Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 қаңтарда № 12912 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 129 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 15.09.2017 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Құрылымдық статистика басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде жұмыс бабында басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Ә. Смайылов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 214 бұйрығымен бекітілді

Еңбек өнімділігін есептеу
әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Сауда және индустрия министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін бекіту туралы" (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) бұйрығымен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес, ұлттық шоттар жүйесі бойынша өндіріс шекарасы шегінде еңбек өнімділігін есептеуге бағытталған.

      3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде алынған алғашқы статистикалық деректер негізінде еңбек өнімділігі көрсеткіштерін есептеуді жүргізу кезінде қолданады.

      4. Осы Әдістемеде келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) аралық тұтыну - есепті кезеңде тауарлар мен қызметтер өндірісіне шығындар ретінде өндіріс үдерісінде түрленетін немесе түгелдей тұтынылатын тауарлар мен қызметтер құнын білдіреді.

      2) еңбек өнімділігі – пайдаланылатын ресурстар бірлігіне есептегенде өнім шығарылымын сипаттайтын және өндіріс көлемімен еңбек ресурстары шығындарының арақатынасын білдіретін өндіріс тиімділігінің көрсеткіші.

      3) жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) - өндірістік қызметтің түпкілікті нәтижесін сипаттайды және осы өндірістік үдерістегі өңдеумен қосылған құндылықты білдіреді. Салалар деңгейінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер шығарылымы мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылады, өндіріс үдерісінде тұтынылған негізгі капиталдың құнын қамтиды.

      4) жұмыспен өтелген адам-сағаттарының саны – бұл кәсіпорынның барлық қызметкерлерімен жұмыс кезеңі ішіндегі, сондай-ақ мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытында нақты жұмыспен өтелген уақыты.

      5) қызметкерлердің тізімдік саны – жасасу мерзіміне қарамастан еңбек шарты бойынша қабылданған тұлғалар саны.

      6) қызметкерлердің нақты саны (орташа жалақыны есептеу үшін алынатын) – жұмысқа ресми тіркелуі бар (жүктілігі және босануы бойынша, балаға күтім жасау бойынша, және басқа да демалыстарда жүрген адамдар) қызметкерлердің жекелеген санаттары шегерілген тізімдік құрамдағы қызметкерлердің саны.

      7) негізгі қызметтегі персонал – негізгі өнім (тауар, көрсетілетін қызмет) және басқа кәсіпорындарға немесе ұйымдарға сатылуы мүмкін, негізгімен қатар алынатын қосалқы өнім өндірісінде тікелей жұмыспен қамтылған қызметкерлер.

      8) негізгі қызмет түрі - қосылған құны субъект жүзеге асыратын қызметтің кез-келген басқа түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.

      9) толық жұмыспен қамту эквиваленті - толық жұмыс күніне есептегенде жұмыс орындарының саны. Қарастырылып отырған кезеңге тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісі бойынша барлық жұмыс түрлерінде жұмыспен өтелген адам сағат санын толық жұмыс күнімен жұмыс орындарында жұмыс сағаттарының орташа санына бөлу арқылы есептеледі.

      10) шығарылым – мекеме өнімді өндірісте пайдалануға байланысты тәуекелді қабылдамайтын қызметте пайдаланылған кез келген тауарлар мен көрсетілетін қызметтер құнын қоспағанда және жинақтау үшін (негізгі капиталды немесе материалдық айналым құралдары қорларын) немесе өзінің түпкілікті тұтынуы үшін пайдаланылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қоспағанда сол мекеме тұтынған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қоспағанда мекеме өндірген тауарлар мен қызметтер құны.

      5. Әдістемеде еңбек өнімділігін жалпы экономика бойынша есептеудің халықаралық тәжірибесі және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингілеуді жүзеге асыру үшін еңбек өнімділігін сала және өңір деңгейінде есептеу.

      6. Әдістемеде келесі тақырыптар көрсетілген:

      1) өнімділік деңгейлерін халықаралық салыстыру мүмкіндіктері және еңбек өнімділігінің өсу қарқындарын есептеу;

      2) сала деңгейіндегі еңбек өнімділігін өлшеу;

      3) 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі (бұдан әрі – ҰШЖ) бойынша өндіріс шекарасы шегінде еңбек өнімділігін есептеу.

      7. Осы Әдістемеде ""Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 957 Жарлығына енгізілген толықтырулар туралы және Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – ИИДМБ) нысаналы индикаторларын мониторингілеуді қамтамасыз ету үшін өңірлер және жеке салалар деңгейінде еңбек өнімділігі көрсеткіштерін жедел бағалау бойынша жеке бөлімі бар.

      8. Еңбек өнімділігін есептеуде бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында Әдістемеде құндық әдіс пайдаланылған.

      9. Еңбек өнімділігі көрсеткіштерін есептеудің негізі өндіріс (жалпы қосылған құн) және еңбек шығындары (жұмыспен қамтылған қызметкер саны, жұмыспен өтелген уақыт) көлемін сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады.

2. Еңбек өнімділігі көрсеткіштерін есептеу үшін қажетті
ақпараттық базаның заманауи жағдайы

      10. Еңбек өнімділігі көрсеткіштерін есептеу негізі еңбек шығынын (жұмыспен қамтылғандар саны, жұмыспен өтелген адам-сағат толық жұмыспен қамтылғандар эквивалентіндегі жұмыспен қамтылғандар саны) және өндіріс көлемін сипаттайтын (шығарылым және қосылған құн) болып табылады. Аталған бөлімде еңбек өнімділігін есептеу үшін қажеті, бар ақпараттық базаға талдау жүргізілген.

      11. ЖҚҚ ұлттық шоттар жүйесіндегі әдіснамалық ережелерге сәйкес есептеледі. Негізгі бағадағы ЖҚҚ негізгі бағада бағаланған шығарылым, минус сатып алушылар бағасында бағаланған аралық тұтыну ретінде айқындалады.

      12. Экономикалық қызмет түрлері бойынша ЖҚҚ бағалауды жүзеге асыру үшін ЭҚЖЖ қолданылады.

      13. Еңбек өнімділігі (еңбек өнімділігінің индексі) тоқсан сайынғы негізде есептеледі.

      14. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тауар және көрсетілетін қызмет өндірісі бойынша еңбек шығындары көрсеткіштері Халықаралық Еңбек Ұйымы, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық мәселесі бойынша Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясы қабылдаған қарардың негізінде әзірленген және жұмыспен қамтылу мәселесі бойынша халыққа статистикалық зерттеу жүргізуде (Жұмыс күшін зерттеу (бұдан әрі - ЖКЗ) және олардың нәтижелерін жалпылауда қолданылатын еңбек нарығы көрсеткіштерін әдіснамалық қамтамасыз етуге негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасымен қалыптастырылады.

      15. Барлық қызмет түрлері бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызмет өндірісіндегі еңбек шығынын бағалау төрт көрсеткіш бойынша жүзеге асырылады:

      жұмыс орындарының саны;

      жұмыспен қамтылғандар саны;

      жұмыспен өтелген уақыттың саны;

      толық жұмыспен қамтылу эквиваленті

      16. Еңбек шығындары өндірісінің теориясында сала үшін жұмыспен өтелген сағат саны неғұрлым барабар өлшенеді.

      17. Еңбек шығынын өлшеу үшін пайдаланылатын басқа ауыспалы жұмыс орнының саны немесе толық жұмыспен қамтылғандар эквивалентіндегі тұлға болып табылады. Тұлғаның толық жұмыс уақыты негізінде көрсеткішті алу үшін, толық емес жұмыс уақытындағы жұмыспен қамтылғандар толық жұмыс істегендердің уақытына қарағанда аз үлеспен ескеріледі.

      18. Еңбек шығынын бағалау экономикалық қызмет түрлері бойынша түрлі дереккөздерден алынған жұмыспен өтелген уақыт және жұмыспен қамтылу туралы деректерді интеграциялау негізінде жүзеге асырылады. Есептеулер орташа алғанда жыл және тоқсанға жүзеге асырылады.

      19. Бір жылға есептегендегі жұмыспен өтелген уақыт саны ел (өңір) аумағында тауар және көрсетілген қызмет (өзіндік тұтынуы үшін балық шаруашылығы және аңшылық, ауыл, орман шаруашылығымен өндірілген өнімдерді қоса алғанда) өндірісі бойынша нақты жұмыспен өтелген адам-сағаттар санын сипаттайды. Әрбір жұмыс түрі бойынша жұмыс орындары санын бір жұмыс орнына орташа нақты жұмыс уақытына көбейту арқылы есептеледі.

      20. Нақты жұмыспен өтелген уақыт қалыпты жұмыс уақыты кезеңіндегі жұмыс уақытын; жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан артық жұмыспен өтелген уақыт; жұмысқа дайындық және оған көрсетілетін қызмет үшін жұмыс орнында өткізілген уақыты; демалыс үшін жұмыстағы қысқа үзіліске жіберілген уақыт. Нақты жұмыспен өтелген уақыт туралы деректерге мыналар қосылмайды: төленген, алайда жұмыспен өтелмеген уақыт, мысалы, жылсайынғы еңбек демалысы, төленетін мемлекеттік мерекелер, науқастану кезіндегі төлемдер.

      21. Барлық жұмыс түрлерінде жұмыс орындары мен жұмыспен өтелген уақыттың жалпы санын бағалау барлық өндірістік бірліктер типтері бойынша (ел аумағында (шетел елшіліктерінің қызметкерлерін қоспағанда) сату және алмастыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді үй шаруашылығында өндіруді қоспағанда) негізгі және қосымша жұмыс үшін тиісті көрсеткіштерді бағалауды, сондай-ақ орман шаруашылығы, аң аулау, балық аулау өнімдерін өзіндік тұтынулары үшін өндіру бойынша үй шаруашылығындағы жұмыс үшін көрсеткіштерді бағалауды қосындылау арқылы жүзеге асырылады.

      22. Толық жұмыспен қамту эквиваленті – толық жұмыс күні есебінен жұмыс орнының саны. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісі бойынша барлық жұмыс түрлерінде қарастырылып отырған кезеңге жұмыспен өтелген адам-сағат санын толық жұмыс күнімен жұмыс орындарында жұмыс сағаттарының орташа санына бөлу арқылы есептеп шығарылады. Қарастырылып отырған кезеңге толық жұмыс күнімен жұмыс орындарындағы жұмыс сағаттарының орташа саны қарастырылып отырған кезеңге келетін, заңнама түрінде белгіленген жыл сайынғы еңбек демалысын қоспағанда, 40 сағаттық жұмыс аптасы болғанда жұмыс уақытының барынша ықтимал қоры ретінде айқындалады. Толық жұмыспен қамтылу эквивалентін есептеу үшін жұмыс уақытының барынша ықтимал қоры 1920 сағат көлемінде (52 күнтізбелік аптадан 24 күнтізбелік күн демалысын алып тастағанда) * 40 сағат = 1920 сағат) қолданылады. Толық жұмыспен қамту эквивалентін бағалау кезінде пайдаланылатын, жұмыс уақытының ықтимал қорының ең жоғарғы шамасы, егер жұмыс аптасының ұзақтығы мен жыл сайынғы демалысқа қатысты заңнамалық нормалар өзгермесе, серпінде өзгермей қалуы қажет.

      23. Еңбек өнімділігі көрсеткіштері ретінде ұлттық статистика тәжірибесінде мыналар пайдаланылады:

      бір жұмыспен қамтылғанға есептегендегі жалпы қосылған құн (ЖҚҚ);

      жұмыспен өтелген уақыт санына есептегендегі жалпы қосылған құн (ЖҚҚ);

      24. Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде көрсеткіштерді есептеу қажетті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етілген: жалпы қосылған құн көрсеткіштері туралы ұлттық шоттар статистикасы деректерімен және барлық жұмыс түрлерінде тауарлар мен көрсетілетін қызмет өндірісіндегі еңбек шығынын бағалау деректері.

      25. Еңбек шығынын өлшеу үшін дереккөзі үй шаруашылықтары негізінде жұмыс күшін зерттеу және кәсіпорындарды зерттеу болып табылады. Ұлттық тәжірибеде бұл екі статистикалық зерттеу Қазасқтан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекітілген "Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 10125 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 71 бұйрық) Т-001 "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалнамасы" (кезеңділігі – айлық) және 1-Е "Еңбек бойынша есептілік" (тоқсандық, жылдық) нысандары болып табылады.

      26. Жұмыс күшін зерттеу жұмыс күшінің білім деңгейі, жасы немесе қызметкерлердің бірнеше жұмыс орындарындағы жұмысы, жеке сипаттамалары туралы ақпаратты, жұмыс орындары туралы (мысалы, кәсіп сипаты және келісімшарт түрі) ақпаратты алу мақсаттарында жүргізіледі.

      27. Қазақстанда еңбек нарығын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша ақпаратты жинау № 71 бұйрыққа сәйкес, Т-001 "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалнамасы" (кезеңділігі – айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын пайдаланумен халықты іріктемелі зерттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады

      28. Жұмыспен қамтылғандар жалдамалы қызметкерлерге және өз бетінше жұмыспен қамтылғандарға бөледі.

      29. Тізімдік және нақты сан, жұмыспен өтелген уақыт (адам-сағат) туралы ақпарат № 71 бұйрыққа сәйкес, 1-Е "Еңбек бойынша есептілік" (кезеңділігі – тоқсандық, жылдық) статистикалық нысанына сәйкес қалыптастырылады.

      30. Сыртқы қоса атқарушылар және азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмысты атқаратын тұлғалар бойынша ақпарат жылына бір рет жаппай әдіспен № 71 бұйрыққа сәйкес, 1-Е "Еңбек бойынша есептілік" (кезеңділігі – жылдық) статистикалық нысанының деректері бойынша қалыптастырылады.

3. Жалпы экономика бойынша және салалар бойынша еңбек
өнімділігін өлшеудің негізгі тәсілдері

      31. Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері ЖІӨ (немесе саланың ЖҚҚ) жұмыс істейтіндер санына арақатынасы ретінде есептеледі. Бөлгіште мақсаттарына қарай кейде – еңбек шығынының көрсеткіші жұмыспен өтелген сағат саны қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға емес, ол жұмыспен өтелген сағатпен есептеледі. Жұмыспен өтелген уақыт еңбек өнімділігі деңгейі мен серпінін едәуір нақты айқындауға мүмкіндік береді, ал қызметкерлердің орташа саны тек қана еңбек өнімділігі серпінін ғана көрсетіп қоймай, жұмыс уақытының әлеуетті қорын пайдалануға қарай өзгерістерін де көрсетеді.

      32. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құн жалпы өнім шығарылымы құны мен аралық тұтыну айырымы ретінде айқындалады.

      33. Жалпы шығарылым бүкіл экономика бойынша есептеледі және экономикалық қызмет түрлері бойынша және жеке кәсіпкерлер және үй шаруашылықтары (жұмыспен қамтылғандар санына қарамастан), бүкіл заңды тұлғалармен есепті кезеңде экономикада өндірілген қызмет және тауарлар құнының сомасын қамтиды.

      34. Еңбек өнімділігі тоқсан сайын жалпы экономика бойынша және экономикалық қызмет түрлері бойынша есептеледі.

      Еңбек өнімділігі (мың теңге/адам) жалпы экономика бойынша мына формула бойынша есептеледі:


(1)

      мұндағы


- еңбек өнімділігі, (мың теңге/адам);

- экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша жалпы қосылған құны (млн.теңге);

- орташа жылдық жұмыспен қамтылған халықтың саны (адам).

      Жұмыспен қамтылған халықтың санына жалдау бойынша жұмыс істейтіндер (жалдамалы қызметкерлер), жалданбай жұмыс істейтіндер (өз бетінше жұмыспен қамтылғандар) енгізілген.

      35. Еңбек өнімділігі (мың теңге/адам) экономикалық қызмет түрлері бойынша мына формула бойынша есептеледі:


(2)

      мұндағы


- экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбек өнімділігі "n", (мың тенге/адам);

- экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құн "n", (млн. тенге);

- экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа жылдық жұмыспен қамтылған халықтың саны "n" (адам);

      36. Жұмыспен қамтылған халықтың санына жалдамалы жұмыс істейтіндер (жалдамалы қызметкерлер), жалданбай жұмыс істейтіндер (өз бетінше жұмыспен қамтығандар) енгізілген.

      37. Жалпы қосылған құн және жұмыспен қамтылған халық саны негізгі қызмет түрінің белгісі бойынша топталған институционалдық бірліктердің қызмет нәтижесі бойынша қалыптасады. Қызмет түрлері ЭҚЖЖ негізінде айқындалады. ҰШЖ терминологиясында таза және шаруашылық салалар анықтамасы қабылданған, оның айырмашылығы экономикалық қызмет түрлері және көптеген шығарылатын өнімге сәйкес өзара біркелкілік қағидатына негізделген. Таза сала термині осы сала өндіретін өнімнің біртекті түрінің бар екенін және керісінше тауарлар мен қызметтердің әрбір біртекті түрі үшін оларды өндіретін экономиканың бір таза саласы бар екенін білдіреді (мысалы, "Өнеркәсіп" және экономикалық қызмет түрі бойынша негізгі және қосалқы қызмет түрін орындау кезінде институционалдық бірліктер жүзеге асыратын өнеркәсіптік өнімнің барлық өндірісі көрсетіледі).

      38. Еңбек өнімділігінің индексін есептеу.

      Уақыт ішіндегі еңбек өнімділігінің өзгерісін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу үшін еңбек өнімділігінің индексін есептейді.

      Еңбек өнімділігінің индексі тоқсан сайынғы негізде жалпы экономика бойынша және экономикалық қызмет түрлері бойынша есептеледі.

      Тұтастай экономика бойынша еңбек өнімділігінің индексін есептеу үшін мына формула пайдаланылады:


(3)

      мұндағы


- еңбек өнімділігінің индексі, пайызбен;

- t кезеңге еңбек өнімділігі (мың теңге/адам);

– 1 кезеңге еңбек өнімділігі (мың теңге/адам);

- дефлятор, пайызбен.

      Еңбек өнімділігінің нақты өзгерісін алу үшін дефлятор арқылы бағаның әсерімен жойылады. Дефлятор ретінде өндіруші бағаның индексі, тұтынушы бағаның индексі және еңбек жалақы бағасының индексі пайдаланылады.

      Экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбек өнімділігінің индексі келесі формула бойынша есептеледі:


(4)

      мұндағы


- "n"- экономикалық қызмет түрі бойынша еңбек өнімділігінің индексі, пайызбен;

- "n" - экономикалық қызмет түрі бойынша еңбек өнімділігі, t кезеңге (мың теңге/адам);

- "n" - экономикалық қызмет түрі бойынша еңбек өнімділігі, t – 1 кезеңге (мың теңге/адам);

- "n", экономикалық қызмет түрі бойынша дефлятор, пайызбен

      39. Дефлятор ретінде өндіруші бағасының индексі, тұтынушы бағасының индексі және жалақы индексі пайдаланылады. Сол немесе басқа индексті таңдау оның экономикалық қызмет түрі бойынша бар болуына байланысты.

      40. Осы бөлімде көрсетілген еңбек өнімділігі есептеулерінде заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің, өндірісті өзінің жеке түпкілікті тұтынуы және сатуы үшін өндірісті жүзеге асыратын үй шаруашылықтарының қызметі нәтижелерін және бақыланбайтын экономикаға үстеме бағалауды қамтитын жалпы қосылған құн пайдаланылады. Сәйкесінше есептеулерге қатысатын жұмыспен қамтылған халықтың саны жалдамалы қызметкерлерді, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлерді есепке алады. Кәсіпорындарда және өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлерде технико-технологиялық және ұйымдастырушылық деңгейдің айырмашылығына байланысты олардың еңбек өнімділігі ерекшеленеді. Осы бөлімде еңбек өнімділігі көрсеткіші тұтастай экономика және экономикалық қызмет түрлері бойынша халықтың жұмыспен қамтылуының барлық түрлеріндегі өндірушілердің қызметін көрсететін орташа мәні болып табылады.

4. ИИДМБ мониторингілеу үшін салалар деңгейінде еңбек
өнімділігін өлшеудің негізгі тәсілдері

      41. Еңбек өнімділігін сала деңгейінде есептеудің бірыңғай тәсілі мақсатында осы Әдістемеде статистикалық тәжірибеде әмбебап ретінде өндірістің барлық нәтижесін қамтитын, салалар және өңірлер бойынша жиынтық деректерді алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құндық әдіс пайдаланылды. Осы әдіс еңбек өнімділігі көрсеткіштерін есептеу үшін өндірілген өнімнің (шығарылым) көлемін құндық тұлғалануда қабылдаудан тұрады.

      42. Осы әдістің басымдығы құндық бағалау дайын өнімдер, жартылай фабрикаттар және аяқталмаған өндіріс шығарылымын және өнеркәсіптік емес сипаттағы орындалған жұмыстарды қамтуға мүмкіндік беретіндігі болып табылады. Еңбек өнімділігін бағалау барысында өнімнің құндық көрсеткіштері ретінде жалпы қосылған құн пайдаланылды.

      43. ИИДМБ шеңберінде экономиканың басым секторлары бойынша жалпы қосылған құн бойынша еңбек өнімділігін арттыру міндеті қойылған, олар ЭҚЖЖ секторларды, салаларды және ішкі салаларды қабылданған белгілеуден айрықшаланады. Айырмашылықтар атауында да, сектор құрамы бойынша да көрінеді. Осыған байланысты еңбек өнімділігінің көрсеткіштері ЭҚЖЖ сәйкес салаларының орташа өлшенгені ретінде экономиканың басым секторлары бойынша қалыптастырылады. Экономиканың басым секторлары тізбесі және ЭҚЖЖ бойынша олардың құрамын тиісті уәкілетті органдар анықтайды.

      44. Шағын кәсіпорындарды зерттеуді көздемейтін салалық зерттеулер бойынша жедел ақпарат (айлық кезеңділіктегі) пайдаланатындықтан ИИДМБ мониторингі үшін еңбек өнімділігі көрсеткіштері ірі және орта кәсіпорындар шеңбері бойынша есептеледі. Ауыл шаруашылығы бойынша еңбек өнімділігі көрсеткіші бұнда кірмейді, өйткені бұл салада негізгі өндірушілер үй шаруашылықтары болып табылады.

      45. Өндіріс көлемін сипаттайтын көрсеткіштер ретінде, ұлттық статистика тәжірибесінде пайдалану үшін саланың жалпы шығарылымы негізінде есептелген жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) пайдаланылады. Саладағы жалпы шығарылымға ЭҚЖЖ-ға сәйкес осы салаға кіргізілген өндірістік бірліктер қызметінің негізгі түрі бойынша есептелген жалпы шығарылым қабылданған.

      46. Сала деңгейінде еңбек өнімділігін өлшеу кезінде деректердің салғастырымдылығы үшін еңбек өнімділігі көрсеткіші жоғарыда көрсетілген кәсіпорындардың жалпы қосылған құнының негізгі персоналдың нақты қызметкерлер санына (яғни, кәсіпорынның негізгі қызмет түрінде жұмыспен қамтылған қызметкерлер саны) қатынасы ретінде келесі формула бойынша есептеледі:


(5)

      мұндағы

      Ө - еңбек өнімділігі;

      Ж - саладағы жалпы қосылған құн;

      Қ - саладағы қызметкерлердің нақты саны

      47. Базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңге бір қызметкерге ақшалай тұлғаланудағы өнімнің нақты өндірісінің өзгерісін сипаттайтын еңбек өнімділігінің құндық индексін есептеу үшін бағалар өзгерісінің әсері жойылады, сәйкесінше тұрақты бағаларды өндірілген өнім (қызмет) құны туралы деректерді пайдаланылады.

1-параграф. Ақпарат көздері

      48. Еңбек өнімділігі көрсеткіштерін есептеу үшін ақпарат көзі ресми статистикалық есептіліктің деректері болып табылады:

      1) экономиканың салалары (ішкі салалары) бойынша өнім шығарылымы туралы салалық статистиканың ай сайынғы кезеңділіктегі статистикалық нысандарының деректері;

      2) қызметкерлер саны туралы – № 71 бұйрыққа сәйкес, 1-Т "Еңбек бойынша есептілік", статистикалық нысанының (кезеңділігі тоқсандық) деректері.

      49. Салалық жалпы шығарылым ретінде есепті кезеңдегі тиісті саланың ірі және орта кәсіпорындарының негізгі қызмет түрі бойынша өндірілген тауар (қызмет) шығарылымы алынады. Сәйкес салалар бойынша салалық жалпы шығарылымды анықтау үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

      1) өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін – өнім өндірісі көлемі (өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар, қызметтер) Қазасқтан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген "Өнеркәсіп статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 11055 болып тіркелген) (1-П "Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту туралы есебі" айлық кезеңділіктегі статистикалық нысанының деректері). Өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірісінің көлемі зауыт ішіндегі айналым, аяқталмаған өндіріс және алыс-беріс шикізаты өнімі өндірісін бағалауды есепке алумен қалыптастырылады;

      2) құрылыс ұйымдары үшін – өз күштерімен орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі Қазасқтан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 27 қазандағы № 26 бұйрығымен бекітілген "Құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 9916 болып тіркелген) ("Орындалған құрылыс жұмыстары (қызметтері) туралы есеп" статистикалық нысаны, 1-КС, айлық кезеңділіктегі);

      3) байланыс кәсіпорындары үшін – байланыс қызметін көрсетуден түскен кірістер және кәсіпорындар қызметкерлерінің орташа тізімдік саны Қазасқтан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 4 қарашадағы № 39 бұйрығымен бекітілген "Байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 10062 болып тіркелген) ("Пошталық және курьерлік қызмет және байланыс қызметтері туралы есеп" статистикалық нысаны, 3-байланыс, айлық кезеңділіктегі);

      4) көлік кәсіпорындары үшін – жүктерді және жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс және көлік кәсіпорындары қызметкерлерінің орташа тізімдік саны Қазасқтан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 66 бұйрығымен бекітілген "Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 10132 болып тіркелген) ("Көлік кәсіпорындарының қызметі туралы есеп" статистикалық нысаны, 1-көлік, айлық кезеңділіктегі);

      5) сауда кәсіпорындары үшін – бөлшек және көтерме тауар айналымы Қазасқтан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 139 бұйрығымен бекітілген "Ішкі сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 12167 болып тіркелген) ("Тауарларды, қызметтерді өткізу туралы есеп" статистикалық нысаны, 2-сауда, айлық кезеңділіктегі).

      50. Салада жұмыспен қамтылған қызметкерлердің саны үшін есепті кезеңде орташа айлық жалақыны есептеу үшін қолданылатын, негізгі қызмет персоналының нақты саны көрсеткіші қабылданады.

      51. Саланың жалпы қосылған құнын есептеу тиісті салалар бойынша жалпы өңірлік шығарылымдағы аралық тұтынудың үлес салмағы бойынша өнімнің жалпы шығарылымы негізінде есептеледі (ҰШЖ-ға сәйкес экономика салалары бойынша есептелген ұлттық шоттар статистикасының деректері).

      52. Аралық тұтынуды есептеу үшін ақпарат көзі болып кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы Қазасқтан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 7 қазандағы № 154 бұйрығымен бекітілген "Кәсіпорындардың қаржысы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 12227 болып тіркелген) ("Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп" 1-ПФ нысаны) статистикалық байқауының негізінде ҰШЖ сәйкес экономика салалары бойынша есептелген ұлттық шоттар статистикасының деректері қызмет етеді. Есеп үшін есепті күнге бар болған, көрсетілген статистикалық байқау бойынша соңғы тоқсандық деректер қабылданады.

      53. Тұрақты бағаларда жалпы қосылған құнды есептеу үшін дефляторлау жүзеге асырылады, бұл ретте сәйкес салалар мен өңірлердегі баға өзгерісін сипаттайтын баға индексі пайдаланылады. Баға өзгерістері туралы ақпарат көздері ай сайынғы кезеңділіктегі баға туралы статистикалық байқаулар болып табылады.

2-параграф. Еңбек өнімділігін есептеу жүйелілігі

      54. Өңірлер бөлінісінде экономиканың салалары бойынша еңбек өнімділігі көрсеткіштерін есептеу төрт кезеңде жүргізіледі:

      Бірінші кезеңде тоқсан сайынғы негізде есепті айда бар болған, өткен тоқсанның деректері негізінде салалар бөлінісінде (ЭҚЖЖ 2 таңбасына дейін) жалпы өңірлік шығарылымда аралық тұтыну үлесін есептеу жүзеге асырылады:


(6)

      мұндағы


- өткен кезеңнің жалпы қосылған құны;

- өткен кезеңнің жалпы шығарылымы;

- өткен кезеңнің аралық тұтынуы.

      Бұдан әрі, экономиканың сәйкес салалары бойынша жалпы өңірлік шығарылымда аралық тұтынудың үлес салмағы келесі формула бойынша есептеледі:


(7)

      Екінші кезеңде әрбір өңір бойынша ЭҚЖЖ тиісті салалары бойынша ірі және орта өндірістік бірліктер бойынша алынған салалық шығарылымның негізінде ЖҚҚ бағалық есептеу 3-формула бойынша жүргізіледі:


(8)

      мұндағы


- кезеңнің жалпы қосылған құны;

- кезеңнің салалық жалпы шығарылымы;

      d ат - саланың жалпы өңірлік шығарылымында аралық тұтынудың үлес салмағы.

      55. Өнімнің құндық өлшеуіштерін пайдалану кезінде еңбек өнімділігінің серпінін зерделеу үшін бағалардың өзгеру ықпалы жойылады, яғни тұрақты бағаларда өндірілген өнімнің (қызмет көрсетулердің) құны туралы деректер пайдаланылады. Сәйкесінше есептеудің келесі кезеңінде жалпы қосылған құнды дефляторлау жүзеге асырылады.

      56. Бағалардың сәйкес индекстерімен жалпы қосылған құнды жалқы дефляторлау әдісі қолданылады. Тұрақты бағаларға жалпы қосылған құнды қайта есептеу үшін тиісті салаларда және өңірлерде бағалардың өзгеруін сипаттайтын бағалардың индексі пайдаланылады:


(9)

      мұндағы


- тұрақты бағаларда кезеңнің жалпы қосылған құны;

- бағалар индексі.

      Бұдан әрі салалық және өңірлік бөліністерде еңбек өнімділігін есептеу саланың жалпы қосылған құнының осы салада жұмыспен қамтылған қызметкерлердің санына қатынасы ретінде тікелей жүзеге асырылады. Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:


(10)

      мұндағы


- есепті кезеңнің еңбек өнімділігі;

- есепті кезеңнің жалпы қосылған құны;

- есепті кезеңдегі қызметкерлердің саны.

      57. Бір жұмыспен қамтылғанға "еңбек өнімділігі" көрсеткішінің өлшем бірлігін АҚШ долларына аудару Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орташа тоқсандық және орташа айлық айырбас бағамын қолданумен жүзеге асырылады - 1 АҚШ доллары үшін теңге.