Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ережесінің 15-тармағының 50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.08.2022 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Заңды деректер базасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр | |
полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________ А. Мамытбеков
2016 жылғы 11 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
____________ В. Школьник
2016 жылғы 11 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1096 бұйрығымен бекітілген |
Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер
органдарының жұмысын ұйымдастыру
ҚАҒИДАЛАР
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi ережесінің 16-тармағының 28-1) тармақшасына сәйкес ішкі істер органдарының табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуы бойынша қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органының жұмысын ұйымдастыру бойынша жалпы басшылық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттерінің, қалалық, аудандық полиция басқармаларының және бөлімдерінің (бұдан әрі – ПД, Көліктегі ПД, ҚАПББ) бірінші басшыларына жүктеледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 773 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Табиғатты қорғау іс-шараларына табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің қатысуы бойынша жұмысты ұйымдастыруды ПД, Көліктегі ПД, ҚАПББ жергілікті полиция қызметінің бастықтары жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 773 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының негізгі міндеттері, функциялары және құзыреті
Ішкі істер органдары құзыреті шегінде мынадай міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады:
4. Ішкі істер органдарының міндеттері:
1) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу;
2) қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – Уәкілетті мемлекеттік органдар) қоршаған ортаны қорғау, күзету, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша көмек көрсету;
3) экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және сотқа дейінгі тергеп-тексеру.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 773 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Ішкі істер органдарының функциялары:
1) қоршаған ортаны қорғау, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) ішкі істер органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, басқа да құқық қорғау органдарымен қоршаған ортаны қорғау, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыру.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 773 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Табиғатты қорғау іс-шараларына ішкі істер органдарының қатысуы бойынша міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлеріне, сондай-ақ осы бағыттағы функциялар жүктелген жергілікті полиция қызметінің полиция қызметкерлеріне жүктеледі.
7. Ішкі істер органдарының құзыреті:
1) ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады;
2) экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тергеуді жүзеге асырады;
3) экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
3. Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы
бөліністерінің қызметін ұйымдастыру
8. Табиғатты қорғау полициясы бөліністері ішкі істер органдарының басқа да қызметтерімен, уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасаса отырып, міндеттерін орындайды.
9. Ішкі істер органдарының табиғатты қорғау полиция бөліністерінің басшы құрамы лауазымдары "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес орналасады".
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 773 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің жеке құрамы мен көлік және басқа да техникалық құралдары тек тікелей мақсаты бойынша пайдаланылады. Жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ), ПД, Көліктегі ПД, ҚАПББ басшылығының өкімі бойынша бұл қызметтің күштері мен құралдары бұқаралық іс-шаралар өткізу және төтенше жағдайлар кезінде табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуды әлсіретуге жол бермей, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін тартылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 773 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің басшылары:
1) табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады;
2) табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады;
3) табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлескен жоспарларды әзірлейді;
4) табиғатты қорғау полициясы қызметінің желісі бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, ІІМ шешімдерін, бұйрықтарын, нұсқауларын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз етеді;
5) ПД, Көліктегі ПД-ның тергеу, анықтау және криминалдық полиция бөліністерімен экологиялық қылмыстарды ашу және тергеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады.6) табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөліністерімен, басқа да құқық қорғау органдарымен табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған бірлескен іс-шаралар мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
7) табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылықтар бойынша әкімшілік және қылмыстық практиканы, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілетін рейдтік іс-шаралардың нәтижелерін жинақтауды және талдауды жүзеге асырады;
8) табиғатты қорғау полициясының желісі бойынша қызметіне жатқызылған мәселелер бойынша құқық бұзушылықтарды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың арыздарын, хабарламаларын және басқа да ақпараттарын есепке алу және тіркеу жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 773 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің қызметкерлері:
1) қоршаған ортаны қорғау, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған іс-шараларға қатысады және көрсетілген бағытта уәкілетті мемлекеттік органдарға көмек көрсетеді;
2) заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша құзыреті шегінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады;
3) табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады;
4) өз құзыреті шеңберінде жасалған немесе дайындалып жатқан экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қарайды, олардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу, жасаған адамдарды ұстау бойынша шаралар қабылдайды;
5) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін ішкі істер органының табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша қабылдаған шаралары мен нәтижелері туралы материалдар дайындайды.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 773 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Жоспарлау:
1) қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл жасасуды жандандыру мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспарлары әзірленеді;
2) бірлескен іс-шаралар жоспарларында экологиялық құқық бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған жалпы ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар көзделеді. Рейд нәтижелерін одан әрі республикалық және облыстық ақпараттық агенттіктерде кеңінен жариялау үшін рейдтік іс-шараларға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
14. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 08.08.2022 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Табиғатты қорғау полициясы бөліністері қызметінің нәтижелері жарты жылда бір рет ПД, Көліктегі ПД, ҚАПББ басшылығы жанындағы жедел кеңестерде қаралады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 773 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.