Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 92 "Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 170 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 шілдеде № 3236 болып тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 92 "Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысына (әрі қарай-Қаулы) (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3174 болып тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2015 жылғы 23 сәуірде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      Қаулының қосымшасында 2 жолдағы "Волга Газ-3110 автокөлігі, тіркеу нөмері Е711AE" деген cөздер "Волга Газ-3110 автокөлігі, тіркеу нөмері 635АК06" деген сөздермен ауыстырылсын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Арыстан