"Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялауды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Д. Абаев |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 45 бұйрығымен бекітілген |
Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың
өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттігін кері қайтарып алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) Дүниежүзілік пошта одағы – халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өзара алмасу үшін аумақтары біртұтас пошта аумағын құрайтын мүше мемлекеттерден тұратын, мақсаты пошта байланыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету және осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатын халықаралық ұйым;
2) Дүниежүзілік пошта одағының актілері – Дүниежүзілік пошта одағының Конгресінде Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына сәйкес қабылданатын құжаттар;
3) пошта саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өз құзыретi шегiнде пошта байланысы саласындағы мемлекеттiк саясатты, мемлекеттiк бақылауды, Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) пошта операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, пошта қызметі саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
5) тағайындалған оператор – пошта байланысының қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, өздеріне қатысты міндеттемелерді орындау үшін уәкілетті орган тағайындайтын пошта операторы;
6) халықаралық пошта алмасу орны – халықаралық кіріс және шығыс пошта жөнелтілімдерін өңдеу жүзеге асырылатын, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдары көрсетілген жөнелтілімдерге кедендік бақылау жүргізетін, пошта операторының өндірістік объектісі.
2-тарау. Операторды тағайындау тәртібі
3. Уәкілетті орган тағайындалған оператормен пошта операторын тағайындау мақсатында пошта операторларынан өтінімдерін қабылдайды. Пошта операторының өтініш беруінің тәртібі туралы ақпарат уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылған.
4. Уәкілетті орган пошта операторынан өтініштерді демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері қабылдайды. Уәкілетті органның мекенжайы және байланыс мәліметтері уәкілетті органның ресми сайтында орналастырады.
5. Пошта операторы уәкілетті органға өтінішті осы Қағидалардың қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынады.
6. Пошта операторы өтінішпен бірге мына құжаттарды ұсынады:
пошта байланысының стационарлық (барлық аудандық маңызы бар және одан жоғары мәртебеге ие елді мекендерде), жылжымалы бөлімшелерінің және пошташылардың (барлық аудандық маңызы бар мәртебеден төмен елді мекендерде) саны мен орналасқан жері туралы мәлiметтер;
Қазақстан Республикасының барлық елді мекендерінде пошта жәшіктерінің саны мен орналасқан жері туралы мәлiметтер;
Қазақстан Республикасының аумағында барлық ауылдық елді мекендерде пошта байланысының қызметтерін ұсыну кезінде қолданылатын пошта бағыттары туралы мәлiметтер;
пошта жәшіктерінен хаттарды жинап алу, поштаны тасымалдау, жазбаша хат-хабарды және сауқаттарды жеткізу жылдамдығы және жүйелілігі туралы мәлiметтер (хаттарды жинап алу, поштаны тасымалдау, жазбаша хат-хабарды және сауқаттарды жеткізу графиктерін);
пошта пайдалану барлық деңгейлерінде қауіпсіздігі саласындағы қызметін іске асыратын стратегиясын;
дербес деректердің құпиялылығын және қорғауды қамтамасыз ету тәртібінің болуы туралы мәлiметтер;
тапсырысты берілген жөнелтiлімi, жай жіберілімдер және құндылығы жарияланған жөнелтiлімi жоғалған, ұрланған және зақымданған жағдайда өтеу тәртібінің болуы туралы мәлiметтер;
пошта жөнелтілімдерінде тыйым салынған заттар мен нәрселерді анықтау мақсатында пошта жөнелтілімдерін ашпай анықтауға мүмкіндік беретін техникалық құралдардың, жабдықтың және бейне фиксация жүйесінің болуы туралы мәлiметтер.
7. Уәкілетті органға ұсынылатын, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар өтінішпен бірге тігілуге, нөмірленуге және өтініш беруші пошта операторының бірінші басшысының не тиісті растау құжаты болған кезде оны алмастыратын тұлғаның қолымен, сондай-ақ пошта операторының мөрімен расталуға тиіс.
Ұсынылып отырған құжаттар олардың дұрыстығы мен толықтығын растайтын басшысының қолы және пошта операторының мөрімен расталған көшірмелері болып табылады.
8. Пошта операторындағы ұсынылатын құжаттар құпия болған жағдайда, онда ол олардың сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасын ететін арналар бойынша оларды жібереді.
9. Ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілгеніне толық ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттар пакеті түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде оларды пошта операторына қайтарады.
10. Уәкілетті орган ұсынылған өтініштер және қоса берілген құжаттарды күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қарастырады.
11. Пошта операторымен осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер анық емес ұсынылған жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде тағайындалған операторға тағайындалған оператор ретінде пошта операторын тағайындаудан себептерін көрсете отырып, жазбаша дәлелді бас тартуын жібереді.
12. Өтінішті қараудың нәтижесі оң болған жағдайда уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде тағайындалған оператор ретінде пошта операторын тағайындау туралы шешім қабылдайды және тағайындалған оператор ретінде өтініш берген пошта операторына тағайындалған оператор ретінде пошта операторына жазбаша хабарлама жібереді.
13. Уәкілетті орган тағайындалған оператор пошта операторын тағайындау туралы бұйрық шығарған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей пошта қызметін пайдалану және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Дүниежүзілік пошта одағының (бұдан әрі – ДПО) актілерін қолданудан туындайтын міндеттемелерді орындау үшін ресми түрде тағайындалған пошта операторының атауы және мекенжайы туралы ДПО ресми хабарлайды.
Тағайындалған оператор атауы және мекен-жайы жөнінде мәліметтер өзгерсе, уәкілетті органға мәліметтер өзгерген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде ДПО ресми хабарлайды.
Уәкілетті орган күнтізбелік бес күн ішінде тағайындалған оператордың атауы және мекен-жайы жөнінде мәліметтердің өзгергені туралы ДПО ресми хабарлайды.
3-тарау. Тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу тәртібі
14. Уәкілетті орган жылына 1 реттен жиі емес тағайындалған оператордың оның тағайындалған оператор ретінде қызметін жүзеге асыру барысында ДПО актілерімен және Қазақстан Республикасы аумағында пошта саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген нормаларды орындауына мониторинг жасайды, сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасының пошта байланысы қызметтерін көрсету саласындағы заңнамасында айтарлықтай өзгерістер болған;
2) тағайындалған оператор тағайындалған оператор ретінде қызметін жүзеге асыру барысында ДПО актілерінен туындайтын және Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама нормаларымен белгіленген міндеттемелерін ықтимал сақталмауы туралы куәландыратын деректерді анықтаған жағдайларда жүргізеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 21.01.2019 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Алып тасталды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 21.01.2019 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Уәкілетті орган тағайындалған оператордың өз қызметі процесінде Қазақстан Республикасының пошта саласындағы заңнамасымен және ДПО актілерімен белгіленген нормаларды сақтамау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган тағайындалған операторға анықталған бұзушылық туралы хат жолдайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 21.01.2019 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Тағайындалған оператор анықталған бұзушылық туралы хатты алған сәттен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей анықталған бұзушылықтарды жояды және ол туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 21.01.2019 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Тағайындалған оператор осы Қағидалардың 17–тармақта белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, уәкілетті орган пошта операторынан тағайындалған оператор өкілеттігін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды және бұл туралы ресми ДПО және почта операторына хабарлайды.
19. Пошта операторы тағайындалған операторды тағайындауға уәкілетті органға осы Қағидаларға сәйкес өтініш және құжаттарды береді.
Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларына қосымша |
Нысан
______________________
(уәкілетті орган)
Пошта операторын тағайындалған оператор ретінде тағайындауға
арналған өтініш
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның атауы)
Бизнес сәйкестендіру нөмірі / Жеке сәйкестендіру нөмірі _____________
_____________________________________________________________________
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
Нақты мекенжайы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
атынан ______________________________________________________________
(заңды тұлғаның басшысының тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
тағайындалған оператор етіп _________________________________________
(пошта операторының атауын көрсету)
тағайындауды сұрайды және сәйкес өтініш беру сәтінде әрекет ететін
тағайындалған оператор үшін белгіленген барлық талаптарға сәйкестігін
растайды
_____________________________________________________________________
(нормативтік құжаттың атауы және белгілеу)
Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
________________________________/____________________________________
Мөр орны
20___ ж. "____" ______________________