Шымкент қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 30/193-5с "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 33/216-5с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 сәуірде № 2600 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 7/64-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 21.09.2016 № 7/64-6с шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шымкент қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 30/193-5с "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2501 тіркелген, 2014 жылғы 31 қаңтарда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      9 тармағының 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "10) халықтың аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында, Ұлттық валюта курсының төмендеу орын алған айдан бастап үш ай мерзімге отбасыға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап үш айға тағайындалады және ай сайын төленеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Д.Үсенов
      Қалалық мәслихат хатшысы Н.Бекназаров