"Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № А-2/219 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 ақпанда № 4650 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № А-4/878 қаулысымен

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың нысаналы топтарын анықтау және қосымша тізімін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының 2014 жылы 4 желтоқсандағы № 295 қаулысына толықтырулар еңгізілсін (2014 жылы 31 желтоқсандағы № 3038 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде тіркелген), 2015 жылғы 6 ақпанындағы № 6 аудандық "Новатор" және "Парыз" газеттерінде жарияланған:
      1 тармағы келесі мазмұндағы 14 тармақшасымен толықтырылсын:
      "терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Омаров