Ұсталған тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану, сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден түсетін сомаларды қайтару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 567 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 желтоқсанда № 12392 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 592 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 11.06.2018 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 237-бабының 5-тармағына, 240-бабының 2-тармағына және 241-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ұсталған тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану, сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден түсетін сомаларды қайтару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Е. Досаев

      " " 2015 жыл

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 17 қарашадағы
№ 567 бұйрығымен
бекітілген

Ұсталған тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану,
сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден
түсетін сомаларды қайтару қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұсталған тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану, оларды сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден түсетін сомаларды қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 26-тарауына сәйкес әзірленді және ұсталған тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану, ұсталған тауарларды сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдары ұстаған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың нысанасы болып табылмайтын тауарларды өткізуден түсетін сомаларды қайтару тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) уәкілетті заңды тұлға – нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 10152 болып тіркелген "Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кіріс органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 585 бұйрығына сәйкес айқындалған уәкілетті орган;

      2) ұсталған тауарлар – Кодекстің 26-тарауымен көзделген мемлекеттік кіріс органдары ұстаған тауарлар;

      3) ұсталған тауарларға құжаттар – Кодекстің 26-тарауымен көзделген, мемлекеттік кіріс органдары ұстаған тауарлардың құжаттары (коммерциялық, көліктік, кедендік және басқалар);

      4) ұсталған тауарлардың иесі – декларант, иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы бар өзге тұлға, ал меншік иесі шетелдік тұлға болып табылған не мемлекеттік кіріс органында тауарлардың меншік иесі туралы мәліметтер болмаған жағдайларда – ұстау күніне тауарлар иелігінде болған тұлға.

      3. Осы Қағидаларға сәйкес ұсталған тауарларға қатысты өткізу және өзге де пайдалану немесе жою жүргізіліп жатса олар кедендік декларациялауға және кедендік рәсімге орналастыруға жатпайды.

      4. Тауарларды ұстауды жүзеге асырған мемлекеттік кіріс органы ұсталған тауарлардың сақтау мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, тез бұзылатын өнімдерге қатысты тауарларды ұстаған күні сақталу мерзімінің аяқталуы туралы ұсталған тауарлардың иесіне хабарлайды.

      5. Ұсталған тауарлардың иелері талап етпеген жағдайларда, мемлекеттік кіріс органы Кодекстің 238-бабының 1-тармағында белгіленген сақтау мерзімі өткен күнінен бастап бір жұмыс күнінің ішінде уәкілетті мемлекеттік органға ұсталған тауарларды Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағына әкелуге рұқсат беретін қорытындылар ұсынуға қатысты сұрау салулар жолдайды:

      ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізуі шектелген және тыйым салынған;

      міндетті түрде сертификаттауға, не сараптама жүргізуге жататын.

      6. Тиісті қорытындыларды алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде, сондай-ақ тауарларды ұстаған күні осындай құжаттар болған кезде мемлекеттік кіріс органы мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      ұсталған тауарларды өткізу үшін уәкілетті заңды тұлғаға құжаттарды жолдау туралы;

      ұсталған тауарларды жою туралы.

      ЕАЭО кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындыларына сәйкес өткізуге жатпайтын тауарлар өткізу үшін жолдауға жатпайды.

      7. Уәкілетті заңды тұлғаға ұсталған тауарларды өткізу үшін мынадай құжаттар:

      мемлекеттік кіріс органының жазбаша өтінішінің түпнұсқасы;

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсталған тауарларға құжаттарды қабылдап алу-тапсыру актісі;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсталған тауарлар туралы мәліметтер;

      "Кедендік құжаттардың нысандары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен бекітілген нысан бойынша тауарлар және оларға арналған құжаттарды ұстау хаттамасының көшірмесі;

      кедендік баждарды, салықтарды төлеуге тиісті сомасының есебі және республикалық бюджетке аудару үшін деректемелер;

      ұсталған тауарлар оның сақтауында тұрған тұлға ұсынған құжаттарды уәкілетті заңды тұлғаға берген күніне ұсталған тауарларды сақтау бойынша шығыстар сомасының есебі;

      олардың негізінде ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелуге рұқсат етілген уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындылары;

      ұсталған тауарларға қатысы бар мемлекеттік кіріс органының қарауындағы техникалық құжаттар, фото және бейне материалдар жолданады.

      8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар уәкілетті заңды тұлғаның ұсталған тауарларды бағалау қызметінің субъектілеріне бағалауға жіберуге негіз болып табылады, мемлекеттік кіріс органынан жазбаша өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күннен, ал тез бұзылатын өнімдер үшін күнтізбелік бір күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Ұсталған тауарларды бағалау бойынша шығыстар осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес өтеледі.

      9. Мемлекетті кіріс органы уәкілетті заңды тұлғаның жазбаша өтініші негізінде оларды бағалау үшін қажетті мөлшерде тауарлардың үлгілерін уәкілетті заңды тұлғаның жазбаша өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті заңды тұлғаға беруді қамтамасыз етеді.

      10. Уәкілетті заңды тұлға тауарларды бағалау нәтижелерін дайындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органына мына шешімдердің біреуін қабылдағаны туралы:

      тауарларды өткізу рәсімін бастау туралы;

      өткізу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

2. Ұсталған тауарларды өткізу

      11. Ұсталған тауарларды іске асыруды уәкілетті заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысымен бекітілген Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер бойынша берешектің есебіне өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      12. Ұсталған тауарларды сатып алу-сату шартына сатып алушы және ұсталған тауарлардың иесі қол қояды. Ұсталған тауарларды сатып алу-сату шартына қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны мемлекеттік кіріс органы электронды аукционның қортындысы туралы хаттаманы алған күннен бастап күнтізбелік бір күн ішінде жолдайды.

      Ұсталған тауарларды сатып алу-сату шартына ұсталған тауарлардың иесі қол қоюдан бас тартқан немесе хабарлама жолданған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде иесі келмеген жағдайда, ұсталған тауарларды сатып алу-сату шартына сатушының атынан мемлекеттік кіріс органының өкілі қол қояды.

      13. Тез бұзылатын өнімді өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда қызметінің субъектілері арқылы комиссияның басталуында, электронды аукционды жүргізбестен жүзеге асырады. Тез бұзылатын өнімді өткізудің мерзімдері мен шарттары, сондай-ақ тараптардың жауапкершілігі уәкілетті заңды тұлға мен сауда қызметінің субъектісі жасаған комиссия шартымен айқындалады.

      14. Уәкілетті заңды тұлға ұсталған тауарларды өткізу бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы ақпаратты растайтын құжаттарды қоса отырып өткізу жүргізген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органына ұсынады.

      15. Сатып алу-сату шартына, комиссия шартына қол қойған күннен бастап, тауарларды одан кейінгі сақтау және тасымалдауға байланысты шығыстар сатып алушымен өтеледі.

3. Ұсталған тауарларды жою немесе өзге де пайдалану

      16. Тауарларды ұстауды жүзеге асырған мемлекеттік кіріс органы бұйрығының негізінде мемлекеттік кіріс органының лауазымды тұлғалары қатарынан Ұсталған тауарларды жою немесе өзге де пайдалану мәселелерін қарастыру бойынша тұрақты комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      17. Одан әрі пайдалану үшін жарамсыз тауарлар жоюға жатады. Тауарларды жою деп тауарларды зарарсыздандыру, олар ішінара немесе толық өзінің тұтыну және (немесе) өзге де қасиеттерін жоғалтатын және экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы күйіне келтіру мүмкін болмайтын өзге күйге тауарларды келтіру түсініледі.

      18. Мемлекеттік кірістер органы Комиссия шешімінің негізінде ұсталған тауарларға қатысты оларды жоюға байланысты тиісті іс-шараларды жүзеге асырады. Ұсталған тауарларды жою орнын белгілеу үшін мемлекеттік кірістер органы жергілікті атқару органдарына жүгінеді.

      19. Өртену, жарылу қаупі бар, арнайы технология бойынша жоюдың айрықша шарттарын талап ететін тауарларды жоюды оларды жою бойынша тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.

      20. Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 12122 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 26 тамыздағы № 687 бұйрығымен бекітілген Жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою кағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Тауарларды жою:

      1) нәтижесінде тауарлар толығымен жойылатын термикалық, химиялық, механикалық не өзге де әсер ету (өртеу, бұзу, көму және тағы басқа) жолымен жүргізіледі. Тауарларды жою тәсілі оларды мақсатына қарай пайдалану үшін қалпына келтіру, бастапқы күйіне келтіру мүмкіндіктерін болдырмауды қамтамасыз ету;

      2) тауарларды кейіннен қалпына келтіруді және оларды пайдалану мүмкіндігін болдырмайтындай жағдайда мұндай бүлдіру тесіп тастауды, үзу, өзге де тәсілдермен бүлдіруді қоса алғанда, қайта монтаждау, бөлшектеу, механикалық бүлдіру жолымен жүргізіледі.

      23. Тауарларды іс жүзінде жою аяқталғаннан кейін, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұсталған тауарларды жою туралы акт (бұдан әрі – Жою туралы акт) жасалады.

      24. Жою туралы акт Комиссияның барлық мүшелерінің және қатысушы тұлғалардың қолымен куәландырылады, үш данада ресімделеді:

      1) бірінші дана тауарларды ұстаған мемелекеттік кіріс органында сақталады;

      2) екінші дана жоюға қатысқан уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдеріне беріледі;

      3) үшінші дана, ол бар болған жағдайда ұсталған тауарлардың иесіне беріледі.

      25. Тауарларды жою фактісі фото және (немесе) бейне түсірілімдер қолданыла отырып тіркеледі, нәтижесі мемлекеттік кіріс органында сақталатын жою туралы актіге қоса тіркеледі.

      26. Комиссияның шешімі бойынша одан әрі пайдалану үшін жарамды және уәкілетті заңды тұлға өткізе алмаған тауарлар балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілерге өтеусіз берілуі мүмкін.

      27. Мәдениет саласындағы уәкілетті органның қорытындысына сәйкес тарихи, ғылыми, көркем немесе өзге мәдени құндылықтарға жатқызылған тауарлар мемлекеттік мұражайларға өтеусіз беріледі.

      28. Мемлекеттік кірістер органы жергілікті атқару органына осы Қағидалардың 26, 27-тармақтарында айқындалған ұйымдарды өтеусіз берілетін тауарлардың бар екендігі туралы хабардар ету туралы өтініш жолдайды.

      Ұйымдарды таңдауды мемлекеттік кірістер органы жергілікті атқару органымен бірлесіп жүзеге асырады.

      Ұсталған тауарларды оларды сақтау орындарынан ұйымдарға өтеусіз беруді мемлекеттік кірістер органы қабылдап алу-тапсыру актісіне қол қою жолымен және тиісті құжаттарды ұсына отырып жүргізеді.

      Өтеусіз берілетін ұсталған тауарларды, олардың сақталу орындарынан әкетуді алушы дербес жүзеге асырады, осындай әкетумен байланысты шығыстарды тауарды алушы төлейді.

4. Ұсталған тауарларды сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу,
сондай-ақ оларды өткізуден түсетін сомаларды қайтару

      29. Төлеуге жататын кедендік төлемдерді, салықтарды аудару, сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу және оларды өткізуден түсетін сомаларды қайтару уәкілетті заңды тұлғаның банктік есеп-шотынан осындай әрекеттерді жасағанын растайтын құжаттарды мемлекеттік кіріс органына жолдай отырып жүргізіледі.

      30. Уәкілетті заңды тұлға ұсталған тауарларды өткізуден өндірілген ақша құралдары түскен күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде шығыстарды өтеуді мынадай кезекте жүргізеді:

      бірінші кезекте мемлекеттік кіріс органы ұсынған деректемелер бойынша республикалық бюджетке ұсталған тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік төлемдер, салықтар мөлшеріндегі сомасы өтеледі;

      екінші кезекте ұсталған тауарларды сақтау бойынша ұйымның шығыстары тең үлесте осындай ұйым ұсынған деректемелер бойынша, бірақ сатып алу-сату шартына, комиссия шартына қол қою күніне есептелген сомадан артық емес, және осы тауарларды өткізумен байланысты өзге шығыстар, соның ішінде уәкілетті заңды тұлғаның сыйақысы ұсталған тауарларды өткізуден түскен соманың, уәкілетті заңды тұлғаның өткізу рәсімін жүргізу кезінде бағалау шығыстарын өтеу үшін салған соманың, сондай-ақ комиссия басталар алдында тез бұзылатын өнімдерді өткізу кезінде комиссия шартымен айқындалған сауда қызметінің субъектісіне комиссиялық төлем мөлшеріндегі соманың он пайызынан көп емес мөлшерде өтеледі.

      31. Уәкілетті заңды тұлға ақша құралдарын аудару күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органына осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген іс-әрекеттерді орындау туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

      32. Мемлекеттік кіріс органы осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген хабарламаны алған күнінен бастап екі жұмыс күнін кешіктірмей ұсталған тауарларды өткізуден алынған қалдық сома бар болған жағдайда, тиесілі соманың бар екендігі туралы ұсталған тауарлардың иесіне жазбаша хабарлайды.

      33. Ұсталған тауардың иесінен Кодекстің 241-бабының 2-тармағымен белгіленген мерзімде ұстаған күніне оның иелік ету және билік ету құқығын растайтын құжаттары қосылған жауап алғаннан кейін мемлекеттік кіріс органы уәкілетті заңды тұлғаға тауарларды өткізуден қалған сомаларды қайтаруды жүзеге асыру қажеттілігі туралы тапсырманы жолдайды.

      34. Тапсырманы алғаннан кейін уәкілетті заңды тұлға үш жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік кіріс органы ұсынған деректемелер бойынша ұсталған тауардың иесіне тауарларды өткізуден қалған сомаларды қайтарады және екі жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік кіріс органына жүргізілген аударулар туралы хабарлайды.

      35. Кодекстің 241-бабының 2-тармағымен белгіленген мерзімнің өтуі бойынша ұсталған тауарлардың иесі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, уәкілетті заңды тұлға талап етілмеген ақша құралдарының сомасын мемлекеттік кіріс органы ұсынған деректемелер бойынша республикалық бюджетке аударады. Уәкілетті заңды тұлға республикалық бюджетке ақша құралдарын аудару жүргізген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органына жүргізілген аудару туралы ақпаратты жолдайды.

      36. Мемлекекеттік кіріс органы ұсталған тауарларды өткізуді жүргізу қортындысы бойынша аударылған ақша құралдарының сомалары бойынша уәкілетті заңды тұлғамен салыстыруды жүргізеді.

      37. Ұсталған тауарларды сақтау, тауарларды өткізу рәсімдерін жүргізу кезінде бағалау бойынша, оның ішінде оларды өзге де пайдалану не жою кезінде өтелмеген шығыстарды тауардың иесі қайтарады, ал ол жоқ болған жағдайда, егер тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен белгіленген тәртіпте бюжет құралдары есебінен өтеледі.

  Ұсталған тауарларды өткізу,
жою немесе өзге де пайдалану,
сақтау жөніндегі шығыстарды
өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден
түсетін сомаларды қайтару
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Ұсталған тауарларға құжаттарды қабылдап алу-тапсыру актісі

      "___"______________20__ ж. ___________________________

      (толтыру күні) (актіні толтыру орны)

      Мемлекеттік кіріс органының өкілі____________________________________

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кіріс органының атауы, заңды мекен-жайы)

      _____________________________________________________________________

      (лауазымды тұлғаның ТАӘ (ол болған кезде), лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның, уақытша сақтау қоймасының, өзге орындардың атауы)

      сақтауда тұрған

      _____________________________________________________________________

      (ұсталған тауардың иесінің ТАӘ (ол болған кезде), мекен-жайы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      тиесілі ұсталған тауардың құжаттарын, ұсталған тауарларды бағалау

      және кейін өткізу үшін төмендегі тізімдемеге сәйкес:

      Ұсталған тауар құжаттарының тізімдемесі

Р/с

Құжаттың атауы

Кім берді, тіркелді

Беру, тіркеу күні

Құжаттың типі (түпнұсқа, көшірме, т.б.)

Парақтар саны
































      уәкілетті заңды тұлғаның өкілі ______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті заңды тұлғаның атауы, заңды мекен-жайы)

      _____________________________________________________________________

      (өкілдің ТАӘ (ол болған кезде))

      беруді жүргізді.

      Осы акт _______ данада жасалды.

      Мемлекеттік кіріс органының өкілі _________ _________________________

      (қолы) (ТАӘ (ол болған кезде))

      "___"___________________ ж.

      Уәкілетті заңды тұлғаның өкілі ____________ _________________________

      (қолы) (ТАӘ (ол болған кезде))

      "___"___________________ ж.

      Ұсталған тауардың иесі ____________________ _________________________

      (қолы) (ТАӘ (ол болған кезде))

      "___"___________________ ж.

  Ұсталған тауарларды өткізу,
жою немесе өзге де пайдалану,
сақтау жөніндегі шығыстарды
өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден
түсетін сомаларды қайтару
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

      Тауарды ұстаған мемлекеттік кіріс органының атауы____________________

      Ұсталған тауарлардың сақтау орны_____________________________________

Ұсталған тауарлар туралы мәліметтер

Р/с

ұстау хаттамасының №, ұстау күні

Тауардың атауы

Өндірген елі

Тауардың сипаттамасы

Өлшем бірлігіндегі мөлшері

Тауардың кедендік құны, теңгемен

УСҚ сақтау үшін шығындар құны, теңгемен

Респубикалық бюджетке төлеуге жататын КТжС мөлшері (төлем түрі бойынша табыстарды бюджеттік жіктеу кодының деректемелері көрсетіледі), теңгемен




















      Мемлекеттік кіріс органының өкілі ________ _________________________

      (қолы) (ТАӘ (ол болған кезде))

      "___"___________________ ж.

  Ұсталған тауарларды өткізу,
жою немесе өзге де пайдалану,
сақтау жөніндегі шығыстарды
өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден
түсетін сомаларды қайтару
қағидаларына 3-қосымша

      Нысан

Ұсталған тауарларды жою туралы
№ ______ АКТ

      "___"______________20__ ж.

      ________________________ _________________________

      (толтыру күні) (актіні толтыру орны)

      Комиссия, _____________________________________________________

      мемлекеттік кіріс органы басшысының ТАӘ (ол болған кезде)

      "____"______20___ж. № _____ бұйрығының негізінде, құрамында__________

      _____________________________________________________________________

      мемлекеттік кіріс органының, уәкілетті мемлекеттік органдарының, ұйымдарының

      _____________________________________________________________________

      ТАӘ (ол болған кезде), лауазымы көрсетіледі

      _____________________________________________________________________

      қатысумен____________________________________________________________

      оның ішінде тауардың иесі, тауарды жойған кезде қатысатын өзге тұлғалар,

      _____________________________________________________________________

      рұқсаттың (қорытындының) негізінде___________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тауарды жою үшін негіз болып табылған құжаттың нөмірі және күні)

      жойды________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      тауардың түрін, атауын, салмағын, көлемін, мөлшерін көрсету қажет

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      осындай тауарлардың өзге сипаттамалары

      ____________________________________________________________________,

      №______ "____"__________20___жылы, тауарларды және оларға құжаттарды

      ұстау хаттамасы бойынша ұсталған

      _____________________________________________________иелігінде болған

      Ұсталған тауардың аты-жөні

      Ұсталған тауарлар _____________________________________________

      аумағында____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жою тәсілдерін көрсету қажет

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________ жолымен жойылды

      Осы акт _______ данада жасалды.

      Комиссия мүшелері:

1.

_______________________________


_______________________________

2.

_______________________________


_______________________________

3.

_______________________________

 (комиссия мүшелерінің ТАӘ

(ол болған кезде))


_______________________________

(қолы)

4.

_______________________________


_______________________________

5.

_______________________________

(комиссия мүшелерінің аты-жөні)


_______________________________

(қолы)


      М.О.