Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 655 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 тамызда № 29063 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2022 жылғы 8 тамыздағы
№ 655 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. "Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектігі № 622 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9839 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

      8-тармақ алып тасталсын;

      11-тармақ алып тасталсын;

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның ішкі істер органына келуін тіркеу ҚАІІО жергілікті полиция қызметі бөліністерінде не учаскелік полиция пункттерінде жүзеге асырылады, бұл туралы арнайы бақылау парағына осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі қойылады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам басқа ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа келісімен, жергілікті полиция қызметі бөлінісінің қызметкері немесе УПИ оның бағыттық парағына тиісті белгілер қойып, оларды ішкі істер органының мөрімен (мөртаңбасымен) куәландырады.";

      Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 1-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 7-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 2, 3 және 8-қосымшалары алып тасталсын.

      3. "Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1096 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13046 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ережесінің 15-тармағының 50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:

      14-тармақ алып тасталсын.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 5-қосымша
Жазасын өтеуден шартты түрде
мерзімінен бұрын босатылған
адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру
қағидасына 1-қосымша
 
Нысан

№_________бақылау ісі

      ____________________________________________________________________

      шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      тұрғылықты мекенжайы

      Бақылауды _____________________________________________________

      ҚАПб(Б)-ның атауы

      учаскелік полиция инспекторы_________________________________________

      учаскелік полиция инспекторының атағы,

      ______________________________________________________ жүзеге асырады

      тегі және аты-жөні

      Басталған күні:

      20___жылғы" "____" _________________

      Жазаның өтелмеген бөлігі мерзімінің аяқталу күні:

      20___ жылғы "____" __________________

      Әкімшілік қадағалау туралы Заңның қолданысына түсетін адамдар санатына өткізу күні

      20___жылғы "____" ________________

      Бақылау ісін жүргізудің аяқталған күні:

      20___ жылғы "____" ________________

      Іс 20____ жылғы "____" _____________ дейін мұрағатта сақталсын.

      (есепке алу-қадағалау ісі мұқабасының ішкі жағына жазылады)

      Бақылау ісіне тігілетін құжаттардың тізбесі

      1. Іске тігілген құжаттардың тізімдемесі.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтаманың көшірмесі.

      3. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот қаулысының көшірмесі.

      4. Өмірбаяны.

      5. Соттылығы туралы түсініктер.

      6. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның байланыстар сызбасы.

      7. Есепке алынған адамды ҚСжАЕК-нің деректері бойынша арнайы тексерудің талабы (іс жүргізілген кезде, содан кейін ҚСжАЕК деректеріндегі ақпарат өзгерген жағдайда ғана арнайы тексерудің көшірмесі міндетті түрде тігіледі. Ақпарат өзгермеген жағдайда, қосымша көшірмелер тігілмейді.).

      8. Соңғы соттылығы бойынша аудандық (қалалық, облыстық) сот үкімінің көшірмесі (үкімнен үзінді көшірме).

      9. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанға міндеттерді белгілеу туралы сотқа жолданған хабарламаның көшірмесі.

      10. Міндеттерді белгілеу туралы соттың қаулысы.

      11. Әкімшілік құқық бұзушылық және сот жүктеген міндеттерді бұзу туралы хаттамалардың көшірмелері.

      12. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған жағдайда әкімшілік жауапқа тарту туралы ҚАПб(Б) және соттың қаулылары (оның ішінде әкімшілік айыппұлдарды төлеу туралы түбіртек көшірмелері).

      13. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға сот белгілеген міндеттердің сақталуын бақылау парағы.

      14. Бағыттық және бақылау парақтарының түбіршектері, бағыттық және бақылау парақтары.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 6-қосымша
Жазасын өтеуден шартты түрде
мерзімінен бұрын босатылған
адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру
қағидасына 7-қосымша

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты белгіленген міндеттердің сақталуын бақылау парағы

Тегі ____________________________________________ Аты ____________________________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________________________________
Туған күні және туған жері ________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Қадағалау мерзімі _______________ бастап _____________________ дейін

№ р\с

Бақылау түрі (тексеру/тіркеу)

Қызметкер лауазымы, атағы, тегі (тексеруді/тіркеуді жүзеге асыратын)

Күні және уақыты тексеру / тіркеу (дерекқорлыр бойынша, тұрғылықты жері, жұмыс, оқу орны бойынша)

Тексеру нәтижелері (үйінде болды, болған жоқ, бұзушылықтар анықталды)

Есептегі адамның қолы

Белгіленген міндеттерді бұзғаны үшін мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға қолданылған шаралар


Тексеру







Тіркеу