Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 шілдеде № 13974 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2021 жылғы 28 шілдедегі № 270/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 28.07.2021 № 270/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 18-бабы 8-тармағының 2-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидалары бекітілсін.

      2. "Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1272 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 12797 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне кіргізу үшін тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ақпарат және коммуникациялар


министрі

Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрінің міндетін атқарушы

      _____________ З. Баймолдина

      2016 жылғы 25 шілде



  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 22 бұйрығымен бекітілді

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының 17-бабы 4-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 суірдегі Заңының 18-бабы 8-тармағының екінші бөліміне сәйкес әзірленген, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларын анықтайды.

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) – заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыруды қамтамасыз ететін "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдасы;

      2) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылатын баптаулар мен контентті басқару үшін арналған, "электрондық үкiмет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын қосымша;

      3) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      4) заң жобасының тұжырымдамасы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесін, оны қабылдау мақсаттарын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де ережелерді қамтитын құжат;

      5) қолжетімділігі шектеулі ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, бағалы қағаздардағы құпияға және сақтандыру құпиясына, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат;

      6) нормативтiк құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган қабылдаған, құқық нормаларын белгiлейтiн, өзгертетiн, толықтыратын, олардың қолданысын тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгiленген нысандағы, қағаз жеткізгіштегі жазбаша ресми құжат және сонымен бірдей электрондық құжат;

      7) электрондық үкiмет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – Оператор) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiмет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және басқа да қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      9) "on-line" режимі – нақты уақытта ақпаратпен алмасу.

2-тарау. Ашық нормативтік құқықтық актілердің
интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру тәртібі

      3. Порталда қолжетімділігі шектеулі ақпараттан тұрмайтын заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобалары, оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) (бұдан әрі – жобалар) орналастырылады.

      4. Порталда жобаларды орналастыру оларды мүдделі мемлекеттік органдарға келісімге жібергенге дейін жүргізіледі.

      5. Порталда жобаларды орналастыру күні жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдармен өз бетінше анықталады.

      Заңдар жобаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шұғыл немесе басымды деп анықталған жағдайда, сондай-ақ, орындалуы күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімдегі Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары шеңберінде әзірленетін жобалар бойынша көпшілік талқылау мерзімі күнтізбелік бес күнге дейін қысқартылуы мүмкін.

      6. Жобалар Порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады. Жобалар АЖО арқылы мемлекеттік органдармен өздігінен анықталатын жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен орналастырылады. Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар қызметкерлеріне АЖО-ға қолжетімділік жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар өтінімі негізінде оператормен ұсынылады.

      Оператор жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлерін АЖО-мен жұмыс істеу тәртібіне үйретеді.

3. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң
жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық
актілердің жобаларын көпшілік талқылау тәртібі

      7. Порталда жобаларды көпшілік талқылау келесі шарттарды сақтау бойынша жүзеге асырылады:

      1) көпшілік талқылау үшін орналастырылған жобаларға "электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелген ақпарат пайдаланушыларынан ескертулер және (немесе) ұсыныстар тек жобалардың нақты құрылымдық элементтеріне қатысты және қысқаша негіздемемен электрондық цифрлық қолтаңбаны куәландырусыз қабылданады;

      2) жобаның таңдалған бабына немесе басқа құрылымдық элементіне ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды жіберу кезінде балағат сөздерді, тіл тигізулерді, жарнамаларды, сондай-ақ заң жобасы тұжырымдамасының жобасына немесе нормативтік құқықтық акт жобасына қатысы жоқ басқа да ақпаратты қолдану рұқсат етілмейді.

      Порталда жобалардың көпшілік талқылау мерзімі оларды Порталда орналастырылған күннен бастап он жұмыс күнінен кем болуы мүмкін емес.

      8. Оператор "электрондық үкіметтің" веб-порталын ақпараттық толтыруды жүзеге асыру шеңберінде осы қағиданың 7-тармағында белгіленген тәртіпте орналастырылған жобаларды көпшілік талқылауда шарттардың сақталуына мониторинг жүргізеді.

      9. Оператор бір жұмыс күні ішінде ақпарат пайдаланушылар ескертулерінің және (немесе) ұсыныстарының осы Қағиданың 7-тармағына сәйкестігіне тексеріс жүргізеді және ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды жариялау туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағиданың 7-тармағына сәйкес келмеген жағдайда оператор негіздемені көрсетіп, жариялаудан бас тартады.

      10. Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар ақпарат пайдаланушылардың ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын орналастырылған жобалардың көпшілік талқылауы аяқталған күннен кейін үш жұмыс күннен аспайтын мерзімде қарастырады және оларды қабылдау немесе бас тарту негіздемесін көрсете отырып, оларды қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

      Қағиданың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң және жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдарда ақпарат пайдаланушылардың ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын қарастыру нәтижелеріне сәйкес көрсетілген мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлері АЖО арқылы жобаларды көпшілік талқылаудың аяқталуы туралы есептің (бұдан әрі – есеп) алғашқы нұсқасын осы Қағиданың қосымшасында көрсетілген нысан бойынша қалыптастырады және Порталда жариялайды.

      Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдармен Порталда есепті жариялаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде олар анықтаған уақыт аралығында on-line режимінде жарияланған есепті ескерумен жобаларды қосымша көпшілік талқылау жүргізіледі. Жобаларды қосымша көпшілік талқылау аяқталғаннан соң жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлері есептің соңғы нұсқасын қалыптастырады және Порталда жариялайды.

  Ашық нормативтік құқықтық
актілердің интернет-порталына
заң жобалары тұжырымдамаларының
жобалары мен нормативтік құқықтық
актілердің жобаларын орналастыру
және оларды көпшілік талқылауы
қағидаларына қосымша

      Нысан

Жобаларды көпшілік талқылаудың аяқталуы туралы
есеп

      "__________________________________________________________________"

      (заң жобасы тұжырымдамасының немесе нормативтік құқықтық акті

      жобасының атауы)

      Есептің қалыптасу күні:

      Жоба "үшін" дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:

      Жобаға "қарсы" дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:

      Ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың барлық саны:

      Жауаптардың барлық саны:

      (Ұсыныс) "үшін" дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:

      (Ұсынысқа) "қарсы" дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:

      Нормативтік құқықтық акт түрі:

      Санаты:

      Мемлекеттік орган:

р/с №

Құрылу күні

Нормативтік құқықтық актінің түсінік берілген құрылымдық бөлігі

Ақпарат пайдаланушы ұсынысының мәтіні

Мемлекеттік органның жауап мәтіні

Ұсыныс "үшін" дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың саны

Ұсынысқа "қарсы" дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың саны