Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 27.02.2015 № 121 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тәртіптік комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 17 наурыздағы
№ 112 бұйрығымен бекітілген
Тәртіптік комиссия туралы ереже
1. Тәртіптік комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді, уәкілетті (аумақтық) органның тәртіптік комиссиясының жеке сот орындаушыларының тәртіптік теріс қылықтарын қарау бойынша өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды анықтайды.
2. Осы ережеде қолданылатын ұғымдар:
1) тәртіптік жаза (бұдан әрі - жаза) - тәртіптік жауапкершілікке тартылғанға қатысты қолданылуы мүмкін тәртіптік жауапкершіліктің шарасы;
2) тәртіптік жауапкершілік - олардың қызметтік міндеттерді орындауда тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшін жүктелетін құқықтық жауапкершіліктің түрі;
3) тәртіптік теріс қылық (бұдан әрі - теріс қылық) - құқыққа қайшы, қызметтік міндеттерін орындамау кінәсі немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, Жеке сот орындаушыларының кәсіби ар-намыс кодексін бұзу, Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының қызметін регламенттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұзу;
4) тәртіптік комиссия (бұдан әрі - комиссия) – тексеру жүргізу материалдарын қарау, теріс қылыққа қатысты фактілерді зерттеу және жеке сот орындаушыларына қатысты жаза шарасы туралы ұсынымдар шығару үшін ұдайы әрекет ететін алқалы орган.
5) тексеру – жеке сот орындаушыларының теріс қылығы туралы материалдар мен мәліметтерді оның жасалу жағдайларын толық, жан-жақты әрі әділ анықтау мақсатында жинау жөнінде қызмет.
3. Тәртіптік комиссия құқықтарды құрметтеу және заңды мүдделерді қорғау және Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау қағидаттарына негізделеді.
2. Тәртіптік комиссияның жұмыс тәртібі
4. Комиссия құрамы уәкілетті (аумақтық) органның бұйрығымен тағайындалады және құрамында кемінде бес адам бар мүшелердің тақ санынан тұрады, олардың кемінде екеуі Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) алқасының өкілдері, қалғандары уәкілетті (аумақтық) органның лауазымды тұлғалары болып табылады. Осы комиссия мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады.
5. Комиссия өз отырысында тәртіптік іс жүргізу материалдарын қарайды және теріс қылыққа қатысты деректерді зерттейді.
Комиссия отырысына оған қатысты тәртіптік іс жүргізу қозғалған жеке сот орындаушысы шақырылады.
Жеке сот орындаушысы тексеру материалдарымен танысады және істің мәні бойынша түсіндірме береді.
Комиссия оған қатысты тексеру жүргізілген жеке сот орындаушысының және тексеру жүргізген уәкілетті (аумақтық) органның, Республикалық (өңірлік) алқаның өкілдерінің түсініктемелерін тыңдайды.
Комиссия отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген жеке сот орындаушысының келмеуі, мәселені қарау үшін кедергі болып табылмайды.
6. Тәртіптік комиссияның отырысы егер оған кемінде үш мүшесі қатысса, заңды болады.
7. Комиссия мүшесі өзінің жақын туысы болып табылатын жеке сот орындаушысына қатысты теріс қылыққа байланысты немесе егер комиссия мүшесінің осы тексеруде тікелей немесе жанама мүдделілігі болса және деректерді зерттеуге тексеру материалдарын қарауда қатыспайды және бас тартуға (өздігінен бас тартуға) жатады.
Өздігінен бас тарту және бас тарту уәжделген болуы тиіс және отырыстың басталуына дейін, сондай-ақ отырыс барысында мәлімделуі тиіс.
Комиссия мүшесінің өздігінен бас тарту (бас тарту) туралы шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен жазбаша түрде қабылданады және комиссия мүшесінің және оған қатысты тәртіптік іс жүргізу материалдары қаралатын жеке сот орындаушысының қатысуымен жарияланады.
8. Қаралатын мәселелер бойынша комиссия отырысқа қатысатын мүшелерінің көпшілік даусымен тиісті шешім қабылдайды, оған комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Комиссия мүшелері өз пікірін айтады және дауыс беру кезінде қалыс қалмауға тиіс.
Комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспесе, маңызды пікірін жазбаша түрде білдіруі мүмкін, ол қабылданған шешім бойынша материалдарға тігіледі.
Егер комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінсе, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
9. Қорытынды негізінде уәкілетті (аумақтық) органның басшысы мынадай шешiмдер қабылдайды: тиiстi жаза қолданады; материалдарды қосымша қызметтiк тексеруге жiбередi немесе жаза қолданбайды.
10. Жеке сот орындаушысына жаза қолданылғаны туралы уәкілетті (аумақтық) орган басшысының жаза қолдану туралы бұйрығы шыққан күнінен бастап қолын қойдырып, хабардар етіледі. Жаза қолданылған жеке сот орындаушы өз қолын қойып танысудан бас тартқан жағдайда, бұл туралы жаза қолдану туралы бұйрыққа тиісті жазба жасалады не акт жасалады.
Жеке сот орындаушысын тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, оған бұйрықтың көшірмесін хабарламалы хатпен жолдайды.
11. Жазалау жасалған теріс қылықтың ауырлығына, оны жасаған тұлғаның кінәсінің нысаны мен деңгейіне сәйкес келуі тиіс.
12. Жазалау түрін анықтау кезінде жиынтықта:
теріс қылықтың мазмұны мен сипаты;
теріс қылықтар жасалған жағдайлар;
жасалған теріс қылық әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкін теріс салдар;
алынбаған жазалардың бар болуы ескеріледі.
13. Тәртіптік жазаны жасағаны үшін жазаның мынадай түрі қолданылатын болады:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
3-1) уәкілетті органның жеке сот орындаушысының лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауы;
4) уәкілетті органның жеке сот орындаушысын лицензиясынан айыру туралы сотқа талап-арыз жолдауы.
14. Жеке сот орындаушысының лицензиясының қызметін тоқтата тұру уәкілетті органның шешімімен тәртіптік комиссия шешімінің негізінде Заңның 143-бабының 2-тармағымен көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
15. Уәкілетті органның жеке сот орындаушысын лицензиясынан айыру туралы сотқа талап-арыз жолдауы Заңның 144-бабы 1-тармағымен көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
16. Тәртіптік жаза теріс қылықтар анықталған күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және теріс қылық жасалған күнінен бастап алты айдан кешіктірілсе қолданыла алмайды.
17. Тәртіптік жазаны:
1) егер жаза қолданылған күнінен бастап алты ай ішінде жеке сот орындаушысына жаңа жаза қолданылмаса;
2) уәкілетті (аумақтық) орган басшысының шешімі бойынша комиссияның ұсынымдары бойынша алты ай өткенге дейін алынады.
18. Тәртіптік комиссия шешіміне уәкілетті органға, аумақтық органға, сондай-ақ сот тәртібінде шағымдана алады.