі жөндеуді жүргізу:

      Техникалық құжаттамаларды тексеру — 1 сағат;

      Бекітілген схемамен ұңғыма сағасына құралдың сәйкестігін, лақтырысқа қарсы құралдар жағдайын тексеру - 1 сағат;

      Бағанамен бірге атқыламаға қарсы құралды суландыру – 4 сағат;

      "шығарынды" сигналы бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу және нұсқау беру - 1 сағат;

      Құжаттамаларды ресімдеу - 1 сағат.

      Барлығы: бұрғылау жүріп жатқан жерге баруға кететін уақытты есептемегенде 8 сағат. Бір жұмыс күні – 8 сағат.

      4. Құрамында H2S (күкіртті сутегі) бар кен орындарында ұңғыма құрылыс үдерісінде қабаттарды бұрғылау және сынау кезінде кәсіби авариялық-құтқару қызметінің (жасақ, филиал) жедел кезекшілік жүргізуі кезеңіндегі уақыт қызмет көрсетілетін ұйыммен қосымша шарт бойынша айқындалады.

      5. Өндіруде (өнеркәсіптік пайдаланымында) және пайдаланып көруде, сондай-ақ бақылауда, айдама, су жинау қорында; уақытша және ұзақ консервацияда; игеруде, сынауда тұрған бір объектіні профилактикалық тексеру үшін кететін нақты уақыт:

      Бір топтық қондырғыдағы ұңғымалар бойынша (10 ұңғымадан көп емес) техникалық құжаттамаларды тексеру — 4 сағат;

      Бір топтық қондырғыдағы ұңғымалар бойынша (10 ұңғымадан көп емес) сағалық құралды тексеру - 25 сағат (1 ұңғыманы тексеруге кететін уақыт - 38 минут);

      Топтық қондырғы бойынша бұрын анықталған бұзушылықтардың орындалуын тексеру - 2 сағат;

      Өндірістік персоналмен топтық қондырғыда ашық атқылаудың алдын алу бойынша "ШЫҒАРЫНДЫ" сигналы бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу және атқыламаға қарсы қауіпсіздік бойынша нұсқау беру - 3 сағат;

      Құжаттамаларды ресімдеу - 2 сағат.

      Бір жұмыс күні - 8 сағат.

      6. Бұрғылау және ұңғымаларға күрделі жөндеу жұмыстарына профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін қажетті кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің (жасақ, филиал) профилактикалық инженерлері саны (Nб) мына формула бойынша есепетеледі:



      мұндағы:

      Сб - бұрғылау, ұңғыманы күрделі жөндеу бригадаларының саны;

      Нб — бір ұңғыманы пресстеумен бірге тексеруге кеткен уақыт;

      V — объектіге баруға кететін орташа уақыт;

      К - объектіге шақырылған уақыттан бастап есептелетін форс-мажорлық жағдай кезіндегі қосымша уақыт коэффициенті 1,5-ке тең.

      Нпж - айына профилактикалық жұмыстарды жүргізуге кететін уақыт мөлшері 168 сағат - 8 сағат (демалыс, мереке күндері) - 8 сағат (тапсырма алу, есеп беру және т.б. үшін кеңседе болған уақыт) = 152 сағат.

      Ескерту: Нд, V, К, Нпж қажетті қорытындыға жету үшін өзгертілуі мүмкін

      7. Өндіруде (өнеркәсіптік пайдаланымында) және пайдаланып көруде, сондай-ақ бақылауда, айдама қорында; уақытша және ұзақ консервацияда; игеруде, сынауда тұрған ұңғымаларда профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің (жасақ, филиал) инженерлері санын есептеу (Nд) мына формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      Сұ - ұңғыма саны;

      Нд - бір ұңғыманы тексеруге кететін уақыт;

      V - объектіге баруға кететін орташа уақыт;

      К - объектіге шақырылған уақыттан бастап есептелетін форс-мажорлық жағдай кезіндегі қосымша уақыт коэффициенті 1,5 сағатқа тең.

      Нпж - айына профилактикалық жұмыстарды жүргізуге кететін уақыт мөлшері 168 сағат — 8 сағат (демалыс, мереке күндері) - 8 сағат (тапсырма алу, есеп беру және т.б. үшін кеңседе болған уақыт) = 152 сағат.

      Ескерту: Нд, V, К, Нпж қажетті қорытындыға жету үшін өзгертілуі мүмкін.

      8. Өзіне бұрғылауды, өнімді жазықтықты ашу, өнімді объектіні сынау және оны жайғастыруды қоса алатын ұңғыма құрылысы кезінде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің (жасақ, филиал) инженерлері санын есептеу (Nc) мына формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      См — ұңғыма құрылысы мен оны жайғастырудың сметалық құны;

      Ксм - ұңғыма құрылысы мен оны жайғастырудың сметалық құнынан аударымдарды анықтайтын коэффициент 0.01-ге тең;

      ОЕА - орташа еңбекақы.

      9. Мұнайгаз секторында жұмыс істейтін және құрғақта және айдында (ішкі су қоймалары мен жағалық қайраңда) мұнай опреацияларын жүргізетін объектілермен (жер қойнауын пайдаланушылармен және сервистік кәспорындармен) қызмет көрсетілетін, жер қойнауын пайдаланушының объектілерінде туындаған ашық мұнай және газ атқыламаларын жою кезінде тартылатын кәсіби авариялық-құтқару қызметтері (жасақ, филиал) бөлімшелерінің қажетті санын есептеу ұңғымаларды өндірістік және сынақтық пайдалану кезіндегі өндірілетін көміртегі шикізаттары көлеміне; жер қойнауын пайдаланушының объектілері жүргізетін мұнай және газ ұңғымаларын салу, игеру, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар көлеміне байланысты.

      Жылына 4000-нан 100 000 тоннаға дейін көміртегі шикізаттарын өндіру бойынша жұмыстарды жүргізу жағдайы болса, жер қойнауын пайдаланушының объектілеріндегі техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою – жедел құрамы саны 3-10 адам болатын бірден кем болмайтын кәсіби авариялық-құтқару қызметі звеносымен (бөлемше); жылына 100 000 тоннадан 1 000 000 тоннаға дейін – екі кәсіби авариялық-құтқару бөлімшесімен; жылына 1 000 000 тоннадан және көп – екіден көп кәсіби авариялық-құтқару взводымен қамтамасыз етіледі.

2. Тау-кен саласында және газ қауіпті өндірістерде

      10. Тау-кен саласындағы және газ қауіпті өндірістегі кәсіби авариялық-құтқару бөлімшелерінің саны кәсіби авариялық-құтқару қызметінің қазіргі тұрған орнына, жер қойнауын пайдаланушының объектісіне бекітілген аварияны жою жоспарына, аварияға шығатын бөлімшелердің санына, қызмет көрсетілетін объектінің авариялық қауіптілігіне байланысты есептеледі.

      11. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері бөлімшелерінің тиімді саны (Nt) мына формуламен анықталады:



      мұндағы:

      Nмин — 1-кестеге сәйкес анықталған бөлімше саны;

      Ку —кәсіби авариялық-құтқару қызметі көршілес бөлімшелерінен көмектің келіп жету уақытын есептеу коэффициенті 2-кестеге сәйкес анықталады;

      Ктж - бөлімшенің жыл бойына атқаратын авариялық-техникалық жұмыс көлемін есептейтін коэффициент 3-кестеге сәйкес;

      Кқаз — қызмет көрсетілетін объект қазбаларының ұзындығын есептейтін коэффициент 4-кестеге сәйкес;

      Кж - жерасты жағдайында бір уақытта жұмыс істейтін жұмысшылар санын есептейтін коэффициент 5-кестеге сәйкес.

      1-кесте

Р/с

Жылдық қазба өнімдерінің салмағы (мың м3)

КАҚҚ бөлімшелерінің құрылымы, қызмет көрсететін:

Газ және шаң қауіпті емес объектілер

Газ және шаң қауіпті емес объектілер

1

2

3

4

1

40-қа дейін

2 бөлімшеден тұратын АҚП, қызмет көрсетілетін объектілер АҚК*, ШГАЛ

2 бөлімшеден тұратын АҚП, қызмет көрсетілетін объектінің АҚК*, ШГАЛ

2

40-тан 500-ге дейін

4 бөлімшеден тұратын АҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің АҚК, ШГАЛ

4 бөлімшеден тұратын АҚВ, ШГАЛ

3

500-ден 3000-ке дейін

6 бөлімшеден тұратын АҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің АҚК, ШГАЛ

4 бөлімшеден тұратын АҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің АҚК, ШГАЛ

4

3000-нан 5000-ға дейін

8 бөлімшеден тұратын АҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің АҚК, ШГАЛ

5 бөлімшеден тұратын АҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің АҚК, ШГАЛ

5

5000 жоғары

9 бөлімшеден тұратын АҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің АҚК, ШГАЛ

6 бөлімшеден тұратын АҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің АҚК, ШГАЛ


      * Ескерту: кен өндіру объектілерінде АҚК болмаған кезде 4 бөлімшеден тұратын взвод қызмет көрсетеді.

      2-кесте

Жақын арадағы КАҚҚ бөлімшесінің көмекке келу уақыты (сағ.)

2-ге дейін

2-ден 6-ға дейін

6-дан 12-ге дейін

12-ден көп

толықтыру мәні коэффициент (Kу)

1,0

1,15

1,25

1,3


      3-кесте

Бөлімшенің жыл бойына атқаратын авариялық-техникалық жұмыстарының көлемі (ад./сағ.)

500-ге дейін

500- ден 1000-ға дейін

1000-нан 1500- ге дейін

1500-нан 1800- ге дейін

1800-ден көп

Толықтыру мәні коэффициент (Ктж)

1,0

1,05

1,1

1,2

1,3


      4-кесте

Қызмет көрсетілетін тау қазбаларының аралығы (км)

10-ға дейін

10-нан 15-ке дейін

15-тен 30-ға дейін

30-дан көп

Толықтыру мәні коэффициенті (Кқазб.)

1,0

1,1

1,2

1,3


      5-кесте

Жер асты жағдайында бір уақытта жұмыс атқарушылар (адам)

200-ге дейін

200-ден 500-ге дейін

500-ден 800-ге дейін

800-ден 1000-ға дейін

1000-нан көп

Толықтыру мәні коэффициенті (Кж.а)

1,0

1,05

1,1

1,15

1,2


      12. Авариялық-құтқару взводының тізімдік санын (Ст) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы

      Nтиім - кәсіби авариялық-құтқару қызметтері бөлімшелерінің тиімді саны;

      Смин - аварияны жоюға шығатын бөлімшелердің тиімді саны, 6-дан төмен болмауы керек;

      Кқат — жұмыс істеушінің қызметте болмау мүмкіндігін есепке алатын толықтыру коэффициенті;

      Сққс - авариялық-құтқару взводының командалық құрамының, техникалық және қызмет көрсетуші қызметшілерінің тізімдік санын әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің басшысы әр бөлімшеге атқаратын жедел, техникалық және профилактикалық жұмыстарының нақты көлеміне байланысты анықтайды.

      Жұмыс істеушінің қызметте болмау мүмкіндігін есепке алатын толықтыру коэффициенті мына формула бойынша анықталады:



      мұндағы:

      L - жылдағы күндер саны;

      Lкелм - жұмыс істеушінің қызметте болмауы мүмкін күндер саны;

      13. Авариялық-құтқару пункттерінің тізімдік саны төмендегі формула бойынша анықталады:



      мұндағы:

      Nтиім - кәсіби авариялық-құтқару қызметтері бөлімшелерінің тиімді саны;

      Смин - аварияны жоюға көмекші авариялық-құтқару командалары мүшелерімен бірге шығатын авариялық-құтқару пункттері тобының ең аз саны, 3-тен аз болмауы керек;

      Сққс — авариялық-құтқару пунктінің тізімдік санын авариялық-құтқару қызметінің басшысы әр бөлімшеге жер қойнауын пайдаланушының объектілерінде атқаратын жедел, техникалық және профилактикалық жұмыстарының нақты көлеміне байланысты анықтайды.

      14. Қосалқы авариялық-құтқару командаларының тізімдік саны 6-кестеде көрсетілген.

      6-кесте

Қызметкерлер атауы

АҚВ үшін

АҚП үшін

Басшысы (командир)

1

1

Басшының (командирдің) жедел жұмыс жөніндегі көмекшісі

1

1

Басшының (командирдің) жедел-профилактикалық жұмыс жөніндегі көмекшісі

1


1-ші санатты техник

2

1

Инженер-химик

1

1

Сынақ терушілер

2

2

Аға жүргізуші

1


Арнайы автокөліктің жүргізушісі

4

2

Қызметтік үй-жайды жуушы (200 шаршы м үй-жайға 1)

1

1

Барлығы:

14

9


      15. Авариялық-құтқару бөлімшелерінің саны жұмыс уақытының нормативтік ұзақтығының сақталуын, бөлімшенің белгіленген нормативтік мерзімдерде осы объектідегі аварияларды жою жоспарымен айқындалған күшпен авариялық-құтқару жұмыстарына шығуға тәуліктік шартты дайындығын қамтамасыз етуі қажет.



      Dr – жылдағы күндер саны,

      Dp - 40 сағаттық жұмыс аптасы кезіндегі жылдағы жұмыс күндері саны

      Р – Аварияны жою жоспарына сәйкес бөлімшелер саны

      S – тәуліктегі ауысым саны (ауысым ұзақтығы 8 сағат кезіндегі ауысым саны - 3)

      Жер қойнауын пайдаланушылардың объектілеріне қызмет көрсетуге арналған авариялық-құтқару бөлімшелерінің ең аз саны әрбір қызмет көрсетілетін объектіге бекітілген аварияны жою жоспарында көзделген аварияларды жоюға шығатын бөлімшелер санына, тәулікті кезекшілік атқару кезіндегі жұмыс уақытының ұзақтығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, айқындалады.

3. Көмір саласында

      16. Көмір саласында кәсіби авариялық-құтқару бөлімшелерінің саны кәсіби авариялық-құтқару қызметінің қазіргі тұрған орнына, қызмет көрсетілетін әрбір объектіге бекітілген аварияны жою жоспарына, аварияға шығатын бөлімшелердің санына, жер қойнауын пайдаланушының объектісінің авариялық қауіптілігіне байланысты есептеледі.

      17. Авариялық-құтқару бөлімшелерінің саны жұмыс уақытының нормативтік ұзақтығының сақталуын, бөлімшенің белгіленген нормативтік мерзімдерде осы объектідегі аварияларды жою жоспарымен айқындалған күшпен авариялық-құтқару жұмыстарына шығуға тәуліктік шартты дайындығын қамтамасыз етуі қажет.



      Dr – жылдағы күндер саны,

      Dp - 40 сағаттық жұмыс аптасы кезіндегі жылдағы жұмыс күндері саны

      Р – Аварияны жою жоспарына сәйкес бөлімшелер саны

      S – тәуліктегі ауысым саны (ауысым ұзақтығы 8 сағат кезіндегі ауысым саны -3)

  Кәсіби авариялық-құтқару
қызметтерінің жер қойнауын
пайдаланушыларға қызмет
көрсету қағидаларына
5-қосымша

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын
пайдаланушыларға қызмет көрсетуі туралы шарт жасасу үшін
міндетті талаптардың тізбесі

      1. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құрамына жедел, профилактикалық, медициналық, әкімшілік, шаруашылық, оқу және тағы басқа қосалқы қызметтер кіреді.

      2. Жедел бөлімдер авариялық-құтқару бөлімшелерінен, пункттерден, взводтардан, жасақтардан, филиалдардан тұрады. Бөлімшелерді басқару орталықтандырылған.

      3. Зардап шеккендерге көмек көрсете алатын және аварийны жою жөніндегі тапсырмаларды орындай алатын бөлімше кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің алғашқы жедел бірлігі болып саналады. Бөлімше 7-10 респираторщиктен (құтқарушылардан) тұрады, соның ішінде бөлімше командирі мен жедел көлік жүргізушісі бар.

      4. Әр взводтағы авариялық-құтқару бөлімшелерінің саны жұмыс уақытының ұзақтығын сақтау мүмкіндігіне, бөлімшенің, жер қойнауын пайдаланушының объектілеріндегі аварияны жою жоспарымен айқындалған күшімен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тәулік бойына дайындығына байланысты анықталады.

      5. Авариялық-құтқару жұмыстарын (адамдарды құтқару, авария салдарын жою) жүргізе алатын және оларды ойдағыдай аяғына дейін жеткізе алатын әскерилендірілген авариялық-құтқару взводы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің алғашқы жедел бірлігі болып саналады. Авариялық-құтқару взводы төрт немесе одан да көп бөлімшелерден құрылады және жер қойнауын пайдаланушының объектілерінде авариялық-құтқару жұмыстарының барлық түрін жүргізеді. Авариялық-құтқару взводы құрамына аварияларды жою жоспарына сәйкес құтқарушы-сүңгуірлер, құтқарушы-альпинистер бөлімшелері кіреді.

      6. Взводты басқару взвод командиріне жүктеледі. Взвод құрамында 4-тен көп бөлімше немесе арнайы авариялық-құтқару техникасы мен құрал-жабдықтар болған жағдайда, взвод командирінің жедел-техникалық жұмыстар жөніндегі көмекшісі болады.

      7. Жер қойнауын пайдаланушының объектілерінде табиғи және техногенді сипаттағы авария кезінде өз бетімен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізе алатын бірнеше кәсіби авариялық-құтқару взводтардан (пункттерден) құрылған құрылым әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы болып табылады.

      АҚЖ-дағы бөлімшелер саны жұмыс ретінде, жасақ жабдықтарының ішіндегі авариялық-құтқару техникасының ерекшелігіне (криогендік техника, инертті газдың генераторлары және т.б.), сонымен қатар авариялық-құтқару бөлімшелерінің жеке құрамының дайындығына (альпинистер дайындығы, сүңгуірлер дайындығы) байланысты анықталады. ӘАҚЖ басқару жасақ командиріне жүктеледі.

      Қажет болған жағдайда АҚЖ құрамына авария арасындағы кезеңде жер қойнауын пайдаланушының объектілеріндегі тау-кен өнімдерінің кен атмосфера құрамын тексеру, сонымен қатар авария жою кезінде авариялық сынауға талдау жүргізу қызметін атқаратын шаң-газ талдау зертханасы кіреді. Жарақаттанғандарға тікелей жұмыс орнында алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық қызметтер, реанимациялық-шокқа қарсы топтар (бұдан әрі - РШТ) және көмекші қызметтер (оқу взводы, жөндеу-механикалық шеберханалары (бұдан әрі - ЖМШ), автоқызмет. Саны ара қашықтығана, негізгі бағытына және жұмыс уақытының теңгерімін сақтауға байланысты анықталады. Барлық авариялық-құтқару жасақтарына жеке нөмір беріледі.

      8. Авария арасындағы құтқарушылардың қалыпты жұмыс уақыты 40 сағаттық жұмыс аптасынан және жер асты жағдайында жұмыс атқарған кезде жұмыс уақыты 30 сағаттық жұмыс аптасынан аспауы керек.

      9. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері қызметінің ерекшелігіне (кесте бойынша кезекшілік, т.б.) байланысты жұмыс уақытының жиынтықтап есептеу қабылданған. Жиынтықтап есептеу кезінде есеп мерзімі болып, белгіленген жұмыс аптасының орташа ұзақтығы сақталатын, күнтізбелік жыл саналады.

      10. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері қызметкерінің жұмыс уақытының және кезекшілігінің басталуы болып қызметкердің жұмыс орнына келген немесе кесте бойынша үйінде кезекшілік еткен кезеңі есептеледі, ал жұмыс уақытының немесе кезекшілігінің аяқталуы — жұмыстан және кезекшіліктен толық босаған уақыты.

      11. Жұмыс уақыты жиынтықтап есептелетін кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құрамында есептеу кезеңіндегі қалыпты жұмыс уақытынан тыс жұмыс артық жұмыс болып есептеледі.

      12. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері қызметкерінің, кесте бойынша демалыс күні, қызмет көрсетілетін объектілерде аварияның алдын алу жұмыстарын атқаруға (шарт бойынша жұмысқа) жіберілген уақытына қосымша ақы төленеді және қызметкердің жұмыс уақытының теңгерімінде есептелмейді.

      13. Жұмыс ауысымының қалыпты ұзақтығы төмендегідей:

      4 сағат — респираторда жұмыс істеу;

      6 сағат - жер астында респираторды қоспай жұмыс істеу;

      8 — сағат жер бетінде жұмыс істеу.

      14. Авария салдарын жою және тағы да басқа экстремалдық жағдайлар кезінде, басшылар шешімімен жұмыс ауысымының ұзақтығы жер асты жұмысы барысында ұзартылуы мүмкін. Алайда жалпы жұмыс уақыты мөлшердегі ауысым жұмысының екі есе ұзақтығынан аспауы керек.

      15. Авариялық-құтқару және техникалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі есептік кезеңдегі және күнтізбелік жылдағы жұмыс уақыты шектелмейді.

      16. Кәсіби авариялық-құтқару қызметінің қолданыстағы нормативтік актілеріне сәйкес белгіленген норма шегінде жоғарғы температура аймағында авариялық-құтқару жұмыстары мен техникалық жұмыстарды атқару уақыты толық жұмыс күні болып саналады.

      17. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 103-бабы 10-тармағына (бұдан әрі - Заң) сәйкес сәйкес кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушылары мен өзге де қызметкерлерінің жалақысының мөлшері өздері жер қойнауын пайдаланушының объектілеріндегі тиісті санаттардағы жұмыскерлердің жалақысының мөлшерінен төмен болмауға тиіс. Төлем бойынша тиісті санаттар осы Қағидаға 2-қосымшада келтірілген.

      18. Заңның 101-бабы 2-тармағына сәйкес Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін жұмыс өтіліне қарай ай сайын лауазымдық жалақысына пайызбен еңбек сіңірген жылдарына байланысты үстеме төленеді.

      Еңбек сіңірген жылдарына қосымша пайыздың үстеме алуға құқық беретін құтқарушының жұмыс өтіліне кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріндегі жұмыс уақыты кіреді.

      Еңбек сіңірген жылдарына қосымша пайыздың үстеме алуға құқық, беретін құтқарушының жұмысы өтіліне сонымен қатар:

      кен құтқару бөлімдері мен бөлімшелері құрамындағы жұмысы;

      атқыламаға қарсы әскерилендірілген құрылымдар, мекемелер құрамындағы жұмысы;

      газдан құтқару қызметтері, құрылымдары құрамындағы жұмысы;

      кәсіби (әскерилендірілген), салалық өрт сөндіру қызметтері құрамындағы жұмысы;

      жедел-құтқару құрылымдары, соның ішінде республикалық, облыстық, ведомстволық су-құтқару қызметтері мен бөлімшелері құрамындағы жұмысы;

      бірыңғай авиациялық іздеу-құтқару қызметтері құрамындағы жұмысы;

      Апаттық медицина орталығындағы жұмысы;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы органдары құрамындағы жұмысы;

      авариялық-құтқару қызметтері қызмет көрсетуге жататын қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысы;

      басқа да төтенше жағдайлар саласындағы мамандандырылған бөлімдер мен бөлімшелер құрамындағы жұмысы кіреді.

      Еңбек сіңірген жылдарына қосымша пайыздық үстеме төлеу үшін жұмыс өтіліне сондай-ақ:

      Қарулы Күштер және тағы басқа әскери құралымдар қатарындағы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелеріндегі, Ішкі істер министрлігіндегі және басқа да құқық қорғау органдарындағы қызметі уақыты;

      кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының жолдамалары бойынша кадрларды дайындау, қайта дайындау және біліктілігін жоғарылату курстарындағы өндірістен қол үзіп оқу уақыты есептеледі.

      19. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі келесі қаржы жылына арналып жоспарланған шығындар сметасы ағымдағы жылдың IV тоқсанында, алайда ағымдағы жылдың 30 қарашасынан кешіктірмей жасалады.

      20. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өздеріне жүктелген міндеттерін атқаруға ұдайы әзірлікте болуын қамтамасыз ету үшін қауіпті өндірістік объектілері бар кәсіпорындар төмендегідей бөлімдерден тұратын қаржы және материалдық қорлар құрады:

      кәсіпорынның жанар-жағар майға жұмсайтын шығындары, кәсіпорынды техникалық жарақтандыру үшін алынатын материалдарға, қосалқы бөлшектерді сатып алуға жұмсалатын шығындар, кәсіпорынның ғимараттарына кезекті жөндеу жұмыстарын жүргізу, кәсіпорынның жеке қазандықтары бар бөлімшелерді жылытуға арналған өз қажеттілігіне жарату үшін сатып алатын отынға жұмсалатын шығын, кәсіпорынның жылыту үшін жұмсалған жылу энергиясы мен ыстық сумен қамтамасыз ету үшін жұмсалған шығындары, кәсіпорынның электр қуатын сатып алуға жасайтын шығындары, сумен қамтамасыз ету және канализацияны, өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызмет көрсетудің төлемдері, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеуден өткізу мен салуға жұмсалатын шығындар кіретін құрылыс сипатындағы жұмыстар мен қызметтер және тағы басқа шығындардан тұратын материалдық шығындар;

      іссапар шығындары, соның ішінде жол ақысы, пәтер жалдау, тәуліктік шығынға жұмсалатын қаражат, міндетті төлемдерге сәйкес төленетін салықтарға жұмсалатын шығындар, басқа ұйымдардың қызметтерін өтеуге кеткен шығындар, мұнда стандартизация және метрология орталығының, кәсіпорынды қамтамасыз ететін банк қызметін төлеуге жұмсалатын шығындар, пошта-телеграфтық шығындар кіретін телекоммуникациялар, радиобайланысты қолдануға жұмсалған, байланыс қызметін төлеуге кеткен шығындар, техника мен құрал-жабдықтарды жөндейтін зауыттардың қызметтерін өтеуге кеткен, автотранспорт құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, транспорттық құралдарын техникалық тексеруден өткізуге жұмсалған шығындардан тұратын өзге де шығындар;

      жер қойнауын пайдаланушының объектілеріндегі орташа айлық еңбекақы туралы мемлекеттік статистикалық органдар мәліметтері бойынша есептелетін еңбектік төлемақы шығындарын, сонымен қатар авариялық-құтқару қызметтері үшін белгіленген құқықтық және әлеуметтік қорғауға бағытталған шығындар, соның ішінде еңбек демалысына жәрдемақылар;

      авариялық-құтқару жарақтарын және тағы басқа негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалатын шығындар;

      құтқарушылар мен қосалқы қызмет жұмысшыларын курстық оқытуға жұмсалатын, мәдени-ағарту және сауықтыру шараларын өткізуге жұмсалған, алдын-ала келісілген, жарғылық міндеттерді орындау үшін бөлмелерді жалға алуға жұмсалатын шығындар және т.б.

      Қаржы және материалдық ресурстар жер қойнауын пайдаланушының объектілеріне қызмет көрсету шарттарын жасасу кезінде шығыс сметасында анықталады.

      21. Жыл ішінде жоспарланбаған жұмыстар атқару кезінде түскен қосымша кіріс шеңберінде нақты шығынның кейбір баптарын көтеруге болады.

      22. Филиалдарды ұстауға кететін шығыс сметасын кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің басшысы бекітеді.

      23. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің бөлімшелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтері құрылымдары мен кинологиялық қызметтерді жабдықтау нормасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының есебінен құрал-жабдықтармен, аппаратуралармен, штаттық материалдар қорымен және автокөлікпен қамтамасыз етіледі.

      Аппаратурамен, құрал-жабдықтармен, материалдар қорымен және автокөлікпен жабдықтау жер қойнауын пайдаланушының объектілеріне қызмет көрсету шарттарын жасау кезінде шығыс сметасында айқындалады.