Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 14 қазандағы № 122 қаулысына толықты

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы N 109 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6040 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 263 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 1169 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "6250205172 (алты миллиард екі жүз елу миллион екі жүз бес мың бір жүз жетпіс екі)" деген сөздер "4634416150 (төрт миллиард алты жүз отыз төрт миллион төрт жүз он алты мың бір жүз елу)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы "1197474900 (бір миллиард бір жүз тоқсан жеті миллион төрт жүз жетпіс төрт мың тоғыз жүз)", "732941200 (жеті жүз отыз екі миллион тоғыз жүз қырық бір мың екі жүз)", "54109700 (елу төрт миллион бір жүз тоғыз мың жеті жүз)" және "410424000 (төрт жүз он миллион төрт жүз жиырма төрт мың)" деген сөздер тиісінше "1168079400 (бір миллиард бір жүз алпыс сегіз миллион жетпіс тоғыз мың төрт жүз)", "732433700 (жеті жүз отыз екі миллион төрт жүз отыз үш мың жеті жүз)", "27660700 (жиырма жеті миллион алты жүз алпыс мың жеті жүз)" және "407985000 (төрт жүз жеті миллион тоғыз жүз сексен бес мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "3737025000 (үш миллиард жеті жүз отыз жеті миллион жиырма бес мың)", "3108007000 (үш миллиард бір жүз сегіз миллион жеті мың)", "120000000 (бір жүз жиырма миллион)", "456390000 (төрт жүз елу алты миллион үш жүз тоқсан мың)" және "52628000 (елу екі миллион алты жүз жиырма сегіз мың)" деген сөздер тиісінше "3143770000 (үш миллиард бір жүз қырық үш миллион жеті жүз жетпіс мың)", "2768248000 (екі миллиард жеті жүз алпыс сегіз миллион екі жүз қырық сегіз мың)", "36000000 (отыз алты миллион)", "317831000 (үш жүз он жеті миллион сегіз жүз отыз бір мың)" және "21691000 (жиырма бір миллион алты жүз тоқсан бір мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "1158995500 (бір миллиард бір жүз елу сегіз миллион тоғыз жүз тоқсан бес мың бес жүз)" деген сөздер "178560300 (бір жүз жетпіс сегіз миллион бес жүз алпыс мың үш жүз)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "30643322 (отыз миллион алты жүз қырық үш мың үш жүз жиырма екі)", "14374160 (он төрт миллион үш жүз жетпіс төрт мың бір жүз алпыс)", 12330162 (он екі миллион үш жүз отыз мың бір жүз алпыс екі) және "3939000 (үш миллион тоғыз жүз отыз тоғыз мың)" деген сөздер тиісінше "17940000 (он жеті миллион тоғыз жүз қырық мың)", "3280000" (үш миллион екі жүз сексен мың), "11760000 (он бір миллион жеті жүз алпыс мың)" және "2900000 (екі миллион тоғыз жүз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов