Электр энергиясын беру және (немесе) желіге босатуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызмет тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту туралы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 581 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 қыркүйекте № 12023 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Электр энергиясын беру және (немесе) желіге босатуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызмет тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту туралы қағидалары бекітілсін.

      2. "Электр энергиясын беру және (немесе) желіге босатуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызмет тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 505-НҚ нормативтік құқықтық актінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3389 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2005 жылғы 12 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика жетекші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оны алғаш рет ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күннің ішінде қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика Министрінің


міндетін атқарушы

Т. Жақсылықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 20 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика Министрі

      _____________ В. Школьник

      2015 жылғы 24 тамыз



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 581 бұйрығымен
бекітілген

Электр энергиясын беру және (немесе) желіге жіберуді техникалық
диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне
(бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету
коэффициенттерін бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Электр энергиясын беру және (немесе) желіге жіберу техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар және реттелетін туралы", "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар электр энергиясын өңіраралық (өңірлік, жергілікті) деңгейдегі желілер арқылы беру және (немесе) желіге жіберуді техникалық диспетчерлендіру (бұдан әрі – техникалық диспетчерлендіру) жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) уақытша төмендету коэффициентін бекіту тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      өтеу кестесі – тұтынушының (заңды тұлға басшысының не заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның) және энергия беруші ұйым басшысының қолдарымен расталған энергия беруші ұйымның алдындағы электр энергиясын беру және (немесе) желіге жіберуді техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушының (бұдан әрі - тұтынушы) дебиторлық берешегін өтеу кестесі;

      құзыретті орган – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;

      желіге жіберу – энергия беруші ұйымдарының желілеріне барлық энергия өндіруші ұйымдар жіберетін және тұтынылатын, импортталатын электр энергиясының жиынтығы;

      салалық мемлекеттік орган – уәкілетті және құзыретті органдарды қоспағанда, тұтынушы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

      жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің электр жүйелерімен қосарлас жұмысты қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді қолдауды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі арқылы беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану дайындығын қолдауды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      техникалық диспетчерлендіру – жүйелік оператордың Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіндегі электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөнінде көрсететін қызметі;

      уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      электр беруші ұйым – шарттардың негізінде электр немесе жылу энергиясын беруді жүзеге асыратын ұйым.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Электр энергиясын беру және (немесе) желіге жіберуді
техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің
тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша
төмендету коэффициенттерін бекіту тәртібі

      4. Электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің қолданыстағы тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) уақытша төмендету коэффициенті осы шараның экономикалық тиімділігін есептеу және мемлекетке, уақытша төмендету коэффициенті бекітілетін тұтынушыларға және энергия беруші ұйымға оның мақсатқа сай келетіндігін есептеу негізінде белгіленеді.

      5. Тұтынушы үшін электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) уақытша төмендету коэффициентін бекіту ағымдағы міндеттемелерге 100 пайыз ақы төлеген, электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешегі болмаған жағдайда немесе өтеу кестесіне сәйкес дебиторлық берешекті өтеген жағдайда жүргізіледі.

      6. Электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) уақытша төмендету коэффициентін бекітуге ұлттық маңызы бар электр станциялары, аумақтармен біріктірілген электр станциялары, өнеркәсіптік кешендердің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің электр станциялары және импортталатын электр энергиясын тұтынушылар жататын энергия өндіруші ұйымдар үміттенеді.

      7. Тұтынушы үшін техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) уақытша төмендету коэффициенті желіге жіберу өткен жылдың тиісті кезеңіне қатысты ұлғайған кезде, егер өтінімде көрсетілген, жоспарланған жылдық көлем:

      жүйелік оператордың ағымдағы жылы қолданылатын тарифтік сметасында және (немесе) тарифінде (бағасында, алым мөлшерлемесінде) көзделген осы тұтынушының желісіне жіберу көлемінен артқан жағдайда бекітіледі.

      8. Электр энергиясын өңіраралық желілер арқылы беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) уақытша төмендету коэффициенті тұтынушы үшін электр энергиясын өңіраралық желілер арқылы беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді тұтыну көлемі өткен жылдың тиісті кезеңіне қатысты ұлғайған кезде мынадай шарттар сақталып бекітіледі:

      өтінімде көрсетілген жоспарланып отырған жылдық көлем энергия беруші ұйымның қолданыстағы тарифтік сметасында және (немесе) тарифінде (бағасында, алым мөлшерлемесінде) көзделген осы тұтынушының жоғарыда аталған қызметтерін тұтыну көлемінен артады.

      9. Электр энергиясын өңірлік және (немесе) жергілікті деңгейдегі желілер арқылы беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) уақытша төмендету коэффициенті тұтынушы үшін электр энергиясын беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді тұтыну көлемі өткен жылдың тиісті кезеңіне қатысты ұлғайған кезде мынадай шарттар сақталып бекітіледі:

      өтінімде көрсетілген жоспарланып отырған жылдық көлем энергия беруші ұйымның қолданыстағы тарифтік сметасында және (немесе) тарифінде (бағасында, алым мөлшерлемесінде) көзделген осы тұтынушының жоғарыда аталған қызметтерін тұтыну көлемінен артады.

      10. Қағидалардың 7, 8 және 9-тармақтарының талаптары Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайда қолданылмайды.

      11. Электр энергиясын өңіраралық (өңірлік, жергілікті) деңгейдегі желілер арқылы беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің көлемдерін сақтаған (кеміткен) кезде осыған байланысты халықаралық нарықтардағы бағалардың төмендеуінен туындаған өндіріс көлемінің тоқтауын немесе төмендеуін болдырмау мақсатында тұтынушының тарапынан міндеттемелер, оның ішінде қызметті тұрақтандыру, жұмыс орындарын сақтау, шығындарды оңтайландыру бойынша міндеттемелері болған кезде осы көрсетілетін қызметтердің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) уақытша төмендету коэффициенті бекітіледі.

      Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифіне уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту кезінде уақытша төмендету коэффициенттерін қолдану салдарынан толық алынбаған кірістер мемлекетке тиесілі дивиденттер есебінен ұлттық басқарушы холдинг ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ) арқылы өтеледі.

      12. Уақытша төмендету коэффициенті күнтізбелік жылдан аспайтын белгілі бір кезеңге бекітіледі.

      13. Уақытша төмендету коэффициентін бекітуге үміттенетін тұтынушы оны бекіту қажеттілігі туралы өтінімді энергия беруші ұйымға, салалық мемлекеттік органға, құзыретті органға және уәкілетті органның ведомствосына бір мезгілде ұсынады.

      14. Тұтынушының өтініміне электр энергиясын беру және (немесе) желіге жіберуді техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге арналған өтінім Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.

      Өтінімге электр энергиясын беру және (немесе) желіге жіберуді техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін алуға үміттенетін тұтынушы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынатын құжаттар қоса беріледі, олар мынадай талаптарға жауап береді:

      1) әрбір параққа тұтынушы (заңды тұлғаның басшысы не заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға), ал қаржы құжаттарына тұтынушының бас бухгалтері де қол қояды;

      2) өтінім беру күннің алдындағы ағымдағы жыл кезеңіндегі және өткен жылдағы нақты деректер ұсынылады.

      15. Қажетті құжаттарды ұсынбау немесе толық ұсынбау, сондай-ақ ұсынылған материалдардың Қағидалардың 14-тармағымның талаптарына сәійкес келмеуі өтінімді қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Энергия беруші ұйым, салалық мемлекеттік орган, құзыретті орган және уәкілетті органның ведомствосы өтінімді алған күнінен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде тұтынушыны өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы не өтінімді қабылдаудан бас тартылғаны туралы бас тарту себебін көрсетіп жазбаша түрде хабардар етеді.

      Бұл ретте, энергия беруші ұйым, салалық мемлекеттік орган, құзыретті орган уәкілетті органның ведомствосын өтінімді қарауға қабылданғаны туралы не өтінімді қабылдаудан бас тартылғаны туралы бас тарту себебін көрсетіп бір мезгілде хабардар етеді.

      Уәкілетті органның ведомствосына энергия беруші ұйым, салалық мемлекеттік орган, құзыретті орган өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы не өтінімді қабылдаудан бас тартылғаны туралы растайтын құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы өтінімді қарауды 5 жұмыс күніне тоқтата тұрады. Бұл ретте, уәкілетті органның ведомствосы тұтынушыны, энергия беруші ұйымды, салалық мемлекетітк органдарды, құзыретті органдарды өтінімді қарау мерзімі тоқтата тұратыны себебін көрсетіп хабардар етеді.

      Мұндай бұзушылықтар жойылған жағдайда өтінімді қарау Қағидалардың 19-тармағында көзделген мерзімдер ескеріле отырып, қайта басталады.

      Көрсетілген бұзушылықтарды өтінімді қарау тоқтатылған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде жоймау өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылады.

      16. "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 14-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы, энергия беруші ұйым, салалық мемлекеттік орган, құзыретті орган қосымша ақпаратты жазбаша сұратады. Осы ақпарат сұратылған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылмаған кезде өтінім қабылданбайды және бұл туралы барлық мүдделі ұйымдар мен мемлекеттік органдар бір мезгілде жазбаша хабардар етіледі.

      17. Энергия беруші ұйым, құзыретті орган және салалық мемлекеттік орган уәкілетті органның ведомствосына және тұтынушыға уақытша төмендету коэффициентін бекітуге өтінім түскен күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде тұтынушы және (немесе) энергия беруші ұйым үшін уақытша төмендету коэффициентін бекітудің экономикалық мақсаттылығы және мақсатқа сай еместігі туралы қорытындыны Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      Энергия беруші ұйым, салалық және құзыретті органдар тұтынушының өтінішіне сүйене отырып, өзінің қорытындысында, оның ішінде:

      1) уақытша төмендету коэффициентін бекітудің мақсаттылығы немесе мақсатқа сай еместігін көрсетеді. Уақытша төмендету коэффициентін бекіту мақсатты болған жағдайда бекітуге мақсатты деңгей көрсетіледі;

      2) тұтынушының өтініміне байланысты тұтынылатын қызметтердің көлемін кезеңдер бөлінісінде (ай, немесе тоқсан, не жартыжылдық, не жыл) көрсетеді;

      3) ұсынылатын уақытша төмендету коэффициенті есебінің негіздемесін қоса береді.

      Электр энергиясын өңіраралық (өңірлік, жергілікті) желілер арқылы беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің көлемдерін сақтаған (азайған) кезде берілген тұтынушылардың өтінімдері бойынша қорытындыға сондай-ақ мынадай:

      Тұтынушының қызметті тұрақтандыру, жұмыс орындарын сақтау, шығындарды оңтайландыру бойынша міндеттемелері болуы туралы, сондай-ақ уақтыша төмендету коэффициентін қолдануды ескермей өндіру көлемін одан әрі ұлғайту мүмкін еместігі туралы ақпарат;

      тұтынылатын қызметтер құнының және уақытша төмендету коэффициентінің өтініш берушінің өнімін өндіру мен өткізудің өзіндік құнына әсер растайтын есептер;

      өтінім берген тұтынушы үшін уақытша төмендету коэффициентін бекітудің тиімділігін бағалау (оның ішінде уақытша төмендету коэффициентін қолдану нәтижесінде электр энергиясын беру және желіге жіберуді техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтер шығыстарының төмендеуіне байланысты тұтынушы шығынының өзгерісін салыстырмалы талдау);

      мемлекетке уақытша төмендету коэффициентін бекітудің тиімділігі, тиісті салаға уақытша төмендету коэффициентін бекітудің әсері, уақытша төмендету коэффициентін бекітпеген жағдайда салдары туралы ақпарат енгізіледі.

      18. Егер салалық мемлекеттік орган және құзыретті орган бірыңғай мемлекеттік орган болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосына салалық мемлекеттік органның бірыңғай қорытындысы ұсынылады.

      19. Тұтынушы ұсынған негіздеуші құжаттарға және энергия беруші ұйымның, салалық мемлекеттік органның, құзыретті органның қорытындыларына уәкілетті органның ведомствосы өтінімді қарауға алғаны туралы хабарлаған күнінен бастап 30 жұмыс күні ішінде сараптама жүргізеді.

      20. Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы уақытша төмендету коэффициентін бекіту не мұндай бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Уақытша төмендету коэффициентін бекіту туралы шешім энергия беруші ұйымның, құзыретті органның және салалық мемлекеттік органның оң қорытындылары алынған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығы түрінде (бұдан әрі – бұйрық), тұтынушының өтініміне, энергия беруші ұйымның және құзыретті органның қорытындысында көрсетілген ұстанымға байланысты көрсетілетін қызметтердің көлемі айлар, немесе тоқсан, немесе жартыжылдық, немесе тұтас бір жыл бөлінісінде көрсетіліп қабылданады.

      Энергия беруші ұйымнан, құзыретті органнан және/немесе салалық мемлекеттік органнан бір және одан көп теріс қорытынды алған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы уақытша төмендету коэффициентін бекітуден бас тартады.

      Уақытша төмендету коэффициентін бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі энергия беруші ұйымға, салалық мемлекеттік органға, құзыретті органға оған қол қойылған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Уақытша төмендету коэффициентін бекітуден бас тартылған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы тиісті дәлелді қорытынды шығарып, оны тұтынушыға, энергия беруші ұйымға, құзыретті органға және салалық мемлекеттік органға 3 жұмыс күні ішінде жібереді.

      Қағидалардың 27-тармағына сәйкес тұтынушы қайта өтінім берген жағдайда салалық мемлекеттік органның қорытындысында өткізу нарықтары конъюнкурасының одан әрі нашарлауын және өндіру көлемінің азаюын растау қамтылуы тиіс. Бұл жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының бұрын қабылданған шешімінің күші жойылады, ал жаңа өтінімді қарау және ол бойынша шешім қабылдау Қағидалардың талаптарына сәйкес жалпы тәртіппен жүргізіледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.09.2016 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Егер уәкілетті органның ведомствосы уақытша төмендету коэффициентін алуға үміттенуші және Қағидалардың 5, 7, 8, 9 және

      11-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тұтынушының энергия беруші ұйыммен Шарт жасасу кезінде энергия беруші ұйымның көрсетілетін қызметтеріне тариф бекіту кезінде негіздемеге ұсынылған электр энергиясын тұтыну көлемін негізсіз төмендеткенін анықтаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы осы тұтынушыға уақытша төмендету коэффициентін ұсынудан бас тартады.

      22. Энергия беруші ұйым нақты тұтынушы үшін бұйрықпен бекітілген электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін энергия беруші ұйым мен тұтынушы арасында жасалған шартқа қосымшаның негізінде шартқа қосымшаның күшіне енген күнінен бастап қолданады. Шартқа осы қосымша тұтынушының электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтерді тұтынудың мәлімделген көлемін орындамағаны үшін тиісті уақыт кезеңінде уақытша төмендету коэффициентін қолданбай көрсетілген қызметтерді тұтынудың нақты орындалған көлемін қайта есептеу түрінде жауапкершілігін көздейді. Бұл ретте, егер уақтыша төмендету коэффициентетрі Қағидалардың 8 және 9-тармақтарының негізінде бекітілген жағдайда, энергия беруші ұйым көрсетілгшен қызметтерді тұтынудың нақты орындалған көлемі ескеріле отырып түзетілген уақытша төмендету коэффициентін қолданып электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтерді тұтынудың нақты орындалған көлеміне қайта есептеу жүргізеді.

      Энергия беруші ұйым қайта есептеуді уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізеді.

      23. Энергия беруші ұйым мен тұтынушының арасында жасалған шартқа қосымша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген бұйрық күшіне енген күнінен бастап 7 жұмыс күннен кешіктірмей жасалады.

      24. Уақытша төмендету коэффициентінің қолданысы белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін тоқтатылады, бұл ретте уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы бұйрықты қабылдау талап етілмейді.

      25. Бекітілген уақытша төмендету коэффициенттері белгіленген мерзім аяқталғанға дейін мынадай шарттардың бірі болған кезде алынып тасталады:

      уақытша төмендету коэффициенттерін одан әрі қолданудың экономикалық тиімсіздігі (Қағидаларға 3-қосымшаның 5-тармағына сәйкес келмеу);

      тұтынушының энергия беруші ұйымның алдында дебиторлық берешегінің болуы немесе өтеу кестесін орындамауы;

      Қағидалардың 7, 8, 9 және 11-тармақтарында белгіленген өлшемшартатрға сәйкес келмеу;

      бұйрықта және Қағидалардың 22-тармағына сәйкес жасалған шарттың қосымшасында көзделген талаптарды орындамау.

      26. Қағидалардың 25-тармағында көзделген талаптар туындаған жағдайда, энергия беруші ұйым бұл туралы ақпаратты уәкілетті органның ведомствосына және тұтынушыға бір күнтізбелік күн ішінде ұсынуы қажет. Бұл ретте, энергия беруші ұйым, тұтынушы, құзыретті орган және салалық мемлекеттік орган уәкілетті органның ведомствосына бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау қажеттігін негіздейтін құжаттарды ұсынып, оны алып тастау туралы ұсыныс жасайды.

      Энергия беруші ұйымның бекітілген уақытша төмендету коэффициентін қолданыстан дербес алып тастауға құқығы жоқ.

      Бекітілген уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы шешімді уәкілетті органның ведомствосы қабылдайды.

      27. Уәкілетті органның ведомствосы бекітілген уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы мәселені қарау үшін энергия беруші ұйымнан, құзыретті, салалық мемлекеттік органдардан қажетті қорытындыларды сұратады. Көрсетілген ұйымдар мен мемлекеттік органдар қорытындыларды сұраған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынбаған кезде, уәкілетті органның ведомствосы қорытындыларды ұсыну мерзімі өткен сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде қолдағы бар қорытындыларды ескеріп, бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау жөніндегі негіздеуші материалдарға сараптама жүргізеді.

      Өткізу нарықтары конъюнктурасының одан әрі нашарлауына және уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданысы кезінде тұтынылатын қызметтер көлемінің азаюына байланысты Шарттың талаптарын орындамауға байланысты уақытша төмендету коэффициентін алып тастаған жағдайда Қағидалардың 11-тармағына сәйкес уақытша төмендету коэффициентін бекітуге өтінім берген тұтынушылар уақытша төмендету коэффициентін бекітуге жаңа өтінім береді.

      28. Жүргізілген сараптаманың қорытындысы бойынша уәкілетті органның ведомствосы бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы бұйрық түрінде шешім қабылдап, тұтынушыға, энергия беруші ұйымға, құзыретті органға салалық мемлекеттік органға шешім қабылдаған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      29. Уақытша төмендету коэффициентін қолдануды алып тастау туралы ұсыныс қабылданбаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы осындай ұсыныс жасаған тұлғаға жіберілетін дәлелді қорытынды шығарады.

  Электр энергиясын беру және
(немесе) желіге жіберуді
техникалық диспетчерлендіру
жөнінде көрсетілетін қызметтердің
тарифтеріне (бағаларына, алымдар
мөлшерлемелеріне) уақытша
төмендету коэффициенттерін бекіту
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Электр энергиясын беру және (немесе) желіге жіберуді техникалық
диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне
(бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету
коэффициенттерін бекітуге өтінім

      1. Тұтынушының толық атауы (заңды тұлға):

      _____________________________________________________________________

      2. Қағидалардың 7, 8, 9 және 11-тармақтарына сәйкес уақытша

      төмендету коэффициентін бекітуге негіз:______________________________

      3. Мәлімделеген уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі:

      _____________________________________________________________________

      4. Мәлімделген уақытша төмендету коэффициентін қолдану кезеңі:

      _____________________________________________________________________

  Электр энергиясын беру және
(немесе) желіге жіберуді
техникалық диспетчерлендіру
жөнінде көрсетілетін қызметтердің
тарифтеріне (бағаларына, алымдар
мөлшерлемелеріне) уақытша
төмендету коэффициенттерін бекіту
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Электр энергиясын беру және (немесе) желіге жіберуді техникалық
диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифіне
(бағасына, алым мөлшерлемесіне) уақытша төмендету коэффициентін
алуға үміттенуші тұтынушы ұсынатын құжаттардың тізбесі

      1. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергиясын беру және (немесе) желіге жіберуді техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) уақытша төмендету коэффициентін бекітуге өтінім;

      2. Экономикалық мақсаттылық есебін және оның сұратылған деңгейін қоса алғанда, уақытша төмендету коэффициентін бекіту қажеттілігінің анықтама-негіздемесі. Экономикалық мақсаттылық және оның сұратылған деңгейінің есептері мәтін түріндегі түсіндірмелермен болуы тиіс.

      3. Электр энергиясын беру және (немесе) желіге жіберуді техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) уақытша төмендету коэффициентін бекіту нәтижесінде бюджет алдындағы салық міндеттемелерін сақтау немесе арттыру туралы анықтама-негіздеме.

      4. Өтінім берген жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың қаржылық есептілігі (бухгалтерлік теңгерім, кіріс пен залалдар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, түсіндірме жазба, еңбек жөніндегі есеп), сондай-ақ теңгерім көлемінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушының қаржы-шаруашылық қызметін талдау және өткен кезең үшін (тоқсан, жартыжылдық, 9 ай, жыл немесе өтінім беру күніне байланысты – жыл) түсіндірме жазба.

      5. Энергия беруші ұйымның алдындағы берешектің жай-күйі (ағымдағы айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуды салыстыру актісі және тұтынушының және энергия беруші ұйым басшысының қолдарымен расталған тұтынушының энергия беруші ұйымның алдындағы дебиторлық берешекті өтеу кестесі).

      6. Шығарылатын өнімнің атауы, шығарылатын өнімнің шығын баптары бойынша бөлінген өзіндік құны (оның ішінде электр энергиясын сатып алу, электр энергиясын беру және (немесе) желіге жіберуді техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу шығындары).

      7. Электр энергиясы тасымалданатын энергия көздерінің атауы.

      8. Тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) және төлемақы сомасы көрсетіліп айлар бойынша бөлінген энергия беруші ұйымның желілері арқылы электр энергиясын берудің нақты (өткен жылдың тиісті кезеңі ішінде) және жоспарланған көлемі.

      9. Тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) және төлемақы сомасы көрсетіліп айлар бойынша бөлінген желіге жіберудің нақты (өткен жылдың тиісті кезеңі ішінде) және жоспарланған көлемі.

      Ескертпе:

      7), 8) тармақшаларда аталған материалдарды электр энергиясын беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар ұсынады. Бірнеше энергия көздері болған кезде осы тармақтар әрбір энергия көздері үшін қайталанады.

      9) тармақшада аталған материалдарды желіге жіберуді техникалық диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар ұсынады.

      Энергия беруші ұйымның желілері арқылы электр энергиясының мемлекетаралық транзитін жүзеге асыратын тұтынушылар 4), 6) тармақшаларда көрсетілген материалдарды ұсынбауға құқылы.

  Электр энергиясын беру және
(немесе) желіге жіберуді
техникалық диспетчерлендіру
жөнінде көрсетілетін қызметтердің
тарифтеріне (бағаларына, алымдар
мөлшерлемелеріне) уақытша
төмендету коэффициенттерін бекіту
қағидаларына 3-қосымша

      Нысан

Электр энергиясын беру және (немесе) желіге жіберуді техникалық
диспетчерлендіру жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне
(бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету
коэффициенттерінің мақсаттылығы/мақсатқа сай еместігі туралы
қорытынды

      1. Тұтынушы:___________________________________________________

      2. Тұтынушы қызметін жүзеге асыратын сала:

      _____________________________________________________________________

      3. Бекітуге ұсынылатын уақытша төмендету коэффициентінің

      деңгейі:

      _____________________________________________________________________

      4. Уақытша төмендету коэффициентін бекітуге ұсынылатын реттеліп

      көрсетілетін қызметтің атауы:________________________________________

      5. Уақытша төмендету коэффициентін бекіту мақсаттылығының

      негіздемесі1:________________________________________________________

      6. Өтінім берген тұтынушы үшін уақытша төмендету коэффициентін

      бекітудің тиімділігін бағалау2:

      _____________________________________________________________________

      7. Тұтынушы қызметін жүзеге асыратын салаға уақытша төмендету

      коэффициентін бекітудің әсерін бағалау2:_____________________________

      8. Мемлекет үшін уақытша төмендету коэффициентін бекітудің

      тиімділігін бағалау2:________________________________________________

      9. Уақытша төмендету коэффициентін бекітпеген жағдайда оның

      салдарын бағалау2:___________________________________________________

      10. Энергия беруші ұйымның қызметіне уақытша төмендету

      коэффициентін бекітудің әсерін бағалау3:_____________________________

      1 Бағалауда бұдан басқа Қағидалардың 11-тармағында көзделген

      негіздеме (растау) қоса беріледі;

      2 Бағалауды салалық орган жүргізеді;

      3 Бағалауды құзыретті орган береді.