"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 12 ақпандағы № 78 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 473 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 12001 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 25 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 12.01.2017 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 1-тармағына сәйкес, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тарамақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 78 бұйрығына (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10342 тіркелген, "Әділет" құқықтық–ақпараттық жүйесінде 2015 жылғы 6 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Регламентінде:

       81 және 83-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Жобаны әзірлеген құрылымдық бөлімше оны Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне келісуге жібереді.

      Нормативтік құқықтық актінің әзірленген жобасы сондай-ақ Экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаментімен келісіледі.

      Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің жобаны қарау мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайды. Қарау мерзімдері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларына сәйкес қысқартылуы мүмкін.

      Министрліктің құрылымдық бөлімшелері жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар берген жағдайда әзірлеуші құрылымдық бөлімше оны 5 жұмыс күні ішінде немесе неғұрлым қысқа мерзімдерде пысықтайды және Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшылығының бұрыштама соғуы үшін келісу парағымен бірге Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне қайтадан енгізеді. Жобаның келісу парағына Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде бұрыштама соғады.

      Министрліктің құрылымдық бөлімшелері арасында жоба бойынша еңсерілмейтін келіспеушіліктер болған жағдайда мәселелер жедел кеңеске енгізіледі.

      83. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген заңнамалық актілердің жобаларына Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталарында енгізлетін түзетулер Заңнама департаментімен, Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарымен және Министрмен, сондай-ақ Экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаментімен міндетті түрде келісіледі.";

       86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары міндеттердің бөлінуіне сәйкес министрліктің басшылығының қарауы үшін, жобаның өтуіне жауапты құрылымдық бөлімшені және жоба жолданып отырған олардың құзыреті бойынша мүдделі министрліктің құрылымдық бөлімшесін белгілеу үшін ІӘД-не, сондай-ақ Экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаментіне жіберіледі. Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын, оларға жобалар жіберілетін құрылымдық бөлімшелер арасындағы заң жобаларын келісу МОИП арқылы мемлекеттік органдардың күәландыратын орталығының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      Жобаны өткізуге жауапты құрылымдық бөлімше Экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаментіне келісуге жібереді.

      Бұл талап орталық мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын ведомстволардың нормативтік құқықтық актілеріне де қолданылады.";

      Мынадай мазмұндағы 167-1-тармақпен толықтырылсын:

      "167-1. Әділет министрлігінің лауазымды тұлғаларының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіңде заңсыз әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштері "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6-тармағындағы тәртіппен құзыретті мемлекеттік органдарға жіберілуі тиіс".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаменті және Ішкі әкімшілік департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрінің орынбасары Э.Ә. Әзімоваға және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев