"Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Респу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 706 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 16 наурызда № 14908 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 265 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу", "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11203 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы:

      7-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын;

      "7. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға визамен уақытша келетін не Қазақстан Республикасымен келу мен болудың визасын тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ этникалық қазақтарға берілген визаның санатына қарамастан, ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында санамаланған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адам жүгіне алмайды.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы болу орны бойынша ішкі істер органдарына мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама.

      Он алты жасқа жетпеген немесе қабілетсіз болып табылатын көрсетілет қызметті алушыдан өтініш-сауалнаманы ата-аналарының бірі немесе заңды өкілі береді.

      2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күні күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;

      бірлескен өтініш берген кезде баланың туу туралы куәлігі немесе он алты жасқа толмаған баланың жеке басын растайтын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы;

      3) Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) оның азаматтығы бар мемлекеттің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға шығуға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);

      5) өз қолымен толтырылған өмірбаян;

      6) этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;

      7) азаматтығы тиесілілігі және (немесе) тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат;

      8) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 10-нан 16 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;

      9) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім.

      10) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 24 қазанда № 7274 тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы Қазақстан Республикасы медициналық мекемесі берген шетелдіктің медициналық куәландыру анықтамасы;

      11) көлемі 35х45 мм бір фотосурет;

      12) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы және тоқтатылуы туралы құжат (азаматтығы жоқ адам өтініш берген кезде).

      Осы тармақтың 4), 6), 7), 9), 10), 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 күннен аспауы тиіс.

      Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуы тиіс. Аудармашы қолының түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылуы тиіс.

      Осы тармақтың 4), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар "Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 4 қаңтарда № 1350 болып тіркелген) сәйкес заңдастырылуы тиіс.

      Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасынан бөлек, он алты жасқа дейін келген көрсетілетін қызметті алушы не егер ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған жағдайда осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуды ресімдеген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар не Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 1), 2), 5), 10), 11), 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      1974 жылғы үлгідегі паспорты бар Қазақстан Республикасының аумағында тұратын не азаматтығы Қазақстан Республикасынына азаматтығына не қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілілігін ішкі істер органдары анықтамаған көрсетілетін қызметті алушы тұруын не Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын қосымша құжат ұсынады.

      Қазақстан Республикасында тұруын не тіркелуін растайтын құжат (еңбек кітапшасы, үй кітабы, мекенжай анықтамасы, туу, неке қию туралы куәліг немесе білімі туралы аттестат немесе диплом).

      Құжаттарды қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беру күнін көрсете отырып, тұрақты тұруға рұқсат беруге құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.";

      "10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында көзделген, сондай-ақ;

      1) заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған;

      2) сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;

      3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;

      4) этникалық қазақтарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туылған немесе бұрын оның азаматы болған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау ережесiне сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растауды бермеген;

      5) Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнамасын бірнеше рет бұзған;

      6) ұлтаралық және дiни араздықты өршіткен;

      7) іс-әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған;

      8) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;

      9) қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар;

      10) ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;

      11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтiнiш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлаған немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде дәлелді себепсіз ұсынбаған;

      12) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген кезге дейін бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген;

      13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;

      14) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұруға рұқсат берілген күннен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз тұрып жатқан;

      15) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;

      16) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақ болып табылатын аурулары бар;

      17) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық салу және еңбек заңнамасы саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;

      18) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;

      19) адамның шет мемлекеті аумағында шетелдік қарулы қақтығыстарға, экстремистік және (немесе) террористік әрекеттерге қатысуы салдары.";

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіздер:

      егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және азаматтығын қалпына келтіру кезінде:

      1) халықаралық құқықта көзделген адамзатқа қарсы қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне саналы түрде қарсы шықса;

      2) Қазақстан Республикасы аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;

      3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне, халқының денсаулығына нұқсан келтiретiн құқыққа қарсы қызметті жүзеге асырса;

      4) ұлтаралық және дiни араздықты қоздырса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса;

      5) террористiк және экстремистік ұйымдарда болса немесе террористiк әрекет үшiн сотталса;

      6) халықаралық іздестіруде жүрсе, соттың күшіне енген үкімі бойынша жаза өтеп жатса не оның әрекеттерін сот ерекше қауiптi рецидив деп таныса;

      7) басқа мемлекеттердiң азаматтығында тұрса;

      8) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш берген кезде өзі туралы жалған мәліметтерді хабарласа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен ұсынбаса;

      9) Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында қасақана деп танылатын қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болса;

      10) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы арызбен өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде экономика саласында құқық бұзушылық жасаса;

      11) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы арызбен өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде бірнеше рет Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзса;

      12) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы арызбен өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 21-бабының 1), 2) және 5) тармақшаларының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;

      13) адамның шет мемлекеті аумағында шетелдік қарулы қақтығыстарға, экстремистік және (немесе) террористік әрекеттерге қатысуы салдары болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ___________ Д. Абаев

      2017жылғы 26 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 21 ақпан

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министінің
2017 жылғы 10 ақпандағы
№ 706 бұйрығынына
қосымша
  "Шетелдiктер мен азаматтығы
жоқ адамдарды тiркеу және
Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсат беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ - САУАЛНАМА

      ________________________________________________________________________________

      (ішкі істер органының (ІІД, ҚАІІБ(б), ӨҚАІІБ(б)) атауы)

      Тіркеу нөмірі ____________________________________________________________________

      (уәкілетті лауазымды адам толтырады)

      Фотосуреттің орны

      (35 x 45 мм)

      Маған және/немесе менің ұлыма, менің қызыма, менің асырап алған балама/менің

      қамқорлығым (қорғаншылығым) белгіленген балаға/мемлекеттің қамқорлығындағы балаға

      (қажет емесі сызылсын) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруді

      сұраймын.

      20__ жылғы "___" _____ бастап 20__ жылғы "___" _____ дейін ________________________

      мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасында уақытша тіркелгенмін.

      Осы өтінішпен жүгінуге себеп болған уәждер

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш беруші (өтініш берушілер) туралы мәліметтер

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен жағдайда

      бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда),

      ________________________________________________________________________________

      өзгерту себебі мен күнін көрсетсін, жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі мен аты

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      орыс және (латын алфавиттерінің әріптерімен жазылады)

      2. Туған күні, айы, жылы және жері

      ________________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      3. Қазіргі уақытта қандай шет мемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар (бұрын болды ма)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қайда, қашан және қандай негізде алынды, айырылды)

      4. Жынысы ______________________________________________________________________

      (ер, әйел)

      5. Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________________________

      (құжаттың нөмірі және сериясы, кім

      ________________________________________________________________________________

      және қашан берді)

      6. Ұлты _________________________________________________________________________

      (қалауы бойынша көрсетіледі)

      7. Діни нанымы __________________________________________________________________

      (қалауы бойынша көрсетіледі)

      8. Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз ба және КСРО азаматтығында тұрдыңыз

      ба немесе Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз (қажет емесі сызылсын)

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)

      9. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішпен

      жүгіндіңіз ба ____________________________________________________________________

      егер иә болса, онда қандай органға және қашан, қандай шешім қабылданды

      10. Отбасы жағдайы ______________________________________________________________

      (үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),

      ________________________________________________________________________________

      ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)

      11. Кәмелеттік жасқа толмаған (оның ішінде асырап алынған, қамқорындағы,

      қарамағындағы) балаларын қоса алғанда:

Өтініш берушіге қатысы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы және жері

Азаматтығы (тиесілігі)

Тұратын, оқитын жерінің мекенжайы

ЖСН ол болған жағдайда

Жұмыс орны






















      12. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Күні (айы және жылы)

Мекемені көрсете отырып лауазымы, жұмысқа қабылдануы, жұмыстан шығуы

Жұмыс орнының мекенжайы


































      13. Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса ________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (куәлік нөмірі, берген күні мен орны, берген органның атауы)

      14. Сіз Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік елден шығаруға не болмаса

      өтініш берудің алдында бес жыл ішінде елден қууға ұшырадыңыз ба ("Шетелдіктердің

      құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғандарға)

      ________________________________________________________________________________

      егер ұшырасаңыз, неше рет және қашан

      15. Сіз ауыр немесе аса ауыр қылмыстық әрекет не болмаса қауіпті деп танылған қылмысты

      қайта жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба

      ________________________________________________________________________________

      егер сотталсаңыз, неше рет және қашан)

      16. Қазақстан Республикасының аумағында не болмаса одан тыс жерлерде ауыр немесе аса

      ауыр қылмыстық әрекет жасағаныңыз үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығыңыз бар ма

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      егер болса, неше рет және қашан

      17. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу (тұру) режимін қамтамасыз ету

      бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаныңыз үшін әкімшілік

      жауапкершілікке тартылдыңыз ба___________________________________________________

      егер тартылсаңыз, неше рет және қашан

      ________________________________________________________________________________

      18. Сізде мынадай сырқаттар болды ма: нашақорлық, психикалық ауытқулар (сырқат);

      туберкулез; лепра (Гансеннің сырқаты); жыныс жолдарымен арқылы берілетін инфекциялар

      (ЖЖБИ) – мерез, мерез лимфогранулемасы (донованоз), шанкроид; жіті инфекциялық

      аурулар (жіті респираторлық вирустық инфекциясы (тыныс органдарының жіті вирустық

      инфекциясынан) және грипптан басқа).___________________________

      егер иә, онда қандай түрімен

      19. Ата-анасы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы рұқсат алған

      кезде жазылатын/дербес рұқсат алатын бала туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған

      күні мен жері, азаматтығы)

      ________________________________________________________________________________

      Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні,

      азаматтығы, тұрғылықты жері)

      ________________________________________________________________________________

      20. Уақытша тұратын жерінің мекенжайы, телефоны __________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Маған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға "Халықтың көші-қоны туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен көзделген жағдайларда рұқсат беруден бас

      тартылуы не болмаса берілген тұруға ықтиярхаттың күші жойылуы мүмкін екені туралы

      ескертілді. Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған мәліметтердің

      шынайылығын растаймын.

      20__ жылғы "___" _________________________.

      _______________________ ________________________________________________________

      (өтініш берілген күні)      (өтініш берушінің қолы, лауазымды адам болған кезде қойылады)

      20__ жылғы "___" ________________ _________ өтініш қарауға қабылданды.

      Өтініштің толтырылғанының дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім,

      өтінішке мен болған кезде қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын

      растаймын ______________________________________________________________________

      арнаулы атағы (егер бар болса),

      ________________________________________________________________________________

      құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымды адамның қолы)

      Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен

      немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып

      толтырылады.

      Сұрақтарға жауап жан-жақты болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.

      Өтінішті қабылдаған көші-қон полициясы бөлінісінің мөртабаны қойылады.

      Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, онда тіркеу

      туралы туралы куәліктің нөмірі, тіркеген органның атауы және берілген орны көрсетіледі.

      Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақы түрі, зейнетақы куәлігінің

      нөмірі, оны кім және қашан бергені көрсетіледі.