"Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 17 шілдедегі № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 тамызда № 17303 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы;

      2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстың (бұдан әрі – облыстық басқарма), республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Ауыл шаруашылығы басқармасы немесе астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (бұдан әрі – қалалық басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және меншік иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      3) отандық тыңайтқыштарды өндiрушi (бұдан әрi – тыңайтқыштарды өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндiрудi жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      4) өтінім – толық құнымен сатып алған тыңайтқыштар үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) субсидиялар алуына арналған электрондық өтiнiм;

      5) өтпелі өтінім – ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құнмен сатып алатын тыңайтқыштар үшін тыңайтқыш өндірушінің субсидиялар алуына арналған электрондық өтiнiм;

      6) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      7) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оларды өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      8) танаптың электрондық картасы – бұрылыс нүктелерінің координаталарын, соңғы екі жылдағы ауыспалы егіс туралы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан танап туралы ақпарат;

      9) тыңайтқыштарды жеткізуші – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын, оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      10) тыңайтқыштарды сатушы – тыңайтқыштарды өндіруші, тыңайтқыштарды жеткізуші немесе шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші;

      11) тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құны – тыңайтқыштарға субсидия номаларын белгілеу үшін олардың бағаларына талдау жүргізу жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын, тиісті жылға арналған тиісті тыңайтқыш түрлері бойынша қалыптасқан тыңайтқыштардың ең төмен нарықтық құны;

      12) шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушi – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тіркеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті;

      13) электрондық агрохимиялық картограмма – танап топырағының өсімдіктер үшін сіңімді қоректік элементтермен – қарашірікпен, макро және микроэлементтермен қамтамасыз етілуі дәрежесін түсті бейнеде көрсететін, топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау жөніндегі мамандандырылған (аккредиттелген) зертхана берген картографиялық ақпарат;

      14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Тыңайтқыштарды өндірушілер, жеткізушілер және шетелдік өндірушілер және олар өндіретін (өткізетін) өнімдер тізбесін (бұдан әрі – жеткізушілер тізбесі) инвестициялар және даму саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына кейінгі жылға өткен жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей бередi. Бұл ретте жеткізушілер тізбесі алынғаннан кейін оны Министрлік үш жұмыс күні ішінде Министрліктің ресми интернет-ресурсында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті ресми интернет-ресурсында және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.

      4. Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары) екі данада жасалады және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Министрлікке мақұлдауға тиісті жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмей беріледі.

      Бұл ретте, тиісті тыңайтқыш түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды, сондай-ақ субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептемелерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кейінгі жылға өткен жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей Министрлікке береді.

      Оң шешім шығарған жағдайда, Министрлік субсидиялар нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 25 қарашасынан кешіктірмей кері қайтарады. Теріс шешім шығарған жағдайда, Министрлік субсидиялар нормаларының екі данасын да уәжді негіздемесі бар хатпен тиісті жылдың 25 қарашасынан кешіктірмей пысықтауға жолдайды.

      Пысықталған субсидиялар нормалары екі данада облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда,

      оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен тиісті жылдың 30 қарашасынан кешіктірілмей Министрлікке қайта мақұлдауға беріледі.

      Министрлік мақұлданған субсидиялар нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 7 желтоқсанынан кешіктірмей кері қайтарады.

      Субсидиялар нормалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен жыл сайын, тиісті жылдың 14 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы субсидиялар нормалары мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті интернет-ресурста және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.

      5. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) тыңайтқыштар құнын субсидиялау жөніндегі айларға бөлінген жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны тиісті интернет-ресурста және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Субсидиялар мынадай талаптар сақталған жағдайда төленеді:

      1) ауылшартауарынөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін бойынша субсидиялар алуға арналған өтiнiмді:

      қағаз түрінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      не электрондық түрде "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы беруі.

      Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтiнiмді:

      қағаз түрінде Мемлекеттік корпорацияға;

      не электрондық түрде "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы береді.

      Мұндай жағдайда, субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге тыңайтқыштарды өндіруші өтпелі өтінімге күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей нақты сатылған тыңайтқыштар жөнінде мәліметтер енгізген жағдайда, осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес төленеді.

      Форс-мажорлық мән-жайлар пайда болған (көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде тыңайтқыштарға жаппай өтінімдер түскен кезде өндіріс қуаттылықтардың болмауы, вагондық емес партияларды жеткізудің мүмкін болмауы) жағдайда тыңайтқыштарды өндірушінің нақты сатылған тыңайтқыштар жөнінде мәліметтер енгізуі мерзімі өтпелі өтінімге тиісті себептерді міндетті түрде көрсете отырып, күнтізбелік он күнге созылады.

      Тыңайтқыштарды өндірушілер өтпелі өтінімге нақты сатылған тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтпелі өтінімді қайта беруге құқылы.

      Бұл ретте, субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 7-тармағы 1) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде белгіленген мерзімде тыңайтқыштар өткізілмеген ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) тізімі қалыптастырылады.

      Өтінімді (өтпелі өтінімді) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" ақпараттық жүйесінде Мемлекеттік корпорацияның операторы қалыптастырады және өзінің ЭЦҚ-сын қояды. Бұдан әрі өтінім (өтпелі өтінім) субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы облыстық басқармаға (қалалық басқармаға) қайта жіберіледі. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) жеке шоты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде уақытша ашылады. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде шартты жеке шот ашылады;

      2) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген өтiнiмді (өтпелі өтінімді) тіркеу.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) жұмыс істеп тұрған жеке шоты болған жағдайда, ол субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтiнiмді (өтпелі өтінімді) өздігінен тіркеуді жүзеге асыруға құқылы, бұл жағдайда өтiнiм (өтпелі өтінім) беру қажет етілмейді және ол осындай тіркелген сәттен бастап берілген деп есептеледі;

      3) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелі өтінім үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тыңайтқыштар өндірушінің жеке шотының болуы қажет;

      4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) сатып алған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды растау;

      Бұл ретте өтінім берілген тыңайтқыштарға субсидия алу үшін электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.

      Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік тыңайтқыш өндірушіден тыңайтқыштарды тікелей сатып алған кезде, тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындар жүк кедендік декларацияның мәліметтерін ресми мәлімдеумен (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі үшін) немесе тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын мемлекеттік кірістер органы берген құжаттың мәліметтерімен расталады;

      5) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.

      Шаруа немесе фермерлік қожалық түрінде құрылған ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өздерінің мүшелері сатып алған тыңайтқыштар үшін өтiнiм (өтпелі өтінім) берген жағдайда, олар туралы мәліметтер субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің Қазақстан Республикасының интеграцияланған салық ақпараттық жүйесiмен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталады. Бұл ретте шаруа немесе фермерлік қожалықтардың мүшелері субсидия алушылар болып табылады.

      Ауылшаркооперативінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілердің субсидия алуына өтінім (өтпелі өтінім) береді. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушілер субсидия алушылар болып табылады;

      6) ауылшартауарынөндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскелерінің бүкіл егістік алаңына арналған электрондық танаптар карталарының субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі;

      7) ауылшартауарынөндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскелерінің бүкіл егістік алаңына арналған электрондық агрохимиялық картограмманың субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі.

      8. Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінім берген тыңайтқыштардың түрлері мен көлеміне (өтінімдерде көрсетілген егіс алаңына арналған тыңайтқыштар енгізу нормаларын ескере отырып), тыңайтқыштар тізбесі мен бекітілген субсидиялар нормаларына сүйене отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:

      С = Nв х S х Nc, мұнда:

      С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

      Nв – субсидияларды есептеу үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырылған топырақтың агрохимиялық жай-күйін ескере отырып, 1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормасы (нақты салмақпен тонна/гектар, килограмм/гектар, литр/гектар);

      S – тыңайтқышты қолдану алаңы, гектар (аталған алаң осы ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңынан аспайды);

      Nс – тыңайтқышқа арналған субсидиялар нормасы, теңге (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес айқындалады).

      Бұл ретте, тыңайтқыштар енгізудің нормаларынан төмен сатып алған кезде субсидиялар нақты сатып алынған тыңайтқыштар бойынша есептеледі, тыңайтқыштар енгізу нормаларынан асқан жағдайда, белгіленген тыңайтқыштар енгізу нормалары бойынша есептеледі.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Өтінімді (өтпелі өтінімді) қалыптастыру мен тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізеді:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағы 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып өтінімге осы Қағидалардың 7-тармағы 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып өтпелі өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім (өтпелі өтінім) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) ЭЦҚ-сын қою жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және облыстық басқарманың (қалалық басқарманың) Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Облыстық басқарманың (қалалық басқарманың) электрондық мекенжайына қарауға өтінім (өтпелі өтінім) келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      16. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) өтінім (өтпелі өтінім) тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Осы хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетімен тіркелген жағдайда, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Бұл ретте, өтпелі өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама тыңайтқыштарды өндірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидалардың 7-тармағы 4) тармақшасының талаптарын орындау үшін нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді тізілімге енгізеді.

      Тыңайтқыштарды өндіруші өтпелі өтінімге нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді осы Қағидалардың 7-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімде уақтылы енгізбеген жағдайда, өтпелі өтінім жойылады. Бұл ретте, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетінде өтпелі өтінімнің жойылғаны туралы ескертпе қолжетімді болады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Субсидиялар беруде теріс шешім мынадай негіздер бойынша қабылданады:

      1) субсидиялар алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) және (немесе) субсидиялар алу үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі;

      3) ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) қатысты қызметке немесе субсидиялар алу талап етілетін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы бар, оның негізінде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) субсидиялар алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған болуы.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын:

      осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес облыстық басқарма (қалалық басқарма) өтінімді қабылданғанын растағаннан кейін;

      осы Қағидалардың 7-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкес тыңайтқыштарды өндіруші нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді тізілімге енгізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.

      Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетіне жіберіледі.

      Субсидиялар көлемі Қаржыландыру жоспарында көзделген тиісті айға арналған бюджет қаражаты көлемінен асатын өтінімдер (өтпелі өтінімдер) бойынша субсидиялар төлеу келесі айда жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:

      "18. Осы Қағидалардың 7-тармағы 4) тармақшасының талаптары 2017 жылғы төртінші тоқсанда сатып алынған тыңайтқыштарға арналған өтінімдерге (өтпелі өтінімдерге) қолданылмайды. Бұл ретте, өтінімге (өтпелі өтінімге) сатып алынған тыңайтқыштар үшін шот-фактураның сканерленген көшірмесі қоса беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық осы Қағидалардың 7-тармағының 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6) мен 7) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Евниев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 23 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрі

      _____________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы " "

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы " "

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 17 шілдедегі
№ 310 бұйрығына
1-қосымша
  Тыңайтқыштардың құнын
(органикалық тыңайтқыштарды
қоспағанда) субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiм

      Кімге: ______________ облысының ____________________________________

      (ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының

      толық атауы) (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

      _______________________________________________________________

      Кімнен:_____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Сатушыдан тыңайтқыштар ____________________ тонна (килограмм, литр)

      көлемiнде сатып алынған ________________________________ тыңайтқышы

      (тыңайтқыш түрi)

      үшiн маған _____________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді

      сұраймын. (сома санмен және жазбаша)

      1. Өтінім беруші туралы мәлімет.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы __________________________________________________________

      БСН___________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________

      мекенжайы: ____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі___________________________________

      ЖСН___________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _________________________________________________________

      кім берді _______________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      мекенжайы:_____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:____________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері _________________________________________________

      хабардар еткен күні______________________________________________

      2. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәліметтер*:

Р/с №

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН

1

2

3




      3. Жер учаскесi туралы мәліметтер*:

Р/с

Кадастрлық нөмірі

Барлық алаң, гектар

оның ішінде егістік

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6







      4. Екінші деңгейдегі банкте немесе Ұлттық почта операторындағы ауыл

      шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе (ауыл шаруашылығы

      кооперативінің) ағымдағы шотының мәліметтері*:

      ЖСН/БСН ______________________________________________________

      Кбе ____________________________________________________________

      Банктің немесе почта операторының деректемелері___________________

      Банктің немесе почта операторының атауы __________________________

      БСК ___________________________________________________________

      ЖСК __________________________________________________________

      БСН ___________________________________________________________

      Кбе ____________________________________________________________

      5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі)

      мен тыңайтқыштарды сатушының арасындағы сатып алу-сату шартының мәліметтері*:

      тыңайтқыштарды сатушы (отандық өндіруші немесе жеткізуші не

      шетелдік өндіруші) _________________________________________________

      шарттың нөмірі _________________________________________________

      шарт жасалған күн _______________________________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге)___________________________________________

      тыңайтқыштарды сатушының атауы мен БСН ________________________

      тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы ________

      тыңайтқыштың атауы ___________________________________________

      тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) ____________________

      төлеу мерзімі __________________________________________________

      межелі (босату) пункті __________________________________________

      6. Тыңайтқыштарды сатып алу үшін шеккен шығындарды (өтінім берген сәтте)

      растайтын төлем құжаттары, шот-фактуралар, тауарды жеткізу туралы

      жүкқұжаттың (актінің) мәліметтері*:

      төлем құжаттың нөмірі __________________________________________

      төлем құжаттың берілген күні ____________________________________

      шот-фактура нөмірі _____________________________________________

      шығарылған күні ________________________________________________

      тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі (шетелдік өндірістегі тыңайтқыштар үшін)

      _________________________________________________

      тауарды қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі (отандық өндірістегі тыңайтқыштар үшін)

      ________________________________________________

      7. Жүк кедендік декларацияның (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін

      елдерден тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші

      немесе ауыл шаруашылығы кооперативі үшін) мәліметтері:

      тыңайтқыштың атауы ___________________________________________

      өлшем бірлігі __________________________________________________

      саны (көлемі)___________________________________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге)__________________________________________

      өткізу құны, барлығы ____________________________________________

      нөмірі _________________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы ______________________

      шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      8. Тауардың Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінгенін

      растайтын мемлекеттік кірістер органы берген құжаттың мәліметтері:

      нөмірі _________________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы _______________________

      шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      саны (көлемі)**_________________________________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге)**________________________________________

      өткізу құны, барлығы**___________________________________________

      9. Сатып алынған тыңайтқыштарға арналған сәйкестiк сертификатының мәліметтері:

      сертификаттың нөмірі____________________________________________

      сертификаттың қолданылу мерзімі _________________________________

      сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)________________________

      өтінім беруші (атауы, мекенжайы) ________________________________

      кім берді ______________________________________________________

      10. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың немесе тауардың шығу

      тегі туралы декларацияның (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін

      елдерден тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші

      немесе ауыл шаруашылығы кооперативі үшін) мәліметтері:

      нөмірі мен берілген күні _________________________________________

      тауардың атауы _________________________________________________

      экспорттаушы/жүк жөнелтуші _____________________________________

      импорттаушы/жүк алушы_________________________________________

      11. Химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктің мәліметтері:

      куәлік нөмірі ___________________________________________________

      химиялық өнімнің толық атауы ____________________________________

      өндіруші фирма _________________________________________________

      куәліктің қолданылу мерзімі ______________________________________

      тіркелген күні ___________________________________________________

      кім берді _______________________________________________________

      12. Тиесілі субсидиялар есептемесі:

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы, сүрі жер

Тыңайтқыштың атауы

Егіннің кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар

1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормалары (тәлімі жерде немесе суармалы жерде) (килограмм, литр)

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

Тыңайтылатын алаң, гектар

Енгізуге арналған тыңайтқыштың нақты көлемі (килограмм, литр)

1 гектарға арналған тыңайтқыштардың нақты көлемі (килограмм, литр)

1 тоннасының (килограмм, литр) бағасы, теңге

1 тоннаға (килограммға, литрге) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге

6

7

8

9

10

11







      Ескертпе: енгізу нормалары төмен тыңайтқыштарды сатып алған кезде субсидия

      сомасы 6-баған х 8-баған х 10-баған формуласымен есептеледі, енгізу нормалары

      жоғары болған жағдайда, субсидия сомасы 5-баған х 6-баған х 10-баған

      формуласымен есептеледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік

      туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді

      пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге,

      сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Ауыл шаруашылығы дақылдарына (cүрі жерге) сатып алынған тыңайтқыштарды

      енгізуді қамтамасыз етуге міндеттенемін.

      Өтініш беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де мыналарға қол

      қойып, жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Облыстық басқарма (қалалық басқарма) 20__ жылғы "__" _____сағат 00:00 мыналарды

      қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Ескертпе:

      *Ауыл шаруашылығы кооперативі субсидия алуға арналған осы өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін берген жағдайда өтінімнің 2, 3, 4, 5 және 6-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

      ** 8-жолда көрсетілген мәліметтерді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (ауыл шаруашылығы кооперативі) шетелдік тыңайтқыштар өндірушіден тыңайтқыштарды тікелей сатып алғанда толтырады.

      Осы толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтінім тыңайтқыштың әр түріне толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 17 шілдедегі
№ 310 бұйрығына
2-қосымша
  Тыңайтқыштардың құнын
(органикалық тыңайтқыштарды
қоспағанда) субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім

      Кімге: ______________ облысының ____________________________________

      (ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының

      толық атауы) (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

      ____________________________________________________________

      Кімнен: _______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің (бар болса), тегі

      Мен осымен __________________________________________ арзандатылған құнмен

      (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)

      _____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде ________________ тыңайтқышын

      (тыңайтқыш түрi)

      сатып алу-сату шартын жасасқанымды мәлімдеймін және

      отандық тыңайтқыштарды өндіруші ___________________________________________

      (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)

      тыңайтқыштардың нақты өткізілген көлемдері жөніндегі мәліметтерді

      субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізіліміне енгізгеннен кейін

      маған тиесілі _________________________________ теңге мөлшеріндегі субсидияны

      (сома санмен және жазбаша)

      отандық тыңайтқыштарды өндіруші ____________________________________

      (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)

      аударуды сұраймын.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы __________________________________________________________

      БСН___________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________

      мекенжайы: ____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі___________________________________

      ЖСН___________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _________________________________________________________

      кім берді _______________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      мекенжайы:_____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:____________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері ________________________________________________

      хабардар еткен күні____________________________________________

      2. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәліметтер*:

Р/с №

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН

1

2

3




      3. Жер учаскесi туралы мәліметтер*:

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

Барлық алаң, гектар

оның ішінде, егістік

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6







      4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі)

      мен тыңайтқыштарды өндірушінің арасындағы сатып алу-сату

      шартының мәліметтері*:

      шарттың нөмірі _________________________________________________

      шарт жасалған күн _______________________________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге)___________________________________________

      тыңайтқыштарды өндірушінің атауы мен БСН _______________________

      тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _________

      тыңайтқыштың атауы ____________________________________________

      тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) _____________________

      төлеу мерзімі ___________________________________________________

      межелі (босату) пункті ___________________________________________

      5. Тыңайтқыштарды өндірушінің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы

      шотының бар екендiгi туралы мәліметтер:

      Банктің атауы ___________________________________________________

      БСК ___________________________________________________________

      ЖСК __________________________________________________________

      БСН __________________________________________________________

      Кбе ___________________________________________________________

      6. Тиесілі субсидиялар есептемесі:

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы, сүрі жер

Тыңайтқыштың атауы

Егіннің кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар

1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормалары (тәлімі жерде немесе суармалы жерде) (килограмм, литр)

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

Тыңайтылатын алаң, гектар

Енгізуге арналған тыңайтқыштың нақты көлемі (килограмм, литр)

1 гектарға арналған тыңайтқыштың нақты көлемі (килограмм, литр)

1 тоннасының (килограмм, литр) бағасы, теңге

1 тоннаға (килограммға, литрге) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге

6

7

8

9

10

11







      Ескертпе: енгізу нормалары төмен тыңайтқыштарды сатып алған кезде субсидия

      сомасы 6-баған х 8-баған х 10-баған формуласымен есептеледі, тыңайтқыштарды

      енгізудің нормалары жоғары болған жағдайда, субсидия сомасы 5-баған х 6-баған

      х 10-баған формуласымен есептеледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік

      туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді

      пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге,

      сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Ауыл шаруашылығы дақылдарына (cүрі жерге) сатып алынған тыңайтқыштарды

      енгізуді қамтамасыз етуге міндеттенемін.

      Өтініш беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де мыналарға қол қойып,

      жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Облыстық басқарма (қалалық басқарма) 20__ жылғы

      "__" _____сағат 00:00 мыналарды қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Ескертпе:

      Ауыл шаруашылығы кооперативі субсидия алуға арналған осы өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін берген жағдайда, өтпелі өтінімнің 2, 3 және 4-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

      Осы тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім тыңайтқыштың әр түріне толтырылады.