Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 12.01.2017 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңның 9-1-бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы "Әділет органдары туралы" Заңның 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 78 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Реестрінде № 10342 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 6 наурызында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Регламентінде:
82-тармақты келесі редакцияда жазылсын:
"82. № 840 Қағидалардың 19-1-тармағының талаптарына сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстарының жоспарында белгіленген, оларды Министрлікке ұсыну мерзіміне дейін 1 ай бұрын Заңнама департаментіне және облыстардың Астана мен Алматы қалаларының әділет департаменттеріне келісуге жіберіледі".
2. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі
Министр | Б. Имашев |