Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 522 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларының 5-тармағының бесінші бөлігіне, 8-тармағының 1) тармақшасына, 9-тармағының 1) тармақшасына, 14-тармағының 1) тармақшасына және 16-тармағының екінші бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеуді тағайындауға өтініш нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу сомасын тағайындау (тағайындаудан бас тарту туралы) туралы шешімнің жобасының нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес sms-құлақтандыру журналының нысаны.
2. "Инфляцияның деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1029 бұйрығының (мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын нормативтік құқықтық актілер № 12645).
3. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
2023 жылғы 23 қазандағы № 455 бұйрығына 1-қосымша |
|
Нысан |
Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеуді тағайындауға өтініш
Қаланың / ауданның коды __________________
Қазақстан Республикасы
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің _________________ департаменті Өтініш
Туған күні __ жылғы "___" ______________, ____________________
мекенжайы бойынша тұратын
азамат (ша) ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)
Менің жеке сәйкестендіру нөмерім__________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: № _____________________________
Кім берді _________________ берілген күні _____________________
Инфляция деңгейін ескере отырып, маған
_______________________________________________________________
міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының
(жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы
арасындағы айырма төлемін тағайындауды сұраймын.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін жауапты боламын.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотының болуы және
________________________________________ міндетті зейнетақы жарналарының,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет)
есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді сұратуды өтінемін.
Инфляция деңгейін ескере отырып,
_______________________________________________________________
міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының
(жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы
арасындағы айырма төлемін тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға
және өңдеуге келісім беремін.
Инфляция деңгейін ескере отырып,
_______________________________________________________________
(міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының
(жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы
арасындағы айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы)
шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабарлауға келісім
беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
үй телефоны _______ ұялы телефоны ____________ E-mail _________
Өтініш берген күні___________________
Өтініш берушінің қолы _______________
Азамат (ша) ___________________________________________ өтініші
20___ жылғы "___" № ____________ қабылданды,
құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымы және қолы:
_________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтардың саны | Ескертпе |
---------------------------------------------
(қию сызығы)
Азамат (ша) ___________ өтініші № ___________ болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған күн _____________________
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымы және қолы: ____________
2023 жылғы 23 қазандағы № 455 бұйрығына 2-қосымша |
|
Нысан |
Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің жобасы
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің ______________________________
бойынша департаментінің 20 ___ жылғы "__" ______________ №___________
шешімі
Іс №____________
Инфляция деңгейін ескере отырып,
_____________________________________________________________
міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының
(жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы
арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту
туралы)
Азамат (ша) __________________________________________________
Жынысы ____________ туған күні ___ жылғы "__" _________________
Өтініш берген күні 20 ___ жылғы "__" ___________ № ______________
Зейнетақы төлемдеріне құқық басталған күні:
міндетті зейнетақы жарналары бойынша _________________________
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша___________________
1. Инфляция деңгейі ескерілген сома:
міндетті зейнетақы жарналары бойынша
________________________________________________________ теңге;
(сомасы жазбаша)
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша сомасы
________________________________________________________ теңге
(сомасы жазбаша)
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының
сомасы (керегін толтыру қажет):
міндетті зейнетақы жарналары бойынша
______________________________________________________ теңгені;
(сомасы жазбаша)
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша
_______________________________________________________ теңгені
(сомасы жазбаша)
құрайды.
3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 217-бабының 1-тармағына
сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып,
______________________________________________________________
(міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы
жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасы.
_____________________________ теңге мөлшерінде тағайындалсын.
(сомасы жазбаша)
4. Айырма төлемінің сомасын тағайындаудан бас тартылсын
_____________________________________________________________________
(негіздеме)
Департамент директорының мөр орны _______________________________ ____
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Басқарма (бөлім) басшысы _________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Тағайындау жөніндегі маман _______________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Шешім жобасы дайындалды:
Мемлекеттік корпорация бөлімшесі басшысының мөр
орны_____________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманы____________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
2023 жылғы 23 қазандағы № 455 бұйрығына 3-қосымша |
|
Нысан жобасы |
Sms-хабарлар журналы _________________________ (төлемнің түрі)
Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне_________________ бойынша
р/с | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Істің № | Төлем түрі | Sms-хабар жіберілген күн | Телефон № | Маман |