"Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 тамыздағы № 610 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 қазанда № 14358 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 286 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.05.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11327 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға құжат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдану күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету қорытындысын қызмет көрету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда береді.";

      8-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе құқығы бар тұлғаның келіп қол қоюы, өкілетті заңды тұлға, нотариат куәландырған жеке тұлға сенімхаты негізінде) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш;

      2) түстік шешімі және өлшемдері бар объекті эскизінің көшірмесі немесе оның түпнұсқасы;

      3) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      Жеке тұлғаның тіркелуін (қайта тіркелуін), жеке кәсіпкер ретінде тіркелуін растайтын құжат мәліметін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатының негізінде, жеке келген кезде қол қойғызып және жеке басын не уәкілетті өкілді: өкілеттігін растайтын құжат бойынша занды тұлғаны; нотариат куәландырған сенімхат бойыншы жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір айлық мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрестілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияға сұрау салу бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге – өтініш қағаз тасығын қабылдауды растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;

      Мемлекеттік корпорацияға – тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақтың төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Мемлекеттік корпорацияның www..kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорация бөлімінде қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа жазылады) оны тіркеу болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорация атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.";

      көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдану күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету қорытындысын қызмет көрету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда береді.";

      8-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау көрсетілетін қызметті берушілер орналасқан жерде жүзеге асырылады. Жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" тәртіппен жүзеге асырылады, веб-порталы арқылы электрондық кезекті брондауға болады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе құқығы бар тұлғаның келіп қол қоюы, өкілетті заңды тұлға, нотариат куәландырған жеке тұлға сенімхаты негізінде) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш;

      түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы орналасқан жері көрсетілген сұрау салу;

      түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі.

      Жеке тұлғаның тіркелуін (қайта тіркелуін), жеке кәсіпкер ретінде тіркелуін растайтын құжат мәліметін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттардың электрондық көшірмесін жасап, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатының негізінде, жеке келген кезде қол қойғызып және жеке басын не уәкілетті өкілді: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаны; нотариат куәландырған сенімхат бойыншы жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір айлық мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияға сұрау салу бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге – өтініш қағаз тасығышта қабылдауды растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;

      Мемлекеттік корпорацияға – тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетіліп, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы белгісі көрінеді.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақтың төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Мемлекеттік корпорация www..kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына түседі.

      Мемлекеттік корпорация бөлімдерінде қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа жазылады) оны тіркеу болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетушінің немесе Мемлекеттік корпорация атына келіп түскен мемлекеттік қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.";

      көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру жүйелерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен және басқа инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдану күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету қорытындысын қызмет көрету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда береді.";

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау көрсетілетін қызметті берушілер орналасқан жерде жүзеге асырылады. Жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" тәртіппен жүзеге асырылады, веб-порталы арқылы электрондық кезекті брондауға болады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе құқығы бар тұлғаның келіп қол қоюы, өкілетті заңды тұлға, нотариат куәландырған жеке тұлға сенімхаты негізінде) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш;

      2) түстік шешімі және өлшемдері бар объекті эскизінің көшірмесі немесе оның түпнұсқасы;

      3) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      Жеке тұлғаның тіркелуін (қайта тіркелуін), жеке кәсіпкер ретінде тіркелуін растайтын құжат мәліметін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатының негізінде, жеке келген кезде қол қойғызып және жекебасын не уәкілетті өкілді: өкілеттігін растайтын құжат бойынша занды тұлғаны; нотариат куәландырған сенімхат бойыншы жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір айлық мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияға сұрау салу бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге – өтініш қағаз тасығын қабылдауды растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;

      Мемлекеттік корпорацияға – тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақтың төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Мемлекеттік корпорация www.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорация бөлімінде қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа жазылады) оны тіркеу болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорация атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.";

      көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуға келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі:

      "1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдану күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету қорытындысын қызмет көрету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда береді.";

      8-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау көрсетілетін қызметті берушілер орналасқан жерде жүзеге асырылады. Жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" тәртіппен жүзеге асырылады, веб-порталы арқылы электрондық кезекті брондауға болады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе құқығы бар тұлғаның келіп қол қоюы, өкілетті заңды тұлға, нотариат куәландырған жеке тұлға сенімхаты негізінде) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш;

      2) түстік шешімі және өлшемдері бар объекті эскизінің көшірмесі немесе оның түпнұсқасы;

      3) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      Жеке тұлғаның тіркелуін (қайта тіркелуін), жеке кәсіпкер ретінде тіркелуін растайтын құжат мәліметін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатының негізінде, жеке келген кезде қол қойғызып және жеке басын не уәкілетті өкілді: өкілеттігін растайтын құжат бойынша занды тұлғаны; нотариат куәландырған сенімхат бойыншы жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір айлық мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияға сұрау салу бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге – өтініш қағаз тасығын қабылдауды растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;

      Мемлекеттік корпорация – тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақтың төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Мемлекеттік корпорация www..kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорация бөлімдерінде қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа жазылады) оны тіркеу болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорация атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.";

      көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күндік мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін ресми жариялауға қағаз және электронды түрде көшірмелерін жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

А. Рау

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникация министрі

      ___________________ Д. Абаев

      2016 жылғы 21 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 13 қыркүйек



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 15 тамыздағы
№ 610 бұйрығына
1–қосымша
  "Халықаралық және республикалық
маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде
сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға
құжат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.

      немесе ұйымының атауы)

      _________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15

      сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын

      басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының №__ бөлімі

      (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет

      стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық

      ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін

      қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________________________;

      2) _______________________________________________;

      3) _______________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

      Телефоны __________

      Қабылдады: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" _________"

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 15 тамыздағы
№ 610 бұйрығына
2–қосымша
  "Облыстық және аудандық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы
тұрақты орналастыру объектілерлерінде
сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға
рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.

      немесе ұйымының атауы)

      _________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15

      сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын

      басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының №__ бөлімі

      (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет

      стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық

      ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін

      қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________________________;

      2) _______________________________________________;

      3) _______________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

      Телефоны __________

      Қабылдады: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" _________"

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 15 тамыздағы
№ 610 бұйрығына
3–қосымша
  "Халықаралық және республикалық
маңызы бар автомобиль жолдарының
арналармен, байланыс және электр
беру жүйелерімен, мұнай құбырларымен,
газ құбырларымен, су құбырларымен және
теміржолдармен және басқа инженерлік
желілермен және коммуникациялармен
қиылысуына рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.

      немесе ұйымының атауы)

      _________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15

      сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын

      басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының №__ бөлімі

      (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет

      стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық

      ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін

      қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________________________;

      2) _______________________________________________;

      3) _______________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

      Телефоны __________

      Қабылдады: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" _________"

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 15 тамыздағы
№ 610 бұйрығына
4–қосымша
  "Кiрме жолдарды және жалпыға ортақ
пайдаланылатын жолдарға жалғасатын
жолдарды салуға келісу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.

      немесе ұйымының атауы)

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15

      сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын

      басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының №__ бөлімі

      (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет

      стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық

      ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін

      қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________________________;

      2) _______________________________________________;

      3) _______________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

      Телефоны __________

      Қабылдады: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" _________".