Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электр энергиясын беру және (немесе) желіге босатуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызмет тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту туралы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 581 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12023 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын беру және (немесе) желіге босатуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызмет тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту туралы қағидаларында (бұдан әрі – бұйрық):
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы уақытша төмендету коэффициентін бекіту не мұндай бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уақытша төмендету коэффициентін бекіту туралы шешім энергия беруші ұйымның, құзыретті органның және салалық мемлекеттік органның оң қорытындылары алынған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығы түрінде (бұдан әрі – бұйрық), тұтынушының өтініміне, энергия беруші ұйымның және құзыретті органның қорытындысында көрсетілген ұстанымға байланысты көрсетілетін қызметтердің көлемі айлар, немесе тоқсан, немесе жартыжылдық, немесе тұтас бір жыл бөлінісінде көрсетіліп қабылданады.
Энергия беруші ұйымнан, құзыретті органнан және/немесе салалық мемлекеттік органнан бір және одан көп теріс қорытынды алған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы уақытша төмендету коэффициентін бекітуден бас тартады.
Уақытша төмендету коэффициентін бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі энергия беруші ұйымға, салалық мемлекеттік органға, құзыретті органға оған қол қойылған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Уақытша төмендету коэффициентін бекітуден бас тартылған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы тиісті дәлелді қорытынды шығарып, оны тұтынушыға, энергия беруші ұйымға, құзыретті органға және салалық мемлекеттік органға 3 жұмыс күні ішінде жібереді.
Қағидалардың 27-тармағына сәйкес тұтынушы қайта өтінім берген жағдайда салалық мемлекеттік органның қорытындысында өткізу нарықтары конъюнкурасының одан әрі нашарлауын және өндіру көлемінің азаюын растау қамтылуы тиіс. Бұл жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының бұрын қабылданған шешімінің күші жойылады, ал жаңа өтінімді қарау және ол бойынша шешім қабылдау Қағидалардың талаптарына сәйкес жалпы тәртіппен жүргізіледі".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электрондық түрде жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
________________ Ж. Қасымбек
2016 жылғы 21 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
________________ Қ. Бозымбаев
2016 жылғы 4 қазан