Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 180 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 5596 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 03.05.2016 № 248 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Исабаев

  Әкімдіктің
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 180 қаулысымен бекітілген

Қостанай ауданы әкімдігінің
"Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер
      1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер қатынастарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Терешковой көшесі, 13/1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі.
      11. Осы Ереже Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
      2. Мемлекеттiк органның миссиясы,
      негiзгi мiндеттерi, функциялары,
      құқықтары мен мiндеттерi
      14. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қостанай ауданы шегінде жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      1) жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
      2) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
      3) шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      3) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      4) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      5) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      6) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      7) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      8) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      9) ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      10) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
      11) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
      12) жер қатынастары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;
      13) мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру және көрсету;
      14) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
      2) оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк органның
      қызметiн ұйымдастыру
      18. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшылықты Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң басшысы Қостанай ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының өкiлеттiгi:
      барлық ұйымдарда мемлекеттiк мекеменiң мүдделерiн бiлдiредi және мемлекеттiк мекеменiң атынан сенiмхатсыз iс-әрекет етедi;
      қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi;
      қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттерін және олардың жауапкершілік дәрежесін бөледі және бекітеді, бюджеттік қаражаттарды нысаналы пайдалануды қамтамасыз етеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      iссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлердi оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң өзге де түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
      қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, қызметкерлерiне көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады;
      заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк етедi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      4. Мемлекеттiк органның мүлкi
      21. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      22. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттiк органды қайта
      ұйымдастыру және тарату
      24. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.