Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.05.2023 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Денсаулық сақтау және | |
әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 666 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық
көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Стандарт урологиялық және андрологиялық пациенттерге амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Урологиялық және андрологиялық ұйымдардың штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттарына және штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
4. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
2) емдеуге жатқызу бюро порталы (бұдан әрі – Портал) – пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жіберу жолдамадарын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
3) профилактика – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
4) пациент – медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі.
2. Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық
көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары мен
құрылымы
5. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға (бұдан әрі – МҰ) мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы.
2) Олардың құрылымында жүктелген функцияларына байланысты:
республикалық ұйымдардағы урологиялық бөлімшелер;
облыстық және қалалық стационарлардағы урологиялық бөлімшелер;
орталық аудандардың, аудандық ауруханалардың базасындағы урологиялық төсектер;
консультациялық-диагностикалық орталықтардың, бөлімшелердің базасындағы өңірлік ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір сүру орталықтары;
амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы урологиялық кабинеттер, ұйымдастырылған медициналық ұйымдар жатады;
6. МҰ міндеттері, функциялары мен ұйымдастырушылық негіздері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9139 болып тіркелген) бекітілген урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережеде айқындалған.
3. Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық
көмек көрсетуді ұйымдастыру
7. Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсету "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген ТМККК шеңберінде көрсетіледі.
8. МҰ медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып пациенттерді профилактикалауға, ерте диагностикалауға, емдеуге, оңалтуға бағытталған іс-шараларды орындауды қамтамасыз етеді.
9. "Урология және андрология" (ересек, балалар) бейіні бойынша аурулары бар пациенттерге медициналық көмек мынадай нысандарда көрсетіледі:
1) амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК);
2) стационарлық көмек;
3) стационарды алмастыратын көмек;
10. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі урологиялық және андрологиялық көмек мыналарды қамтиды:
1) пациенттердің жай-күйін айқындау мен диагноз қою мақсатында дәрігердің қарауы;
2) урологиялық және андрологиялық патологияларды анықтау мақсатында азаматтарды зертханалық және аспаптық зерттеп-қарау;
3) анықталған нозология мен клиникалық хаттамаларға (бұдан әрі – КХ) сәйкес емді таңдау және тағайындау;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6380 болып тіркелген) бекітілген Портал арқылы ТМККК шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа сәйкес мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұсыну үшін МҰ жоспарлы емдеуге жатқызуға таңдау және жіберу;
5) халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарау;
6) урологиялық және андрологиялық патологиясы бар пациенттерді динамикалық бақылау;
7) урологиялық және андрологиялық патологиясы бар пациенттерді диспансерлеу;
8) урологиялық және андрологиялық патологиясы бар пациенттерді медициналық оңалту;
9) "Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (бұдан әрі - № 907 бұйрық) (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы рәсімдеу және жүргізу.
10) еңбекке уақытша жарамсыздықты белгілеу;
11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген) урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге дәрілік препараттарға рецептілер беру, оның ішінде "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне" сәйкес тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
12) медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытындыларды ресімдеу;
13) саламатты өмір салтын насихаттау.
11. МСАК урологиялық және андрологиялық патологиясының профилактикасы, диагностикасы мен емдеуі және шұғыл емдеу жағдайлар бойынша, медициналық оңалту бойынша қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін көздейді.
12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге ұсынылған МСАК Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
13. МСАК шеңберінде мынадай қызметтердің түрлері көрсетіледі:
1) профилактикалық, оның ішінде профилактикалық тексеріп-қараулар, саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, тиімді және дұрыс тамақтану жөніндегі ұсынымдарды ұсыну, диспансерлеу мен кейіннен динамикалық бақылау;
2) диагностикалық, оның ішінде МСАК маманының тексеріп-қарауы, зертханалық және аспаптық зерттеу;
3) емдік, оның ішінде шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету, КХ сәйкес емдік манипуляциялар, амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін немесе жеңілдікті дәрілік заттармен және арнайы емдік өнімдермен қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 31 наурызындағы № 183 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтама беру қағидаларына сәйкес ауырған кезеңде жеке адамның еңбекке қабілетсіздігін ресми тану, оны міндеттерін орындаудан уақытша босату мақсатында еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу.
14. МСАК мынадай азаматтарға:
1) шұғыл және жедел медициналық көмек көрсетілген жағдайда бекіту фактісіне байланыссыз;
2) жоспарлы тәртіпте – тіркеу, алдын ала жазу немесе өтініш бойынша көрсетіледі.
15. МСАК медициналық ұйымдарында диагнозды нақтылау және (немесе) белгілеу мүмкін болмаған жағдайда урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттер бейінді мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға жіберіледі.
16. Урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге КДК Кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынылады.
17. КДК урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізуді қамтитын, денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмекті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсету түрінде ұсынылады.
18. Урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге КДК көрсету МСАК дәрігерін немесе ТМККК шеңберінде басқа бейінді мамандарды жіберуі бойынша жүзеге асырылады.
19. КДК көрсетуге жіберу кезінде МСАК дәрігері немесе басқа бейінді маман жолдама беру кезінде № 907 бұйрықпен бекітілген № 027/е нысаны бойынша науқастың амбулаториялық, стационарлық медициналық картасының үзінді көшірмені ресімдейді.
20. Республикалық деңгейдегі КДК алуға урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерді жіберуді облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының жанынан, ал Астана және Алматы қалаларынан медициналық ұйымдардан (аумақтық емханалар, стационарлар) құрылған және жұмыс істейтін өңірлік комиссиялар жүзеге асырады.
Пациентке республикалық медициналық ұйымда КДК көрсету туралы оң шешім қабылданғанда өңірлік комиссия республикалық деңгейде жоғары мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек алуға жолдаманы № 907 бұйрықпен бекітілген № 021/е нысаны бойынша береді.
Пациентке республикалық деңгейде КДК көрсетуден бас тартқан жағдайда өңірлік комиссия медициналық ұйымға жіберген жазбаша уәжделген бас тартуды қоса отырып құжаттарды қайтарады.
21. Стационарлық деңгейдегі урологиялық және андрологиялық көмек мыналарды көздейді:
1) алдын ала клиникалық диагнозды және пациенттің жағдайын анықтау мақсатында дәрігердің тексеріп-қарауы;
2) КХ-ға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеп-қарау жүргізу;
3) клиникалық-аспаптық және зертханалық зерттеу деректеріне бағалау жүргізу;
4) бөлімше меңгерушісімен бірлесіп емдеуші дәрігердің КХ-ға сәйкес емдеуі және таңдауы және тағайындауы;
5) тағайындалған емдеуді жүргізу;
6) дәрігердің күнделікті (егер басқа мерзімділік көзделмесе) тексеріп-қарауы, емдеуді түзетуі;
7) түскен кезде және әрі қарай аптасына кемінде бір рет бөлімше меңгерушісінің қарауы;
8) бейін мамандарының консультациясын жүргізу (көрсетілімдер бар болғанда);
9) еңбекке уақытша жарамсыздықты куәландыратын сырқатнамадан және құжаттан үзінді көшірменің құжаттамасын ресімдей отырып, пациенттің қолына бере отырып, пациентті шығару (қажет болған жағдайда);
10) № 907 бұйрыққа сәйкес бастапқы медициналық құжатты ресімдеу және жүргізу.
22. Урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге стационарлық көмек Кодекстің 47-бабының 3-тармағына сәйкес ұсынылады.
23. Урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттер тәулік бойы медициналық бақылаумен білікті, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін медициналық көрсетілімдері болған жағдайда Портал арқылы пациенттің ТМККК шеңберінде стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріліп, құрамында стационарлық урологиялық бөлімшесі бар медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызылады.
24. Жедел медициналық араласуды талап ететін пациенттерге жедел медициналық көмекті фельдшерлік көшпелі жедел медициналық көмек бригадалары, дәрігерлік көшпелі жедел медициналық көмек бригадалары көрсетеді.
25. Жедел медициналық көмек бригадасы өміріне қауіп төніп тұрған пациенттерді "урология және андрология" (ересек, балалар), "хирургия" немесе "анестезиология және реанимация" бейіні бойынша тәулік бойы медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға жеткізеді.
26. Медициналық көрсетілімдері болған жағдайда қатерлі ауруды жойғаннан кейін мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін пациенттер медициналық ұйымның урологиялық немесе хирургиялық бөлімшесіне ауыстырылады.
27. Дәрігерге дейінгі медициналық көмекті амбулаториялық-емханалық жағдайда орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері ұсынады.
28. Білікті медициналық көмекті мамандандырылған диагностика әдістерін, медициналық оңалтуды және емдеу әдістерін талап етпейтін сырқаттану кезінде жоғары медициналық білімі бар қызметкерлер (учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, хирургтар) ұсынады.
29. Мамандандырылған медициналық көмекті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) медициналық және фармацевтикалық мамандықтар номенклатурасында көзделген штат санында урология және андрология (ересек, балалар) мамандықтары бойынша маман дәрігерлері бар денсаулық сақтау ұйымдары медициналық көмек көрсетеді.
30. Стационарлық жағдайда көрсетуді қажет етпейтін медициналық көмек көрсетуге медициналық көрсетілімдері болған жағдайда учаскелік дәрігер (терапевт, педиатр), жалпы практика дәрігері немесе хирург дәрігер мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін пациентті медициналық ұйымның урологиялық кабинетіне жібереді.
31. Медициналық ұйымда урологиялық кабинет болмаған жағдайда бейінді маман уролог дәрігер хирургиялық кабинеттерде мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Урологиялық және андрологиялық бейінді онкологиялық ауру анықталған кезде аралас немесе үйлескен емдеуді қажет етпейтін пациентті емдеу мен бақылауды, онколог дәрігердің келісімі мен консультациясынан кейін уролог дәрігер жүзеге асырады.
32. Мамандандырылған медициналық көмекті стационарлық жағдайда және күндізгі стационар жағдайында бейінді маман-уролог дәрігер көрсетеді және өзіне арнайы әдістермен күрделі медициналық технологияларды пайдалануды, сондай-ақ медициналық оңалтуды талап ететін аурулар мен жағдайларды профилактикалауды, диагностикалауды, емдеуді қамтиды.
33. Жоғары мамандандырылған медициналық көмекті тек стационарлық жағдайда уролог-андролог дәрігерлер ғана көрсетеді және өзіне инновациялық, аз инвазивті, арнайы әдістерді және күрделі медициналық технологияларды, сондай-ақ медициналық оңалтуды, пайдалануды талап ететін аурулар мен жағдайларды профилактикалауды, диагностикалауды, емдеуді қамтиды.
34. ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын көмек күндізгі стационар (операциялық емдеу - оның ішінде кішігірім операцияның көлемі бойынша, пациентке тәулік бойы медициналық бақылауды талап етпейтін) және бейінді мамандарды жіберу бойынша үйдегі стационар жағдайларында ұсынылады. ТМКК тізбесіне кірмейтін стационарды алмастыратын көмек көрсету бойынша қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
35. Урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге стационарды алмастыратын көмек Кодекстің 48-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынылады.
36. Урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге МСАК біліктілік медициналық көмек, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көлемдері, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларының негізінде медициналық көрсетілімдері бойынша айқындалады.
37. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік министрлігінің қарауындағы мемлекеттік, жекеменшік және ведомстволық денсаулық сақтау ұйымдарында мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бағыты мен тәртібі "Мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 986 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6711 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
38. Урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттер медициналық көрсетілімдері болған жағдайда мамандандырылған медициналық және санаторийлік-курорттық ұйымдарға оңалту іс-шараларын өткізу үшін жіберіледі.
39. Стационарлық жағдайда мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету аяқталғаннан кейін пациентке № 907 бұйрықпен бекітілген № 027/е нысаны бойынша амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беріледі.
40. Осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес урологиялық көмек көрсету деңгейлері бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеулердің көлемі айқындалады.
41. Осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес андрологиялық көмек көрсету деңгейлері бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеулердің көлемі айқындалады.
Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1-қосымша |
Урологиялық көмек көрсету деңгейлері бойынша
клиникалық-диагностикалық зерттеулердің көлемі
Урологиялық қызметті ұйымдастыру құрылымына сәйкес медициналық көмек көрсету деңгейлері | Диагностикалық қызметтердің базалық пакеті | Орындауға арналған күндердің саны |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталықтары, отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, "бастапқы байланыс" дәрігерлері (жалпы практика дәрігерлері, терапевтер) | 1) Анамнезді жинау; 2) физикалдық зерттеп-қарау; 3) қанның жалпы талдауы (бұдан әрі – ҚЖТ), несептің жалпы талдауы (бұдан әрі – НЖТ), қанның биохимиялық талдауы (бұдан әрі – б/х), коагулограмма, қан тобы, микрореакция, адамның иммун тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ), В гепатиті вирусының болуына талдау (бұдан әрі – НВS Аg), қан тобы; 4) стационарлық жағдайда жоғары мамандандырылған көмек көрсету үшін емдеуге жатқызу ағымының медициналық көрсетілімдерінің болуы. | 1 тәулікке дейін |
Урологиялық кабинеттер | 1) Анамнезді жинау; 2) физикалдық зерттеп-қарау; 3) ҚЖТ, НЖТ, қанды б/х талдау, коагулограмма, қан тобы, микрореакция, несепті бактериялық егу, АИТВ, НВS Аg, қан тобы; 4) флюорография, электрокардиография, несеп-жыныс жүйесін ультрадыбыстық зерттеу (бұдан әрі – УДЗ), шолу, экскреторлық урография, уретроцистография; 5) бейінді мамандардың консультациясы; 6) көрсетілімдер болған жағдайда стационарлық емдеуге жіберу | 4 күнге дейін |
Урологиялық төсектер, аудандық, қалалық, облыстық ауруханалардың бөлімшелері | Тереңдетілген қосымша зерттеп-қарау: Медициналық көрсетілімдері болған жағдайда төменде айтылған әдістерді пайдаланып – УДЗ, несепті бактериологиялық егу, Реберг, Зимницкий сынамалары, компьютерлік томография, ретроградтық уретеропиелография | 10 күнге дейін |
Республикалық ұйымдардағы урологиялық бөлімшелер, "Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы" акционерлік қоғамының- республикалық урологиялық орталығы | Тереңдетілген қосымша зерттеліп-қарау: Медициналық көрсетілімдері болған жағдайда төменде айтылған әдістерді пайдаланып - ультрадыбыстық доплерография, несепті бактериологиялық егу, Реберг, Зимницкий сынамалары, иммунология, гормондар, компьютерлік томография, ангиография, кавернозография, эластография, пункциялық биопсия және тағы басқа. | 12 күнге дейін |
Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша |
Андрологиялық көмек көрсету деңгейлері бойынша
клиникалық-диагностикалық зерттеулердің көлемі
Урологиялық қызметті ұйымдастыру құрылымына сәйкес медициналық көмек көрсету деңгейлері | Диагностикалық қызметтердің базалық пакеті | Орындауға арналған күндердің саны |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталықтары, отбасылық дәрігерлік амбулаториялары, урологиялық кабинеттер | 1) Анамнез жинау; 2) физикалдық зерттеп-қарау; 3) қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, қанның биохимиялық талдауы, коагулограмма, қан тобы, микрореакция, адамның иммун тапшылығы вирусы, В гепатиті вирусын тасымалдаушыға талдау, қан тобы; 4) медициналық көрсетілімдер болған жағдайда стационарға емдеуге жатқызу үшін жедел жіберу. | 1 тәулікке дейін |
Ерлердің денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір сүру өңірлік орталықтары | 1) Шағымдар, анамнезді жинау; 2) физикалдық зерттеп-қарау; 3) тереңдетілген қосымша тексеру: әдістерді пайдаланып - ультрадыбыстық зерттеу (бұдан әрі – УДЗ), иммунология, гормондар, ерекше антиген простатасы, пункциялық биопсия және т.б. 4) арнайы мамандардың консультациясы 5) көрсетілімдері болған жағдайда стационарлық емдеуге жіберу | 5 күнге дейін |
Республикалық ұйымдардағы урологиялық бөлімшелер, "Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы" акционерлік қоғамының - республикалық урологиялық орталығы | Тереңдетілген толық зерттеп-қарау: Төменде айтылған әдістерді пайдаланып - УДЗ, ультрадыбыстық доплерография, несепті бактериологиялық егу, Реберг, Зимницкий сынамалары, компьютерлік томография, ангиография, кавернозография, эластография, пункциялық биопсия және тағы басқа. | 12 күнге дейін |