Бірлескен кейбір бұйрықтар мен қаулылардың және бірлескен кейбір бұйрықтар мен қаулылардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 75 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 799 бірлескен қаулысы мен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 қыркүйекте № 21180 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабы 1-тармағына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы бірлескен бұйрыққа және қаулыға сәйкес бірлескен кейбір бұйрықтар мен қаулылардың және бірлескен кейбір бұйрықтар мен қаулылардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Агенттіктің Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Агенттіктің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты және қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық және қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бірлескен бұйрық және қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы Агенттіктің Заң департаментіне мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы бірлескен бұйрық және қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық және қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық және қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 қыркүйегі
№ 799 мен
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2020 жылғы 24 тамызы
№ 75 Бірлескен бұйрығы
мен қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылған бірлескен кейбір бұйрықтар мен қаулылардың және бірлескен кейбір бұйрықтар мен қаулылардың құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. Бірлескен "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 521 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 235 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10212 тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 643 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 225 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13033 тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған) қосымшамен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулылары тізбесінің 4-тармағы;

      3. Бірлескен "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 561 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 244 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16213 тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).