"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттік қызметті мониторингтеу және ішкі әкімшілендіру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Д. Айтмухаметовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 25 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған деп танылатын кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 78 бұйрығы ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 наурызда жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10342 болып тіркелді).
2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 467 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11950 болып тіркелді).
3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 473 бұйрығы ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12001 болып тіркелді).
4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 569 бұйрығы ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 қарашада жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12270 болып тіркелді).