Инфляцияның деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1029 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12645 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 455 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.10.2023 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларының 5, 8, 9, 14, 16-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауға өтініш нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес sms-хабарлар журналының нысаны бекітілсін.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1029 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

      Ауданның коды __________________

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

      _________________ бойынша департаменті

Өтініш

      Туған күні 19 __ ж. "___" ______________, ____________________

      мекенжайында тұратын

      азамат (ша) ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)

      Менің жеке зейнетақы шотым ___________________________________

      Менің ЖСН _____________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:

      № _____________________________

      Кім берді _________________ Берілген күні _____________________

      Инфляция деңгейін ескере отырып, маған

      _______________________________________________________________

      міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы

      жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет)

      сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма

      төлемін тағайындауды сұраймын.

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін жауапты боламын.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотының

      болуы және ________________________________________ міндетті

      зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының

      (жарналар түрін көрсету қажет) есебінен зейнетақы жинақтарының

      сомалары туралы мәліметтерді сұратуды өтінемін.

      Инфляция деңгейін ескере отырып,

      _______________________________________________________________

      (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы

      жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы

      жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауға қажетті

      менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Инфляция деңгейін ескере отырып,

      _______________________________________________________________

      (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы

      жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы

      жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындау туралы

      (тағайындаудан бас тарту туралы) шешім қабылдау жөнінде ұялы

      телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабарлауға келісім беремін.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      үй телефоны _______ ұялы телефоны ____________ E-mail _________

      Өтініш берген күні___________________

      Өтініш берушінің қолы _______________

      Азамат (ша) ___________________________________________ өтініші

      20___ ж. "___" № ____________ қабылданды,

      құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса), лауазымы және қолы: ________

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе


















      --------------------------------------------------------------

      (қию сызығы)

      Азамат (ша) ___________ өтініші № ___________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған күн _____________________

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы және қолы: ____________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1029 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті
зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы
арасындағы айырма төлемінің сомасын
тағайындау туралы (тағайындаудан
бас тарту туралы) шешім

      Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ____________

      бойынша департаментінің 20 ___ жылғы "__" ______________ №___________

      шешімі

      Іс №____________

      Инфляция деңгейін ескере отырып,

      _____________________________________________ (міндетті

      зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының

      (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының

      сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы

      (тағайындаудан бас тарту туралы)

      Азамат (ша) __________________________________________________

      Жынысы ____________ Туған күні 19 ___ ж. "__" ________________

      Өтініш берген күні 20 ___ ж. "__" ___________ № ______________

      1. Инфляция деңгейі ескерілген сома:

      міндетті зейнетақы жарналары бойынша

      ________________________________________________________ теңге;

      (сомасы жазбаша)

      міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша сомасы

      ________________________________________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы

      жинақтарының сомасы (керегін толтыру қажет):

      міндетті зейнетақы жарналары бойынша

      ______________________________________________________ теңгені;

      (сомасы жазбаша)

      міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша

      _______________________________________________________ теңгені

      (сомасы жазбаша)

      құрайды.

      3. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру

      туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы

      5-бабының 1-тармағына сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып,

      ______________________________________________________________

      (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы

      жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы

      жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасы:

      _____________________________ теңге мөлшерінде тағайындалсын.

      (сомасы жазбаша)

      4. Айырма төлемінің сомасын тағайындаудан бас тартылсын

      _____________________________________________________________________

      (негіздеме)

      М.О. Департамент директоры _______________________________ __________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

      Басқарма (бөлім) басшысы _________________________________ __________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

      Тағайындау жөніндегі маман _______________________________ __________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

      Шешім жобасы дайындалды:

      М.О. Бөлімше бастығы _____________________________________ __________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

      Бөлімше маманы ___________________________________________ __________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1029 бұйрығына
3-қосымша

      Нысан

Sms-хабарлар журналы

      _________________________

      (төлемнің түрі)

      _________________ бөлімшесі бойынша

р/с №

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Істің №

Sms-хабар жіберілген күн

Телефон№

Маман