"Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 3-НП нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 5-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11881 болып тіркелді. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Полтава ауыл халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Полтава ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шыңғырлау ауданы Полтава ауылдық округінің Полтава ауылының кейбір көше атаулары:
      "Советская" көшесі – "Достық" көшесі;
      "Комсомольская" көшесі – "Жастар" көшесі;
      "Коммунистическая" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
      "Мира" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Восточная" көшесі – "Ынтымақ" көшесі;
      "Октябрьская" көшесі – "Астана" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Полтава ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (С. Журманова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Полтава ауылдық округі әкімі Т. Уразов