Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы

Атырау облысы Индер аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 06 сәуірдегі № 92 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 3174 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Арыстан

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 06 сәуіріндегі № 92 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді – Атырау облысы Индер аудандық әкімдігінің 16.06.2015 № 170 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Мүлік атауы
Шығарылған жылы
Теңгерім ұстаушысы
1
Газ 3102-311 автокөлігі, тіркеу нөмері Е374BN
2002
"Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі
2
Волга Газ-3110 автокөлігі, тіркеу нөмері 635АК06
2000
"Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
3
Уаз 2206 автокөлігі, тіркеу нөмері Е890АЕ
2000
"Индер аудандық білім бөлімінің Жамбыл атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4
Газ 3102 автокөлігі, тіркеу нөмері 760АЕ06
2007
"Индер ауданы Индербор кенті әкімі аппаратының "Индер-Мәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны