Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 248 қаулысы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 183-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелері мынадай мазмұндағы 86-1-тармақпен толықтырылсын:
      «86-1. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағы:
      генерал-майор (контр-адмирал) жоғары офицерлер құрамы лауазымының алдындағы лауазымда полковник (бірінші дәрежелі капитан) атағында болғанына үш жыл өтуі бойынша және жоғары офицерлер құрамының лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткен әскери қызметшіге берілуі мүмкін;
      генерал-лейтенант (вице-адмирал) генерал-майор (контр-адмирал) әскери атағында кемінде үш жыл болған әскери қызметшіге берілуі мүмкін;
      генерал-полковник (адмирал) генерал-лейтенант (вице-адмирал) әскери атағында кемінде үш жыл болған әскери қызметшіге берілуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары әскери атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа  енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев