"Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 388 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда № 3476 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 мамырдағы № 808 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 24.12.2015 № 30 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 3-6/232 ұсынысы негізінде Көптоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
      1. Көптоғай ауылдық округінің "Қуандық" шаруа қожалығы аумағында ұсақ малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Көптоғай ауылдық округінің әкімі: Г Амирова