Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 263 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 мамырда № 13691 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 41 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2019 № 41 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мына нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 қазандағы № 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3940 тіркелген, 2006 жылғы 19 мамырда "Заң газеті" газетінде № 89-90(896) жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 14 қазандағы № 122 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 109 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6040 тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпанда "Заң газеті" газетінде № 30 (1652) жарияланған).

      3. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрлігі

      _________________Ә. Исекешев

      2016 жылғы 1 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      _____________Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 26 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      ________________ Е. Досаев

      2016 жылғы 11 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      ________________ В. Школьник

      2016 жылғы 15 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 263 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттері (бұдан әрі – резидент еместер) заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің валюталық операцияларына мониторингті (бұдан әрі – валюталық мониторинг) жүзеге асыру және валюталық мониторинг объектілерінің валюталық операциялары бойынша ақпараттық базаны қалыптастыру тәртібін белгілейді.

      2. Қағидалардың мақсаты үшін "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бас компания – Қазақстан Республикасының аумағында филиалы (өкілдігі) бар резидент емес заңды тұлға;

      2) валюталық мониторинг респонденті – Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген есепті тұрақты түрде ұсынатын валюталық мониторинг объектісі;

      3) жеткізуші – мердігер, қосалқы мердігер, Қағидалардың 3-тармағында көрсетілмеген қызметтерді (жұмыстарды) орындауға шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға, оның филиалы (өкілдігі), сондай-ақ бас компания жасасқан шарт бойынша Қағидалардың 3-тармағында көрсетілмеген қызметтерді (жұмыстарды) орындайтын бас компания филиалы (өкілдігі);

      4) жоба – бас компания мен тапсырыс беруші, тапсырыс беруші мен мердігер, тапсырыс беруші мен жеткізуші, мердігер мен жеткізуші, қосалқы мердігер мен жеткізуші арасында жасалған шартқа сәйкес орындауға жататын көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) көлемі;

      5) қосалқы мердігер – мердігер міндеттемелерінің қандай да бір бөлігін орындау туралы мердігермен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға, оның филиалы (өкілдігі), сондай-ақ мердігердің бас компаниямен жасасқан шарты бойынша мердігер міндеттемелерінің қандай да бір бөлігін орындайтын заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі);

      6) мердігер – Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызметтерді (жұмыстарды) орындау үшін тапсырыс берушімен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға, оның филиалы (өкілдігі), сондай-ақ бас компания мен тапсырыс беруші арасында жасалған шарт бойынша Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызметтерді (жұмыстарды) орындайтын бас компания филиалы (өкілдігі), оператор;

      7) оператор – Қазақстан Республикасының атынан келісімшарттар жасаумен және орындаумен байланысты құқықтарды жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік органмен жасалған өнімді бөлу туралы келісім бойынша жұмыстарды орындау үшін мердігер тартқан немесе құрған заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі);

      8) тапсырыс беруші – тауарларды, көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) сатып алуға шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға, оның филиалы (өкілдігі), сондай-ақ бас компания жасасқан шарт бойынша тауарларды, көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) сатып алатын бас компания филиалы (өкілдігі), қосалқы мердігермен жасалған шарт бойынша мердігер, Қазақстан Республикасының атынан келісімшарттар жасаумен және орындаумен байланысты құқықтарды жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік орган;

      9) тіркейтін елдің сәйкестендіру нөмірі – тіркейтін елдің заңнамасына сәйкес заңды және (немесе) жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бірегей сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірінен (бұдан әрі – БСН) және жеке сәйкестендіру нөмірінен (бұдан әрі – ЖСН) басқа);

      10) шарт – келісім, келісімшарт, оларға өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ солардың негізінде және (немесе) орындау үшін операциялар жүзеге асырылатын өзге құжаттар.

      Қағидаларда пайдаланылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа салаларының ұғымдары Қазақстан Республикасы заңнамасының осы салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.

      3. Валюталық мониторинг респонденттерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген тәртіппен қалыптастырады.

      Валюталық мониторинг респонденттерінің тізбесіне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін және мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) кіреді:

      өңделмеген мұнай, табиғи және ілеспе газ өндіру;

      құрылыс қызметтері;

      пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты көрсетілетін қызметтер;

      архитектуралық, инженерлік және басқа да техникалық қызметтер;

      ғылыми-зерттеу жұмыстары және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер.

      4. Валюталық мониторинг бойынша ақпараттық база Қағидалардың 2-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде валюталық мониторинг объектілері ұсынатын есептіліктің мынадай түрлері:

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас компанияның филиалы (өкілдігі) туралы есеп (бұдан әрі – 1-қосымша бойынша есеп);

      Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында бас компания филиалының (өкілдігінің) қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар туралы есеп (бұдан әрі – 2-қосымша бойынша есеп);

      Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаларды іске асыру туралы есеп (бұдан әрі – 3-қосымша бойынша есеп);

      Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктердегі шоттардағы ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (бұдан әрі – 4-қосымша бойынша есеп);

      Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша шығындарды өтеу және пайданы бөлу туралы есеп (бұдан әрі – 5-қосымша бойынша есеп) негізінде қалыптастырылады.

2. Валюталық мониторингті жүзеге асыру

      5. Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істеген резидент емес заңды тұлғалардың барлық филиалдары (өкілдіктері) Ұлттық Банктің сұратуы бойынша Ұлттық Банктен сұрату алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей 1-қосымша бойынша есепті ұсынады.

      Ұлттық Банк ұсынылған ақпарат негізінде валюталық мониторинг респонденттерінің тізбесін қалыптастырады.

      6. Ұлттық Банк Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ақпаратты алған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей резидент емес заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) оның осы тізбеге енгізілгені және есептің тиісті нысандарын ұсыну қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      7. 1-қосымша бойынша есептің А бөлігінде көзделген деректемелер мен көрсеткіштер өзгерген жағдайда валюталық мониторинг респонденттері бұл туралы осындай өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Ұлттық Банкке хабарлайды.

      8. Валюталық мониторинг респонденттері мынадай мерзімдерде:

      1) 2-қосымша бойынша есепті – жыл сайын, ағымдағы жылғы бесінші сәуірге (қоса алғанда) дейін;

      2) 3-қосымша бойынша есепті және 4-қосымша бойынша есепті – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың жиырмасына (қоса алғанда) дейін;

      3) 5-қосымша бойынша есепті – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың онына (қоса алғанда) дейін ұсынады.

      9. Қағидалардың 5, 7 және 8-тармақтарына сәйкес есептілік Ұлттық Банктің валюталық мониторинг объектісінің орналасқан жері бойынша аумақтық филиалына ұсынылады.

      10. Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істеген резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ұсынылған есептердің дәйектілігін тексеру үшін қажетті құжаттарды (филиал (өкілдік) туралы ереженің, шарттың, шот-фактуралардың, қабылдау-өткізу актілерінің, төлем тапсырмаларының, бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есептің, ақша қозғалысы туралы есептің, кірістер мен жүргізілген шегерімдер туралы есептің, амортизациялық аударымдар, жөндеу шығыстары және белгіленген активтер бойынша басқа шегерімдер туралы есептің көшірмелерін) ұсынады.

  Қазақстан Республикасының аумағында
қызметін жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің
валюталық операцияларына мониторингті
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Бас компанияның филиалы (өкілдігі) туралы есеп
Есепті кезең: __________ жыл үшін

      Индексі: VM_BI_1

      Кезеңділігі: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратуы бойынша

      біржолғы

      Ұсынатындар: Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам

      қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары

      мен өкілдіктері

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

      валюталық мониторинг объектісінің орналасқан жері бойынша аумақтық

      филиалы

      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратуын алған

      күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы

      А бөлігі. Жалпы ақпарат

      1. БСН ______________________________________________________________

      2. Басшы ____________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      3. Нақты мекенжайы __________________________________________________

      телефоны _____________факсы ________________ e-mail__________________

      4. Қазақстан Республикасында қызмет көрсететін банк (банктер)

      _____________________________________________________________________

      5. Бас компания туралы ақпарат

      Атауы _______________________________________________________________

      Тіркейтін ел ________________________________________________________

      Тіркейтін елдің заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірі (болған

      кезде)

      _____________________________________________________________________

      БСН (ЖСН) (болған кезде) ____________________________________________

      6. Бас компанияның құрылтайшылары және (немесе) акционерлері туралы

      ақпарат

Атауы

Тіркейтін ел

Тіркейтін елдің сәйкестендіру нөмірі (болған кезде)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен)

1

2

3

4










      7. Бас компания филиалының (өкілдігінің) Қазақстан Республикасында

      есептік тіркелген күні _____________________________________________

      8. Қызмет түрлері

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Филиал (өкілдік) туралы ережеге сәйкес көрсетіледі)

      9. Жұмыс істейтіндер саны (адам)____оның ішінде: резидент еместер___

      Б бөлігі. Өндірістік-қаржылық қызметтің жекелеген көрсеткіштері

      миллион теңгемен

Көрсеткіштің атауы

Сомасы

А

1

2

1.

1. Тауарлар

х

2.

1.1. Өндірілген тауарлар көлемі


3.

1.2. Өткізілген тауарлар көлемі


4.

1.3. Сатып алынған тауарлар көлемі


5.

2. Көрсетілетін қызметтер

х

6.

2.1. Өндірілген қызметтер (жұмыстар) көлемі


7.

2.2. Өткізілген қызметтер (жұмыстар) көлемі


8.

2.3. Сатып алынған қызметтер (жұмыстар) көлемі


9.

3. Сыртқы активтер


10.

3.1. Резидент еместердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізумен байланысты дебиторлық берешегі


11.

3.2. Қолма-қол нысандағы және шетел банктеріндегі шоттардағы шетел валютасы


12.

3.3. Резидент еместерге қойылатын басқа да талаптар


13.

4. Сыртқы міндеттемелер


14.

4.1. Резидент еместерден қаржылай қарыздар


15.

4.2. Резидент еместер алдындағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізумен байланысты кредиторлық берешек


16.

4.3. Резидент еместер алдындағы басқа да міндеттемелер



      Басшы _________________ ___________ _________________________________

      (лауазымы) (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      20 ____ жылғы "__" _____________

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Бас компанияның филиалы (өкілдігі) туралы есеп
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Бас компанияның филиалы (өкілдігі) туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасына және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратуы бойынша бір рет жасайды.

      4. Нысан валюталық мониторинг респонденттерінің тізбесін қалыптастыру үшін пайдаланылады.

      5. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) қол қояды.

2. Нысанды толтыру

      6. Есепті кезең – бұл қорытындысы бойынша Б бөлігі толтырылатын кезең.

      7. А бөлігінің 6-тармағында дауыс беретін акциялардың немесе қатысушылар дауыстарының кемінде 10% (он пайызына) ие құрылтайшылар және (немесе) акционерлер көрсетіледі.

      8. А бөлігінің 8-тармағында қызмет түрлері Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың филиалы (өкілдігі) туралы ережеге сәйкес көрсетіледі.

      9. Б бөлігінде филиалдың (өкілдіктің) есепті жылдағы операцияларының нәтижелері миллион теңгемен көрсетіледі.

      1 және 2-бөлімдердің көрсеткіштері жыл қорытындысы бойынша көрсетіледі:

      1.1-көрсеткіште өндірілген тауарлар көлемі көрсетіледі;

      1.2-көрсеткіште өткізілген тауарлар көлемі көрсетіледі;

      1.3-көрсеткіште иеленген тауарлар көлемі көрсетіледі, ол шикізат пен материалдарға, сатып алынатын жинақтаушы бұйымдарға, жартылай фабрикаттарға, қосалқы материалдарға, отынға және энергияға жұмсалатын шығындардан тұрады;

      2.1-көрсеткіште өндірілген қызметтер (жұмыстар) көлемі көрсетіледі;

      2.2-көрсеткіште өткізілген қызметтер (жұмыстар) көлемі көрсетіледі;

      2.3-көрсеткіште сатып алынған қызметтер (жұмыстар) көлемі көрсетіледі, ол тысқары ұйымдар орындаған өндірістік және өндірістік емес сипаттағы қызметтерден (жұмыстардан) тұрады.

      3 және 4-бөлімдердің көрсеткіштері жыл соңындағы жағдай бойынша көрсетіледі:

      3-көрсеткіште сыртқы активтер сомасы көрсетіледі, ол 3.1, 3.2 және 3.3-көрсеткіштер сомасына тең болуға тиіс;

      3.1-көрсеткіште резидент еместердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізумен байланысты дебиторлық берешегінің сомасы көрсетіледі;

      3.2-көрсеткіште қолма-қол нысандағы және шет елдегі банктердегі шоттардағы шетел валютасының сомасы көрсетіледі;

      3.3-көрсеткіште резидент еместерге қойылатын басқа да талаптардың сомасы көрсетіледі;

      4-көрсеткіште сыртқы міндеттемелер сомасы көрсетіледі, ол 4.1, 4.2 және 4.3-көрсеткіштер сомасына тең болуға тиіс;

      4.1-көрсеткіште резидент еместерден алынған қаржылай қарыз сомасы көрсетіледі;

      4.2-көрсеткіште резидент еместер алдындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізумен байланысты кредиторлық берешек сомасы көрсетіледі;

      4.3-көрсеткіште резидент еместер алдындағы басқа да міндеттемелер сомасы көрсетіледі.

      10. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәнмен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасының аумағында
қызметін жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің
валюталық операцияларына мониторингті
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қазақстан Республикасында бас компания филиалының (өкілдігінің) қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар туралы есеп

      Есепті кезең: __________ жыл үшін

      Индексі: VM_P_2

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынатындар: валюталық мониторинг респонденттері

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық мониторинг респонденті орналасқан жер бойынша аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі: ағымдағы жылғы бесінші сәуірге (қоса алғанда) дейін

      Ұсыну нысаны: қағаз тасымалдағышта не электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып байланыс арналары арқылы электрондық түрде. Өзге тәсілмен ұсынылған есептер қағаз тасымалдағышта не электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып байланыс арналары арқылы электрондық түрде кейіннен растауды талап етеді. Бір есеп түрлі тәсілдермен ұсынылған кезде күндердің ең ерте ұсынылған күні есепті ұсыну күні болып саналады

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы

      БСН ______________________________________________________

      1-бөлік. Объектілер құрылысы

Объектінің атауы

Объектінің орналасқан жері

Тапсырыс беруші

Жоба қолданылатын мерзім

Атауы

БСН (ЖСН) (болған кезде)

басталған күні

аяқталған күні

А

1

2

3

4

5

6
















      2-бөлік. Көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) орындау

Жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы

Жоба жүзеге асырылатын орын

Тапсырыс беруші

Жоба қолданылатын мерзім

Атауы

БСН (ЖСН) (болған кезде)

басталған күні

аяқталған күні

А

1

2

3

4

5

6
















      3-бөлік. Мердігерлер және қосалқы мердігерлер

Мердігердің (қосалқы мердігердің) атауы

БСН (ЖСН) (болған кезде)

Тіркеген ел

Тіркеген елдің сәйкестендіру нөмірі (болған кезде)

Мердігер (қосалқы мердігер) орындайтын көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) атауы

А

1

2

3

4

5













      Басшы _________________ ____________________________________________

      (лауазымы) (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      20 ___ жылғы "___" _____________

      Орындаушы ____________ _____________________ телефоны _______________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      20 ____ жылғы "__" _____________

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Қазақстан Республикасында бас компания филиалының (өкілдігінің) қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар туралы есеп
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Қазақстан Республикасында бас компания филиалының (өкілдігінің) қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасына және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды валюталық мониторинг респонденттері жыл сайын жасайды.

      4. Нысан төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша жиынтық статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін пайдаланылады.

      5. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) және орындаушы қол қояды.

2. Нысанды толтыру

      6. 1-бөлікте Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілетін құрылыс қызметтері туралы ақпарат көрсетіледі:

      1-бағанда объектінің атауы көрсетіледі;

      2-бағанда объектінің орналасқан жері көрсетіледі;

      3-бағанда тапсырыс берушінің атауы көрсетіледі;

      4-бағанда тапсырыс берушінің БСН (ЖСН) (болған кезде) көрсетіледі;

      5-бағанда жобаның басталған күні көрсетіледі;

      6-бағанда жобаның аяқталған күні көрсетіледі.

      7. 2-бөлікте Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын, 1-бөлікте көрсетілмеген басқа көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) туралы ақпарат көрсетіледі:

      1-бағанда жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы көрсетіледі;

      2-бағанда жобаны іске асыру орны көрсетіледі;

      3-бағанда тапсырыс берушінің атауы көрсетіледі;

      4-бағанда тапсырыс берушінің БСН (ЖСН) (болған кезде) көрсетіледі;

      5-бағанда жобаның басталған күні көрсетіледі;

      6-бағанда жобаның аяқталған күні көрсетіледі.

      8. 3-бөлікте 1 және 2-бөліктерде көрсетілген қызметтерді (жұмыстарды) орындау үшін тартылатын мердігерлер немесе қосалқы мердігерлер туралы ақпарат көрсетіледі:

      1-бағанда мердігердің (қосалқы мердігердің) атауы көрсетіледі;

      2-бағанда мердігердің (қосалқы мердігердің) БСН (ЖСН) (болған кезде) көрсетіледі;

      3-бағанда мердігердің (қосалқы мердігердің) тіркелген елі көрсетіледі;

      4-бағанда мердігердің (қосалқы мердігердің) тіркелген елінің сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) көрсетіледі;

      5-бағанда мердігер (қосалқы мердігер) орындайтын көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) атауы көрсетіледі.

      9. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәнмен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасының аумағында
қызметін жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің
валюталық операцияларына мониторингті
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Жобаларды іске асыру туралы есеп

      Есепті кезең: 20__ жылғы __________ тоқсан

      Индексі: VM_PR_3

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатындар: валюталық мониторинг респонденттері

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық мониторинг респонденті орналасқан жер бойынша аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың жиырмасына (қоса алғанда) дейін

      Ұсыну нысаны: қағаз тасымалдағышта не электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып байланыс арналары арқылы электрондық түрде. Өзге тәсілмен ұсынылған есептер қағаз тасымалдағышта не электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып байланыс арналары арқылы электрондық түрде кейіннен растауды талап етеді. Бір есеп түрлі тәсілдермен ұсынылған кезде күндердің ең ерте ұсынылған күні есепті ұсыну күні болып саналады

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы

      БСН _____________________________________

      1-бөлік. Тауарларды сатып алу және сату

      мың АҚШ долларымен

Көрсеткіштің атауы

Жол коды

Құны

А

1

2

3

1.

Шетелдегі тікелей инвесторлардан алынған жабдық

10


2.

Шетелдегі тікелей инвесторлардан алынған басқа тауарлар

11


3.

Жабдықты шетелдегі тікелей инвесторларға қайтару

20


4.

Басқа тауарларды шетелдегі тікелей инвесторларға қайтару

21


5.

Тауарларды Қазақстан Республикасының резиденттерінен сатып алу

30


6.

Тауарларды Қазақстан Республикасының резиденттеріне өткізу

31


7.

Бас компанияны қоспағанда тауарларды Қазақстан Республикасының резидент еместерінен сатып алу

40


8.

Бас компанияны қоспағанда тауарларды Қазақстан Республикасының резидент еместеріне өткізу

41



      2-бөлік. Көрсетілетін қызметтерді орындау

      мың АҚШ долларымен

Операцияның сипаты

Көрсетілетін қызмет түрінің коды

Тапсырыс беруші

Сомасы

атауы

елі

БСН (ЖСН) (болған кезде)

тіркейтін елдің сәйкестендіру нөмірі (болған кезде резидент еместер үшін)

А

1

2

3

4

5

6

7


















Жиынтығы:







      3-бөлік. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу

      мың АҚШ долларымен

Операцияның сипаты

Көрсетілетін қызмет түрінің коды

Жеткізуші

Сомасы

атауы

елі

БСН (ЖСН) (болған кезде)

тіркейтін елдің сәйкестендіру нөмірі (болған кезде резидент еместер үшін)

А

1

2

3

4

5

6

7


















Жиынтығы:







      4-бөлік. Еңбекке ақы төлеу

      мың АҚШ долларымен

Көрсеткіштің атауы

Жол коды

Сомасы

А

1

2

3

1.

Резидент қызметшілерге және жұмысшыларға төленген жалақы

50


2.

Резидент емес қызметшілерге және жұмысшыларға төленген жалақы, барлығы

60


3.

оның ішінде елдер бойынша:












      5-бөлік. Жекелеген қаржылық көрсеткіштер

      мың АҚШ долларымен

Көрсеткіштің атауы

Жол коды

Сомасы

А

1

2

3

1.

Кезең соңындағы тауар-материалдық қорлар

70


2.

Жабдықтың кезеңдегі амортизациясы

80


3.

Кезең ішінде өндірілген өнімнің (орындалған жұмыстың) жиынтық құны

90


4.

Филиал (өкілдік) қызметінен алынған таза кіріс (зиян)

100


5.

Қазақстан Республикасының бюджеттеріне ұсталған салық

110


6.

Филиал (өкілдік) қызметінен бас компанияның шотына аударылған кіріс:


х

7.

резидент тапсырыс берушілер

120


8.

резидент емес тапсырыс берушілер

130



      Бас бухгалтер __________________ __________________________________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      20 ____ жылғы "__" _____________

      Орындаушы ____________ _______________________ телефоны ___________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      20 ___ жылғы "___" _____________

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Жобаларды іске асыру туралы есеп
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Жобаларды іске асыру туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасына және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды валюталық мониторинг респонденттері тоқсан сайын жасайды.

      4. Нысан төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша жиынтық статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін пайдаланылады.

      5. Нысанға бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), орындаушы қол қояды.

2. Нысанды толтыру

      6. Осы қосымшада жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру туралы есептік деректер көрсетіледі.

      7. Қосымшаны толтыру мақсатында тікелей инвесторларға мыналар жатады:

      бас компания;

      бас компанияның шетелдегі құрылымдық бөлімшесі;

      бас компанияның дауыс беретін акциялардың немесе қатысушылар даусының кемінде 10% (он пайызына) ие құрылтайшылары және (немесе) акционерлері;

      тел кәсіпорындар – сол бір тікелей және жанама инвестордың бақылауындағы және ықпалындағы, бірақ бір-біріне ешбір бақылау жасамайтын немесе әсер етпейтін кәсіпорындар.

      8. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша операциялар нақты ақы төлеу уақыты бойынша емес, оларды жүзеге асыру мерзімі (тауарды нақты жеткізу, қызметтерді нақты көрсету) бойынша көрсетіледі. Бұл ретте тауарларды Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеу күні, ал тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуді көздемейтін және тиісінше Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеу талап етілмейтін шарттар бойынша тауарды шарт талаптарына сәйкес өткізу күні тауар экспортының (импортының) күні болып саналады. Орындалған көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) қабылдау актісіне қол қойылған күн нақты қызметтерді көрсету (жұмыстарды орындау) күні болып саналады. Егер шартта орындалған көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) қабылдау актісін жасау көзделмесе, шот-фактура (инвойс) ұсынылған күнді қызмет көрсетілген күн деп санаған жөн.

      9. Тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша барлық операциялар мың АҚШ долларымен көрсетіледі. Егер операция және көрсеткіш валютасы АҚШ долларынан басқа болса, соманың баламасы валюталарды айырбастаудың операция жүргізілген күнгі нарықтық бағамы пайдаланыла отырып есептеледі.

      10. 1-бөлікте жобаларды жүзеге асыру шеңберінде тауарлардың иеленуі және өткізілуі туралы ақпарат көрсетіледі. 3-бағанда құны көрсеткіштің атауына сәйкес мың АҚШ долларымен көрсетіледі (10, 11, 20, 21, 30, 31, 40 және 41-жолдар).

      11. 2-бөлікте жобаларды іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) орындалуы туралы ақпарат көрсетіледі.

      12. 3-бөлікте жобаларды іске асыру үшін сатып алынған көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) туралы ақпарат көрсетіледі.

      13. 2 және 3-бөліктерде:

      1-бағанда орындалған көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) қабылдау актілеріне сәйкес көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) немесе шот-фактуралардағы төлем мақсаты бойынша жасалған операцияның сипаты көрсетіледі.

      2-бағанда көрсетілген қызметтер (жұмыстар) түрінің коды көрсетілетін қызметтердің жіктеліміне (1-кесте) сәйкес қойылады;

      3-бағанда тапсырыс берушінің (мердігердің) атауы көрсетіледі;

      4-бағанда тапсырыс берушінің (мердігердің) елі көрсетіледі;

      5-бағанда тапсырыс берушінің (мердігердің) БСН (ЖСН) (болған кезде) көрсетіледі;

      6-бағанда тапсырыс берушінің (мердігердің) тіркелген елінің сәйкестендіру нөмірі (болған кезде резидент еместер үшін) көрсетіледі;

      7-бағанда операция сомасы мың АҚШ долларымен көрсетіледі.

      14. 4-бөлікте резидент және резидент емес қызметкерлердің бір тоқсанда ақшалай және заттай нысанда есептелген жалақысы көрсетіледі. 3-бағанда сомасы көрсеткіштің атауына сәйкес мың АҚШ долларымен көрсетіледі (50 және 60-жолдар). Бұл ретте резидент қызметкерлерге Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ вахталық әдіспен жұмысқа тартылған шетелдік қызметкерлерді қоспағанда, жұмысқа бір жыл және одан көп мерзімге жалданған шетелдік қызметкерлер жатады. Резидент емес қызметкерлерге жұмысқа бір жылдан аз мерзімге қабылданған шетелдік қызметкерлер және вахталық әдіспен жұмысқа тартылған шетелдік қызметкерлер жатады. Заттай нысандағы жалақы тағам, баспана, көлік құралдары, тегін жол жүру, жұмысқа және жұмыстан тасымалдау, спорт орталықтары мен демалыс үйлерінің қызметтері, акцияларға опциондар сияқты тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нысанындағы төлемдерден тұрады.

      15. 5-бөлікте бас компания филиалының (өкілдігінің) жекелеген қаржылық көрсеткіштері көрсетіледі. 3-бағанда сомасы көрсеткіштің атауына сәйкес мың АҚШ долларымен көрсетіледі (70, 80, 90, 100, 110, 120 және 130-жолдар). 120 және 130-жолдар бойынша филиалдың (өкілдіктің) жоба тапсырыс берушілері филиалдың (өкілдіктің) шетелдегі және қазақстандық банктердегі шоттарды қоспағанда, бас компания шоттарына тікелей аударған, іске асырылатын жобалар бойынша кірістері көрсетіледі.

      16. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәнмен ұсынылады.

      1-кесте

Көрсетілетін қызметтердің жіктелімі

Көрсетілетін қызметтердің түрлері

Көрсетілетін қызметтер түрінің коды

1.

Құрылыс қызметтері құрылыс келісім-шарттарының ажырамас бөлігі болып табылатын, құрылыс учаскесін дайындау, объектілер салу, құрастырмалы құрылғылар мен жабдықты құрастыру кіретін барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қамтиды. Су ұңғыларын бұрғылау мен салу және құрылыс немесе бұзу жабдығын операторымен қоса жалдау, құрылыс жөндеу жұмыстары сияқты басқа көрсетілетін қызметтер кіреді.

200

2.

Қаржылық қызметтерге қаржылық мәмілелер жөніндегі делдалдардың комиссиялық сыйақылары кіреді және әдетте, оларды банктер және басқа да қаржы ұйымдары (сақтандыру компанияларының және зейнетақы қорларының қызметтерін қоспағанда) көрсетеді. Сондай-ақ басқа қосалқы қаржылық қызметтер (қаржылық консультациялар, қаржы активтерін басқару, кредиттік рейтинг қызметтері) кіреді. Депозиттер, кредиттер, несиелер және қарыздар бойынша пайыздар қаржылық қызметтерге кірмейді.

201

3.

Сақтандыру қызметтері сақтандыру компанияларының түрлі сақтандыру қызметтерінің түрлерімен қамтамасыз етуді, сондай-ақ сақтандыру агенттерінің комиссиялары, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі консультациялар сияқты сақтандыру жөніндегі қосымша қызметтерді қамтиды.

202

4.

Компьютерлік қызметтерге тапсырыс берілген және тапсырыс берілмеген (жаппай өндірілетін) бағдарламалық қамтамасыз ету және онымен байланысты лицензияларды сату (сатып алу); техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату; компьютерлік техника және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы консалтинг; компьютерлер мен перифериялық құрылғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету, деректерді өңдеу және оларды серверде орналастыру; жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге түпнұсқаларды және меншік құқықтарын сатып алу мен сату кіреді. Компьютерлік қызметтерге бағдарламалық қамтамасыз етуді қалпына келтіруге және (немесе) таратуға лицензияларға ақы төлеу (зияткерлік меншікті пайдалану), нақты пайдаланушы үшін әзірленбеген компьютерлік оқу курстары (жеке тұлғаларға басқа да көрсетілетін қызметтер) кірмейді.

203

5.

Ақпараттық қызметтерге бұқаралық ақпарат құралдарына жаңалықтар, фотографиялар және мақалалар беру; дерекқорларды құру, сақтау және тарату; пошта бойынша және өзге тәсілдермен жеткізе отырып мерзімді басылымдарға тікелей жеке жазылу; кітапханалар мен мұрағаттар көрсететін қызметтер кіреді.

204

6.

Зияткерлік меншікті пайдаланғаны үшін төленетін ақыға меншік құқықтарын пайдаланғаны үшін ақы (патенттер, авторлық құқықтар, сауда маркалары, технологиялық процестер, дизайн және т.б. сияқты), сондай-ақ шығарылған түпнұсқалар мен прототиптерді (кітаптар мен қолжазбалар, компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету, кинематографиялық жұмыстар, дыбыс жазбалары және т.б. сияқты) шығаруға және (немесе) таратуға арналған лицензия үшін ақы кіреді.

205

7.

Операциялық лизинг жабдықты қызметкерлерсіз жалдауды, көлік құралдарын экипажсыз жалдауды, жылжымайтын мүлікті жалдауды қамтиды. Қаржы лизингі, телекоммуникациялық желілерді немесе қуат көздерін (телекоммуникациялық қызметтер), көлік құралдарын экипажымен жалдау (жүк немесе жолаушылар тасымалдау) кірмейді.

206

8.

Тауарларды қайта өңдеу бойынша қызметтерге материалдық ресурстарды өңдеу, жинау және т.б. кіреді. Бұл қызметтерге шикі мұнайды, табиғи газды, металл кендерін және концентраттарды қайта өңдеу; киім тігу, дайын құрылыс құрылғыларын жинауды (құрылыс қызметтері) қоспағанда электроника жинау және жинаудың басқа түрлері жатады.

207

9.

Жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерге теңіз және әуе кемелерін, басқа көлік құралдарын, сондай-ақ құрылыс жөндеуді, компьютерлер жөндеуді, мұнай мен газ ұңғымаларын жөндеуді қоспағанда, басқа тауарларды күрделі және ағымдағы жөндеу, техникалық қызмет көрсету кіреді. Көлік құралдарын тазарту мен жинау (басқа да көлік қызметтері) кірмейді.

208

10.

Заң қызметтері – заң кеңестері мен консультациялары; заң, сот және заңнамалық процестерде қызметтер көрсету; фирмаларға жедел көмек көрсету; заң құжаттамасын дайындау; төрелік қызметтері және т.б.

209

11.

Бухгалтерлік, аудиторлық қызметтер – бухгалтерлік есеп, есеп жүргізу, аудит және салық салу бойынша консультациялық қызметтер, қаржылық есептілікті жасау.

210

12.

Бизнес және басқару консультациясы бойынша қызметтерге жалпы басқару консультациялары, қаржы менеджменті, кадр менеджменті, өндіріс менеджменті және басқа басқару консультациялары; бизнес саясат және стратегия мәселелеріндегі консультациялар, басшылық және жедел көмек; жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтер кіреді. Құрылыс жобасын басқару (құрылыс қызметтері) кірмейді.

211

13.

Жарнама және нарық конъюнктурасын зерделеу саласындағы қызметтер – жарнама агенттіктері арқылы жарнама жобалау, жарнама жасау және маркетингі; жарнама уақытын сатып алу мен сатуды қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарына жарнама орналастыру; көрме және сауда жәрмеңкелерін ұйымдастыру; тауарды шетелде жарнамалау; маркетингтік зерттеулер; әртүрлі мәселелер бойынша қоғамдық пікір сауалнамаларын жүргізу.

212

14.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер (ҒЗЖТКӘ) жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді, жаңа өнімдер мен технологияларды тәжірибелік әзірлемелерді, техникалық жаңалықтарды білдіретін операциялық жүйелерді әзірлеуді, сондай-ақ ҒЗЖТКӘ нәтижелерін (патенттер, авторлық құқықтар, технологиялық процестер және т.с.с.) сатып алу мен сатуды қамтиды.

213

15.

Сәулет, инженерлік және басқа да техникалық қызметтерге сәулет және құрылыс жобаларын әзірлеу; геологиялық барлау және зерттеу, картография; метеорологиялық қызметтер; өнімнің сапасын тексеру және сертификаттау, техникалық сынау және талдау, техникалық бақылау; инженерлік консультациялар және қоршаған орта бойынша консультациялар кіреді. Кен өндіру инженериясы пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты қызметтерде көрсетіледі.

214

16.

Қалдықтарды қайта өңдеу және тазалау – радиоактивті және басқа қалдықтарды қайта өңдеу; ластанған топырақты және ағынды суды тазалау; мұнай қалдықтарын қоса алғанда ластануды тазалау; кен өндіру орындарын қалпына келтіру; тазалау және санитарлық қызметтер. Сондай-ақ қоршаған ортаны тазалауға және қайта жаңғыртуға байланысты барлық қызметтер кіреді.

215

17.

Пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты қызметтер – бұрғылауды, бұрғылау мұнараларын салуды, жөндеуді және бұзуды, мұнай және газ ұңғыларын цементтеуді қоса алғанда мұнай, газ және басқа пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты қызметтер; кен өндіру инженериясы.

216

18.

Кадрларды оқыту және даярлау – қызметкерлерді кәсіби оқыту және біліктілігін арттыру. Шет тілдерін оқыту, мектептерде, ЖОО-да және басқа оқыту үшін ақы төлеу (жеке тұлғаларға қызметтер) кірмейді.

217

19.

Медициналық қызметтер – қызметкерлерге олардың кәсіби қызметін жүзеге асыруға байланысты медициналық қызмет көрсету. Емделу және санаторий қызметі үшін ақы төлеу (жеке тұлғаларға қызмет көрсету) кірмейді.

218

20.

Саудамен байланысты қызметтерге трейдерлерге, биржалық тауарлардың брокерлеріне, дилерлерге, аукционшыларға төленуге жататын тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен операциялар бойынша комиссиялық сыйақы кіреді. Қаржы құралдары бойынша брокерлік қызметтер (қаржылық қызметтер) және агенттердің жүк және жолаушылар тасымалдарымен байланысты комиссиялық сыйақысы (басқа да көлік қызметтері) кірмейді.

219

21.

Басқа да қызметтер электр энергиясын, суды, газды және т.б. бөлу жөніндегі қызметтерді; кадрлар іріктеуді, күзетті, ауызша және жазбаша аударманы, фотографиялық қызметтерді, үй-жайларды жинауды, тамақтануды ұйымдастыруды, риэлторлық қызметтерді, баспа қызметтерін, мал дәрігерлік қызметтерді және жоғарыда аталған қызметтерге кірмеген басқа іскерлік қызметтерді қамтиды.

220

22.

Жүк тасымалдау – көлік кәсіпорындарының экспорттық және импорттық жүктер тасымалдау жөніндегі қызметтері.

221

23.

Жолаушы тасымалдау – көлік кәсіпорындарының жолаушыларды чартерлік рейстермен (билет сатып алмай) тасымалдау жөніндегі қызметтері.

222

24.

Қосалқы көлік қызметтеріне тиеу-түсіру жұмыстары, сақтау және қоймаға салу, орау, көлік құралдарына қосалқы қызмет көрсету, сондай-ақ агенттердің жүк және жолаушы тасымалдауға байланысты комиссиялық сыйақысы кіреді. Қосалқы көлік қызметтеріне тасымалдау (жүк немесе жолаушы тасымалдау) құны кірмейді.

223

25.

Байланыс қызметтеріне пошта қызметтері, курьерлік қызметтер және телекоммуникациялық қызметтер кіреді. Телекоммуникациялық қызметтер дыбысты, бейнені немесе басқа ақпаратты телефон, телетайп, телеграф, радиотарату, серіктік байланыс, электрондық пошта, факс көмегімен өткізуді қамтиды. Іскерлік желілік қызметтер, телеконференциялар және ілеспе қызметтер кіреді. Оларға өткізілетін ақпараттың құны кірмейді. Сондай-ақ интернет және желіге кіру кіреді. Телефон желісін орнату қызметтері (құрылыс қызметтері), дерекқордың және компьютерлік қызметтерге байланысты кіру және дерекқор ақпаратын пайдалану қызметтері кірмейді.

224

26.

Жеке тұлғаларға қызметтер және мәдениет және демалыс саласындағы қызметтерге фильмдерді, радио және телебағдарламалар шығаруға және музыкалық туындыларды жазуға байланысты қызметтер; гастрольдермен, театр қойылымдарын, музыкалық, спорт және цирк бағдарламаларын жасауға байланысты актерлер мен режиссерлердің еңбекақысы және т.б.; бейне- және дыбыс жазбаларын жалдауға, бейне- және дыбыс жазбаларын пайдалану (көрсету) құқығына, телеарналарға кіруге ақы төлеу; пайдалануға алудан төлемдер мен түсімдер; түпнұсқаларды сатып алу мен сату және қолжазбаларды, бейне- және дыбыс жазбаларын жаппай шығару; мұражайлардың, кітапханалардың, мұрағаттардың жұмысымен байланысты қызметтер; спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер; сырттай көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, оқытушылар мен медициналық қызметкерлердің өз елінен тыс қызметтері кіреді.

225

27.

Табиғи ресурстарды жалдау жер, ормандар, қорықтар, су қоймалары сияқты табиғи ресурстарды уақытша пайдаланғаны үшін; пайдалы қазбаларды өндіруге және балық аулауға құқық бергені үшін; аумақтың үстінен ұшып өту құқығына төлемдерді қамтиды.

226

  Қазақстан Республикасының аумағында
қызметін жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің
валюталық операцияларына мониторингті
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Банктердегі шоттардағы ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
Есепті кезең: 20____ жылғы _____ тоқсан

      Индексі: VM_MF_4

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатындар: валюталық мониторинг респонденттері

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық мониторинг респонденті орналасқан жер бойынша аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың жиырмасына (қоса алғанда) дейін

      Ұсыну нысаны: қағаз тасымалдағышта не электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып байланыс арналары арқылы электрондық түрде. Өзге тәсілмен ұсынылған есептер қағаз тасымалдағышта не электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып байланыс арналары арқылы электрондық түрде кейіннен растауды талап етеді. Бір есеп түрлі тәсілдермен ұсынылған кезде күндердің ең ерте ұсынылған күні есепті ұсыну күні болып саналады

      Нысан

      ____________________________________________________________________

      бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы

      БСН _________________________________

      шот валютасының мың бірлігімен

р/с №

Көрсеткіштің атауы

Жол коды

Шетелдегі банктердегі шоттар

Қазақстан банктеріндегі шоттар

USD

EUR

RUR

басқалары

KZT

USD

EUR

RUR

басқалары

А

Б

В

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

Кезең басындағы қалдық

200










2.

Кезеңде түскен қаражат

210










3.

оның ішінде:











4.

Резидент еместерден түскені

211










5.

оның ішінде:











6.

тікелей инвесторлардан қаржылай қарыздар;

212










7.

тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеуге;

213










8.

басқа да

214










9.

Резиденттерден түскені

215










10.

оның ішінде:











11.

тікелей инвесторлардан қаржылай қарыздар;

216










12.

Қазақстан банктерінен қаржылай қарыздар;

217










13.

тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеуге;

218










14.

басқа да

219










15.

Филиалдың (өкілдіктің) шоттарынан аударылғаны

220










16.

оның ішінде:











17.

Қазақстан банктеріндегі шоттардан;

221










18.

шетелдегі банктердегі шоттардан

222










19.

Валюталарды айырбастаудан аударылғаны

223










20.

оның ішінде:











21.

теңгемен шетел валютасын сатып алудан (сатудан);

224










22.

басқа шетел валютасына шетел валютасын сатып алудан

225





х





23.

Кезеңде жұмсалған қаражат

250










24.

оның ішінде:











25.

Резидент еместерге жұмсалғаны

251










26.

оның ішінде:











27.

тікелей инвесторлардан қаржылай қарыздарды өтеуге;

252










28.

тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеуге;

253










29.

басқа да

254










30.

Резиденттерге жұмсалғаны

255










31.

оның ішінде:











32.

тікелей инвесторлардан қаржылай қарыздарды өтеуге;

256










33.

Қазақстан банктерінен қаржылай қарыздарды өтеуге;

257










34.

тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеуге;

258










35.

басқа да

259










36.

Филиалдың (өкілдіктің) шотына аударылғаны

260










37.

оның ішінде:











38.

Қазақстан банктерінің шоттарына;

261










39.

шетелдегі банктерінің шоттарына

262










40.

Валюталарды айырбастауға аударылғаны

263










41.

оның ішінде:











42.

теңгемен шетел валютасын сатып алуға (сатуға);

264










43.

басқа шетел валютасына шетел валютасын сатып алуға

265





х





44.

Кезең соңындағы қалдық

290











      Бас бухгалтер ___________________ _____________________________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      20 ____ жылғы "__" _____________

      Орындаушы _________ _____________________ телефоны ____________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      20 ___ жылғы "__" _____________

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Банктердегі шоттардағы ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Банктердегі шоттардағы ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасын Заңының 56-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасына және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды валюталық мониторинг респонденттері тоқсан сайын жасайды.

      4. Нысан төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша жиынтық статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін пайдаланылады.

      5. Нысанға бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), орындаушы қол қояды.

2. Нысанды толтыру

      6. Шоттар деп филиалдың (өкілдіктің) Қазақстан банктерінде және шетелдегі банктерде ашылған ағымдағы және жинақ шоттары, сондай-ақ филиалдар (өкілдіктер) жүзеге асыратын жобаларды қаржыландыру үшін мердігерлік компаниялар ашқан бірлескен шоттар түсіндіріледі.

      7. Қаржылай қарыздарға ақша беру туралы сұратулар ("Cash Call Loan") – егер филиалдың (өкілдіктің) қажеттілігі олардың түсімінен асып кеткен жағдайға ақша бөлу туралы сұратуларға қарыздар кіреді. Бас компания жобаны қаржыландыру үшін пайдаланылатын осындай сұратуларды және оның құрылымдық бөлімшесінің ағымдағы қызметіне (өндіріс қуат көздерін және инфрақұрылым объектілерін салу) ақы төлеу үшін белгіленген (айқындалған) мөлшердегі соманы резервтейді.

      8. 1, 2, 3, 5, 6, 7 және 8-бағандар көрсеткіштің атауына сәйкес шет елдегі банктерде және қазақстандық банктерде АҚШ долларымен, еуромен, Ресей рублімен және теңгемен ашылған шоттар бойынша шот валютасының мың бірлігімен толтырылады (200, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 222, 223, 224, 225, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265 және 290-жолдар).

      9. 4 және 9-бағандар көрсеткіштің атауына сәйкес шет елдегі банктерде және қазақстандық банктерде өзге валюталармен (АҚШ долларынан, еуродан, Ресей рублінен және теңгеден басқа) ашылған шоттар бойынша мың АҚШ долларымен толтырылады (200, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 222, 223, 224, 225, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265 және 290-жолдар). Бұл ретте, көрсеткіш мәнінің АҚШ долларымен баламасы 200-жол үшін алдыңғы кезеңнің соңындағы, 290-жол үшін есептік кезеңнің соңындағы және қалған жолдар үшін операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып есептеледі.

      10. Есепті жасау кезінде мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз ету қажет:

      1, 2, 3, 5, 6, 7 және 8-бағандар бойынша 200-жол + 210-жол – 250-жол = 290-жол

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-бағандар бойынша:

      кезең басындағы қалдықтар (200-жол) алдыңғы кезеңнің соңындағы қалдықтармен (290-жол) сәйкес келуге тиіс;

      210-жол = 211-жол + 215-жол + 220-жол + 223-жол;

      211-жол = 212-жол + 213-жол + 214-жол;

      215-жол = 216-жол + 217-жол + 218-жол + 219-жол;

      220-жол = 221-жол + 222-жол;

      223-жол = 224-жол + 225-жол;

      250-жол = 251-жол + 255-жол + 260-жол + 263-жол;

      251-жол = 252-жол + 253-жол + 254-жол;

      255-жол = 256-жол + 257-жол + 258-жол + 259-жол;

      260-жол = 261-жол + 262-жол;

      263-жол = 264-жол + 265-жол.

      11. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәнмен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасының аумағында
қызметін жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің
валюталық операцияларына мониторингті
жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Өнімді бөлу туралы келісім бойынша шығындарды өтеу және пайданы бөлу туралы есеп
Есепті кезең: 20____ жылғы _____ тоқсан

      Индексі: VM_SRP_5

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатындар: өнімді бөлу туралы келісім бойынша операторлар болып табылатын валюталық мониторинг респонденттері

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық мониторинг респонденті орналасқан жер бойынша аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың онына (қоса алғанда) дейін

      Ұсыну нысаны: қағаз тасымалдағышта не электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып байланыс арналары арқылы электрондық түрде. Өзге тәсілмен ұсынылған есептер қағаз тасымалдағышта не электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып байланыс арналары арқылы электрондық түрде кейіннен растауды талап етеді. Бір есеп түрлі тәсілдермен ұсынылған кезде күндердің ең ерте ұсынылған күні есепті ұсыну күні болып саналады

      Нысан

      Өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде жобаның атауы ________________

      Бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы ________________________

      БСН ________________________________

      мың АҚШ долларымен

р/с №

Көрсеткіштің атауы

Жол коды

Барлығы

оның ішінде мердігерлік компаниялар

резиденттер

резидент еместер

Мердігерлік компанияның атауы






1.

Мердігерлік компанияның өнімді бөлу туралы келісімдегі (бұдан әрі - ӨБК) үлесі, %

100







2.

Есепті кезеңдегі операциялар

200

х

х

х

х

х

х

2.1.

ӨБК бойынша шығындар (түзетусіз):

300

х

х

х

х

х

х

2.1.1.

өтелмейтін;

310







2.1.2.

өтелетін

320







2.2.

ӨБК бойынша кірістер:

400

х

х

х

х

х

х

2.2.1.

есептелген аплифт;

410







2.2.2.

төленген аплифт

420







2.3.

Өнімді бөлу – мердігерлік компанияның үлесі:

500

х

х

х

х

х

х

2.3.1.

кост-ойл;

510







2.3.2.

профит-ойл

520







2.4.

ӨБК бойынша шығындарға түзетулер:

600

х

х

х

х

х

х

2.4.1.

өтелмейтін;

610







2.4.2.

өтелетін

620







3.

Баланстық позициялар (жинақталған қорлар)

700

х

х

х

х

х

х

3.1.

Кезең басындағы:

710

х

х

х

х

х

х

3.1.1.

өтелмейтін шығындар;

711







3.1.2.

өтелетін шығындар;

712







3.1.3.

есептелген, бірақ төленбеген аплифт

713







3.2.

Кезең соңындағы:

720

х

х

х

х

х

х

3.2.1.

өтелмейтін шығындар;

721







3.2.2.

өтелетін шығындар;

722







3.2.3.

есептелген, бірақ төленбеген аплифт

723








      Бас бухгалтер __________________ ____________________________________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      20 ____ жылғы "____" _____________

      Орындаушы ___________ _______________________ телефоны _____________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      20 ____ жылғы "____" _____________

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Өнімді бөлу туралы келісім бойынша шығындарды өтеу және пайданы бөлу туралы есеп
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Өнімді бөлу туралы келісім бойынша шығындарды өтеу және пайданы бөлу туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасына және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды өнімді бөлу туралы келісім бойынша операторлар болып табылатын валюталық мониторинг респонденттері тоқсан сайын жасайды.

      4. Нысан төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша жиынтық статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін пайдаланылады.

      5. Нысанға бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), орындаушы қол қояды.

2. Нысанды толтыру

      6. Қосымшаны операторлар Қазақстан Республикасының аумағында өнімді бөлу туралы келісімдердің шеңберіндегі (бұдан әрі – ӨБК) жобалар бойынша мердігер компаниялардың атаулары мен олардың резиденттілігі бойынша ұсынады.

      7. Қосымшаны толтыру мақсаттары үшін көрсеткіштердің мынадай анықтамалары пайдаланылады:

      1) мердігерлік компания – мердігердің құрамына кіретін ӨБК қатысушысы;

      2) аплифт – шығындардың өтелмеген бөлігіне есептелген/төленген пайыз;

      3) кост-ойл – өтемдік мұнай-газ шикізаты;

      4) профит-ойл – пайда келтіретін мұнай-газ шикізаты.

      8. 100-жолда мердігер компанияның ӨБК-дегі үлесі пайызбен көрсетіледі.

      9. Барлық қалған көрсеткіштер көрсеткіш атауына сәйкес мың АҚШ долларымен көрсетіледі (310, 320, 410, 420, 510, 520, 610, 620, 711, 712, 713, 721, 722 және 723-жолдар).

      10. Есепті кезеңдегі операциялар үшін (310, 320, 410, 420, 510, 520, 610, 620-жолдар) егер көрсеткіш валютасы АҚШ долларынан басқа болған жағдайда сома баламасы операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып есептеледі.

      11. Кезең басындағы қалдықтар (711, 712 және 713-жолдар) алдыңғы кезеңнің соңындағы валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы ескеріле отырып АҚШ долларына аударылады. Бұл ретте кезең басындағы қалдықтар алдыңғы кезеңнің соңындағы қалдықтармен сәйкес келуге тиіс.

      12. Кезең соңындағы қалдықтар (721, 722 және 723-жолдар) кезең соңындағы валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы ескеріле отырып АҚШ долларына аударылады.

      13. ӨБК бойынша шығындар (310 және 320-жолдар) есепті кезеңде жүргізілген түзетулерді, сондай-ақ шығындар бойынша қайта жіктелімді есептемей көрсетіледі. ӨБК бойынша шығындарға түзетулер мен қайта жіктелімдер 610 және 620-жолдарда көрсетіледі.

      14. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.