Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 22.06.2016 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік құқықтық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі және «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңдарын статистикалық қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Құқықтық статистика мен арнайы есепке алудың мүдделі субьектілері осы бұйрықтың тиісті орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты құқықтық статистика мен арнайы есепке алудың мүдделі субьектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а. И. Меркель
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а.
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 36 бұйрығына
1-қосымша
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдардың есебін белгілейді (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды есепке алу).
2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңын (бұдан әрі – Заң) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын статистикалық қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы күресу жағдайын талдау мақсатында деректер банкін жүргізу арқылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.
3. Өз уәкілеттіктерінің шегінде Заңның талаптарын орындауды және онда қаралған тәртіптік шаралардың қолданылуын қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субьектілері осы Нұсқаулық талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын Комитеттің аумақтық басқармаларына (бұдан әрі – аумақтық басқармалар) ақпараттық-есепке алу құжаттарын уақытылы тапсырып отырады.
4. Есепке алуға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдар және соларға теңестірілген адамдар жатады.
5. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдарға мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мәслихат депутаттары, барлық мемлекеттік қызметкерлер жатады.
6. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдарға жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар, заңмен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбекақысы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметкерлер, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу пайыздан жоғарыны құрайтын ұйымдарда, соның ішінде акционерлері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, өздеріне тиесілі дауыс құқығын беретін акциялары (қатысу үлесі) елу пайыздан жоғарыны құрайтын олардың еншілес ұйымдарында басқару міндеттерін атқаратын адамдар, сонымен қатар дауыс құқығын беретін акциялары (қатысу үлесі) көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі және елу пайыздан жоғарыны құрайтын заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері теңестіріледі.
2. Алғашқы есепке алу карточкаларын жүргізу
7. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды есепке қою үшін олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған деректері мен Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес оларды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы уәкілетті орган шешімінің бар болуы негіз болып табылады.
8. Cыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтаған мемлекеттік орган (лауазымды адам) істі (материалды) қарау нәтижелері бойынша осы Нұсқаулықтың 1-қосымшаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алудың № 1-К нысанды карточкасын (бұдан әрі – карточка) екі данада қояды, оған тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықтың (шешімнің) көшірмесін міндетті түрде қосады.
Соның ішінде:
1) құқық бұзушылықты анықтаған және істі (материалды) қарауға уәкілетті мемлекеттік орган (лауазымды адам) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы істі (материалды) қарау жөніндегі хабарламаны алған кезден бастап 3 жұмыс күнінің ішінде тиісті аумақтық басқармаға карточканы қояды;
2) құқық бұзушылықты анықтаған, бірақ қарауға уәкілеттігі жоқ мемлекеттік орган (лауазымды адам) осы істі (материалды) тәртіптік жазаға тартуға уәкілеттігі бар органға (лауазымды адамға) жібереді.
Осы Нұсқаулықтың 2-қосымшаға сәйкес, істі қараған орган (лауазымды адам) тәртіптік жазаға тартылғаны туралы бұйрықтың (шешімнің) көшірмесін және жеке басын куәландыратын құжатты міндетті түрде қоса отырып, шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы істі (материалды) қарағаны туралы хабарламаны құқық бұзушылықты анықтаған органға (лауазымды адамға) жібереді.
Осы ақпараттың негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтаған орган (лауазымды адам) хабарлама келіп түскеннен кейінгі 3 жұмыс күнінің ішінде тиісті аумақтық басқармаға карточканы қояды.
Ескерту: құқық бұзушылықты анықтаған және істі (материалды) қарауға уәкілдік берілген бір мемлекеттік органда бірігудің мысалы ретінде бір облыс ауданының әкіміне қатысты осы облыстың әкімі болып табылады.
Құқық бұзушылықты анықтаған орган уәкілдігінің және осы әрекет туралы істі (материалды) қарауға уәкілдігі жоқ құрылымның айырмашылығына мысал: ішкі істер органдарының қызметкері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтаған прокурор, осы жөніндегі істі (материалды) ішкі істер органының уәкілдік берілген басшысына жібереді, ол істің (материалдың) қаралу нәтижелері туралы прокурорға хабарлайды.
9. Қызметі әскери немесе көлік прокурорларының қадағалауындағы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар карточканы тиісінше әскери немесе аумақтық көлік басқармаларына жолдайды.
10. Карточканың деректемелеріне мынадай ақпарат толтырылады:
1) құқық бұзушылықты анықтаған органның атауы;
2) бастамашылық етіп құқық бұзушылықты анықтаған мемлекеттік органның атауы;
3) құқық бұзушылық жасаған адамның ведомстволық тиесілігі;
4) істі (материалды) қараған органның атауы;
5) Заңның нормаларына сәйкес құқық бұзушылықтың біліктілігі;
6) жасалған құқық бұзушылықтың қысқаша фабуласы;
7) бұйрықтың (шешімнің) нөмірі және бұйрықтың (шешімнің) шығарылған күні;
8) қолданылған өндіріп алу шарасы;
9-10) құқық бұзушылық жасаған адамның нұсқаушы мәліметтері;
11-13) құқық бұзушылық жасаған адамның жұмыс орны мен лауазымы.
11. Карточкаға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтаған адам қол қояды, ол 13, 14-деректемелерде өзінің тегін, лауазымын және карточканы толтыру күнін көрсетеді.
16, 17-деректемелер аумақтық басқарманың қызметкерімен толтырылады, ол осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды бірыңғай есепке алу журналының (бұдан әрі – журнал) деректеріне сай тіркеу нөмірін және оның тіркелу күнін, өзінің тегін көрсетіп, карточкаға қол қояды.
12. Карточка деректемелері баспа әріптерімен, көк немесе қара сиямен, тазартусыз және түзетусіз толтырылады. Есепке алынатын адамның тегі, аты және әкесінің аты бас әріппен жазылады. Оның жұмыс орны мен лауазымы, құқық бұзушылықты анықтаған және істі (материалды) қараған органның (лауазымды адамның) атауы қысқартусыз енгізіледі.
13. Карточка толтырылғаннан кейін ресми ақпараттық есепке алу құжаты болып табылады.
14. Аумақтық басқармалар карточкаларды бірыңғай журналда тіркейді. Деректемелерді толтырудың және толықтығының дұрыстығын тексергеннен кейін карточканың бір данасы тіркелгеннен және деректер қорына енгізілгеннен соң 3 жұмыс күнінің ішінде Комитетке жіберіледі, екіншісі аумақтық басқармада өңделеді және сақталады.
15. Толық емес немесе айқын емес мәліметтерден тұратын, осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзу арқылы немесе белгіленбеген үлгідегі бланкілерде толтырылған карточкалар тіркелмейді және оларды жіберген органға келіп түскеннен кейінгі 24 сағаттың ішінде түзету үшін қайтарылуға жатады.
Түзетуден өткен карточкалар келіп түскеннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде аумақтық басқармаға есепке қою үшін жіберілуге жатады.
16. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар туралы мәліметтер, қызметтен босату түріндегі тәртіптік жаза қолданылған адамдар туралы мәліметтерді қоспағанда, жаза салынған кезден бастап 3 жыл бойы сақталынады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметтен босатылған адамдар туралы мәліметтер тұрақты сақталынады.
17. Адамды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім заңмен белгілеген тәртіпте өзгертілген немесе жойылған жағдайда мемлекеттік орган (лауазымды адам) бұл жөнінде 3 жұмыс күнінің ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтаған органға хабарлайды. Сыбайлас жемқорлық құқық бүзушылықты анықтаған орган, 4-қосымшаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін адамды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешімді өзгерту (жою) жөніндегі хабарламаның екі данасын тез арада аумақтық басқармаға жібереді, ол құжаттың бір данасын Комитетке тапсырады. Хабарлама мәліметтерге түзету енгізуге негіз болып табылады.
Ескерту: адамды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешімді жою жөніндегі хабарлама сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасамаған адамды мемлекеттік орган (лауазымды адам) мойындаған жағдайда қойылады.
18. Карточкалардың уақытылы ұсынылуын есепке алу мен бақылаудың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субьектілері тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін тиісті аумақтық басқармалармен салыстыру жүргізеді.
Салыстыру актілерінің кестесі, үлгілері және нысандары аумақтық басқармалармен анықталады.
3. Бірыңғай журналды жүргізу
19. Журналды аумақтық басқармалар жүргізеді, ол қатаң есептілік құжаты болып табылады, оның парақтары нөмірленеді, тігіледі, растайтын жазумен мөрленеді: «Журналда _____ парақ нөмірленіп, тігінделді. Қолы, күні, журналды жүргізген жауапты адам қолының мағынасы түсіндірілді».
Журналдың дұрыс жүргізілуін бақылау аумақтық басқармалардың басшыларына жүктеледі. Журнал тұрақты сақталынуға жатады.
Журналдың 1-бағанында материалдың нөмірі рет-ретімен, 2-бағанында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтаған органның атауы, 3-бағанында істі (материалды) қараған органның атауы, 4-бағанында карточканың қойылған күні, карточканы қойған адамның лауазымы, тегі және қолы көрсетіледі.
5, 7-бағандар құқық бұзушылықтың сипаттамасынан, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар туралы мәліметтерден және іс-әрекет біліктілігінен тұрады.
Істің (материалдың) қаралу нәтижелері мен күні 8-бағанда бейнеленеді. 9-бағанда шешімнің өзгеруі немесе бұзылуы жөніндегі мәліметтер бейнеленеді.
4. Есепке алуға жүгінудің негіздері
20. Есепке алу бойынша тексеруге Заңның 3-бабының 2, 3-тармақтарымен қаралған барлық адамдар, сондай-ақ мемлекеттік қызметке орналасуға үміткер және әкімшілік мемлекеттік қызметкердің басқа мемлекеттік лауазымға ауысуы кезіндегі адамдар жатады.
Бланкілердің нысандары, оларды толтыру және есепке алу бойынша тексеріс жүргізу үшін жіберу тәртібі, сондай-ақ орындау мерзімдері (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 санымен тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен бекітілген Арнайы есепке алудың жеке түрлерін жүргізу мен қолдану қағидасында белгіленгенмен ұқсас.
21. Ішкі істер органдарынан келіп түскен нұсқаушы деректерді өзгерткен адамдар туралы мәліметтерді аумақтық басқарма қызметкерлері 5 жұмыс күнінің ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасап, тәртіптік жазаға тартылған адамдарды есепке алу бойынша тексереді.
Анкеталық деректерді өзгерткен азаматтарға қатысты мәліметтер бар болғанда, деректер базасында «басқа анкеталық деректері бар» белгісі қойылады және тиісті мәліметтер көрсетіледі.
Сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
тәртіптік жауаптылыққа
тартылған адамдарды есепке
алу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Нысаны
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік
жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алудың № 1-К нысанды
карточкасы
(№ 1-К нысаны)
(сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы материалды (хаттаманы) қарау нәтижелері
бойынша жауаптылығы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы
Заңымен қаралған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтаған органмен құрылады)
1. __________________________________________________________________
(құқық бұзушылықты анықтаған органның атауы)
2. соның ішінде мемлекеттік органның бастамасы бойынша
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
3. жасалған: депутатпен, сотпен, әкіммен;
орган қызметкерлерімен: ІІМ-нің, ІІМ Ұлттық гвардиясының, ІІМ ҚАЖК-нің, ІІМ ТЖК, ҰҚК, ҰҚК ШҚ, прокуратураның, экономикалық тергеу қызметі КГД МФ, Қарулы күштердің, Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметі, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің;
министрліктер қызметкерлерімен: сыртқы істер, білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ауыл шаруашылығы, қаржы, энергетика, мәдениет және спорт;
Комитет қызметкерлерімен: Дін істері комитеті, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті; ұлттық экономика бойынша: Статистика комитеті, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, Құрылыс істері комитеті, Тұрғын үй-коммуналдық комитеті; инвестициялар және даму бойынша: Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті, Аэроғарыштық комитеті; әділет бойынша: Сот актілерін орындау департаменті; Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
агенттіктер қызметкерлерімен: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің; Ұлттық банк қызметкерлерінің, әкімдіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің, басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері;
_____________________________________________________________________
(ведомстволар атауы)
4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы материалды (хаттаманы)
қараған органның атауы:
_____________________________________________________________________
(құқық бұзушылықты қараған органның атауы)
5. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының нормалары бойынша құқық бұзушылықты саралау
____________ бап _________ тармақ _______ тармақша
6. Қазақстан Республикасы Заңың фабуласының бұзылуы
_____________________________________________________________________
7. Материал (хаттама) мәніне қарай қаралған:
Бұйрық (шешім) № __________ "____" __________________ 20__ ж.
8. Мынадай жазалау шарасы қолданылған: лауазымынан босату (1), лауазымын төмендету (2), қызметтік сәйкестіктігі толық еместігі туралы ескерту (3)
9. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адам туралы мәліметтер |
||
ТЕГІ |
АТЫ |
ӘКЕСІНІҢ АТЫ |
10. Туған күні "____" __________________ 19___ ж.
10.1 Туған жері _____________________________________________________
11. Тұрғылықты (тіркелген) мекенжайы ________________________________
12. Жұмыс орны ______________________________________________________
13. Лауазымы ________________________________________________________
12. Жұмыс орны ______________________________________________________
13. Лауазымы ________________________________________________________
14. Карточканы толтырған адамның лауазымы, тегі, қолы _______________
15. Толтырылған күні "____" _________________ 20___ ж.
16. Аумақтық басқармада тіркелген күні "_____" __________ 20___ ж.
Бірыңғай журнал бойынша материалдың (хаттаманың) № __________________
17. Аумақтық басқарма қызметкері ____________________________________
(лауазымы, тегі, қолы)
Ескерту: карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол қойған адамдар көрінеу жалған мәліметтерді енгізгені үшін заңдармен белгіленген тәртіпте жауапты болады
Сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
тәртіптік жауаптылыққа
тартылған адамдарды есепке
алу жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
_____________________________________________________________________
(сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтаған орган)
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы істі (материалды) қарау жөніндегі
ХАБАРЛАМА
Анықталған құқық бұзушылықтың сипаттамасы ___________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адам туралы мәліметтер |
||
ТЕГІ |
АТЫ |
ӘКЕСІНІҢ АТЫ |
_____________________________________________________________________
(егер өзгертілген болса, бұрынғысы көрсетіледі)
Туған күні "____" __________________ 20___ ж.
Туған жері __________________________________________________________
Тұрғылықты (тіркелген) мекенжайы ____________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
Жұмыс орны __________________________________________________________
Лауазымы ____________________________________________________________
Істің қаралу нәтижесі: ______________________________________________
(жазаның түрі, қаралған күні және т.б. көрсетіледі)
Материалды қараған мемлекеттік органның атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бастық ______________________________________________________________
(мемлекеттік орган бастығының тегі, қолы)
Кадр қызметінің бастығы _____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
Құрастырылған күні "___" _____________ 20__ ж. МО
(көлемі 150х210)
Сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
тәртіптік жауаптылыққа
тартылған адамдарды есепке
алу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алудың
БІРЫҢҒАЙ ЖУРНАЛЫ
№ ________________
Басталды __________________________ 20___ ж. № ________________
Аяқталды __________________________ 20___ ж. № ________________
Астана 20__ ж.
№ |
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтаған мемлекеттік органның (лауазымды адамның) атауы |
Істі (материалды) қараған мемлекеттік органның атауы |
Карточканы қойған адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, карточканың қойылған күні, қолы көрсетіледі |
Құқық бұзушылықтың фабуласы (жасалған күні, уақыты, орны, материалдық зиянның мөлшері теңгеде) |
Заңнамалық актілердің нормалары бойынша құқық бұзушылықты саралау |
Құқық бұзушылық жасаған адамдар туралы мәліметтер (ТАӘ, туған күні, айы, жылы, лауазымы, жұмыс орны) |
Істің (материалдың) қаралу нәтижелері мен күні |
Шешімді өзгерту (жою) туралы мәліметтер |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
тәртіптік жауаптылыққа
тартылған адамдарды есепке
алу жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Көшірме: ___________________________ облысының аумақтық басқармасына
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметкерді жауаптылыққа тарту туралы шешімді өзгерту (жою) жөніндегі
ХАБАРЛАМА
Тегі ________________________________________________________________
Аты ____________________________ Әкесінің аты _______________________
Туған күні "____" _________________ 19__ ж.
Қолданылған жауаптылық шарасы туралы мәлімет:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тарту
негізі, түрі және күні көрсетіледі)
Қабылданған шешімді өзгерту (жою) жөніндегі мәлімет:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы қабылданған шешімді өзгерту
(жою) жөніндегі шешімді қабылдау негізі және күні көрсетіледі)
Шешімді қабылдаған органның атауы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(хабарламаны құрастырған адамның лауазымы, тегі және қолы)
Құрастырылған күні "___" __________ 20__ ж. МО
(Көлемі 150х210)
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а.
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 36 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1. «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2741 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2004 жылы, № 13-16 санымен, 915-бапта жарияланған);
2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4424 санымен тіркелген «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 14 қыркүйектегі № 48 бұйрығы;
3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4954 санымен тіркелген, «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылы 6 қыркүйектегі № 36 бұйрығы 1-тармағының 2) тармақшасы;
4. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5158 санымен тіркелген, «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2008 жылғы 4 ақпандағы № 5 бұйрығы 1-тармағының 4) тармақшасы;
5. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5317 санымен тіркелген, «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № 50 бұйрығы 1-тармағының 4) тармақшасы;
6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6162 санымен тіркелген, «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 17 наурыздағы № 18 бұйрығы;
7. Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 3 тамызында № 7099 санымен тіркелген, «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 24 маусымдағы № 55 бұйрығы 1-тармағының 2) тармақшасы.