Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз!
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер белгілеу кодтарының тізбесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларында:
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Экономика секторы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экономика секторының кодына сәйкес қойылады.
12. Төлемді белгілеу коды Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген Төлем белгілеу кодтарының жан-жақты кестесіне сәйкес қойылады.»;
18-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«18-2. Мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық), екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – банктер), «Қазпочта» акционерлік қоғамы, бас банктің төлемдер мен ақша аударымдарын, оның ішінде еншілес банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып депозиторлардың бас банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген банк шоттары бойынша жүзеге асыруымен байланысты аударым операцияларын Ұлттық Банктің лицензиясынсыз жүзеге асыратын, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға (бұдан әрі – бұрын еншілес банк болған заңды тұлға) ұсынады және Ұлттық Банк Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға сәйкес қалыптастырады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Мәліметтерді:
1) Орталық – есепті айдан кейінгі айдың жетінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей;
2) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға – есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей ұсынады және Ұлттық Банк қалыптастырады;
3) бас банк және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк, қосылатын банк, сондай-ақ Банктер туралы заңға сәйкес қосылу жүзеге асырылатын банк – есепті айдан кейінгі айдың жиырма бірінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей ұсынады.
Егер Мәліметтерді ұсыну мерзімі жұмыс емес күніне сәйкес келсе, одан кейінгі жұмыс күні Мәліметтерді ұсыну күні болып саналады.»;
мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
«21. Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген ұйымдар:
1) есепті айда Мәліметтерде көрсетілетін төлемдер және ақша аударымдар болмаған кезде бұл туралы Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей хабарлайды;
2) бұрын ұсынылған Мәліметтерден қателер анықталған жағдайда қателерді түзетеді және дәйекті Мәліметтерді Ұлттық Банкке Мәліметтерді ұсыну үшін Қағидалардың 20-тармғында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады.»;
2 және 3-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жазылсын.
2. Төлем жүйелерiн дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы, осы қаулыға 1-қосымшаның Төлемдер белгілеу кодтарының жан-жақты кестесінің жаңа редакцияда жазылған, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 014, 031, 089, 090, 093, 098 және 099 төлемдер белгілеу кодтары операциялары атауларының өзгерістерін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті Төрағасының м.a.
______________ Б. Иманәлиев
2016 жылғы 25 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 260 қаулысына 1-қосымша
Экономика секторларының кодтарын
қолдану мен төлемдер тағайындау
және соларға сәйкес төлемдер бойынша
мәліметтер ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Төлем белгілеу кодтарының жан-жақты кестесі
Төлем белгілеу кодтары |
Операциялардың атауы |
0-бөлім «Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар» |
|
002 |
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің сомасынан, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының оның активтері сомасынан түскен комиссиялық сыйақы |
003 |
Инвестициялық шотқа аударым |
004 |
Зейнетақы төлемдері шотына аударым |
005 |
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған өсімпұл сомаларын қайтаруы |
006 |
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушының комиссиялық сыйақысы |
007 |
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақысы |
008 |
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы |
009 |
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл |
010 |
Міндетті зейнетақы жарналары |
011 |
014 төлем белгілеу коды бойынша зейнетақы төлемдерін қоспағанда, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері |
012 |
Міндетті әлеуметтік аударымдар |
013 |
Ерікті зейнетақы жарналары |
014 |
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері |
015 |
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары |
016 |
Банктің қаржыландырылған зейнетақы қаражатын және базалық зейнетақы төлемдерін қайтаруы |
017 |
Міндетті әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл |
018 |
Инвестициялық кіріс, |
оның ішінде: |
|
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының инвестициялық қызметінен алынған инвестициялық кіріс |
|
019 |
Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл |
020 |
Зейнетақылардан және жәрдемақылардан сомаларды ұстау, зейнетақылардан және жәрдемақылардан ұстап қалу сомаларын қайтару |
021 |
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қате есептелген төлемдерді қайтаруы |
022 |
Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар |
023 |
Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару |
024 |
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында аудару |
025 |
2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдар, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған тұлғалардың пайдасына бюджет қаражат есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан елу пайызды қайтару |
026 |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының міндетті әлеуметтік ақша аудару бойынша қате есептелген немесе артық төленген сомаларды қайтаруы |
027 |
Еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлем |
028 |
Еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару |
029 |
Жергілікті бюджеттерден трансферттер |
030 |
Республикалық бюджеттен трансферттер, |
оның ішінде: |
|
Зейнетақы төлемдерін алушыларға мемлекет кепілдіктерінің сомаларын міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамында нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша инфляция деңгейін ескере отырып төлеу |
|
Бір жасқа толғанға дейін бала күтіп-бағуға байланысты табысты жоғалтқан жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын әлеуметтік төлемдерді алушыларға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан субсидиялау |
|
Бір жасқа толғанға дейін бала күтіп-бағуға байланысты табысты жоғалтқан жағдайда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын әлеуметтік төлемдерді алушыларға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан субсидиялау |
|
031 |
Банктің қате төлемдерді, басқа да төлемдерді қайтаруы |
басқа да төлемдерге мыналар жатады: |
|
Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыны қайтару |
|
оралмандарға бір жолғы төлемдерді қайтару |
|
банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдерді қайтару |
|
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті қайтару |
|
тұрғын үй көмегін қайтару |
|
032 |
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы |
033 |
Зейнетақылар |
034 |
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар |
035 |
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қайтару |
036 |
Асыраушысынан айрылған жағдай бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар |
037 |
Асыраушысынан айрылған жағдай бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қайтару |
038 |
Жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар |
039 |
Жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қайтару |
040 |
Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған төлемдерді алушыларды, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерді бар өзге тұлғаларды жерлеуге арналған жәрдемақылар |
041 |
Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған төлемдерді алушыларды, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерді бар өзге тұлғаларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды қайтару |
042 |
Жер асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды жұмыста және өте ауыр жұмыс жағдайларында жұмыс істеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақылар |
043 |
Жер асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды жұмыста және өте ауыр жұмыс жағдайларында жұмыс істеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды қайтару |
044 |
Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар төлеу |
045 |
Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды қайтару |
046 |
Асыраушысынан айрылған жағдайда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдер |
047 |
Асыраушысынан айрылған жағдайға арналған әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару |
048 |
Жұмысын жоғалтқан жағдайда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдер |
049 |
Жұмысын жоғалтқан жағдайға арналған әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару |
050-топ «Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар» |
|
051 |
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына |
052 |
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне |
053 |
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға |
054 |
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға |
055 |
Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердің жесірлеріне |
056 |
Қайтыс болған әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына |
057 |
Қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың әйелдеріне (ерлеріне) |
058 |
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғаларға |
059 |
Анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақылар |
060-топ «Арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару» |
|
061 |
Ұлы Отан соғысының қатысушылары бойынша |
062 |
Ұлы Отан соғысының мүгедектері бойынша |
063 |
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар бойынша |
064 |
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар бойынша |
065 |
Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлері бойынша |
066 |
Қайтыс болған әскери қызметшілердің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары бойынша |
067 |
Қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың әйелдері (ерлері) бойынша |
068 |
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғалар бойынша |
069 |
Анасына немесе әкесіне, баланы (қызды) асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақыны қайтару |
070-топ «Азаматтардың басқа санаттарына төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар» |
|
071 |
1 және 2-топтағы мүгедектерге |
072 |
3- топтағы мүгедектерге |
073 |
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға |
074 |
Көп балалы аналарға |
075 |
Ақталған азаматтарға |
076 |
Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға |
077 |
Басқалары |
078 |
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының аударым сомаларын қайтаруы |
080-топ «Азаматтардың басқа санаттарына арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару» |
|
081 |
1 және 2-топтағы мүгедектер бойынша |
082 |
3-топтағы мүгедектер бойынша |
083 |
16 жасқа дейінгі мүгедек балалар бойынша |
084 |
Көп балалы аналар бойынша |
085 |
Ақталған азаматтар бойынша |
086 |
Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар бойынша |
087 |
Басқалар бойынша |
088 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтары бойынша кредиторлық берешегін өтеу |
089 |
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары |
090 |
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша қате есептелген сомаларын қайтаруы |
091 |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаражатынан баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер |
092 |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қаражатынан баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақыны, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді қайтару |
093 |
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл сомасын қайтаруы |
094 |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының міндетті әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін қате есептелген өсімпұл сомаларын қайтаруы |
095 |
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін қате есептелген өсімпұл сомаларын қайтаруы |
096 |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы қаражатынан жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлем |
097 |
Банктердің «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы қаражатынан жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлемді қайтаруы |
098 |
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл |
099 |
0-бөлім бойынша басқа төлемдер, |
оның ішінде: |
|
Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақы |
|
оралмандарға төленетін бір жолғы төлемдер |
|
банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдер |
|
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мақсаты |
|
тұрғын үй көмегінің мақсаты |
|
осы бөлімде ескерілмеген басқа да төлемдер (жәрдемақылар) |
|
1-бөлім «Арнайы аударымдар» |
|
110-топ «Өтеусіз аударымдар» |
|
111 |
Емделуге арналған аударымдар, |
оның ішінде: |
|
емделуге ақы төлеу үшін қайтарымсыз қаржылық/ материалдық/ демеушілік көмек |
|
бенефициар медициналық қызметтерді жеткізуші болып табылмаған жағдайда, бенефициардың емдеуге ақы төлеуге арналған ақшаны одан әрі пайдалануы үшін жеке тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде банк шотын ашпай) |
|
112 |
Білім беруге арналған аударымдар, |
оның ішінде: |
|
оқытуға ақы төлеу үшін қайтарымсыз қаржылық/ материалдық/ демеушілік көмек |
|
бенефициар білім беру қызметтерін жеткізуші болып табылмаған жағдайда, бенефициардың оқытуға ақы төлеуге арналған ақшаны одан әрі пайдалануы үшін жеке тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде банк шотын ашпай) |
|
119 |
Басқа да өтеусіз аударымдар, |
оның ішінде: |
|
басқа да мақсаттар (емделу мен оқытудан басқа) үшін қайтарымсыз қаржылық/ материалдық/ демеушілік көмек |
|
бенефициардың басқа да мақсаттар (емделу мен оқытудан басқа) үшін ақшаны одан әрі пайдалануы үшін жеке тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде банк шотын ашпай) |
|
зиянды өтеу, оның ішінде сот шешімі бойынша |
|
гранттар (оның ішінде тендер бойынша жеңіп алынғандар) |
|
аккредитив, кепілдік шарты, қарыз, басқа да шарт немесе келісімшарт бойынша (бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдан басқа) міндеттемелерді орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы/айыппұл/өсімпұл |
|
әр түрлі сипаттағы өтеусіз аударымдар: қайырымдылық, сыйға тарту, алименттер, сатылған лотерея билеттері және олар бойынша ұтыстар |
|
120 |
Мүшелік жарналар, |
оның ішінде: |
|
ұйымның капиталына қатысуды қамтамасыз етпейтін, бірақ ұйымның қандай да бір қызметті көрсетуін қамтамасыз ететін мүшелік жарна |
|
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына төленетін жарна |
|
биржадағы шетел валюталары, бағалы қағаздар бойынша сауда-саттыққа қатысуға арналған жарна |
|
қызметкерлердің жалақысынан ұсталған кәсіподақ жарналары |
|
130-топ «Филиалдар мен өкілдіктерді қаржыландыру және филиалдар мен өкілдіктердің қаражатты қайтаруы» |
|
131 |
Бас ұйымның өзінің филиалдарын және өкілдіктерін, оның ішінде сатып алулардың барлық түрлері бойынша қаржыландыруы |
132 |
Бас ұйымның филиалдары мен өкілдіктерінің ақша аударымдары/ақша қайтаруы |
140 |
Жол чектері бойынша операциялар, |
оның ішінде: |
|
резидент банктің өз клиенттеріне банкке консигнация талаптарымен (клиенттің банкке консигнация талаптарымен келіп түскен жол чегін сатып алуы) келіп түскен жол чектерін сатуы |
|
резидент банктің жол чектерінің эмитентіне сатылған жол чектері бойынша ақша сомасын аударуы |
|
резидент банктің жол чектерінің эмитентіне банк кейіннен клиенттерге сату үшін сатып алған жол чектері сомасын төлеуі |
|
резидент банктің өз клиенттеріне банкке алдын ала төлеу талаптарымен (клиенттің банкке алдын ала төлеу талаптарымен келіп түскен жол чегін сатып алуы) келіп түскен жол чектерін сатуы |
|
резидент банктің банк кассасында клиентке жол чегі бойынша ақша сомасын төлеуі |
|
жол чектері эмитентінің резидент банкке сатылған жол чектері бойынша өтеу сомасын аударуы |
|
қосалқы агенттермен алдын ала шарт бойынша жол чектері бойынша операциялар |
|
қосалқы агенттермен консигнация шарты бойынша жол чектері бойынша операциялар |
|
150 |
Банктердің корреспонденттік шоттары бойынша транзиттік аударымдар, |
оның ішінде: |
|
делдал банктің корреспонденттік шоттар бойынша бір банктен екінші банкке ақша аударуы |
|
160 |
Нетто-позициялар бойынша есеп айырысу, |
оның ішінде: |
|
төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған, операцияларды есепке алу нәтижелері бойынша есеп айырысу ұйымына ақша аудару |
|
төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған, операцияларды есепке алу нәтижелері бойынша банктер арасында ақша аудару |
|
банктер арасындағы қарсы төлемдер клирингінің нәтижелері бойынша таза позициялар сомасын аудару |
|
170-топ «Конференцияға, аукционға, тендерге қатысу» |
|
171 |
Кепілдік жарнасы |
оның ішінде: |
|
конференцияға, аукционға, тендерге қатысу үшін жарна |
|
конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді және шарттың, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін конкурсқа қатысушы - әлеуетті жеткізушілердің ақша аударуы |
|
172 |
Кепілдік жарнасын қайтару, |
оның ішінде: |
|
конференцияға, аукционға, тендерге қатысу үшін жарнаны қайтару |
|
конкурстық өтінімді қамтамасыз ету және шарттың, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомаларын қайтару |
|
180-топ «Құжаттандырылған операциялар» |
|
181 |
Аккредитив бойынша операция, |
оның ішінде: |
|
импортер-клиенттің шотынан аккредитив бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға орнын жабу шотына ақша аудару (жабу сомасы) |
|
Клиенттің банк шотынан (аккредитив бойынша ақы төлеуді өтеу) |
|
резидент банктің экспортер-клиенттің шотына ақша аударуы |
|
182 |
Кепілдіктер бойынша операциялар, |
оның ішінде: |
|
кепіл-банктің клиент алдындағы кепілдік міндеттемелерін орындауы кезінде кепіл-банкке борышкер банкінің/ борышкердің ақша аударуы |
|
кепілдік бойынша орнын жабу шотына борышкер клиенттің шотынан орнын жабу сомасын есептен шығару |
|
клиенттің банк шотынан (кепілдік бойынша ақы төлеуді өтеу) «Құжаттандырылған операциялар бойынша дебиторлар» шотын өтеуі |
|
190 |
1-бөлім бойынша басқа да аударымдар, |
оның ішінде: |
|
1-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген, төлем құжаттары бойынша ақша қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған төлемдер |
|
1-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару |
|
төлем мақсаты сәйкестендірілмеген жағдайда, анықтағанға дейін шоттан сомаларды кері қайтару |
|
2-бөлім «Шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар» |
|
210-топ «Сатып алу», |
|
оның ішінде: |
|
алдын ала ақыны қоса алғанда |
|
211 |
Биржада теңгеге шетел валютасын сатып алу, |
оның ішінде: |
|
биржада шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің неттингі бойынша операциялар |
|
212 |
Монетарлық алтынды сатып алу |
213 |
Биржадан тыс теңгеге шетел валютасын сатып алу, |
оның ішінде: |
|
қолма-қол емес шетел валютасына қолма-қол теңгені алу |
|
банктің қолма-қол емес шетел валютасымен ақы төлеу үшін клиенттің банк шотына теңгені есептеуі |
|
биржадан тыс шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің неттингі бойынша операциялар |
|
219 |
Басқа да бағалы металдарды сатып алу, |
оның ішінде: |
|
тазартылған алтынды және басқа бағалы металдарды сатып алу |
|
бағалы металдардың неттингі бойынша операциялар |
|
220-топ «Сату» |
|
221 |
Биржада теңгеге шетел валютасын сату |
222 |
Монетарлық алтынды сатып алу |
223 |
Биржадан тыс теңгеге шетел валютасын сату, |
оның ішінде: |
|
қолма- қол емес теңгеге қолма-қол шетел валютасын алу |
|
клиенттің өзінің банк шотынан теңгемен банкке қолма-қол емес шетел валютасын сатуы |
|
229 |
Басқа да бағалы металдарды сату, |
оның ішінде: |
|
тазартылған алтынды және басқа бағалы металдарды сату |
|
230 |
Шетел валюталарын айырбастау, |
оның ішінде: |
|
басқа шетел валютасына екінші шетел валютасын сатып алу/сату |
|
басқа шетел валютасына бір шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің неттингі бойынша операциялар |
|
290 |
2-бөлім бойынша басқа да төлемдер, |
оның ішінде: |
|
2-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген, төлем құжаттары бойынша ақша қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған төлемдер |
|
2-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару |
|
тазартылған бағалы металдардағы металл шоттар бойынша сыйақыны орналастыруға, өтеуге және есептеуге байланысты операциялар. |
|
3-бөлім «Салымдар (депозиттер)» |
|
310-топ «Салымдарды (депозиттерді) орналастыру», |
|
оның ішінде: |
|
банкаралық депозиттер |
|
қолма-қол ақша салу немесе клиент-салым иесінің өзге банк шоттарынан ақша аудару |
|
311 |
Талап ету бойынша салымдарды (банктік салым шарты негізінде ашылған) орналастыру |
312 |
Қысқамерзімді салымдарды (1 жылдан аспайтын) орналастыру |
314 |
Ұзақмерзімді салымдарды (1 жылдан асатын) орналастыру |
315 |
Банктің талап ету бойынша салым бойынша есептелген сыйақыны клиенттің банк шотына есептеуі |
316 |
Банктің қысқамерзімді салым бойынша клиенттің банк шотына есептелген сыйақыны есептеуі |
317 |
Банктің ұзақмерзімді салым бойынша клиенттің банк шотына есептелген сыйақыны есептеуі |
318 |
Банктің клиенттің шартты салым бойынша банк шотына есептелген сыйақыны есептеуі |
319 |
Шартты салымдарды орналастыру |
320-топ «Салымнан (депозиттен) алу», |
|
оның ішінде: |
|
банкаралық депозиттерді |
|
қолма-қол ақшаны алу немесе кейіннен клиент-салым иесінің өзге банк шотына ақша аудару жолымен негізгі соманы және есептелген сыйақыны |
|
321 |
Талап ету бойынша салымнан (банктік салым шарты негізінде ашылған) алу |
322 |
Қысқамерзімді салымнан (1 жылдан аспайтын) алу, |
оның ішінде: |
|
толық соманы төлеу және ішінара алу |
|
қысқамерзімді салым бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу |
|
324 |
Ұзақмерзімді салымнан (1 жылдан асатын) алу |
толық соманы төлеу және ішінара алу |
|
ұзақмерзімді салым бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу |
|
329 |
Шартты салымнан ақша алу |
330-топ «Клиенттердің ағымдағы шотына ақша орналастыру» |
|
331 |
Ағымдағы шотқа қолма-қол ақша салу |
332 |
Заңды тұлғаның банкке осы заңды тұлға қызметкерлерінің банк шоттарына кейіннен есептеу үшін жалақыны, еңбек демалысының ақысын аударуы |
333 |
Банктің клиенттің банк шотына ағымдағы шот бойынша есептелген сыйақыны есептеуі |
334 |
Банктің клиенттің банк шотына қолма-қол валютамен ақы төлеу үшін қолма-қол емес ақшаны есептеуі, |
оның ішінде: |
|
қолма-қол шетел валютасымен ақы төлеу үшін қолма-қол емес шетел валютасын (оның ішінде комиссиялық сыйақыны ескере отырып) |
|
қолма-қол теңгемен ақы төлеу үшін қолма-қол емес теңгені (оның ішінде комиссиялық сыйақыны ескере отырып) |
|
340-топ «Клиенттердің ағымдағы шотынан ақша алу» |
|
341 |
Ағымдағы шоттардан қолма-қол ақша алу, |
оның ішінде: |
|
бас банкте ашылған ағымдағы шоттан банк филиалында |
|
342 |
Клиенттің банкте ашылған өзінің бір ағымдағы шотынан осы банкте ашылған өзінің басқа ағымдағы шотына ақша аудару |
343 |
Клиенттің бір банктегі өзінің ағымдағы шотынан басқа банктегі өзінің ағымдағы шотына ақша аудару |
344 |
Қолма-қол емес валютаға қолма-қол ақша беру (сату), |
оның ішінде: |
|
қолма-қол емес теңгеге қолма-қол теңгені |
|
қолма-қол емес шетел валютасына қолма-қол шетел валютасын |
|
345 |
Клиенттің берілген қарыз сомасын ағымдағы шоттан қолма-қол алуы |
346 |
Банктің чек бойынша ақша төлеуі |
350 |
Банктің бір банктегі өзінің корреспонденттік шотынан жеке қаражатын басқа банктегі өзінің корреспонденттік шотына аударуы |
360-топ «Сенімгерлікпен басқарудағы ақша» |
|
361 |
Сенімгерлікпен басқаруға ақша беру |
362 |
Сенімгерлікпен басқаруға берілген ақшаны қайтару |
390 |
3-бөлім бойынша басқа да төлемдер, |
оның ішінде: |
|
3-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген, төлем құжаттары бойынша ақша қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған салымдар (депозиттер) бойынша төлемдер |
|
3-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару |
|
4-бөлім «Қарыздар» |
|
410-топ «Қарыздар беру», |
|
оның ішінде: |
|
банктің берілетін қарыз сомасын банк шотына есептеуі |
|
қайтарымды қаржылық көмек беру |
|
жеке төлем құжатымен ресімделмеген жағдайда, қарыз бойынша ілеспе төлемдер, қызмет көрсетуші банкке комиссиялық сыйақылар |
|
411 |
Қысқамерзімді қарыздар беру (1 жылдан аспайтын), |
оның ішінде: |
|
овердрафт, овернайт беру |
|
413 |
Ұзақмерзімді қарыздар беру (1 жылдан астам) |
413 |
1 жылдан астам мерзімге қайтарылатын қаржылай көмек беру |
419 |
Басқа да қарыздар беру (мерзімсіз қарыздар және басқа қарыздар), |
оның ішінде: |
|
мерзімсіз қарыздар/мерзімсіз қайтарылатын қаржылай көмек беру |
|
420-топ «Қарыздарды өтеу», |
|
оның ішінде: |
|
негізгі борышты және есептелген сыйақыны өтеу (оның ішінде, жедел) |
|
мерзімі өткен берешекті өтеу: негізгі борыш және сыйақы |
|
уақытша қаржылай көмекті қайтару |
|
421 |
Қысқамерзімді қарыздарды өтеу (1 жылдан аспайтын), |
оның ішінде: |
|
овердрафтты, овернайтты өтеу |
|
423 |
Ұзақмерзімді қарыздарды өтеу (1 жылдан астам) |
424 |
Қаржы лизингі |
429 |
Басқа да қарыздар, |
оның ішінде: |
|
мерзімсіз қарызды өтеу/уақытша мерзімсіз қаржылай көмекті қайтару |
|
430 |
Заңды немесе жеке тұлғаларға бұрын төленген шығыстарды өтеу, оның дебиторлық берешегін өтеу |
490 |
4-төлем бойынша басқа төлемдер, |
оның ішінде: |
|
4-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген құжаттар бойынша қаражатты қайтаруды қоса алғанда, қарыздар бойынша бұрын есепке алынбаған төлемдер |
|
4-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару |
|
қарызды өтеуге артық есептелген ақшаны қайтару |
|
5-бөлім «Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар және шетелдік капиталға инвестициялар» |
|
510 |
Жарғылық капиталға қатысуды растайтын акцияларды және құжаттарды сатып алу, төлеп алу, |
оның ішінде: |
|
Капиталдың мөлшері азайған кезде бейрезиденттер шығарған акциялардың құнын қайтару |
|
Бейрезиденттер шығарған акцияларды кері төлеп алу |
|
Акционерлік қоғам болып табылмайтын бейрезидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарна |
|
Капиталдың мөлшері азайған кезде акционерлік қоғам болып табылмайтын бейрезидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарнаны қайтару |
|
Акционерлік қоғам болып табылмайтын бейрезидент заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесті кері төлеп алу |
|
520-топ «Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу» |
|
521 |
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар |
522 |
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар |
529 |
Басқалары |
530-топ «Мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу» |
|
531 |
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар |
532 |
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар |
539 |
Басқалары |
540-топ «Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, вексельдерді және депозиттік сертификаттарды сатып алу» |
|
541 |
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдер |
542 |
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдер |
543 |
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттар |
544 |
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттар |
545 |
Облигациялар |
548 |
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқалары |
549 |
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар басқалары |
550-топ «Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, вексельдерді және депозиттік сертификаттарды өтеу» |
|
551 |
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдер |
552 |
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдер |
553 |
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттар |
554 |
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттар |
555 |
Облигациялар |
558 |
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқалары |
559 |
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар басқалары |
560-топ «Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыстар» |
|
561 |
Бөлінбеген таза кіріс және дивидендтер, |
оның ішінде: |
|
Бейрезиденттер шығарған акциялар бойынша дивидендтер төлеу, сондай-ақ акционерлік қоғам болып табылмайтын бейрезидент заңды тұлғаның құрылтайшыларына пайданың бір бөлігін төлеу |
|
562 |
Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы (пайыздық) |
563 |
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар бойынша сыйақы |
570 |
Бағалы қағаздармен кері РЕПО операцияларын ашу |
580 |
Бағалы қағаздармен тікелей РЕПО операцияларын жабу |
590 |
Басқа төлемдер, |
оның ішінде: |
|
5-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражатты қайтаруды қоса алғанда, бағалы қағаздар бойынша бұрын есепке алынбаған төлемдер |
|
590 |
5-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару |
6-бөлім «Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған бағалы қағаздар мен вексельдер және Қазақстан Республикасы резиденттерінің жарғылық капиталына қатысу» |
|
610 |
Жарғылық капиталға қатысуды растайтын акцияларды және құжаттарды сатып алу, төлеп алу, |
оның ішінде: |
|
Капиталдың мөлшері азайған кезде резиденттер шығарған акциялардың құнын қайтару |
|
Резиденттер шығарған акцияларды кері төлеп алу |
|
Акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарна |
|
Капиталдың мөлшері азайған кезде акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарнаны қайтару |
|
Акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесті кері төлеп алу |
|
620-топ «Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу» |
|
621 |
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар, |
оның ішінде: |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айналыс мерзімі бар 1 жылдан аспайтын қысқамерзімді қазынашылық міндеттемелерін сатып алу |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттарын сатып алу |
|
623 |
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1 жылдан астам 5 жылға дейін айналыс мерзімі бар ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1 жылдан астам 5 жылға дейін айналыс мерзімі бар ортамерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді сатып алу |
|
5 жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу |
|
5 жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді сатып алу |
|
5 жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелерді сатып алу |
|
Екі және үш жыл айналыс мерзімі бар арнайы ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еуроноттары үшін төлемдер |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еуроноттары бойынша купон үшін төлемдер |
|
629 |
Басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу |
630-топ «Мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу» |
|
631 |
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар, |
оның ішінде: |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1 жылдан аспайтын айналыс мерзімі бар қысқамерзімді қазынашылық міндеттемелерін өтеу |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұзақмерзімді ноттарын өтеу |
|
633 |
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар, |
оның ішінде: |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айналыс мерзімі 1 жылдан астам 5 жылға дейін ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерін өтеу |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1 жылдан астам 5 жылға дейін айналыс мерзімі бар ортамерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерін өтеу |
|
5 жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу |
|
5 жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді өтеу |
|
5 жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақмерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелерді өтеу |
|
Екі және үш жыл айналыс мерзімі бар арнайы ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу |
|
639 |
Басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу |
640-топ «Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды және вексельдерді сатып алу», |
|
оның ішінде: |
|
Есепке алу кеңселерінің индоссамент бойынша вексельдерді төлем мерзімі басталғанға дейін вексельді ұсынушыға вексель сомасын төлей отырып қабылдауы (вексельдерді есепке алу) |
|
641 |
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдер |
642 |
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдер |
645 |
Облигациялар |
647 |
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқа да борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздар |
648 |
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар басқа борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздар |
649 |
Басқа да мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу |
650-топ «Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды және вексельдерді өтеу», |
|
оның ішінде: |
|
вексель бойынша ақы төлеу, оның ішінде инкассоға ұсынылған |
|
Клиенттің банк есепке алған вексельдерді өтеуі |
|
651 |
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдер |
652 |
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдер |
655 |
Облигациялар |
657 |
1 жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқа да борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздар |
658 |
1 жылдан астам өтеу мерзімі бар басқа да борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздар |
660-топ «Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыстар» |
|
661 |
Бөлінбеген таза кіріс және дивидендтер |
661 |
Резиденттер шығарған акциялар бойынша дивидендтер төлеу, сондай-ақ акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның құрылтайшыларына пайданың бір бөлігін төлеу |
662 |
Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша (пайыздық) |
663 |
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар және вексельдер бойынша сыйақы |
670-топ «Бағалы қағаздармен кері РЕПО операцияларын ашу» |
|
671 |
Мемлекеттік бағалы қағаздармен |
672 |
Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен және вексельдермен |
680-топ «Бағалы қағаздармен тікелей РЕПО операцияларын жабу» |
|
681 |
Мемлекеттік бағалы қағаздармен |
682 |
Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен және вексельдермен |
690 |
6-бөлім бойынша басқа да төлемдер, |
оның ішінде: |
|
6-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражатты қайтаруды қоса алғанда, бағалы қағаздар бойынша бұрын есепке алынбаған төлемдер |
|
6-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару |
|
7-бөлім «Тауарлар және материалдық емес активтер» |
|
710 |
Жылжымайтын мүлікті және төлем белгілеу коды 711, 712 және 713 тауарларды қоспағанда, тауарлар үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
Ауыл, орман және балық шаруашылықтарының өнімі үшін төлемдер |
|
өңдеу өнеркәсібінің өнімі үшін төлемдер (азық-түлік өнімдері, сусындар, темекі өнімдері, тоқыма, киім, тері және теріден жасалған бұйымдар, ағаш және ағаштан жасалған бұйымдар және тығындар, сабаннан және өру материалдарынан жасалған бұйымдар, қағаз және қағаз бұйымдары, химиялық заттар және химия өнімдері, фармацевттік өнімдер және фармацевттік негізгі дәрі-дәрмектер, резеңке және пластмасса бұйымдары, минералдық металл емес басқа да бұйымдар, негізгі металдар, дайын металл бұйымдар, компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер, электр жабдығы, машиналар және жабдық, автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер, басқа да көлік жабдығы, жиһаз, басқа да дайын өнімдер) |
|
қызметкерлердің тауарлар сатып алуы үшін есебіне берілген соманы заңды тұлғаның өз шотынан корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялары есепке алуға арналған банк шотына аударуы |
|
заңды тұлға сатып алатын суық, ыстық су, электр энергиясы, жылыту (газбен, ыстық сумен) |
|
тауар жеткізушіге тауар бойынша төлемді мәулетпен жасағаны үшін сыйақы |
|
711 |
Тауарларды Қазақстанның аумағына әкелмей шетелден тауарлар сатып алу және сату |
712 |
Қазақстанның аумағына бұрын әкелінген шетелдік тауарларды олардың бастапқы жай-күйін айтарлықтай өзгертпей шетелге сату |
713 |
Қазақстанның аумағынан бұрын әкетілген отандық тауарларды олардың бастапқы жай-күйін айтарлықтай өзгертпей шетелден сатып алу |
720-топ «Жылжымайтын мүлік үшін төлемдер» |
|
721 |
Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік үшін төлемдер |
оның ішінде: |
|
Қазақстан Республикасының аумағындағы үйлер мен ғимараттар |
|
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін құрылыс ұйымдарының шотына жеке тұлғалар аударатын төлемдер (Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй сатып алғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеу) |
|
Бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікке үлестік қатысуды қамтамасыз ететін аударымдар |
|
Бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті пайдаланудан пайданы төлеу |
|
722 |
Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі жылжымайтын мүлік үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі үйлер мен ғимараттар |
|
Бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі жылжымайтын мүлікке үлестік қатысуды қамтамасыз ететін аударымдар |
|
Бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі жылжымайтын мүлікті пайдаланудан пайданы төлеу |
|
730 |
Өндірілмеген қаржылық емес активтерді сатып алу, |
оның ішінде мынадай төлемдер үшін: |
|
Жер және оның қойнауы, оның ішінде жерді тұрақты пайдалану құқығы үшін төлемдер |
|
бағдарламалық қамтамасыз ету |
|
патенттер |
|
гудвилл |
|
сауда маркалары |
|
тауарлық белгілер |
|
780 |
Ұсынылмаған тауарлар үшін қаражатты қайтару, |
оның ішінде: |
|
Ұсынылмаған тауарлар, материалдық емес активтер және тауарларды жөндеу бойынша көрсетілмеген қызмет үшін қаражатты қайтару |
|
790 |
7-бөлім бойынша басқа да төлемдер, |
оның ішінде: |
|
7-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражатты қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған тауарлар бойынша төлемдер |
|
8-бөлім «Қызметтер» |
|
810-топ «Көлік, қойма шаруашылығының қызметі» |
|
811 |
Әуе көлігі қызметі үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
экипажымен бірге әуе көлігін жалдау |
|
әуе көлігінің жолаушылар тасымалдау бойынша қызметі |
|
әуе көлігінің жүк тасымалдау бойынша қызметі және ғарыштық көлік қызметі |
|
812 |
Су көлігі қызметі үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
экипажымен теңіз көлігін жалдау |
|
теңіз жолаушылар көлігінің қызметі |
|
теңіз жүк көлігінің қызметі |
|
Ішкі су көлігінің жолаушылар тасымалдау бойынша қызметі |
|
Ішкі су көлігінің жүк тасымалдау бойынша қызметі |
|
813 |
Теміржол көлігінің қызметі үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
экипажымен теміржол көлігін жалдау |
|
Жолаушылардың қалааралық теміржол көлігінің қызметі |
|
Теміржол жүк көлігінің қызметі |
|
814 |
Құрлықтағы өзге көлік қызметі үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
экипажымен өзге құрлық көлігін жалдау |
|
Жолаушылардың басқа да құрлық көлігінің қызметтері |
|
жүк тасымалдаулары бойынша автомобиль көлігінің қызметтері және тасымалдаулар бойынша қызметтер |
|
815 |
Құбыр жолы арқылы тасымалдау қызметі үшін төлемдер |
816 |
Сақтау және қоймаға алу қызметі үшін төлемдер |
817 |
Қосалқы көлік қызметі үшін төлемдер |
818 |
Почта және курьерлік қызмет үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
ұлттық пошта қызметтері (пошта қызметтері, газеттер және басқа да мерзімді басылымдармен, хаттармен, посылкалар және бандерольдермен байланысты қызметтер, почта бөлімшелерінің қызметтері, өзге де пошта қызметтері) |
|
ұлттық пошта қызметтерін қоспағанда, курьерлік қызметтер (хатты, тамақты, басқа да тауарларды жеткізу бойынша курьерлік қызметтер) |
|
819 |
Көлік қызметтері бойынша басқа да төлемдер |
821 |
Құрылыс қызметтері үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу бойынша жұмыстар, оның ішінде объектілер құрылысы кезінде сатып алынатын және пайдаланылатын тауарлардың құны |
|
көпірлерді, жолдарды және теміржолдарды тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары, оның ішінде объектілерді тұрғызу кезінде сатып алынатын және пайдаланылатын тауарлардың құны |
|
өзге де инженерлік құрылыстарды салу бойынша құрылыс жұмыстары, объектілерді тұрғызу кезінде сатып алынатын және пайдаланылатын тауарлардың құны |
|
ғимараттарды бөлшектеу және бұзу жөніндегі және құрылыс учаскесін дайындау бойынша жұмыстар |
|
ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу |
|
электрмонтаж жұмыстары |
|
сумен жабдықтау, жылыту және ауаны баптау жүйелерін орнату бойынша жұмыстар |
|
монтаждау (орнату) бойынша басқа да жұмыстар |
|
құрылыс және аяқтау цикліндегі әрлеу жұмыстары |
|
шатыр тіреуіш орнату бойынша жұмыстар (шатыр аражабыны) |
|
басқа да топтамаларға енгізілмеген, өзге де мамандандырылған құрылыс жұмыстары |
|
құбырларды, байланыс желілерін және электр тарату желілерін (күш кабельдерін) төсеу бойынша жұмыстар |
|
электр станцияларын, тау-кен және өндеу өнеркәсібі үшін құрылыстарды салу бойынша жұмыстар |
|
өзге де құрылыстық-монтаждау жұмыстары (оның ішінде дауалдар мен қоршауларды; терезе қақпағын және қалқандарды; жолдар, әуежай мен портар үшін жарық беру және сигнализация жүйелерін орнату бойынша жұмыстар) |
|
құрылысты аяқтау бойынша жұмыстар (сылақ жұмыстары, орнату балташылық жұмыстар, едендерді жабу және қабырғаларды қаптау бойынша жұмыстар, сырлау және шыны жасау жұмыстары) |
|
ғимаратты және құрылысты салу үшін операторы бар жабдықты жалдау бойынша қызметтер |
|
822 |
Тауарларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
құрылыс жөндеуді (құрылыс қызметтеріне қосылады), компьютерлерді жөндеуді (компьютер қызметтеріне қосылады) және мұнай мен газ ұңғымаларын (кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтерге кіреді) қоспағанда, кез келген тауарларды, оның ішінде су және әуе кемелерін және басқа көлік құралдарын жөндеу және оларға қызмет көрсету бойынша қызметтер |
|
«Сақтандыру қызметтері үшін төлемдер» 830-топ |
|
831 |
Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысы (жарна), |
оның ішінде: |
|
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының не ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуы |
|
832 |
Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру өтемақысы, |
оның ішінде: |
|
сақтандыру ұйымының өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін аударуы |
|
сақтандыру ұйымының аннуитеттік сақтандыру бойынша мерзімдік/өмір бойы сақтандыру төлемдері |
|
833 |
Басқа да сақтандыру сыйлықақылары, |
оның ішінде: |
|
сақтандырудың басқа түрлері бойынша (өмірді сақтандыруды қоспағанда) сақтандыру сыйлықақысы (жарна) |
|
834 |
Басқа да сақтандыру өтемақысы, |
оның ішінде: |
|
сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдерін (өмірді сақтандыру жөніндегі төлемдерді қоспағанда) кейіннен жеке тұлғалардың шотына есеп алу үшін банкке аударуы |
|
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін аударуы |
|
835 |
Қайта сақтандыруға беру |
836 |
Қайта сақтандырушыға өтеу |
837 |
Сақтандыру және қайта сақтандыру жөніндегі комиссиялық сыйақы, |
оның ішінде: |
|
сақтандыру агенттеріне комиссиялық төлемдер |
|
838 |
Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасын қайтару |
839 |
Басқа да сақтандыру қызметтері, |
оның ішінде: |
|
актуарлық қызметтер |
|
қосалқы сақтандыру қызметтері (консультациялық қызметтер, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы бағалау жөніндегі қызметтер) |
|
841 |
842 және 843 төлем мақсаты кодтары бар төлемдерді қоспағанда, қаржылық қызметтер үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
банкке және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы |
|
қаржы ұйымдарының (сақтандыру ұйымдары және бірыңғай зейнетақы қоры көрсететін қызметті қоспағанда) делдалдық және қосалқы қызметтері |
|
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына операцияны жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы |
|
ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін комиссиялық сыйақы |
|
андеррайтинг шартына сәйкес сыйақы төлеу |
|
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тозған валютаны айырбастағаны үшін комиссиялық сыйақы |
|
қарыздарды (қаржы лизингін қоса алғанда) беруге байланысты комиссиялық сыйақы |
|
қаржылық консультациялық қызметтер |
|
842 |
Интернет-банкингтің қызметі үшін комиссиялық сыйақы |
843 |
Ұялы банкинг қызметі үшін комиссиялық сыйақы |
844 |
Делдалдардың сауда мәмілелер бойынша қызметтері үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
сауда-делдал фирмаларға, брокерлерге, дилерлерге, сауда агенттеріне теңіз және әуе кемелеріндегі сауда мәмілелерін, аукциондық мәмілелерді қоса алғанда, тауарлармен және қызметтермен жасалған сауда мәмілелерінен комиссиялық сыйақы |
|
агенттіктердің сыйақы үшін немесе келісу негізінде ұсынылатын жылжымайтын мүлікпен байланысты қызметтері |
|
«Басқа да іскерлік қызмет көрсету» 850-топ |
|
851 |
Компьютерлік қызметтер үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
компьютерлік бағдарламалау бойынша қызметтер |
|
бағдарламалық қамтамасыз етуді шығарғаны үшін қызметтер |
|
компьютерлік технологиялар саласындағы кеңес беру қызметтері |
|
компьютерлік жабдықты басқару бойынша қызметтер |
|
компьютерлерді және перифериялық құрылғыларды жинақтау, орнату, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер |
|
ақпараттық технологиялар және компьютерлік жүйелер саласындағы қызметтер |
|
деректерді, сайттарды өңдеу бойынша қызметтер және осыған ұқсас қызметтер |
|
процессингтік қызметтер (төлемдерді және төлем карточкаларын пайдаланумен басқа операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинау, өңдеу және беру) |
|
нақты уақыт режимінде деректер массивін құру, сақтау және олармен жұмыс істеу; деректерді табуляциялауды, компьютерлік уақытты ұжымдық пайдалану режимінде немесе сағат бойынша белгіленген кесте негізінде деректерді өңдеуді, тұрақты негізде сыртқы пайдаланушылардың есептеу кешендерін басқаруды қоса алғанда деректерді өңдеу |
|
веб порталдарды ұстап тұру |
|
852 |
Байланыс қызметі үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
сымды телекоммуникациялық (деректер мен хабарламаларды беру бойынша, бекітілген телефон, телекоммуникациялық сым желілерін ұсыну бойынша, телекоммуникациялық сым желілері бойынша деректерді беру бойынша жеке желілердің, Интернеттің сым арқылы өткізілетін желіаралық байланыс, кабельдік инфрақұрылым бойынша бағдарламаларды тарату бойынша)қызметтер |
|
сымсыз телекоммуникациялық қызметтер (мобильдік байланыс және телекоммуникациялық сымсыз желілерді ұсыну бойынша, сымсыз телекоммуникацияларды ұсыну бойынша, телекоммуникациялық сымсыз желілер бойынша деректерді беру бойынша, Интернеттің сымсыз желіаралық байланыс қызметтері, сымсыз желілер бойынша бағдарламаларды тарату бойынша жеке желілер) |
|
спутник байланыс қызметтері |
|
өзге де телекоммуникациялық қызметтер |
|
853 |
Зияткерлік меншікті пайдаланғаны үшін төлем, |
оның ішінде: |
|
меншік (патенттер, авторлық құқық, сауда маркалары, технологиялық процестер, дизайн сияқты) құқығын пайдаланғаны үшін төлемдер |
|
тұпнұсқаларды және прототиптерді (кітаптар және қолжазбалар, компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету, кинематография жұмыстары, дыбысжазбалары сияқты) қайта жасағаны және (немесе) жасалғандарды тартқаны үшін төлемдер |
|
854 |
Заң қызметтері, |
оның ішінде: |
|
заң кеңестері мен консультациялары; заң, сот және заңнамалық процестерде қызметтерді ұсыну; заң құжаттамасын дайындау; арбитраж қызметтері |
|
855 |
Лизинг (ағымдағы жалдау), |
оның ішінде: |
|
үй-жайлардың, уақытша сақтау қоймаларының, тұйық жерлердің операциялық лизингі (ағымдағы жалдау) |
|
меншікті мүлікті жалға беру бойынша қызметтер |
|
машиналар мен жабдықтарды операторсыз жалға беру бойынша қызметтер |
|
жеке қолданатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жалға алу және жалға беру бойынша қызметтер |
|
машиналарды, жабдықтарды және өзге де материалдық құралдарды жалға беру бойынша қызметтер |
|
жалға алушының жалдау шартына сәйкес жалға берілетін үй-жай бойынша жалға берушіге төлемі (оның ішінде коммуналдық шығыстарды, байланыс қызметтері үшін, ғимаратты күзеткені үшін шығыстарды және басқаларды төлеу) |
|
заңды тұлғаның жеке тұлғаның пайдасына осы жеке тұлғаның жеке мүлігін жалға алғаны үшін төлемі |
|
856 |
Коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
жеке тұлғалардың коммуналдық қызметтерді сатып алуы: суық, ыстық су, электр энергиясы, жылыту (газбен, ыстық сумен), кәріз, газ, лифт, үй-жайларды ұстау, қоқыс шығару, ұжымдық антенна, есептегіштерге техникалық қызмет көрсету, газ жүйесіне техникалық қызмет көрсету, радиохабар үшін ақы төлеу) |
|
857 |
Ақпараттық қызметтер үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
бұқаралық ақпарат құралдарын жаңалық мәліметтерімен, фотография материалдарымен және тақырыпты мақалалармен жабдықтауды қоса алғанда, ақпараттық агенттіктердің қызметтері |
|
дерекқорларды жасау, сақтау және тарату |
|
мерзімді баспа басылымдарына поштамен және өзге де тәсілдер арқылы жеткізумен тікелей жеке жазылу; кітапханалармен және мұрағаттардың қызметтері |
|
телефон анықтама орталықтарының қызметтері |
|
858 |
Жарнама және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы қызметтер, |
оның ішінде: |
|
жарнама агенттіктері арқылы жарнаманы жобалау, жасау және маркетингі |
|
жарнама уақытын сатып алуды және сатуды қоса алғанда, жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру |
|
көрмелерді және сауда жәрмеңкелерін ұйымдастыру, тауарларды шетелде жарнамалау |
|
маркетингтік зерттеулер, түрлі проблемалар бойынша қоғам пікіріне пікіртерім жүргізу |
|
859 |
Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтер үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
бухгалтерлік қызметтер |
|
салық салу саласындағы кеңес беру қызметтері |
|
басқару мәселелері бойынша кеңес беру қызметтері, бас компаниялардың қызметтері |
|
сәулет, инженерлік ізденістер саласындағы және осы салаларда техникалық консультацияларды ұсыну бойынша қызметтер |
|
техникалық сынақтар мен талдау бойынша қызметтер |
|
жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер бойынша қызметтер |
|
қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер бойынша қызметтер |
|
жобалау (дизайн) бойынша қызметтер |
|
суретке түсіру саласындағы қызмет |
|
ауызша және жазбаша аударма бойынша қызметтер |
|
хатшы қызметтері |
|
ветеринарлық қызметтер |
|
кешенді кеңселік әкімшілік қызметтер |
|
фотокөшірме қызметтері, құжаттарды дайындау бойынша қызметтер және өзге де мамандандырылған кеңселік қосалқы қызметтер |
|
конференцияларды ұйымдастыру бойынша қызметтер |
|
орау қызметтері |
|
ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер (ветеринарлық қызметтерді қоспағанда) |
|
орман шаруашылығы саласындағы қызметтер (орманды баптау және ағаш дайындау) |
|
тау-кен өнеркәсібі саласындағы қосалқы қызметтер (мұнай және табиғи газ ұңғымаларын бұрғылау бойынша қызметтер, бұрғылау мұнараларын орнату, жөндеу және бөлшектеу бойынша қызметтер және мұнай мен газ өндіру саласындағы өзге де қосалқы қызметтер, өңделетін алаңда жүзеге асырылатын тасымалдау үшін табиғи газды сұйылту және қайта газдандыру бойынша қызметтер) |
|
басқа топтамаларға енгізілмеген, кәсіби, ғылыми және өзге де техникалық қызметтер, оның ішінде коммерциялық қосалқы қызметтер |
|
газеттерді басу бойынша қызметтер және басқа да баспа, баспаға және таралымға дайындау, түптеу, өндеу және онымен байланысты қызметтер |
|
кітаптарды, мерзімді және басқа басылымдарды басып шығару бойынша қызметтер |
|
визалық қолдауды ресімдеу |
|
радиациялық зерттеу |
|
делдалдар сауда мәмілелері және сақтандыру агенттері жылжымайтын мүлікпен операцияларға және сақтандыруға байланысты жүргізетін бағалауды қоспағанда, бағалау бойынша қызметтер |
|
тергеу жүргізу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметтер |
|
технологиялық процестерді және автоматтандырылған өндіріс құрылғыларын бақылау үшін жабдықты жобалау бойынша қызметтер |
|
электр энергиясын өндіру және бөлу бойынша қызметтер |
|
суды құбырлар бойынша бөлу бойынша қызметтер |
|
құбырлар бойынша газды отынды бөлу бойынша қызметтер |
|
заңды тұлғаларға жуу және құрғақ тазалау бойынша қызметтер |
|
жабдықты жинау, орнату және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер (компьютерлік жабдықты, сондай-ақ жиналатын құрылғылардан объектілерді монтаждауды және тұрғызуды қоспағанда) |
|
ғимараттарды тазалау бойынша қызметтер (дезинфекция, дератизациия және дезинсекция, терезелерді жуу бойынша, дәстүрлі тазалау бойынша, арнайы тазалау бойынша, пештерді және мұржаларды тазалау бойынша қызметтер) |
|
қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қайталама шикізатты алу, рекультивация бойынша қызметтер |
|
«Жеке тұлғаларға арналған қызметтер және мәдениет және демалыс саласындағы қызметтер» 860-топ |
|
861 |
Білім беру қызметтері үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
жеке тұлғаларға білім беру бойынша қызметтер үшін және заңды тұлғаларға олардың қызметкерлерін оқытқаны үшін төлемдер (мектеп жасына дейінгі тәрбие және оқыту, орта білім, жоғары білім, басқа білім, курстар, тренингтер, семинарлар, іс-тәжірибеден өту саласында) |
|
862 |
Медициналық қызмет үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
емханалардың қызметтері, дәрігерлік және стоматология практикасы саласындағы, адам денсаулығын қорғау бойынша өзге де қызметтер, ауыруға қарау бойынша қызметтер |
|
869 |
Мәдениет және демалу салаларындағы қызметтер үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызметтер (әртіс-орындаушылардың, авторлардың, композиторлардың, мүсіншілердің, кескіндемешілердің, графикалық суретшілердің қызметтері, көріністік іс-шараларды өндіру және ұсыну саласындағы, театр жабдықтарын пайдалану бойынша қызметтер) |
|
кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және басқа да мәдени мекемелердің қызметі |
|
құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызметтер |
|
спорт қызметтері және демалысты ұйымдастыру бойынша қызметтер (спорт құрылыстарын пайдалану бойынша, спорт клубтарының, фитнесс клубтарының, ойын-сауық парктарының және тақырыпты парктардың, демалыс парктарының және пляждардың, фейерверктерді және «жарық пен дыбыс» көрсетілімдерін көрсету бойынша қызметтер, ойын автоматтарының қызметтері) |
|
шаштараздар мен сән салондарының қызметтері |
|
кино-, бейнефильмдерді және радио-, теледидар бағдарламаларын шығару бойынша қызметтер |
|
фонограммаларды және дыбысжазбаларын шығару бойынша қызметтер |
|
дыбыс- және бейнежазбаларды көшіру бойынша қызметтер |
|
радиохабар саласындағы қызметтер |
|
телебағдарламаларды жасау және тарату бойынша қызметтер, телехабарлар түпнұсқалары |
|
871 |
Сапарлар, |
оның ішінде: |
|
жол жүру (билеттер) құнын қоспағанда, сатып алынған туристік жолдамалардың құны (билеттер үшін тікелей ақы төленген кезде көлік түріне қарай 811, 812, 813, 814 төлемдер мақсаттарының кодтары көрсетіледі) |
|
билеттер құнын қоса есептегенде, туристік жолдамалардың құны (олардың ақысы бір төлем құжатымен төленген жағдайда) |
|
саяхат бюроларының және туристік агенттердің қызметтері |
|
өкілдік және іссапар шығыстары |
|
заңды тұлғаның өз қызметкерінің банк шотына не корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып операцияларды есепке алуға арналған банк шотына кейіннен аудару үшін өкілдік және іссапар шығыстарының сомасын банкке аударуы |
|
872 |
Тұру және тамақтану қызметтері үшін төлемдер, |
оның ішінде: |
|
қонақүйлердің қызметтері |
|
демалыс күндеріне және басқа да қысқамерзімді тұру кезеңдеріне үй-жайларды беру бойынша қызметтер |
|
жылжымалы саяжайлар мен тұрғын автотіркемелерге арналған кемпингтердің, тұрақтардың қызметтері |
|
мейрамханалар қызметі мен тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызметтер |
|
тапсырыс бойынша дайын тағамды жеткізу қызметтері және дайын тағамды жеткізу бойынша қызметтер |
|
сусындармен қамтамасыз ету қызметтері |
|
заңды тұлғаның қонақүйде тұру қызметтері үшін жеке тұлғаның пайдасына өтем жасауы |
|
880 |
Көрсетілмеген қызметтер үшін қаражатты қайтару, |
оның ішінде: |
|
банктер филиалдарының клиенттерден пайдаланылмаған жол чектерінің қалдықтарын сатып алуы |
|
890 |
8-бөлім бойынша басқа да төлемдер, |
оның ішінде: |
|
8-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған қызметтер бойынша төлемдер |
|
8-бөлімнің төлемдері бойынша қателесіп есептен шығарылған соманың қайтарылуы |
|
көрсетілген қызметтер үшін, сондай-ақ қызмет құны азайған жағдайда артық аударылған ақшаның қайтарылуы |
|
жеткізушінің шарт талаптарын тиісінше орындамағаны үшін қызметтердің ақшасын қайтаруы |
|
9-бөлім «Бюджетке және бюджеттен төленетін төлемдер» |
|
910-топ «Жалпыға белгіленген тәртіп» |
|
911 |
Есептелген (есептеп шығарылған) және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер |
912 |
Бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша өсімпұлдар |
913 |
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар |
914 |
Мемлекеттік кіріс органдарының тексеру нәтижелері бойынша бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша түсімдер |
915 |
Мемлекеттік кіріс органдарының тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар |
916 |
Мемлекеттік кіріс органдарының тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар |
917 |
Салық төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде бюджетке түсетін түсімдер |
918 |
Салық төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кездегі өсімпұлдар |
919 |
Салық төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейінгі айыппұлдар |
921 |
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бюджетке міндеттемелер бойынша түсімдер |
922 |
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша өсімпұлдар |
923 |
Ұсынылмаған Тауарлар әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініш бойынша өсімпұл аудару |
924 |
Қосылған құн салығының асып кетуіне байланысты қайтарылған сомаға есептелген өсімпұл |
960-топ «Бюджеттен қайтару (есепке алу)» |
|
961 |
Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төленген қосылған құн салығын салық берешегін өтеу есебіне есепке алу |
962 |
Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару |
963 |
Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтару |
964 |
Мемлекеттік кіріс органдарының тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар бойынша берешекті өтеу есебіне артық (қателесіп) төленген сомаларды есепке алу |
965 |
Мемлекеттік кіріс органының артық қосылған құн салығын қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына жасалатын өсімпұлдар |
966 |
Мемлекеттік кіріс органының салықты, төлемді қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына жасалатын өсімпұлдар |
967 |
Мемлекеттік кіріс органының салықты, төлемді есепке алу мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына жасалатын өсімпұлдар |
968 |
Салық төлеушінің өсімпұлды қайтаруы |
969 |
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген сомалар бойынша берешекті өтеу есебіне артық (қателесіп) төленген сомаларды есепке алу |
970-топ «Бюджеттен артық қосылған құн салығын қайтару (есепке алу), төленген сомаларды өзге қайтарулар (есепке алулар)» |
|
971 |
Бюджеттен артық (қателесіп) төленген сомаларды банк шотына қайтару |
972 |
Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын қайтару |
973 |
Есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салық сомасынан асқан соманы есепке алу |
974 |
Есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салық сомасынан асқан соманы қайтару |
975 |
Бір бюджеттік жіктеу кодынан басқа бюджеттік жіктеу кодына есепке алу |
976 |
Бір мемлекеттік кіріс органынан басқа мемлекеттік кіріс органына есепке алу |
977 |
Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын есепке алу |
978 |
Төленген айыппұл сомасын қайтару |
979 |
Басқалары |
991 |
Жеке тұлға-азаматтардан бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша түсімдер |
992 |
Жеке тұлға-азаматтардан бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша өсімпұлдар |
993 |
Жеке тұлға-азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін алынатын айыппұлдар |
994 |
Жеке тұлға-азаматтардан өткен жылдардың бересісін өтеттіру |
995 |
Мемлекеттік кіріс органдары салған әкімшілік айыппұлдар |
996 |
Тауарлар импорты кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару |
997 |
Бейрезиденттен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару |
998 |
Пайдалануға енгізілетін негізгі құрал-жабдықтар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша қосылған құн салығын қайтару |
Ескерту:
1. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар қаржы мәмілесі жасалатын базалық активтің түріне қарай тиісті бөлімнің төлем мақсатының коды (бұдан әрі – код) көрсетіле отырып коды белгіленеді.
2. «Арнайы аударымдар» 1-бөлімі бойынша.
«Банктердің корреспонденттік шоттары бойынша транзиттік аударымдар» 150 кодын делдал банк көрсетеді. Транзиттік төлемді алған кезде бенефициар банкі Мәліметтерді одан әрі ұсыну үшін мәмілелерге сәйкес келетін экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын көрсетеді. Бенефициар банкі осы төлемнің қажетті деректемелерін клиенттер арасындағы сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін ақы төленетін шарт негізінде көрсетеді.
«Аккредитив бойынша операция» 181 коды эмитент банк аккредитив бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге бұйрық беруші клиенттің шотынан аталған банктің шотына ақша сомасын (өтемін) аударған (аккредитивті орындаудың сыйақы сомасын аударуды қоспағанда) кезде, аккредитивті қайтарып алу кезінде ақшаны қайтарған кезде көрсетеді. Кепілдік берілген жағдай басталған кезде гарант банктің клиентке ақша аударуының төлем мақсатына байланысты коды белгіленеді, оның ішінде:
1) эмитент банктің аккредитивтің қолданылу мерзіміне оның басқаруына берілген аккредитивтің сомасына осы ақшаны аккредитив бойынша төлеу үшін пайдалану ықтималдығы шартымен аккредитив бойынша ақшамен ақы төлеуі (орны жабылған аккредитивтерде);
2) клиенттің ағымдағы шотынан резиденттің немесе бейрезиденттің пайдасына аккредитив бойынша ақы төлеу (орны жабылмаған аккредитивтерде);
3) банктің «Құжаттандырылған операциялар бойынша дебиторлар» шотынан меншікті қаражаты есебінен аккредитив бойынша ақы төлеу (орны жабылмаған аккредитивтерде ақы төлеу кезінде клиенттің шотында ақшасы болмаған жағдайда);
4) резидент банктің корреспонденттік шотына бейрезидент банктің ақша аударуы.
«Кепілдік бойынша операциялар» 182 коды эмитент банк бұйрық беруші клиенттің шотынан осы банктің шотына кепілдік бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге ақша сомасын (өтемін) аударған (кепілдік бойынша сыйақы сомасын аударуды қоспағанда), кепілдікті жою кезінде ақшаны қайтарған кезде көрсетеді. Кепілдік жағдайы басталған кезде кепіл-банктің клиентке ақша аударуының төлем мақсатына байланысты коды белгіленеді.
3. «Салымдар (депозиттер)» 3-бөлімі бойынша.
«Салымдар (депозиттер)» 3-бөліміне Төлем мақсаты кодтарының толық кестесінің басқа бөлімдеріне жатқызылған тауарлар, қызметтер, арнайы аударымдар, төлемдер және (немесе) аударымдар үшін өзге адамдарға төлеген төлемдер кірмейді.
Төлем бастамашысында қолма-қол ақшаны банк шотына есепке алу және банк шотынан алу көздері мен мақсаттары туралы ақпарат болған кезде төлем мақсатына сәйкес келетін код көрсетіледі. Аталған ақпарат болмаған жағдайда 311 «Талап еткенге дейінгі салымдарды (банктік салым шарты негізінде ашылған) орналастыру», 331 «Ағымдағы шотқа қолма-қол ақша салу», 321 «Талап еткенге дейінгі салымнан (банктік салым шарты негізінде ашылған) алу», 341 «Ағымдағы шоттардан қолма-қол ақшаны алу» кодтары көрсетіледі.
4. 5 «Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер мен депозиттік сертификаттар және шетел капиталына инвестициялар» және 6 «Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған бағалы қағаздар мен вексельдер және Қазақстан Республикасы резиденттерінің жарғылық капиталына қатысу» бөлімдері бойынша бейрезидентке бағалы қағаздарды сатуды мәмілеге қатысушы резидент осы бағалы қағаздарды бейрезиденттің сатып алуы ретінде код белгілейді.
5. 7 «Тауарлар және материалдық емес активтер» және 8 «Қызметтер» бөлімдері бойынша.
7 «Тауарлар және материалдық емес активтер» және 8 «Қызметтер» бөлімдерінде тауарлар мен қызметтердің түрлері «Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімнің жіктеушісі (ЭҚТӨЖ)» ҚР МЖ 04-2008 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісін және Халықаралық валюта қорының ТБН6 (Төлем балансы мен халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі нұсқау, алтыншы басылым) халықаралық әдіснамасын ескере отырып жасалды.
Тауарлар және материалдық емес активтер, қызметтер үшін төлемдерге алдын ала төлем (аванстық төлемдер) кіреді.
7 «Тауарлар және материалдық емес активтер» бөліміне 2 «Шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар» бөліміне жатқызылған бағалы металдар кірмейді.
«Өндірілмеген қаржылық емес активтерді сатып алу» 730 коды мына:
1) жер және оның қойнауы, оның ішінде жер қойнауын тұрақты пайдалану құқығы үшін төлемдер;
2) тауарлар өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын материалдық активтер, алайда, олар өндіріс нәтижесі болып табылмайды;
3) меншікке сатып алынған материалдық емес активтер (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, гудвилл, сауда маркалары, тауар белгілері) үшін төлемдер кезінде көрсетіледі. Материалдық емес активтерді пайдалану құқығын алу «Зияткерлік меншік құқығын пайдалану үшін төлем» 853 коды бойынша көрсетіледі.
Заңды тұлғалар электр энергиясын, газды және суды (коммуналдық қызметтер) пайдаланғаны үшін ақы төлеген кезде «Жылжымайтын мүлікті және 711, 712 және 713 төлем мақсатының кодтары бар тауарларды қоспағанда, тауарлар үшін төлемдер» 710 коды қойылады.
6. «Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу».
Бұл бөлімге мемлекеттік бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен төлемдерді қайтару (зейнетақылар мен жәрдемақыларды қоспағанда) бойынша кодтар кіреді.
911 коды 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген есептелген (есептеп шығарылған) және өзге де бюджетке міндеттемелерді (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған мемлекеттік кіріс органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша бюджетке міндеттемелер бойынша; салық төлеу мерзімдері өзгергенде (ұзартылғанда), камералдық бақылау нәтижелері бойынша бюджетке міндеттемелер бойынша төленетін сомалар жатпайды.
912 коды салықтарды, бюджетке төленетін міндетті және өзге де төлемдерді төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін бюджетке міндеттемелер бойынша өсімпұлдың есептелген сомасын төлеген кезде қойылады. Оған мемлекеттік кіріс органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша есептелген; салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде есептелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
913 коды 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс) сәйкес есептелген әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған мемлекеттік кіріс органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша салынатын; салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомалары жатпайды.
914 коды мемлекеттік кіріс органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама негізінде төлеуге ұсынылған салықтардың, бюджетке басқа міндетті және өзге төлемдердің сомаларын (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады.
915 коды мемлекеттік кіріс органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған бюджетке міндеттемелер бойынша есептелген, салықтарды төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде есептелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
916 коды мемлекеттік кіріс органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін салынатын (мемлекеттік кіріс органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша салынатын салықтарды қоспағанда), салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомалары жатпайды.
917 коды төлеу мерзімі өзгертілген (ұзартылған) салықтар сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады.
918 коды салықтарды төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған салықтарды төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін бюджетке міндеттемелер бойынша есептелген; мемлекеттік кіріс органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша есептелген; камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
919 коды салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдардың сомалары төленген кезде қойылады. Оған салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес есептелген, мемлекеттік кіріс органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша салынатын айыппұл сомалары жатпайды.
921 коды камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама негізінде төлеуге ұсынылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті және өзге төлемдердің (өсімпұлды қоспағанда) сомаларын аударған кезде қойылады.
922 коды камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған бюджетке міндеттемелер бойынша есептелген; салықтарды төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде есептелген; мемлекеттік кіріс органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.
924 коды қосылған құн салығының асып кетуінің қайтарылған, мемлекеттік кіріс органдары тексеру жүргізу кезінде расталмаған сомаға есептелген өсімпұлды аудару кезінде қойылады.
968 коды салық төлеушілерге бюджетке міндеттемелер бойынша өсімпұлдардың артық немесе қателесіп төленген сомасын қайтару кезінде қойылады.
971 коды бюджеттен артық (қателесіп) төленген салық сомаларын, басқа да міндетті және өзге төлемдерді салық төлеушінің банк шотына қайтару кезінде қойылады.
975 коды бюджетке төленетін соманы артық немесе қателесіп төлеген, салық сомалары мен бюджетке өзге міндеттемелерді бюджеттік жіктеуіштің бір кодынан бюджеттік жіктеуіштің басқа кодына аударған кезде қойылады.
976 коды салықтар, бюджетке басқа да міндетті және өзге төлемдерді басқа мемлекеттік кіріс органдарына қате есептеген кезде, басқа мемлекеттік кіріс органдарына артық немесе қате төленген салықты және төлемді аударған кезде қойылады.
978 коды салық төлеушілерге бюджетке міндеттемелер бойынша төленген айыппұл сомасын қайтарған кезде қойылады.
979 коды басқа да төлемдер, оның ішінде ресми трансферттер (субвенциялар, бюджеттен алу және басқалары) және қарыздарды қайтару үшін қойылады.
991 коды резидент жеке тұлғалар салық сомаларын, бюджетке басқа да міндетті және өзге төлемдерді (өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларын қоспағанда) аудару кезінде қойылады.
992 коды азамат жеке тұлғалар бюджетке міндеттемелерді уақтылы өтемегені үшін есептелген өсімпұл сомаларын төлеу кезінде қойылады.
993 коды азамат жеке тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекске сәйкес есептелген әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұлдар сомаларын төлеу кезінде қойылады.
995 коды әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік кіріс органдары салған, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекске сәйкес есептелген айыппұлдар сомаларын төлеу кезінде қойылады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 260 қаулысына 2-қосымша
Экономика секторларының кодтарын
қолдану мен төлемдер тағайындау
және соларға сәйкес төлемдер бойынша
мәліметтер ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
«Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарына
сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер»
Есепті кезең: 20__ жылғы _______________
Индекс: 1-KNP
Кезеңділігі: ай сайынғы
Ұсынатындар: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық), екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – банктер), «Қазпочта» акционерлік қоғамы, бас банктің төлемдер мен ақша аударымдарын, оның ішінде еншілес банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып депозиторлардың бас банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген банк шоттары бойынша жүзеге асыруымен байланысты аударым операцияларын Ұлттық Банктің лицензиясынсыз жүзеге асыратын, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға (бұдан әрі – бұрын еншілес банк болған заңды тұлға) (бұдан әрі – өкіл)
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімдері: есепті айдан кейінгі айдың онына дейін (қоса алғанда) ай сайын
Нысан
_________________________________________________________________
(өкілдің атауы)
Төлем жүргізу ортасы |
Ақша аудару жүйесінің атауы |
Төлем белгісі |
Алушы банктің БСК, алушы банк клиентінің ЖСК |
Бенефициар банктің БСК, бенефициар банк клиентінің ЖСК |
Ақша жөнелтуші |
Бенефициар |
Төлемдер бойынша мәліметтерді нақтылау |
||||||||
Резиденттік белгісі |
Экономика секторы |
Елі |
Резиденттік белгісі |
Экономика секторы |
Елі |
Төлем белгілеу коды |
Есепті кезеңдегі теңгемен төлемдердің және/немесе ақша аударымҒдарының саны |
Теңгемен төлемдердің және/немесе ақша аударымдарының сомасы |
Төлем валютасының коды |
Төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілі |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)
___________________________________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Бас бухгалтер _____________________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Орындаушы________ _______________________________ ____ ______________
лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы телефон нөмірі
Есепке қол қойылған күн: 20 __ жылғы «____» _____________
Мөр орны (бар болса)
Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
«Экономика секторларының және
төлемдер белгілеу кодтарына сәйкес
төлемдер бойынша мәліметтер»
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша
түсіндірме
«Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарына сәйкес
төлемдер бойынша мәліметтер»
1. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарына сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 26) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды Орталық банкаралық ақша аудару жүйесі (бұдан әрі – банкаралық жүйе) және банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізілген төлемдер бойынша жасайды.
4. Банктер, «Қазпочта» ақционерлік қоғамы, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға (бұдан әрі – ұйымдар) ұсынатын нысан филиалдарды, және өкілдіктерді ескере отырып толтырылады және төлемдер мен ақша аударымдары жөніндегі ақпараттан тұрады, оның ішінде банк шоттарын ашпастан:
1) Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргізілген;
2) банкаралық жүйені және банкаралық клиринг жүйесін (бұдан әрі – ақша аудару жүйелері) қоспағанда, төлем жүйелері арқылы және резидент банктердің және бейрезидент банктердің ностро және лоро корреспонденттік шоттары бойынша, оның ішінде «Қазпочта» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын пошталық ақша аударымдары бойынша жүргізілген;
3) ұйым мен оның клиенті арасында немесе ұйымның екі клиенті арасында жүзеге асырылған, оның ішінде «Казпочта» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын пошталық ақша аударымы (бұдан әрі – банк ішілік аударымдар) бойынша.
5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер төлем және ақша аударымы шетел валютасымен жасалған жағдайда, ол бойынша мәліметтер төлемді жүргізу сәтіндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгеге қайта есептеліп ұсынылады.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Орталық беретін нысан төлем және/немесе ақша аударымы туралы мынадай ақпарат кіретін 16 бағаннан тұрады:
1) 1-бағанда төлем жүргізу ортасына сәйкес келетін белгі (бұдан әрі – төлем жүргізу ортасының белгісі) көрсетіледі:
01 – банкаралық жүйе;
02 – банкаралық клиринг жүйесі;
2) 2 және 3-бағандар толтырылмайды;
3) 4-бағанда алушы банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі, алушы банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды;
4) 5-бағанда бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі, бенефициар банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды;
5) 6-бағанда ақша жіберушінің резиденттік белгісі көрсетіледі;
6) 7-бағанда ақша жіберуші экономикасы секторының коды көрсетіледі;
7) 8 және 11-бағандарда «KZ» көрсетіледі;
8) 9-бағанда бенефициар резиденттігінің белгісі көрсетіледі;
9) 10-бағанда бенефициар экономикасы секторының коды көрсетіледі;
10) 12-бағанда төлем белгілеу коды көрсетіледі;
11) 13-бағанда есепті кезеңдегі төлемдер және/немесе ақша аударымдары саны көрсетіледі. Бір төлемді көрсеткен кезде баған 1 мәнді қабылдайды. Жаңа төлемнің өлшемдері 1, 4 - 12, 15 және 16-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мән 1-ге ұлғайтылады, ал 14-бағандағы мән жаңа төлемнің сомасына ұлғайтылады;
12) 14-бағанда төлемдердің және/немесе ақша аударымдарының сомасы теңгемен, үтірден кейін екі белгіге дейін көрсетіледі;
13) 15-бағанда «KZT» көрсетіледі;
14) 16-бағанда 8-тармақта көзделген төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері белгілерінің бірі көрсетіледі: 01; 02; 03; 04; 05; 06; 07; 08; 09; 10; 11; 17; 18; 19.
7. Ұйымдар ұсынатын нысан төлем және/немесе ақша аударымы туралы мынадай ақпаратты қамтитын 16 бағаннан тұрады:
1) 1-бағанда төлем жүргізу ортасының белгісі көрсетіледі:
03 - Ұлттық Банктегі корреспонденттік шот;
04 - Қазақстан Республикасы аумағындағы ақша аудару жүйесі;
05 - шет елге/шет елден ақша аударулар жүйесі;
06 - Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотты қоспағанда, Қазақстан Республикасы шегіндегі ностро және лоро корреспонденттік шоттары;
07 - Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотты есептемегенде шет елге/шет елден ностро және лоро корреспонденттік шоттары;
08 - банкішілік аударымдар.
2) 2-бағанда төлем немесе ақша аударымы жүргізілетін ақша аудару жүйесінің атауы көрсетіледі;
3) 3-бағанда төлем немесе ақша аударымы түрлеріне сәйкес келетін белгі (бұдан әрі – төлем белгісі) көрсетіледі:
01 - Нысанды беретін ұйым ақша аудару жүйелері, корреспонденттік шоттар арқылы жіберген төлем немесе ақша аударымы;
02 - Нысанды беретін ұйым ақша аудару жүйелері мен корреспонденттік шоттар арқылы алған төлем немесе ақша аударымы;
03 - Нысанды беретін ұйым ностро корреспонденттік шоты арқылы жіберген төлем немесе ақша аударымы;
04 – Нысанды беретін ұйым ностро корреспонденттік шоты арқылы алған төлем немесе ақша аударымы;
05 - Нысанды беретін ұйым лоро корреспонденттік шоты арқылы жіберген төлем немесе ақша аударымы;
06 - Нысанды беретін ұйым лоро корреспонденттік шоты арқылы алған төлем немесе ақша аударымы;
07 - Нысанды беретін ұйымының ностро корреспонденттік шотынан ақшаны басқа да есептен шығаруы;
08 - Нысанды беретін ұйымының ностро корреспонденттік шотына ақшаны басқа да есептеуі;
09 - Нысанды беретін ұйымының лоро корреспонденттік шотынан ақшаны басқа да есептен шығаруы;
10 - Нысанды беретін ұйымының лоро корреспонденттік шотына ақшаны басқа да есептеуі;
11 - банкішілік аударым. Нысанды беретін ұйым әрі алушы банк, әрі бенефициар банк болып табылады.
Төлемнің «01» және «02» белгілері төлем жүргізу ортасының «04», «05» белгілері бойынша толтырылады. Төлемнің «03» - «10» белгілері төлем жүргізу ортасының «03», «06», «07» белгілері бойынша толтырылады. Төлемнің «11» белгісі төлем жүргізу ортасының «08» белгісі бойынша толтырылады;
4) 4-бағанда банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы және бұрын еншілес банк болған заңды тұлға алушы банктің банктік сәйкестендіру кодын көрсетеді. Алушы банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды.
Ұлттық Банк Нысанды қалыптастыру кезінде банкішілік аударым жүргізген жағдайда алушы банктің банктік сәйкестендіру кодын және алушы банк клиентінің жеке сәйкестендіру кодын көрсетеді, өзге төлемдер және/немесе ақша аударымдары бойынша алушы банктің банктік сәйкестендіру коды ғана көрсетіледі.
Нысанды беретін қаржы ұйымы шет елден алған төлем немесе ақша аударымы бойынша Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылатын алушы банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі.
Төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем немесе ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылатын алушы банктің банктік сәйкестендіру коды болмаған кезде Нысанның 4-бағаны толтырылмайды.
5) 5-бағанда банктер, «Қазпочта» акционерлік қоғамы және бұрын еншілес банк болған заңды тұлға бенефициар банктің банктік сәйкестендіру кодын көрсетеді. Бенефициар банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды.
Ұлттық Банк Нысанды қалыптастыру кезінде банкішілік аударым жүргізген жағдайда бенефициар банктің банктік сәйкестендіру кодын және бенефициар банк клиентінің жеке сәйкестендіру кодын көрсетеді, өзге төлемдер және/немесе ақша аударымдары бойынша бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды ғана көрсетіледі;
Нысанды беретін ұйым шет елге жіберген төлем немесе ақша аударымы бойынша Қазақстан Республикасының бей резиденті болып табылатын бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі.
Төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем немесе ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылатын бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды болмаған жағдайда Нысанның 5-бағаны толтырылмайды;
6) 6-бағанда ақша жіберушінің резиденттік белгісі көрсетіледі.
Ұйым алған төлем немесе ақша аударымы бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем немесе ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда ақша жіберушінің резиденттігі туралы ақпарат болмаған жағдайда Нысанның 6-бағаны толтырылмайды;
7) 7-бағанда ақша жіберуші экономикасы секторының коды көрсетіледі.
Ұйым алған төлем немесе ақша аударымы бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем немесе ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда ақша жіберушінің экономикасының секторы туралы ақпарат болмаған жағдайда Нысанның 7-бағаны толтырылмайды;
8) 8-бағанда төлем немесе ақша аударымы жүргізілген елдің (төлем немесе ақша аударымы жіберілген, бастапқы ақша жөнелтушінің банк шоты ашылған ел не ақша аударымын банк шотын ашпай жүргізген жағдайда ақша жөнелтуші ақша аударған ел) екі мәнді коды көрсетіледі.
11-бағанда төлем немесе ақша аударымы жіберілген елдің (ақша аударылған, соңғы бенефициардың банк шоты ашылған ел не ақша аударымын банк шотын ашпай жүргізген жағдайда бенефициар ақша алған ел) екі мәнді коды көрсетіледі
Елдің коды ҚР ҰЖ 06 ИСО 3166.1-2013 «Елдердің аттары мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлік. Елдердің кодтары» деген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі.
Халықаралық қаржы ұйымдары бойынша төлемді немесе ақша аударымын көрсеткен кезде «Халықаралық қаржы ұйымдары» ZZ коды көрсетіледі.
04, 06 және 08 төлем жүргізу ортасының белгілері бойынша 8 және 11 бағандарда KZ (төлемдер немесе ақша аударымдары Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі) көрсетіледі.
05 төлем жүргізу ортасының белгісі бойынша (шетелге/шетелден ақша аударымдар жүйесі):
Ұйым жіберген төлемдер немесе ақша аударымдары және басқа да ұйымның ақшасын есептен шығарулар (01, 03, 05, 07 және 09 төлем белгілері) бойынша 8-бағанда KZ көрсетіледі;
Ұйым қабылдаған төлемдер немесе ақша аударымдары және басқа да ұйым ақшасының есептеулері (02, 04, 06, 08 және 10 төлем белгілері) бойынша 11-бағанда KZ көрсетіледі.
9) 9-бағанда бенефициардың резиденттік белгісі көрсетіледі.
Ұйым жіберген төлемдер бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем немесе ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда бенефициардың резиденттігі туралы ақпарат болмаған жағдайда 9-баған толтырылмайды;
10) 10-бағанда бенефициар экономикасы секторының коды көрсетіледі.
Ұйым жіберген төлем немесе ақша аударымы бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем немесе ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда бенефициар экономикасының секторы туралы ақпарат болмаған жағдайда 10-баған толтырылмайды;
11) 12-бағанда төлем белгілеу коды көрсетіледі. Ностро немесе лоро корреспонденттік шоты бойынша шет елден келіп түскен төлемді немесе ақша аударымын көрсеткен кезде 6, 7 және 12-бағандарды Нысанды беретін ұйым корреспондент банктің төлем құжаттарының және төлем немесе ақша аударымы үшін негіздеме болып табылатын өзге құжаттардың негізінде толтырады;
12) 13-бағанда есепті кезеңдегі төлемдердің және/немесе ақша аударымдарының саны көрсетіледі. Бір төлемді көрсеткен кезде баған 1 мәнін қабылдайды. Жаңа төлемнің өлшемдері 1 - 12, 15 және 16-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мән 1-ге ұлғайтылады, ал 14-бағандағы мән жаңа төлемнің сомасына ұлғайтылады;
13) 14-бағанда төлемдердің және/немесе ақша аударымдарының сомасы теңгемен, үтірден кейін екі белгіге дейін көрсетіледі;
14) 15-бағанда төлем валютасының үш мәнді коды ҚР ҰЖ 07 ИСО 4217 2012 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі;
15) 16-бағанда жіберілген төлем немесе ақша аударымы бойынша осы 8-тармақта көзделген төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерінің мынадай белгілерінің бірі көрсетіледі: 01; 02; 03; 04; 05; 06; 07; 08; 09; 10; 11; 12; 17; 18; 19.
Алынған төлем немесе ақша аударымы бойынша «20» белгісі көрсетіледі.
8. Ақша төлемі және аударымдарын жүзеге асыру тәсілінің белгісі ақша төлемін және аударымдарын жүзеге асырудың мынадай қолданылған тәсілдеріне байланысты айқындалады:
01 - төлем тапсырмасын ұсыну (клиенттердің және қаржы ұйымының төлем тапсырмалары, сондай-ақ бағалы қағаздар үшін есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бастама жасаған төлем тапсырмалары орындалған жағдайда көрсетіледі);
02 - төлемдік талап-тапсырманы ұсыну;
03, 04, 05, 07, және 09 – операциялар түрлердің кодтарды көрсету «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген) белгіленген талаптарына сәйкес қолданылады;
06 - тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін чектерді, жол чектерін беру (чек ұстаушыға тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін чектер төленген жағдайда, сондай-ақ, қолма-қол ақша алуға арналған чектерді қоспағанда, жол чектері төленуге қабылданған жағдайда көрсетіледі);
08 - төлем хабарламасын ұсыну;
10 - атқару парақтарының негізінде инкассалық өкімді ұсыну;
11 - банк шотын тікелей дебеттеу (банк шотын тікелей дебеттеу арқылы бенефициардың пайдасына ақша алуға ақша жіберушінің алдын ала келісімі болған жағдайда банк шотын тікелей дебеттеу шартына, банк заемы шартына, банк шоты шартына және басқа құжаттарға сәйкес жүзеге асырылған төлемдер орындалған жағдайда көрсетіледі);
12 - төлем ордерін ұсыну;
17 - пошталық ақша аударымдары;
18 - банкоматтар арқылы салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
19 - ақша төлемі немесе аударымдарын жүзеге асырудың өзге де тәсілдері.