"Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-6/701 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 290 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 қыркүйекте № 21234 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-6/701 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11991 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен айқындалған биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Индустия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 16 қыркүйегі
№ 290 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 28 шілдедегі
№ 4-6/701 бұйрығына қосымша

Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері

Атауы

жылдар бойынша

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Биоотын, миллион литр

2 454

2 283

2 121

1 966

1 820