"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 286 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 мамырда № 20652 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18803 тіркелген, 2019 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру және "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу", "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.".

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 13 мамырдағы
№ 286 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 6 маусымдағы
№ 371 бұйрығына
1-қосымша

Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру және "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу", "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді және халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру үшін жеке және заңды тұлғалар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордан (бұдан әрі – Ұлттық оператор) және (немесе) жергілікті атқарушы органнан келісім алады.

      3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)" "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінішті және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизінің электрондық көшірмесін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілген қызмет көрсету стандартының 8-тармағына (бұдан әрі – 1-стандарт) сәйкес құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында жазылған.

      5. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, ол мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын 1-стандартта жазылған.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды олар түскен күні тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау, мемлекеттік қызметті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Құжаттарды қарау мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1-стандарттың 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 7-тармақта көрсетілген мерзімде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын осы Қағидаларда және "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабында белгіленген талаптарға талаптарға сәйкес тексереді және Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін жазбаша келісім береді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      10. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1-стандарттың 9-тармағында көрсетілген.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңында белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінішті және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизінің электрондық көшірмесін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көзделген қызмет стандартының 8-тармағына (бұдан әрі – 2-стандарт) сәйкес барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға қойылатын негізгі талаптар тізбесі "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында баяндалған.

      13. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, ол мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын 2-стандартта жазылған.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркейді, олар түскен күні және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау, мемлекеттік қызметті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      15. Құжаттарды қарау мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2-стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.

      17. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 7-тармақта көрсетілген мерзімде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын осы Қағидаларда және "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабында белгіленген талаптарға сәйкес тексереді және Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін жазбаша келісім береді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      18. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу"Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 2-стандарттың 9-тармағында көрсетілген.

      19. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

4-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      20. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      21. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес қаралуға жатады:

      - көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      - мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

      22. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық,
республикалық, облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыру және
"Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық және
республикалық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу",
"Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысаны
  ________________________
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ
облыстық филиалы",
________________________
(басшының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) )
________________________
(куәландыратын құжаттың
деректемелерін
________________________
жеке (жеке сәйкестендіру
нөмірі) немесе заңды тұлғаның
________________________
тұлғалар (Бизнес сәйкестендіру
нөмірі), байланыс телефоны,
мекенжайы)

Өтініш

      Халықаралық, республикалық, маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруды келісуіңізді сұраймын.

      Автомобиль жолының атауы (атауы) ________________________

      Мекен жайы ______ километр _ _ _ _ +метр, оң/сол жақта ______

      Күні _______________ Алушы _____________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________

      жеке немесе заңды тұлғаның атауы

      ________________________________________________________

      не уәкілетті тұлғаның қолы)

      "___" ______________ жыл ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға келісемін.

  Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық,
республикалық, облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыру және
"Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық және
республикалық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу",
"Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу"
мемлекеттік қызметті көрсту
қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру үшін жазбаша келісу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолданады және порталда сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті беруші - www. roads.miid.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) портал - www.egov.kz.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) құжат эскизінің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді талап ететін қызметке жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алуға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық,
республикалық, облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыру және
"Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық және
республикалық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу",
"Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысаны
  ________________________
Облыстардың, аудандардың
және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті
атқарушы органдары
________________________
(басшының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) )
________________________
(куәландыратын құжаттың
деректемелерін
________________________
жеке (жеке сәйкестендіру
нөмірі) немесе заңды тұлғаның
________________________
тұлғалар (Бизнес сәйкестендіру
нөмірі), байланыс телефоны,
мекенжайы)

Өтініш

      Сізден сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолына орналастыруға келісуіңізді сұраймын.

      Жолдың атауы (атауы) ____________________________________

      Мекен жайы _______ километр ________ + метр, оң / сол ______

      Күні _____________ алушы ________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      _______________________________________________________

      (бар болса) заңды тұлғаның атауы

      _______________________________________________________

      немесе уәкілетті тұлға, қолы)

      "___" ____ жыл ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға келісемін.

  Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық,
республикалық, облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыру және
"Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық және
республикалық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу",
"Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
4-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу"

1

Қызмет берушінің атауы

Облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

"Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызмет мерзімі

5 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру үшін жазбаша келісу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолданады және порталда сақталады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) құжат эскизінің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді талап ететін қызметке жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алуға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 13 мамырдағы
№ 286 бұйрығына
2-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 624 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11576 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 шілдеде жарияланған).

      2. "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 624 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 817 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14597 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 624 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 тамыздағы № 597 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17482 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 624 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 701 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19379 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11327 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған).

      6. "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1136 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12851 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 қаңтарда жарияланған).

      7. "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 тамыздағы № 610 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14358 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 қарашада жарияланған).

      8. "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 547 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19094 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).